Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.




 

 

1.4. график. Лоренц қисығы.
табыс% 100 С В D отбасы% А 20 40 60 80 100 АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады. АВС - табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни коэффициентімен” есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі.   Кдж= АВС ауданы АДС ауданы  

Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі. Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.

- Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

- Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.

Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

- инвестицияның пайдалылығына,

- экономиканың дамуына,

- мемлекеттің сұранысына,

- салым мерзіміне,

- салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.

Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номиналды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.

3. Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

1. Жер құнарлылығы;

2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

Дифференциалды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциалдық І рента деп атайды.

2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

Үй шаруашылығы нарықтық экономикада бір немесе бірнеше адам құрамында өз бетімен шешім қабылдайтын, өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылатын, қандай да бір өндіріс факторының (көбінесе жұмыс күшінің) меншік иесі болып табылатын және «адам капиталын» өндіру, іске асыруды қамтамасыз ететін экономикалық бірлік.

Аталған сипаттауларды отбасыға да қатысты айтуға болады.

Отбасы – іс-әрекеті отбасының және қоғамның әлеуметтік, экономикалық, рухани қажеттіліктерін іске асыратын туыстық және тұрмыстық ортақтыққа негізделген адамдар тобы.

Нақты өмірде жалғыз (бойдақ) еркектен немесе әйелден тұратын өз отбасылық шаруашылығын жеке жүргізетін дара отбасылар да кездеседі.

Отбасыға экономикалық, құқықтық, идеологиялық, рухани қарым-қатынастар әсер етеді.

«Үй шаруашылығы» және «отбасы» ұғымдары күнделікті өмірде бір мағынаны аңғартқанымен де, олардың арасындағы айырмашылықты ескеру қажет.

Әлеуметтік статистика бойынша «отбасы» және «үй шаруашылығы» ұғымдары әр түрлі ұғым ретінде қарастырылады. Үй шаруашылығы ортақ үй шаруашылығын, тұрмысты жүргізу арқылы адамдарды біріктіретін әлеуметтік-экономикалық ұяшық. Отбасының үй шаруашылығынан негізгі айырмашылығы – үй шаруашылығы отбасыға ортақ шаруашылықты жүргізетін, бірақ отбасы мүшелерімен туыстық қарым-қатынас байланыстырмайтын адамдар құрамының көбірек болуында.Мысалы: отбасымен бірге өмір сүретін үй күтушісі, тәрбиешілер, қызметшілер, хатшылар, үй оқытушылары, гувернерлер, сонымен қатар, отбасы материалды түрде қамтамасыз ету үшін қабылдаған, яки, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жандар. Үй шаруашылығына бір адамды жатқызуға болады, «жалғыз адам» отбасы саналмайды, алайда оның үй шаруашылығын жүргізуге бағытталған іс-әрекеті үй шаруашылығы болып табылады. Үй шаруашылығы бір немесе бірнеше отбасыдан тұрады.

Соңғы кездері аталған ұғымның бірнеше түрлері пайда болды, мысалы, «отбасылық үй шаруашылығы» - барлық мүшелері бірге өмір сүретін отбасы, «трансұлттық үй шаруашылығы» - мүшелері әр түрлі елдерде өмір сүретін, бірін-бірі материалды түрде қолдайтын, яғни, қандай да бір дәрежеде шаруашылық жүргізеді.

«Үй шаруашылығы» термині көптеген ғылыми пәндерде қолданылады.

Үй шаруашылығы бірқатар жіктік белгілеріне қарай қарастырылады:

1. Аумақтық-өңірлік (қалалық, ауылдық; ірі қалалар, ауылдар, қоныстар, т.б.);

2. Демографиялық сипаттама (отбасы мүшелерінің саны, балалардың бар болуы, бірыңғай ұлтты, аралас, үй шаруашылығы мүшелерінің жынысы, туыстық дәрежесі, жас мінездемелері, т.б.);

3. Табыстық сипаттама (табыс дәрежесі және құрылымы, асыраудағы жандардың саны, тұтыну түрі – сақтауға бағытталу немесе, ағымдағы, рухани қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру т.б.);

4. Мүліктік сипаттама (баспана түрі - пәтер, үй, саяжай, үй еңбегін механизацияландыру және автоматтандыру құралдарының бар болуы т.б.);

5. Экономикалық сипаттама (үй шаруашылығы мүшелерінің еңбекпен қамтылуы; кәсіпкерлік, мемлекеттік, коммерциялық құрылымдарда жалдау жұмыстары, қызмет аясы; еңбекке қабілеттілердің саны; жеке еңбек қызметі; жеке қосалқы шаруашылық, ұсақ бизнес т.б.);

6. Әлеуметтік мәртебе (жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін, зейнеткер, жұмыссыз, білім деңгейі, экономика секторы, мамандық, лауазым т.б.);

7. Билік критериі (патриархалды, матриархалды).

Үй шаруашылығының құрылымы бүгінгі таңда күрделі өзгерістерге ұшыраған, аталған өзгерістерді тудыратын факторларға келесілерді атап көрсетуге болады:

· Нуклеарлы отбасыға немесе бір отбасы жұбына негізделген үй шаруашылығының үлесі артады. Жас отбасылар ертерек ата – аналарынан алшақтауды қалайды;

· Бизнесте әйелдердің рөлі артуымен байланысты негізгі жұмысшысы және асыраушысы әйел болатын үй шаруашылығының үлесі артады;

· Жастар топтарының еңбеккке тартылуының деңгейі жұмыссыздық және білім алу мерзімінің ұзаруына байланысты төмендейді;

· Адамдардың көпшілігі оқу, бала күту демалысы, тіпті жұмысы бар болса да табысқа қанағаттанбаудан жұмыс істеуге тырысады;

· Көлік инфрақұрылымының таралуына байланысты үй шаруашылығының графикалық ұтқырлығы артады;

· Урбанизация, ажырасулар мен жасанды түсік тастаудың жоғары деңгейі, стерилизацияның кең таралуы – осы көрсеткіштердің барлығы бала тууға әсер етеді, яғни, үй шаруашылығының «ескіруіне» әкеліп соқтырады;

· Жастар белгілі бір материалды негіздер қалағаннан кейін некеге тұруды жоспарлайды, некеге тұрмаған, бірге өмір сүретін жастар жұбы санының артуы, некесіз бала туудың көбеюі;

· неке деңгейінің төмендеуі, ажырасулар мен жеке тұратын жұбайлардың көбеюі.

Қоғамның экономикалық өмірінде үй шаруашылығы мен отбасының рөлі өте әрқилы.

Үй шаруашылығы халықтың еңбекпен қамтамасыз етілуін, қоғамдық өндіріс пен үй еңбегі, өндірістің түрлі салалары, еңбектің түрлі нысандары арасында бөлінуін мінездейді. Аталған шешімдер қоғам қажеттілігіне тәуелсіз және ең алдымен үй шаруашылығының ерекшеліктерімен, құрамымен, материалды қамтылуымен және басқа да факторларымен басқарылады.

Үй шаруашылығы – халықтың табысын негіздейтін субъект, өз мүшелері арасында бөледі, сөйтіп, материалдық жағдайды нақты уақытта ғана емес, ұрпақтарына да таратылуын қамтамасыз етеді. Осы қызметіне байланысты үй шаруашылығы адам өмірінің материалдық негізін қалайды, қорғаныс сезімін тудыратын «тыл».

Үй шаруашылығы табысты пайдалануды, яғни, табыстың қандай да бір тұтынушылық құндылыққа (тауарлар, қызметтер, жинақтар) айналуын сипаттайды. Бағалы заттар сатып алу, демалыстардың қымбат түрлерін іске асыру сияқты қаражаттың айтарлықтай шығынымен байланысты істермен үй шаруашылығы айналысады. Үй шаруашылығы қаражатты жұмсау, жеке және жалпы табысты іске асыру субъекті болып табылады.

Үй шаруашылығы – еңбек ресурстарын таратудың негізгі субъектісі, сонымен қатар, жеке адамның еңбекке араласуының толықтығы тәуелді болатын әлеуметтік субъектілердің негізгісі. Үй шаруашылығының бұл ролі алдымен жас ұрпақты алғашқы әлеуметтендіруі, яғни, еңбекке араластыруы қызметімен түсіндіріледі. Екіншіден, үй шаруашылығы оның мүшелеренің еңбек қызметіне пайдалы немесе кері әсер ететін материалды, әлеуметтік-психологиялық шарттарды тудырады. Үй шаруашылығының осы рөлдері қоғамның экономикалық даму көрсеткіштеріне әсер етеді.

Үй шаруашылығы мен отбасының мәні мен рөлін нарықтық экономикада сызба түрінде келесі түрде бейнелеуге болады.

 

Сурет 13.1 Үй шаруашылығы мен отбасының экономикалық мәні

 

Сызықтармен көрсетілген сыртқы жиек, үй шаруашылығы мен фирмалардың табыстары мен шығындарының ақша түріндегі қозғалысын сипаттайды. Ішкі жиек тауарлар, қызметтер, ресурстардың қозғалысын көрсетеді. Сызбада фирмалардың сатуларының сомалық көлемі үй шаруашылығы табыстарының сомалық көлеміне тең болатынын сипаттайды, сыртқы жиектің жоғарғы және төменгі бөліктерінде көрсетілген төлемнің жалпы мөлшері бір мөлшер болып табылады, яғни, табыстар мен шығындардың тепе-теңдігі жеке үй шаруашылығы емес, жалпы экономикаға қатысты. Үй шаруашылығы нарықтық экономиканы өндіріс факторларымен қамтамасыз етеді. (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет), оларды ресурстар нарығына жеткізеді, олар үшін ақша алады (ақшалай табыс), отбасы мүшелерінің қажеттіліктері үшін тауарлар мен қызметтер (тұтынушылық шығындар) алу мақсатында қолданады. Отбасы аталған сызбада нарықтық экономиканың ортасында орналасқан, қандай да бір деңгейде үй шаруашылығы, фирмалар, ресурстар нарығы, тауарлар мен қызметтер қызметін белгілейді. Нарықтық экономика айналымына қосыла отырып, отбасы әр түрлі қызметтерді атқарады. Отбасының экономикалық қызметтері әрқилы, үй шаруашылығы мен отбасының қоғамның экономикалық өміріндегі рөлін белгілейді. Олар қоғамның барлық маңызды секторларын қамтиды, көп жағдайда қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді анықтайды. Нарықтық экономика жағдайында отбасы адам капиталын қалыптастыру және жинақтаудағы негізгі бөлік болып табылады.

Бірінші кезеңде отбасы бюджетін қалыптастыру және пайдалану, үй шаруашылығын жүргізу барысында отбасының материалдық базасы құрылады.

Екінші кезеңде отбасы келесі қызметтерді атқарады: бала туу, тәрбие, даму. Осы кезеңде дами келе іс-әрекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесіне бейімделе отырып «адам капиталының» физикалық негізі жүргізіледі. Адам капиталын өндіру үшін өндірістің келесі факторлары қажет: материалды ресурстар, тауарлар мен қызметтер және өндірушілер – отбасы мүшелері.

Үшінші кезеңде қызметтер кәсіпкерлік пен еңбекке орналасу арқылы жүзеге асырылады: нарықтық шаруашылыққа отбасы мүшелеренің жеке араласуы, отбасылық бизнесті ұйымдастыру, нарықтық шаруашылыққа отбасының араласуының корпоративті үлгілері, үй шаруашылығын жүргізу, табысты алу және тарату.

«Адам капиталы» қалыптасуы мен әрекет етуінің барлық кезеңдерінде отбасының қызметтері өзара байланысты. Мысалы, бала туудың төмендеуі отбасының еңбек мүмкіндігін азайтады, өндірістік қызметін бәсеңдетеді және тәрбие қызметіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Барлық қызметтер «адам капиталын» құрумен және кәсіпкерлік мүмкіндікті дамытумен байланысты шығындардың орнын толтыру мен жинақтауға мақсатты түрде бағытталады.

 

 
 

 

 


 

Сурет «Адам капиталын» құруда отбасының қызметтері

 

«Адам капиталын» құруда отбасының негізгі қызметтері:

Бала туу қызметі. Қазіргі батыс экономикалық теориясына сәйкес бала экономикалық құндылық саналады. Ата-анасы мен туыстарын айтарлықтай пайдамен қамтамасыз ете отырып, олар қаражатты шығындайтын өндірістің тұрақты даму үрдісінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық тұрғыдан балалар - тұтыну көзі және инвестиция объектісі.

Бала тәрбиелеу шығындары – отбасының бала тууға жұмсалған шығындары, тамақтану, киім, баспана, білім алу, демалыстар, медициналық шығындар, сақтандыру, көлік т.б. Шығынның көбінесе айтылмайтын бөліктері – ата-ананың бала тәрбиесіне жұмсалатын эмоциялық шығындары және уақыттары.

Әлеуметтендіру қызметі адамды білім беру, денсаулық сақтау, бала тәрбиелеу, мәдениет, т.б. мемлекет көмегі арқылы қызметтермен қоғамдық жүйеге қосуды білдіреді. Аталған жағдай нарықтық экономикада халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің әр түрлі болуынан көрінеді. Оларға келесілерді жатқызуға болады: еңбекпен қамту шаралары, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, білім алуға көмектесу, әлеуметтік көмек, кәмелетке толмағандар мен балалар еңбегін қорғау, балаларға төлемақылар, баспана жалдауға дотация, зейнеткерлік сақтандыру, әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, бақытсыз жағдайлардан сақтандыру.

Қоғамның қазіргі дамуы кезеңінде рекреациялық қызметтің мәні артуда, белсенді жұмыс атқаратын адам, ең алдымен ой еңбегімен айналысатын, жұмысқа қабілетттілігін қалпына келтіруге көбірек мүмкіндік алуы тиіс. «Рекреация» сөзі латын тілінен аударғанда демалыс, еңбек барысында жұмсалған адам күшін қалпына келтіру мағынасын береді. Отбасының демалыстар мен саяхаттарға шығындарын талдау олардың артуын және жеке адамның таңдауларын көрсетеді. Үй шаруашылығын жүргізу отбасының өндірістік әрекеті үлгісінде. Бір отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызметтер мен өнімдер өндіріледі.

Жеке еңбекпен айналысатын отбасы жүйелі түрде үй шаруашылығы өнімдерін өндіріп, сатуы және нарықта қызметтер атқаруы арқылы сипатталады, ал ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру отбасының – тауарлы бағыттағы жеке қосалқы шаруашылығы болып саналады.

Үй шаруашылығы қазіргі уақытқа дейін отбасы мүшелерінің уақыт бюджетінің ауқымды бөлігін алады. Үй шаруашылығы жұмыстарының ауқымды үлесі әйелдерге тиесілі, көп еңбекті талап етеді. Арнайы зерттеулер бойынша, киімдерді жаю тең уақытта тракторда жұмыс істеуден, терезе жуу такси жүргізуден ауырырақ, ал бір сағат бойын кір үтіктеу мен тас қалаушының осы уақытта жұмсайтын калорияларының шығыны тең екен. Осының барлығы үй шаруашылығын механизациялау мен тұрмыстық қызметтер аясын дамытудың маңыздылығын көрсетеді.

Отбасының еңбек өнімділігінің ерекше түрі - уақыт бюджетінің ауқымды бөлігін қамтитын тамақ әзірлеу. Қазақстанда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, бір аптада азық-түлікпен қамтамасыз етуге (азық-түлікті сатып алуға, тамақ әзірлеу мен ыдыс жууға) еркектер 5 сағ. 17 мин., әйелдер - 16 сағ. 22 мин. Жұмсайды, яғни, сәйкесінше, үй шаруашылығын жүргізу уақытының 36 және 57 пайызы. Отбасының маңызды қызметтерінің бірі - отбасы бизнесін ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің жекелей және отбасының нарықтық шаруашылықта корпоративті қатысуы және басқалар.

Әлемдік жүйедегі болашақ орны мен рөлі адам капиталының сапасына байланысты. Өтпелі кезеңде әсіресе адам дамуы мәселесі кең өріс алуда. Адам капиталы мәнінің өсу концепциясы адамды басты мақсат ретінде қарайды, мұның мәні қоғамдағы позитивтік өзгерістер мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі адамдардың негізгі қажеттіктерін қамтамасыз етуге әсер етуі керек және еркіндік беріп, ерікті таңдауға мүмкіндік ашуы керек. Адам да өз әлемін басқаруда өзін-өзі басқару мүмкіндігі мен ынта жігерін дамытуға негізгі күштің бірі бағытталу керек.

Адам құндылығы, оның қосымша құнынан айқын және әрдайым білінеді.
Адам құндылығымен, оның қосымша құны адам капиталын құрайды. Адам капиталын капиталистік қатынас аясында экономикалық дамудың өнімді және интенсивті факторы, отбасынан бастап қоғамға дейінгі сатылы дамуды берік топтастырып жандандыратын қосымша күш-қуат деп қабылдау орнықты. Тегін емес. Оның құндылығы – адамдық өнімде және адаммен топтасқан еңбекте, еңбекшінің шығармашыл күшінде. Адам капиталы – еңбекпен келетін күш-қуат, өндіріс пен еңбекте жанданатын тұлғалық қарым-қатынас, үдемелі табыстың қайнар көзі. Адамдықтың құнары осында.

Адам капиталы туралы сөз қозғағанда, оның ғылыми және идеологиялық, мәдени және саяси жақтарын, сондай жетелі идеяларды ажырата білген абзал. Ол туралы түсінік-көзқарастар бірқалыпты емес (1).

Проблема – адам капиталын зерттеудің методологиясында. Методологиялық жүйе реттелінбегенде түсінік әртүрлі, ұғымдық түсініктің мазмұны анықталынбайды. Белгісіз­дікте адам капиталының мәнісі, оған деген сипаттамалар қандай? деген сауалдар күн тәртібінен түспейді. Енді бірде адам капиталы неден және қалай құралады? – деп көп өлшемді түсінікке жүгінеміз.

Адам капиталы туралы қай идеялар жүзеге асуда, қай тәсілдер қолдау

табуда десек, бұл адам ресурсының қаншалықты өміршең екендігіне тиек. Адам капиталы – таусылмайтын жинақы ресурс, үнемі жаңғырып, жалғасын табатын үдемелі қуат пен шабыт бастауы. Оның өтімді мәні –адамның кісілігі мен кірісін қатар көбейтетін қаражат көзін демеуінде, әрі тұлғалық қабілет-қасиетті ту етіп, соған тұрақтауында, соны өндіре жүзеге асыруда. Адамның қимыл-әрекетінде тұлғалық, кәсіби және әлеуметтік қабілеттер бірін-бірі толықтырған сайын, оның бойынан қосымша қасиет, қабілет қуаты өмірлік күш алады (1).

Адам капиталын өндіруге қалыпты жағдайлар жасау үй шаруашылығын тиімді жүргізуді ғана емес, отбасы бюджетін құруды да талап етеді

Отбасылық бюджет екі бөлімнен тұрады: отбасы шығындары мен табыстары.

Отбасы табыстары келесі бөліктерді құрайды:

• жалақы;

• кәсіпкерлік табыс;

• жеке меншіктен табыс (рента, пайыз, жалдау төлемдері, дивиденттер).

• Мемлекеттік трансферттік төлемдер (зейнетақылар, шәкіртақылар, төлемақылар, білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша тегін қызметтер);

• басқа да табыстар (мұра т.б.).

Отбасы шығындары келесі бөліктерді құрайды:

• әлеуметтік сақтандыру;

• салықтар;

• киім-кешек, аяқ киім;

• пәтерақы;

• электр энергиясы;

• жиһаз, тұрмыс құралдары;

• көлік;

• өндірістік тауарлар;

• білім беру;

• демалыс, саяхат;

• ерікті түрде қоғамдық ұйымдарға төлемдер;

• басқа да шығындар;

• жинақтаулар.

Табыстар ішінде негізгілері – жалақы және кәсіпкерлік табыс, әр отбасында әр түрлі болады. Табыстың осы бөліктері отбасы жағдайын анықтайды, алайда тек қана аталған бөліктер ғана емес.

Жеке меншіктен түсетін табыстың маңызы зор. Париж университетінің профессоры А.Бабоның мәліметтері бойынша, 90-жылдардың бас кезінде француз отбасыларының иелігіндегі меншік көлемі 15-16 трлн. франкке бағаланған, ал бұл көрсеткіш ұлттық табыстың көлемінен 4 есе көп. Аталған жағдай француз отбасылары жағдайының жоғары деңгейінің көрсеткіші. Жан басына шаққанда орташа есеппен 300 мың франк мүлік тиесілі екен. Дамыған елдердің отбасы мүліктерінің құрылымының өсуінде меншіктің қаржылық бөліктерінің өсуі тенденциясы басым (ақша қаражаты, құнды қағаздар, жинақ салымдары, өмірді сақтандыру қорларындағы жинақтар т.б.).

Шығындар ішінде маңызды орын алатыны – тамақтануға жұмсалатын шығындар. Біздің елімізде төменгі деңгейдегі табысы бар отбасыларда бұл шығындар 60 – 90 пайызға дейін, орташа табыстыларда – 42 пайыз, жоғары табысты отбасыларда - 28-29 пайызды құрайды. Салыстырыңыз: АҚШ - 25,4%, Батыс Европа - 20, Жапония - 25-30%, төмендеу тенденциясы орын алады. Біздің елімізде керісінше тенденция.

Америкалық мамандардың бағалауы бойынша, біздің еліміздегі отбасылардың жан басылық тұтынуы 90-жылдары АҚШ деңгейінің 34,4%, азық-түлік тауарлары бойынша - 54%, киім-кешек бойынша - 39%, ұзақ қолданудағы тауарлар бойынша - 20%-ды құраған. Ағылшындардың айтуынша, тамақтануға жұмсалған ақша – желге шашылған ақша. Талас тудырады, дегенмен де отбасылар аталған мақсатта қажеттен анағұрлым көбірек шығын жұмсайды.

Жекелеген елдерде өмір сүру деңгейі де әр қилы, сондықтан осы деңгейді сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – тұтыну жәшігі.

Тұтыну жәшігі – орта статистикалық отбасының қалыпты қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қалыпты әрекетін қамтамасыз етуге қажет тұтыну құндылықтары (материалды және рухани) мен қызметтерінің толық жинағы.

Тұтыну жәшігінің есебі біздің елімізде алғашқы рет 1988 ж. жүргізілген. Тұтыну жәшігі үш бөлікке бөлінеді: азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар және қызметтер. Азық-түлік жәшігі негізгі саналады, себебі, кедей адамдар үшін тамақтану – шығынның негізгі бөлігі. АҚШ денсаулық сақтауының әдістемесіне сәйкес қалыпты тұтыну үшін азық-түлік шығындары тұтынушының жинақталған шығындарының 1/3 бөлігін құрауы тиіс. Осы жерде кедейлік шегі азық-түлік шығының үш еселенген көлеміне тең. Біздің елімізде 90-жылдардың бас кезінде халықтың кедей бөлігі 75%, қалыпты қамтамасыз етілгендер - 15%, жоғары қамтамасыз етілгендер - 10% -ды құраған.

Тұтынудың қоғамдық қажетті стандарты: пәтермен, үй-жаймен, автомобильмен, саяжаймен (екінші үй) қамтамасыз етілу.

Өмір сүру минимумының келесі құрамды бөлігі (азық-түлік жәшігінен тыс) азық-түлік емес тауарлары мен қызметтер жәшігі. Өмір сүру минимумына салықтар мен міндетті төлемдер кіреді.

Бағаның өсуіне байланысты тұтыну жәшігі көлемі ақшалай бағамда үнемі өсуде. Осыдан жеке адамдар мен отбасы мүшелері өмірінің құнын халықтың әлеуметтік топтары бойынша индексациялау қажеттілігі туындайды.

 

9-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Өндіріс факторлар нарығының сипаты, мәнін ашу. Еңбек нарығына тән ерекшеліктер, жалақының формалары мен түрлерін қарастыру. Еңбек нарығында жалақы қалай есептелінеді? Қандай көрсеткіштерге байланысты? Лоренц қисығымен нені анықтаймыз? Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында ең төменгі жалақы, күн көріс минимумын анықтаңыз.

Капитал нарығына тән сипаттама. Капиталдың мән-мағынасы. Несие проценті, оның түрлері. Рента дегеніміз не, оның қандай түрлері бар? Жер рентасына қандай көрсеткіштер әсер етеді? Отбасы экономиканың ерекшілері қандай?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных