Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Телевидение (теле және латынша video – көремін) – зерзаттың кескіні мен дыбысын радио немесе өткізгіш сымдармен таралатын электрлік




Телевидение

Телевидение (теле және латынша video – көремін) – зерзаттың кескіні мен дыбысын радио немесе өткізгіш сымдармен таралатын электрлік сигналдар арқылы алысқа тарату әрі оларды қабылдау негізінде сол обьектінің кескінін көрсету және дыбысын естірту мәселесімен айналысатын радиотехника саласы.

Телевидение қоғам өмірінде көрермендерді саяси, эстетикалық тәрбиелеу және жан-жақты білім беру тұрғысынан аса зор рөл атқарды.

Телевидение медицинада, өндірісті автоматтандыруда, ғарышты игеруде және тағы басқа көптеген салаларда кеңінен қолданылады.

Телевидениенің қалыптасуына көптеген елдердің аса дарынды оқымыстылары өз заманында үлкен үлес қосқаны белгілі. Мысалы, 1880 жылы орыс ғалымы

П.И. Бахметьев кескінді тізбектей беру туралы «Фототелеграф» жобасын ұсынса, ММУ профессоры А.Г. Столетов сыртқы фотоәсер құбылысының негізгі зандылықтарын зерттеді. Петербург технология институтының оқытушысы Г.Л.Розинг кескінді алу үшін электрондық - сәулелі түтікті пайдаланатын «Катодтык телескопия» жобасын жасады. Португалия оқымыстысы Де-Пайваның жобасы бойынша кескін элементтерін кезекпен беру арқылы және қабылдау құрылғалары байланыстың бір арнасына біріктірілді. Поляк ғалымы Н.Нипков механикалык телевидениенің бастамасы болып табылатын механикалык жаймалауды ұсынды. Ағылшын инженері Кемпбелл Суинтен телевидениенің электрондық жүйесін пайдалануды ұсынды. Осы айтылған жұмыстар телевидениенің даму негізі болып табылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных