Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бағалар мен тарифтер




ü Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Натуралды және тауарлы шаруашылық

ü Тауар, оның қасиеттері. Құн заңы.

ü Ақша. Ақшаның қызметтері. Бағалар мен тарифтер.

 

Мақсат: қоғамдық шаруашылық формаларын анықтап, тауарлы шаруашылықтың мәнің ашу, тауар қасиеттерімен танысу. Ақша қызметтерінің мәнін түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: натуралды, тауарлы шаруашылық, тауар, айырбас құны, тұтыну құны, құн заңы, шекті пайдалылық теориясы, ақша, жалпылама эквивалент.

 

Қоғамдық өндірістің тарихи қалыптасқан түріне натуралды шаруашылық жатады. Ол өндіріс пен тұтынудың тікелей біріккен түрі, ал қызметтің үйлестірілуі патриархалды әдеттер негізінде және еңбекке жүгіну экономикадан тыс ерікпен жүзеге асырылады.

Шаруашылықтың ең кең таралған формасы ретінде тауарлы шаруашылық көрінеді. Бұл кезде өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс, экономикалық қызметтің үйлестірілуі бәсекеге негізделіп, тауарларды нарықта сату-сатып алу қатынастары арқылы жүзеге асырылады.

Натуралды шаруашылық – субъект өзінің жеке бас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім өнідіретін ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесі.

Бұл жүйе келесі сипатқа ие. Сызбаны қараңыз.

 

 

 

5.1 сурет Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері.

Натуралды шаруашылықтың сипаттамалары:

а) ұйымдық-экономикалық қатынастардың тұйық жүйесі;

б) оқшаулан түрге бөлінбеген әмбебап қол еңбегі;

в) өндіріс пен тұтыну арасындағы тікелей экономикалық байланыстар. Ол «өндіру-тұтыну» қағидасымен жүзеге асады.

Яғни шығарылған өнім өндіріске қатысушылар арасында бөлінеді, айырбас пен сату қатынастарынсыз тікелей тұтынылады. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыстың қалыптасу кезеңінде пайда болып, құлиеленуші елдерде үстемдік еткен, сондай-ақ феодалды экономиканың басты белгілерін құраған. Қазіргі таңда индустрияға дейінгі өндірісті қамтыған, дәстүрлі экономикалы, даму дәрежесі артта қалған бірқатар елдерде кездеседі.

Тауарлы шаруашылық – пайдалы өнімдер нарықта сатылуы үшін өндірілетін ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесі. Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын бірқатар белгілерді қамтиды.

Тауарлы шаруашылықтың сипаттамалары:

а) ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтығы;

б) еңбек бөлінісі және оның нәтижесі ретіндегі тауарлар айырбасы;

в) өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама, тікелей емес байланыстар. Ол «өндіріс-айырбас-тұтыну» қағидасымен жүзеге асырылады.

Дайындалған өнім басқа тауарларға айырбастау және сату үшін нарыққа шығарылады және содан кейін барып тұтынуға түседі. Нарықтық айырбас тауар өндірушілері мен тұтынушылар арасындағы экономикалық байланыстарды қалыптастырады. Тауар өндірісі алғашқы қауымдық құрылыс кезінен бастап қазіргі күнге дейін бар.

 

5.2 сурет Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері

Тауарлы өндірістің даму себептеріне жататындар:

а) қоғамдық еңбек бөлінісі;

б) адамдардың шаруашылық оқшаулануы.

Шаруалар мен қолөнершілердің қарапайым тауарлы шаруашылығы тарихи жағынан ең алғашқысы болған. Капитализм жағдайында тек қана еңбек нәтижесі тауар болып табылмайтын, сондай-ақ адамның жұмыс күші де тауар болып табылатын дамыған тауарлы шаруашылық көрініс табады.

Тауарлы шаруашылықтың қарапайым бөлшегі тауар. Тауар – нарықта басқа тауарға эквивалентті түрде айырбастауға арналған, еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық.

Нарықта тепе-тең құнды басқа тауарға айырбасталуы кезінде тауардың айырбас құны қасиеті шығады.

Айырбас құны – тауардың басқа пайдалы заттарға айырбастың белгілі бір пропорцияда жүзеге асуын көрсететін қабілеті. Айырбас пропорциясы тауарға сіңген құнның мөлшеріне тәуелді болады. Осылай, тауар екі қасиетке ие болады: пайдалылық (тұтыну) және құндылық (айырбас).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных