Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалпы түсініктер




Курстық жұмыс студенттің оқу жоспарына сәйкес орындалатын маңызды оқу жұмысы болып есептеледі.

Курстық жұмыс сәйкесінше теориялық, техникалық және өндірістік міндеттермен тығыз байланысты, және де конструкторлық-технологиялық өңдеулерді қарастырады.

Курстық жұмыстың мақсаттары:

- меңгерілген білімнің тереңдеуіне және оны бекіту, арнайы техникалық және теориялық міндеттерді шешуге қолдану.

- жұмысты орындау кезінде арнайы анықтамалар және техникалық әдебиеттерді қолдануды қалыптастыру;

- ғылыми эксперименттерді орындау әдетін қалыптастыру, аналитикалық және графиктік есепті орындау қабілетін дамыту, сонымен қатар түсініктеме жазбаларды жасау;

- теория сұрақтарын практикамен байланыстыру, жалпы түсінік қалыптастыру, өндірістің дамуы бойынша қорытынды мен ұсыныстар жасау.

Курстық жұмыстардың тақырыптары жыл сайын кафедра арқылы қарастырылып, олардың орындалу мерзімі бекітіледі.

Курстық жұмыстың тақырыбы оқу жоспарында бекітілген сәйкес пәндердің бағдарламаларының көлеміне сәйкес келіп, курстық жұмыстың оқу мақсаттарына толық жауап беруі қажет.

Студентке курстық жұмыстың тақырыбын таңдау құқығы беріледі.

Курстық жұмысты орындау оқытушы-жетекші жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Студент оқытушымен біріге отырып, меңгерілуге қажетті сұрақтар төңірегін қарастырады; жұмыс құрылымын анықтайды; кезеңдер бойынша орындау мерзімін анықтайды; қажетті әдебиеттер мен басқа да материалдарды қарастырады.

Студент өзінің орындаған курстық жұмысын жетекшісіне тексеру үшін береді, ал жетекші орындалған курстық жұмысқа өзінің пікірін жазады.

Жұмыс тексерілгеннен кейін пікірімен бірге студентке танысу және қателіктерді түзету үшін қайтарылып беріледі.

Курстық жұмысты студент 2-3 оқытушыдан құралған комиссия алдында қорғайды. Олардың біреуі курстық жұмыстың жетекшісі болуы қажет. Комиссия құрамын қорғауға 10-15 күн қалғанда кафедрамен бекітіледі.

Курстық жұмыс емтихан тапсырылғанға дейін қорғалуы қажет.

 

 

Кіріспе

Студенттер «Теориялық және қолданбалы механика» пәнін оқу барысында материалдық денелердің жалпы тепе – теңділік және қозғалыс заңдылықтарымен;жобалау және құрылымдау жалпы принциптерімен; жаңадан жобаланған немесе жаңартылған өнеркәсіп саласының жабдықтарын сенімді пайдалануға қажетті жұмыс қабілеттілігінің басты критерийлеріне байланысты есептік модульдерді және алгоритмдерді тұрғызумен танысады.

Пәнді игеру барысында болашақ маман (студент) әртүрлі күштер жүйелерінің тепе – теңдік шарттарын, әртүрлі қозғалыстағы дененің кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтау әдістерін; материалдар кедергісі, машиналар мен механизмдер теориясы, машина бөлшектері пәнінің негізгі тарауларының қағидаларын білуі тиісті; болашақ маман (студент) қарастырылып отырған салаға байланысты типтік машина бұйымдарының жұмыс қабілеттілігін бағалау немесе жобалау барысында әрқашанда дұрыс есептік үлгіні құрастыра біліп, қажетті материалдарды қабылдап, қажетті есептеулерді жүзеге асыра алуға тиісті.

Пәнді игерудің қорытынды нәтижесі болып курстық жұмыс есептеледі. Курстық жұмысты арнайы пәндерді игеруінің және дипломдық жұмыстарының негізін қалайтын, студенттердің өзіндік алғашқы жұмысы болып табылады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаттары: жалпы техникалық пәндер бойынша алған білімдерді тереңдету; арнайы және анықтама әдебиеттерімен жұмысқа үйрету; мемелекеттік және өнеркәсіп саласындағы стандарттармен танысу.

Есеп №1

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных