Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Қашықтықтан байланыс жасау қажеттілігі адамзатта ертеден болған




Телефондық техника

Қашықтықтан байланыс жасау қажеттілігі адамзатта ертеден болған. Ол әртүрлі жолдармен жүзеге асырылған. Мысалы, біздің дәуірімізге дейін ҮІ ғасырда парсы патшасы Кир осы мақсатта 30 мың адамды пайдаланған. Оларды халық «патша құлақтары» деп атаған. Бұл адамдар биік ғимараттар, мұнаралар басында орналасып, хабарды бір - біріне айқайлап жеткізген. Грек тарихшысы Диодор Сицилийскийдің жазбаларында осы байланыс түрі арқылы ақпаратты 1 сағат ішінде 100 км жерге дейін жеткізген деп көрсетілген. Сонымен қатар, ертеде хабарды тарату үшін жіпті, кернейді пайдаланған.

Телефон - радиотолқындар арқылы қашықтықтан дыбыстық байланыс жасауға арналған құрылғы. Телефондық техника адамзатқа 1878 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде.

Алғашқы механикалық құрылғылар дыбысты ауа арқылы жеткізген. Содан кейін электромагниттік толқындар арқылы жұмыс істейтін құрылғылар пайда болған.

Қазіргі кезде телефондық техника өте жақсы дамып жатыр. Телефондық техниканың көптеген түрлері бар. Олар: электрлік телефон, сымсыз немесе ұялы телефон, спутниктік телефон, радиотелефон және т.б. Барлық телефондарға бірдей талаптар қойылады. Олар:

- телефондық техника хабарларды өз уақытында және қажетті адамға ғана жеткізу керек;

- телефондық техника адам өміріне қауіпсіз болу керек;

- телефондық техниканың сыртқы түрі сүйкімді болу керек;

- телефондық техника арқылы берілетін хабар арзан болу керек.

 

2. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «иә»,






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных