Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі




Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Нарықтық экономикаға көшудің негізгі белгілері:

1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.

2. Жекешелендіру.

3. Кәсіпкерлікті дамыту.

4. Монополияны жою.

5. Бағаны босату.

6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзге асыру.

Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі туралы» заң қабылданды.

Мақсаты:

- Нарықты басқару механизмін еңгізу.

- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.

- Тұтынушылардың мүддесін қорғау.

Бұл заңда Монополиялық бақару құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген.

Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады. Өндірістік тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету қысқартылды.

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік тауарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.

Экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленісіп кетті. Өндіріс жаппай құлдырады. Өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясаты жетілдірілмеді. Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды. Жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейді. Мысалы 1995 жылы еңбекпен қамту қызметтерінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны- 153 мың болды. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар -192 мың, ал өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық емес режимде істейтіндер- 451мың, 90-жылдардың соңындағы жұмыстардың жалпы саны- 643 мың.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім кабылданды:

1. Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сөуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.

2. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы — теңге айналымға енді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.

Нарықтық қатынасқа көшу өнеркәсіп жағдайына да өз әсерін тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада өнеркәсіп дамуы баяулап, даяр өнімдер өндіру салаларында құлдырау байқалды. Бүл КСРО-ның ыдырауы салдарынан бұрынғы серіктестерімен шаруашылық байланыстардың үзілуінен, тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуінен, отандық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауынан белең алды. Алайда Қазақстанның өндіруші салаларында, керісінше, өндіріс көлемі ұлғайды. Бұл әсіресе 1999 жылдың соңында, үкімет кәсіпорындарды отандық және шетелдік компаниялар йелігіне бере бастаған кезде байқалды. Өндіруші саланың дамуына түсті металдардың, темір және хром рудаларының, газ, мұнай жөне көмір қорының молдығы әсерін тигізді.

Аумағының кендігі, табиғат, климаттық аймақтардың болуы республикада мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына мамандануға мүмкіндік береді. Аграрлық сектордың нарықтык қатынасқа көшуі нәтижесінде мемлекеттік ауыл шаруашылығы шаруашылыктың өзге формасына, жеке меншік, ұжымдық және аралас формалы меншікке негізделді. Бұл салада акционерлік қоғам құру немесе кәсіпорынды еңбек ұжымының қолына беру кеңінен қолданылды. Жер мемлекеттік меншік болып табылады. Қазақстан Республикасының заңы бойынша жер 99 жылға дейін мұрагерлік құқығымен жалға беріледі.

1995 жылға дейін жерді иелену жөне пайдалану құқығын сатуға байланысты нарықтық қатынастарға рұқсат етілді, бірақ жерді сату-сатып алу акті жүзеге асырылмады.

Президенттің 1995 жылы 25 желтоқсандағы «Жер туралы» Жарлығына байланысты бұдан былай жер мемлекеттік әрі жеке меншікке де берілетіні анықталды. Осы жылы мемлекеттік тапсырыс жойылып, ауыл шаруашылығының өнімдері нарығы саласы арқылы таратыла бастады.

2001 жылы 24 қаңтарда «Жер туралы» Заң қабылданып, ауыл шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік емес пайдаланушылардың құқығы теңестіріліп, жалға алу мүмкіндігін (49 ж-ға дейін) уақытша пайдаланумен шектелді

1997 жылғы қазанда Президент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:

1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.

2. Реформаларды аяқтау.

3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.

4. “Қазақстан барысын” қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:

1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.

3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру

5.Энергетика ресурстарын жете пайдалану.

6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.

7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.

Қорытынды

1. Экономикалық жүйе оны құрайтын элементтердің өзара қатынасымен, өзара келісімімен, өзара әрекетімен анықталады.

2. Экономикалық жүйенің типтері – дәстүрлі, әкімшіл-әміршіл, нарықтық және аралас болып жіктеледі. Экономикалық жүйелер тиімділігінің салыстырмалы талдауы әлеуметтік бағыттағы нарықтық жүйелер пайдасына қарастырылады. Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық өзара әрекеті институттардың көмегімен жүзеге асырылады. Өз экономикасын қайта құрудағы өте күрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол жеке меншік сектордың жоқтығы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап сауда ауқымындағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бөлісуге дейін ескі құрылымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі.

Дебиеттер

1. Досқалиев С.Ә. Экономика ілімі мен теориясын оқыту әдістемесі.

Оқу құралы. Алматы, 2001.

2. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж.

3. Абдуллаев Ә. Экономикалық теория. Алматы, 2004.

4. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008.

5. Мауленова С. Экономикалық теория. Алматы, 2004.

6. Сахариев С.С. Жаңа кезең – экономикалық теориясы. Алматы, 2004.

7. Макконнелл К., Брю С. «Экономикс», М, 1992 ж. т.1

8. Основы экономической теории /ред.Камаев В./ М, 1996 г. Ревинский И.А. «Курс экономики», Новосибирск, 1998ж.

 

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?

2. Негізгі экономикалық проблемаларды атаңыз?

3. Әртүрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешілуде?

4. Дәстүрлі жүйе дегеніміз не?

5. Әкімшіл-әміршіл жүйенің ерекшеліктері қандай?

6. Нарықтық экономиканың мәні неде? Неліктен Қазақстан нарықтық экономикаға бет бұрды?

7. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты қандай реформалар жүзеге асырылды?

ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары:

1. Экономикалық жүйе модельдері

2. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

3. Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1 Экономикалық жүйе шешетін мәселелер

A) не, қалай, кім үшін өндіру керек?

B) қалай, кім үшін, өсу қарқыны қандай?

C) қашан, неге, қайда және кім?

D) жұмыссыздық

E) инфляция

 

2. Әкімшіл-әміршіл экономианың сипаты

A) ресурстар мен капитал салымдарын жоспарлы үйлестіру

B) меншік формаларының көптүрлілігі

C) нарықтық реттеуіштер қызметі

D) бәсекелестік

E) жеке меншіктің басым болуы

 

3. Экономикалық мәселелерді жартылай нарық, жартылау үкімет шешкен кезде, экономика:

A) басқарушылық

B) нарықтық

C) аралас

D) дәстүрлі

E) әкімшілік

 

4. Аралас экономикаға жатпайтынын көрсетіңіз

A) меншіктің көп түрлілігі

B) орталықтандырылған жоспарлау

C) меншіктің реттеуші ролі

D) кәсіпкерліктің кең дамуы

E) барлық жауап дұрыс

 

5. Экономикалық жүйе ол:

A) саясат пен экономиканың бірлігі

B) экономиканы ұйымдастыру тәсілі

C) экономиканың қозғалысын реттеу

D) саяси процестердің жиынтығы

E) барлық жауап дұрыс

 

6.Нарықтық экономиканың белгісі:

А) Мемлекеттік меншіктің басымдылығы.

В) Орталықтан жоспарлау.

С) Жеке экономикалық мүдде.

D) Экономикалық қызметтің қатаң жоспарлануы.

Е) Мемлекеттік жоспарды орындау қажеттілігі.

 

7.Егер экономикалық проблемалар әрі нарықпен, әрі Үкіметпен шешілсе, онда экономика:

А) Жоспарлы

В) Нарықтық

С) Натуралды

D) Аралас

Е) Монополистік

 

8.Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге байланысты артықшылықтарды көрсетіңіз:

A) Адамдық және материалдық ресурстардың басымды бағыттарға икемделуі

B) Жеке кәсіпкерлікті шектеу, не тыйым салу

C) Ресурстардың тұрақты тапшылығы

D) Бәсекенің болмауы

E) Бітпеген құрылыс көлемінің өсуі

 

9.Орталықтан басқарылатын экономика мазмұнына не жатпайды?

А) Мемлекеттік меншік

В) Орталықтан басқару

С) Орталықтандырылмаған жеке басқару

D) Сыйақылы ынталандыру

Е) Экономиканы жоспар негізінде бағыттау

 

10.Аталған белгілердің қайсысы нарықтық экономикаға тән емес?

А) Бәсеке

В) Орталықтан жоспарлау
С) Жеке меншік
Д) Кәсіпкерлік талдау еркіндігі
Е) Мемлекеттің экономикаға араласуы шектеулі

 

11.“Не қалай, кім үшін өндіру керек” сұрақтары қай жүйеде шешіледі:

A) Дәстүрлі экономика

B) Аралас экономика

C) Әкімшілік экономика

D) Нарықтық экономика

E) Қандай да болмасын экономикалық жүйеде

 

12.Дәстүрлі экономикалық жүйеде қандай өндіріс құралдары басым қолданылған:

A) Қол еңбекке (жұмыс күші)

B) Технология

C) Еңбек құралдары

D) Еңбек заттары

E) Ақпарат

 

13. Егер экономикалық проблемалар жартылай мемлекет тарапынан, жартылай нарық тарапынан шешілсе, онда бұл экономика:

A) Әкімшіл-әміршіл

B) Нарықтық

C) Натуралды

D) Аралас

E) Әкімшіл

 

14. Нарықтық экономиканың шеше алмайтын мәселесін көрсетіңіз:

A) Тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту

B) Экономикалық мәселелердің өзін-өзі реттеуі

C) Халықтың толық жұмысбастылығын қамтамасыз етуі

D) Ғылыми техникалық революцияны ынталандыру

E) Еркін бағаның құрылуы

 

 

6-тақырып






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных