Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау




“Жамбылгипс” зауыты №1792-ші бұйрық негізінде 1954 жылы 31 желтоқсанда құрылып, 1961 жылы зауыттың өндірістік қызметі басталып, жобалық қуаты отыз мың тонна жылына гипс тасын шығару бойынша іске қосылды.

Шикізат базасы болып- әбден қаралып, дайындалған екі уческедегі, яғни “Шығыс” және “Батыс”- Улькен-Бұрылтауда орналасқан үш қабаттан тұратын, 51,0 млн. тонна гипс запасы бар жерден тұрады. Яғни, бұл жер Тараз қаласынан Батысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан.

Таулы қойнау белгіленген 132 га бөлінген жер ауданында қопсытылуға рұқсат етілген. Ал жерлі аймақ №0085359 серия бойынша, 255,45 га ауданымен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Әкімімен 2006 жылы 24 шілдеде үнемі пайдалануға бөлінген. Сонымен қатар 2007 жылы 22 мамырда жиырма жылға берілген қойнаулы жер №319 МГ сериялы лицензияға сәйкес өңделде.

Гипсті қазу ашық тәсілмен, алдын-ала қопсытып,жару жұмыстары арқылы жүргізіледі. Карьерден гипс тасы автокөлікпен таулы цехтың өндірістік алаңына жеткізіледі, онда гипсті уату, сорттау жұмыстары жүргізіліп, шикізат қоймасына дайын жалпақ ленталық пластик түрінде жетеді. Шикізат қоймасынан гипс тасы экскаватор көмегімен теміржол платформаларына тиеліп, цемент өндірісі үшін Республика тұтынушыларына жөнелтіледі. Гипс тасының бір бөлігі автокөліктерге тиеліп, гипс цехының алаңына жеткізіледі. Осы алаңнан гипс тасы ұнтақтайтын арнайы диірменге майдалануға беріледі. Ұнтақталған гипс диірменнен шнектермен 70-140оС температура деңгейінде термоөңдеу жүргізілетін гипс қайнату қазандарына тасымалданады. Қазандар табиғи газбен ысытылады. Қайнатылу процесі аяқталғаннан кейін гипс шнектермен, элеваторлармен тиеліп барып бункерлерге одан ары қарай дайын өнім силосына тасымалданады.

Силостардан гипс пневмокөлікпен темір жол цистерналарына тиеліп немесе автокөліктермен тұтынушылар қажеттігіне жөнелтіледі.

Гипс тасының негізгі тұтынушылары болып, Қазақстанның цемент зауыттары, сонымен қатар Ресейдегі Батыстық-Сібір, кейінірек Қырғызстанның цемент зауыттары да тұтына бастады. Осы тұста айта кететін бір жәйт, бүгінгі таңда Қазақстанда бес цемент зауыттары бар, нақтырақ; Өскемен, Қарағанды, Шымкент және Семей қалаларында.

Жаңа құрылыстарға қажетті гипске деген сұраныстың ұлғаюына байланысты гипс карьерін ұлғайту шешімі қабылданған болатын. Біздің облысымыз гипс запасына бай болуына қарамастан және гипс тасын, құрылыс гипсін шығаруда үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынына қарамастан мұның барлығы 100% қолдануда емес.

Әлем тәжірибесінің талдауы көрсеткендей, көптеген дамыған мемлекеттер цемент орнына құрылыс гипсін қолданады. Гипс өніміне капитал салымы цемент өндіруге қарағанда екі есе, технико-экономикалық ресурстар төрт есе, металл сыйымдылығы үш есе аз болып келеді. Дегенмен, мұның барлығына қарамастан, Қазақстанда негізінде гипстік шикізат тек цементтік өнеркәсіпке және құрылыс гипсі жөндеу жағдайында, жекеше жұмыстарда қолданылады.

Дәл қазіргі уақытта зауыт моралді және физикалық ескірген технологиялық жабдықтарда жұмыс істеуде. Көбінесе, тұтынушылардың аз болуынан тоқтап та қалады. Бүгінгі күні зауытта 93 адам саны жұмыс істейді.

Зауыттың орналасқан жеріне келетін болсақ, “Жамбылгипс” ЖАҚ-мы Тараз қаласында орналасқан, кәсіпорынның заңды мекен-жайы; Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Ниеткалиева көшесі, 116 үй.

Зауыттың өз есеп шоты бар, Тараз қаласындағы “Центр Кредит” банкісімен қызмет жасасады.Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі болып гипс тасын алу, өңдеу және өткізу болып табылады. 1961 жылдан өзінің өндірістік қызметі басталғаннан бері кәсіпорын гипстің Улькен-Бұрылтау деген қайнар көзінен алынатын шикізатты өңдеумен айналысқан.“Жамбылгипс” АҚ-мы өндірістік негізде гипстің ең ірі қайнар көзін өңдей бастаған алғашқы кәсіпорын болып табылады, бүгінде гипсті алу немесе табу бойынша ірі потенциалды жағдайымен жалғыз өндірістік құрылым болып табылады.

Зауыттың негізгі жұмысы болып гипс тасын алу және Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің цемент зауыттарын қамтамасыз етіп, сонымен қатар құрылыс цементін шығару. Қазіргі уақытта “Жамбылгипс” АҚ-мы шығаратын өнім сапасын көтеріп және ассортимент түрлерін кеңейтуге ұмтылуда.

Кәсіпорынның аты; “Жамбылгипс” акционерлік қоғамы. № 2954-1919-АО тіркеу куәлігі бойынша 2002 жылдың 25-ші маусымынан бастап Жамбыл облысының Әділет басқармасында тіркелген.

Мекен-жайы; “Жамбылгипс” АҚ-мы Тараз қаласында орналасқан, кәсіпорынның заңды мекен-жайы; Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Ниетқалиева көшесі, 116 үй.

Бастапқы немесе қазіргі кездегі кәсіпорынның мақсаттарына келетін болсақ, бүгінгі таңда “Жамбылгипс” ЖАҚ-мы шығаратын өнімдерінің сапасын көтеріп қана қоймай, өнім түрлерінің ассортиментін кеңейтуге ұмтылуда. Болашақта кәсіпорын құрылыс қоспаларына кейбір қосымшаларды шығаруын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып бұл- импортты алмастыру өнімінің өндірісін ұйымдастыру болып табылады. Нақтырақ, Республиканың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарының қажетсінулеріне сәйкес құрылыс цементі.

1 кесте - Жамбылгипс АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері

  Негізгі көрсеткіштер   Өлшем бірлігі   жыл   Жыл   Ауытқу
+;- %
  Өткізілген өнімнен түскен түсім   мың тг. 331500,3 339136,9 7636,6 102,3
  Өнімнің өзіндік құны мың тг. 248432,0 278060,0   111,9
  Жалпы табыс мың тг. 83068,3 61076,9 -21991,4 73,5
  Кезең шығындары мың тг. 110434,4 119998,5 9564,1 108,7
  Негізгі қызметтен түскен табыс мың тг. -27366,1 -58921,6 -31555,5 2,2 есе
  Негізгі емес қызметтен түскен табыс мың тг. 334123,2 12142,5 -321980,7 3,6 есе
  Салыққа дейінгі жиынтық табыс мың т. 306757,1 -46779,0 -35353,6 15,2
  Таза табыс мың тг. 214730,0 -46779,0 -167951 21,8
  Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны теңге 1,08 1,17 0,09 8,3
  Өнім рентабельділігі % 59,8 - - -
  Сату рентабельділігі % 64,8 - - -
  Өндіріс рентабельділігі % 21,3 - - -
  Жұмысшылардың орташа тізім саны адам       115,3
  Жұмысшылардың еңбекақы қоры мың тг. 105903,0 125961,5 20058,5 119,0
  Жұмысшылардың орташа еңбекақысы теңге 21163,7 21823,1 833,1 103,1
  Негізгі құралдардың орт. жылдық құны мың тг. 143132,0 168915,0 25783,0 118,0
  Айналым құралдардың орт. жылдық құны мың тг. 862976,9 253835,5 -609141,4 29,4
  Қор қайтарымы теңге 2,32 2,01 -0,31 86,6
  Қор сиымдылығы теңге. 0,43 0,49 0,06 113,9
  Қормен қарулану мың тг. 343,2 351,2 308,0 102,3
               

Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері бойынша есептелінді

Кестені қарастырсақ екі жылдың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Сол көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, анықтап талдап көрейік.

Өткізілген өнімнен түскен табыс есепті жылды базалық жылмен салыстырсақ, ауытқу 7336,6 мың тг құрап, 2,3 пайыз оң өзгеріс алып келді. Мұның себебі, нарыққа жаңа материал шығып соның есебінен өтім күшейді. Өнімнің өзіндік құны - шикізаттарға шығындардың өсуіне байланысты 11,9 пайызға өсуімен байқалса, жалпы табыстың сальдосы -21991 мың тг құрап, өзіндік шығындардың асыра қымбаттауынан теріс нәтижені көрсетіп отыр. Кезең шығындарына тоқталсақ, бұл базалық жылы 110434,4 мың тг құраса, есепті жылы 119998,5 мың тг құрап -21991,4 мың тг, яғни 8,7 пайызға өсіп отыр. Бесінші көрсеткіш негізгі қызметтен түскен табыс 2007 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есе төмендеді. Негізгі емес қызметтен түскен табыс базалық жылы 334123,4 мың тг құрап, есепті жылы 12142,5 мың тг болып 3,6 есе төмендеді. Салыққа дейінгі жиынтық табысты қарайтын болсақ, 2007 жылды 2011 жылмен салыстырсақ, 15,2 есе теріс өзгеріс байқалады. Бұл жалпы есепті жылы табыстың айтарлықтай төмендеуі және шығындардың көбеюі қатты әсер етті. Сегізінші көрсеткіш таза табысқа келетін болсақ, корпоративтік төлемнен кейін 2009 жылды өткен жылмен салыстырсақ -167951 мың тг болып 78,8 пайыз төмендеді. Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны базалық жылы 1,08 болса, есепті жылы ол 0,09 тг өсіп, 8,3 пайызға жоғарылаған. Келесі көрсеткіштеріміз кәсіпорынның рентабельділігімен тығыз байланысты өнім және сату рентабельдіктеріне келетін болсақ, бұлар 28,4 – 27,4 ке дейін төмендесе, өндіріс рентабельділігі бұдан да үлкен айырмашылықты 72,8 пайыз теріс нәтижені көрсетіп тұр. Бұл өзгеріс кәсіпорынның үлкен шығындарымен және таза табыстың азаюымен түсіндіріледі. Кәсіпорындағы жұмысшылар саны біршама өзгерістерге ұшырап отыр. өндіріс көлемін ұлғайтуға, қосымша цехтар ашуға байланысты жұмысшылар саны артып отыр, яғни 2009 жылы 417 адам болса, ал 2010 жылы 15 % артып 481 адамға жеткен. Сәйкесінше бұл өзгеріс жұмысшылардың еңбекақы қорына өз ықпалын тигізіп отыр, мұндағы ауытқу 833,1 мың тг құраған. "Жамбылгипс" АҚ-ның жұмысшыларының орташа айлық еңбекақысы екі жыл көрсеткіштерін салыстыра келе 833,1 теңгеге өскен, нәтижесінде есепті жылы 21823,1 теңге болып отыр. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2010 жылы 143132,0 мың теңге. Мұндай өзгеріс себебі қосымша цехтардың ашылуына, оларға алынған құрал-жабдықтардың есебінен негізгі құралдардың орташа жылдық құны өсіп отыр.

Кәсіпорынның міндеттемелерінің артуы және жіберілген тауарға төлемдердің кешіктірілуіне байланысты есепті жылы айналым құралдарынан орташа жылдық құны 82,2 %-ға төмендеген.

Келесі қарастыратын көрсеткішіміз ол қор сыйымдылығы, яғни 1 теңге өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2011 жылы қор сыйымдылығы 0,43 мың тенге, ал 2012 жылы 0,49 мың тенгені құрды. Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады.

Қолданылған негізгі капиталдың деңгейі бір жағынан кәсіпорынның қор құрылымын құруда қолданылатын прогрессивті технологиялық политикасы. Ал екінші жағынан өнім шығару өндірісінде ұйымдастыруы мен технологиясы. Бұл жағдайда басшылар негізгі қорлардың нақты қалай қолданатынын білу керек екендігін көрсетеді.

Бұл мақсаттар үшін негізгі капиталды қолдануды бағалайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Олардың ішінде ең маңыздалары қор қайтарымдылығы, қор сиымдылығы көрсеткіштері. Қор қайтарымдылығы өткізілген өнімнен түскен түсімнің негізгі құралдарына қатынасына тең.

2010 жылы "Жамбылгипс" АҚ-ның қор қайтарымдылығы 2,32 мың тенге, ал 2011 жылы 2,01 мың тенгеге азайып отыр. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға бекітілген қорлардан қаншалықты табыс алатынын көрсетеді. 2010 жылы негізгі қорлардың 1 тенгесіне түскен пайда көлемі теріс болды, яғни кәсіпорын шығынға жұмыс істеді. Ал енді кәсіпорынның натуралды күйде өндіретін өнім көлемін көрелік.

Қор қайтарымға факторлардың әсерін талдау барысында “Жамбылгипс” ЖАҚ-да қор қайтарымының өзгеруіне өнім көлемі оң әсер етіп, өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны теріс әсер еткені анықталды, себебі өндірілген өнімнің көлеміне сәйкесінше негізгі қордың құны қайтарылмай отыр.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытынды кезеңі оның қаржы жағдайын зерттеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы оның өндірістік қызметіне тікелей тәуелді болады. Жоспарларды, әсіресе, өнім өндіру мен өткізу жоспарларын орындаудағы ауытқулар кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер етпей қоймайды. Осының өзінде кәсіпорынның өндірістік қызметі оның қаржы жағдайына, оның төлем қабілетіне тәуелді болады. Мәселен, төлемдерді төлеу үшін қажетті ақшалай қаржылардың болмауы өнім жөнелтушілермен арадағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізіп, товарлық-материалдық игіліктерді жеткізу жоспарының және өндіріс жоспарының орындалуына қауіп төндіруі мүмкін.

2 кесте - "Жамбылгипс" АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл Ауытқу
+ / - %
  Тәуелсіздік коэффициенті 0,51 0,34 -0,17 66,6
  Тәуелділік коэффициенті 0,49 0,65 0,16 132,6
  Қаржыландыру коэффициенті 1,04 0,53 -0,51 51,0
  Қарыз және меншік капиталдың арақатынасы 0,96 1,8 0,84   187,5

Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері бойынша есептелінді

 

Кәсіпорын қызметінің экономикалық тұрақтылығын анықтау үшін келесі көрсеткіштерді анықтауымыз қажет. Кәсіпорын балансымен, қаржылық есептерінде берілген мәліметтерге сүйене отырып, есептелген көрсеткіштерді талдау жасайтын болсақ.

Тәуелсіздік коэффициенті - бұл кәсіпорын меншікті капиталының жалпы активтеріндегі үлес салмағын көрсетеді. Біздің кәсіпорын бойынша бұл коэффициент 2008 жылы 0,34 ті құраған, өткен жылмен салыстырғанда 34,4 %-ға төмендеген.

Тәуелділік коэффициенті – бұл кәсіпорынның міндеттемелерінің (қарыз капиталының) кәсіпорын активіндегі үлес салмағын көрсетеді, яғни кәсіпорын міндеттемелері мен есептесе алу қабілеттілігін анықтайды. "Жамбылгипс" АҚ - ның жабдықтар мен бюджет алдындағы қарыздарының өсу есебінен тәуелділік коэффициенті өсіп, 32,6%-ға артқан.

Қаржыландыру коэффициенті - меншікті капиталды тартылған капиталға бөлу арқылы табылады. Ол кәсіпорын активтерінің қай бөлігі меншікті қаражат есебінен, қай бөлігі қарыз қаражат есебінен қаржыланатынын көрсетеді. 2011 жылы бұл коэффициент 49%-ке азайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных