Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі капиталдың тиімділігін жоғарлату жолдарының негізгі бағыттары




Нарықты экономика жағдайына көшкелі де егемен еліміз дамудың талай эксперименттік жолдарынан өтті. Ашығын айту керек, ілгерілеуден гөрі іркілістер әлі де басымырақ болып отыр. Өнеркәсіп өндірісінің даму қарқыны өткен жылғыдан біршама төмендеп кетті. Әсіресе, өңдеуші өнеркәсіп “тұсаулы” жағдайдан шыға алмай-ақ келеді.

Құрылыс материалдар өнеркәсібінде негізгі шикізатты ұнтақтау жүйесінің дамуы негізгі қордың жақсаруымен көрініс табады, жаңа техника мен технологияны еңгізу арқылы, яғни гипс пен мәрмәр тас өндірістерінің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту деген сөз (өзіндік құн, табыс, рентабельділік, еңбек өнімділігі, жеке қор салымдары және т. б.)

Қазақстан Республикасының экономикасын қазіргі кезеңге сай өркендетудің басты ерекшелігі- оны ғылыми-техникалық прогресс пен шаруашылық механизмдерін жүйелі түрде қайта құру арқылы сауықтыру. Бұл жағдайда өнеркәсіп кәсіпорындарының басқа халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындарына қарағанда біраз артықшылығы бар. Мұндай кәсіпорындардың қор сыйымдылығы аз және қайтарымы басқа салаларға қарағанда жоғары, айналым қаржыларының айналымдылығы жылдам орташа қырық күн. Міне, осындай артықшылықтарды ескере отырып тек өнеркәсіп кәсіпорындарын ғана емес, сонымен бірге еліміздің экономикасын да көтеруге болады.

Бүгінгі таңда өндірістік өнеркәсіп ұғымы кең етек алуда. Ол жеке өндірістік бірлік, оның негізі болып кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы, өзінің қол астындағы өндірістік құрал-жабдықтар қолдана отырып, тұтынушыларға профиліне, түрлеріне қарай қажетті өнім шығару болып табылады. Өндірістік кәсіпорындарға зауыттар, фабрикалар, карьерлер т.б. жататыны бізге жақсы мәлім.

Бүгінгі таңда ассортимент түрлерін кеңейтуге және шығаратын өнім сапасын жоғарлатуға ұмтылуда.

ОРЫТЫНДЫ

Мен курстық жұмысымды қорытындылай келе экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет – бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек.

Қазақстанда өнеркәсібі экономикалық дамуындағы маңызды сала болып табылады. Құрылыс өнеркәібінің дамуында. алатын арны ерекше. Бұл өнімнің өзіндікқұнының төмендетілуі, өндіріске жаңадан цехтардың енгізілуі, сондай-ақ өндірісті автоматтандыру, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату, өндірістік техникаларды үнемі жаңарту нәтижесінен болса керек. Қазіргі таңда өндіріске салынған инвестициялардың көп бөлігінің шикізаттық салаға тартылуы құрылыс саласының артықшылықты даму жағдайымен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде кәсіпорын өндірісінде қолданылатын техниканың ішінде моралдық және табиғи тозығы жеткен құрал-жабдықтардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру әлеуеті төмен болып отыр. Жалпы моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым. Өндірістегі құрал-жабдықтардың орташа жасының жоғарылығы байқалады.

Өндірісті дамытудың негізі кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі капиталдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізіледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных