Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






I. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ




КІРІСПЕ

 

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

Еліміздің Президенті ел басы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 2 наурыздағы жолдауында “Экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.

Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін

Жазылып отырған жұмыстың мақсаты - жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату. Зерттеу объектісі -.АҚ-ның мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады. Курстық жұмыстың міндеті – пайдаланылған негізгі құралдардың талдауын жасап, кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.

Курстық жұмыстың бірінші тарауында: негізгі қорлардың жіктелімі, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның біртіндеп қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.

 

I. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных