Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Рекреациялық география ғылым ретінде.




Мақсаты: Рекреациялық географиялық сипаттамасын беріп, оның түрлерін классификациялау.

Жоспар:

  1. Рекреациялық география ғылым ретінде қалыптасуы, мақсат, міндеттері.

2. Рекреациялық географиядағы картографиялық зерттеу әдісі

Негізгі ұғымдар: рекреация, рекреациялық география, рекреациялық туризм, саяхат, экскурсия, рекреология, демалыс, карта, атлас, картойд, масштаб, кеңістік.

 

Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрі көптеген елдер үшін негізгі және топтық туризм түрі болып табылады. Шет елдік туристердің Испания, Италия, Франция және Австрияға баруларының басты мақсаттары да осы болып табылады. Бұл түрдегі саяхаттар ұзаққа созылады және саяхат маршруттарына аз қалалар кіреді және саяхаттың көп уақыты бір жерде өтеді.

 

Рекреациялық географиядағы картографиялық зерттеу әдісі

(Д.В. Николаенко бойынша)

Қазіргі таңда географиялық емес факультеттерден тыс факультеттерде рекреациялық география пәнін оқитын студенттер саны артуда. Нәтижесінде рекреациялық географияның негізі болып табылатын географиялық білім берудің кейбір стандартты бөлімдері (жеке алғанда картография) жойылып кетті.

Классикалық карталардың және оларды рекреациялық географияда қолдану ерекшеліктерінің сипаттамасы А.М.Берлянттың көптеген оқу құралдары мен многографиялары негізінде құрастырылды. Берілген бөліммен тереңірек танысу үшін студенттер басқа да жұмыстарды қолдана алады, мысалы, отандық картографияның өзіндік классикасы болып табылатын Салищевтің монографиялары. Толығымен алғанда, студенттер картографияның негізгі теориялық және әдістемелік қосымшаларының жеткілікті дәрежеде тұрақты екенін білгені дұрыс, сондықтан да пәнді студенттік дәрежеде оқулары үшін 1970-80 жылдары КСРО кезінде басылып шығарылған капиталды монографиялар мен оқулықтар толығымен сәйкес келеді.

Рекреациялық география курсында картографиялық білімнің екі дәрежесін бөліп көрсетудің мәні бар. Біріншісі – бұл карталарды оқи алу мүмкіндігі мен әртүрлі құбылыстардағы картографияның мүмкіндіктерін білу. Екіншісі - бұл рекреациялық география мақсаты үшін карта құрастыра алу мүмкіндігі. Бұл дәреже шын мәнінде тек қана жүйелі дайындық нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады.

Карта географиялық зерттеулердің ертедегі әдісі болып табылады. Көп жағдайда карта құрастыру – бұл географиялық зерттеудің нәтижесі болып табылады. Әртүрлі кезеңдерде және әртүрлі мәдениетте картографиялық зерттеулердің көптеген түрлері мен тәжірибелері жиналып қалған. Карта – әлемді танып білу мен сипаттаудың маңызды құралдарының бірі. Олар география, геология, экономика, тарих сияқты және тағы басқа да ғылымдарда кеңінен қолданылады. Карталар жаһандық және жергілікті масштабтағы құбылыстар мен объектілердің ғылыми және тәжірибелік бейнеленуі үшін ғана емес, сонымен қатар оқу және иллюстративтік мақсаттарда да қолданылады. Алдында қойылған тапсырмасына сәйкес карталар көпжылдық зерттеулердің нәтижесі болуы және өзінде белгілі бір ақпараттың немесе заңдылықтың кодының мәнін сақтауы мүмкін, сонымен қатар зерттеу жұмысында немесе оқу материалдарын зерттеуде қосымща құрал ретінде қызмет етуі мүмкін – барлығы берілген дисциплинаның ерекшеліктері мен тапсырмаларына байланысты анықталады.

Карта ұғымының астарында Жер бетінің, басқа аспан денелерінің немесе космостық кеңістіктің онда орналасқан немесе жобаланған объектілерін қабылданған шартты белгілер жүйесімен көрсететін математикалық анықталған, кішірейтілген, басты суреті түсіндіріледі. Мұндағы объект ұғымы астарында картада бейнеленген кез – келген зат, құбылыс немесе үрдіс түсіндіріледі.

Картада кез – келген кеңістікті бейнелеуге болады. Ережеге сәйкес карталар туралы айтқан кезде Жердің құрғақ бедерінің суреті туралы сөз болып жатырғандығын түсінеміз. Алайда басқа ғаламшарлар мен кеңістіктердің карталары да бар екендігін естен шығармауымыз керек, мысалы, Жер ғаламшарыдың мұхит түбіндегі бедері.

Карта элементтері ұғымының астарында картографиялық бейненің өзі, картаның математикалық негізі, оның пайда болу легендасы, көмекші жабдықтаушылары мен қосымша мәліметтері түсіндіріледі. Картаның негізгі элементі картаның мазмұнын білдіретін, яғни картада бейнеленген объектілер туралы мәліметтер, олардың орналасуы, қасиеттері, өзара байланысы мен динамикасының жиынтығы, картографиялық бейне болып табылады. Карта тақырыбына байланысты картадағы негізгі бейне әртүрлі болуы мүмкін.

Карта үнемі белгілі бір легендамен байланысты болып келеді. Легенда термині астарында картаның мазмұнын ашып көрсететін онда қолданылған шартты белгілер мен түсініктемелердің жүйесі түсіндеріледі. Легенданы құрастыру жеңіл тапсырма емес. Бұл бейнеленген материалды көрсетудің ең жоғарғы дәрежесі. Легенданы құрастыруда карталарды қабылдаудың ерекшеліктерін және тағы көптеген мағлұматтарды ескеру керек.

Карталардың басқа да кеңістік бейнеленген суреттерден айырмашылығы математикалық негіздің қолданылуында. Карта – бұл шын мәніндегі құбылыстың кішірейтілген бейнесі, және бұл кішірейтілу тек математикалық негізде ғана жүзеге асырылады. Картаның математикалық негізі өз мәнін меридиандар мен параллельдер торында табады. Топографиялық карталар жағдайында – бұл тікбұрышты координаталы желі, масштаб және геодезиялық негіз.

Карта нақтылықтың моделі болып табылады. Ол белгілі бір кеңістіктің ауданын және белгілі бір тапсырманы шешу үшін маңызды болып табылатын объектілердің кеңістіктегі орналасуын нақты көрсетіп береді. Нәтижесі шын мәніндегі нақтылықтың теоретикалық біріктірілуі болып табылады. Карта – бұл барлық объектілерді ештеңені қалдырмастан көрсететін фотосурет емес. Ол кеңістікте кейбір таңдап алынған құбылыстар мен объектілердің орналасуын көрсетеді, осы арқылы ол нақтылықты тұсінуге және талдау жасауға негіз қалыптастырады.

Карталарлың келесідей қасиеттерін бөліп көрсетуге болады:

ü Картографиялық сурет пен объекттің кеңістікті – уақыт сәйкестігі: шын мәніндегі жер бедері мен картадағы суреттің қатаң түрде сәйкес келуі.

ü Карта мен шын мәніндегі жер бедерінің мазмұнының сәйкес келуі: Шын мәніндегі жер бедерінің кейбір ерекшеліктері картада ғылыми негізделген суреттерімен картадан орын табады.

ü Абстрактілік қасиеті: абстрактілік қасиеті картада бейнеленген ең негізгі құбылысты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларды шешу үшін маңызы жоқ барлық деталдарға мән берілмейді. Карта шын мәніндегі жер бетінде не бар болса сонын барлығын көшіріп алуға бағытталмаған; ол фотосурет болып табылмайды. Картаның субъективтілігі неғұрлым маңыздырақ объектілерді таңдап алып оны бейнелеуде болып табылады.

ü Картаның таңдап алу және синтетикалық қасиеті: картаның таңдап алу және синтетикалық қасиеті шын мәніндегі жер бетінде бірге орналасқан кейбір факторларды, үрдістер мен құбылыстарды бөлек – бөлек бейнелей алады. Олар карталарда жеке – жеке бейнеленеді. Бір жағынан шын мәніндегі жер бетінде бөлек – бөлек орналасқан құбылыстар мен объектілерде біріктіріп кескіндеуі де мүмкін.

ü Метрлілік – картаның құрастырудың математикалық ережелерімен қамтамасыз етілетін картаның қасиеті. Картада масштаб, шкала, градация сияқты мәліметтердің болуы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеуге және сипатталып отырған құбылыстың сипаттамасын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сандық көрсеткіштер абсолютті және қатысты көрсеткіштер түрінде, балдық бағалаулар түрінде көрсетілуі мүмкін.

ü Бір мағыналылығы – модельдердегі әрбір нүктеде бір ғана мағынаға ие болуы керек сияқты картаның қасиеті, яғни картаның шартты белгілер жүйесінде қабылданған бір мағыналылықты айтып көрсетуімізге болады. Бір мағыналылық қасиеті кеңістік және белгі түрінде белгіленеді. Кеңістіктік бір мағыналылық картаның X және Y координаттарының түйіскен әрбір нүктесіне картографияланып отырған параметрдің бір ғана Z мәні берілетіндігімен негізделеді. Ал белгінің бір мағыналылығы картадағы әрбір шартты белгі легендада белгіленген бір ғана мағынаға ие болатынымен негізделеді.

ü Үздіксіздік – бұл картада бос кеңістік болмайтындығымен, ондағы картографиялық кескін картаның барлық нүктесінде бейнеленетінімен түсіндіріледі.

ü Байқампаздық – кеңістік формаларын, мөлшерін, орналасуын, объектілердің байланысын ыңғайлы көріп байқап алу мүмкіндігі. Бұл қасиет карта мазмұнының элементтерін қатаң түрде таңдап алынуымен қамтамасыз етіледі. Байқампаздық қасиетімен картаның оқылу мүмкіндігі байланысты болып келеді. Оның мәні – картографиялық кескіннің элементтері мен детальдарының визуалды ажыратылуында болып табылады.

ü Картаның көрсету қасиеті – бұл картаны оқушының көз алдына соншалықты кең кеңістікті, оның орналасуының басты заңдылықтарын және оның құрылымының негізгі элементтерін көрсету қисиеті.

Рекреациялық география көптеген әртүрлі параметрлермен сипатталатын өте күрделі объектімен байланысты болып келеді. Осыған байланысты белгілі бір территорияны зерттеп қарастырғанда бірнеше тақырыпқа арналған бөлек – бөлек карталарды қолданғанға қарағанда территория және оны игеру туралы жүйелі картографиялық мәлімет беретін бір ғана атласты қолдану неғұрлым тиімді болып табылады. Атлас бірыңғай бағдарлама бойынша орындалған бірнеше карталардың жиынтығы болып табылады. Карталарды орындаудың әдістемелік және техникалық бірыңғайлығы тән болып келеді. Атласта ең маңыздысы – белгілі бір кеңістіктің жүйелі түрдегі кескініне ең басынан бағытталу болып табылады. Атлас карталарында карталардағы құбылыстарды бейнелеудің жалпы тәсілдері қолданылады, бұл карталардың салыстырмалы талдауын неғұрлым тиімді тәсілмен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе кәсіби емес катографтардың картографиялық ақпараттармен жұмыс жасауы барысында маңызды болып табылады.

Негізінен рекреациялық география бойынша зерттеулер белгілі бір анықталған территорияның атласын құрастыруға бағытталуы керек. Бұл рекреациялық қызметте маңызды ролге ие болып табылатын территориясы жағынан аса үлкен емес аумақтар болуы мүмкін. Мысалы, қырымның оңтүстік жағалауының рекреациялық атласын құрастыру пайдалы болар еді, территория аса үлкен балмаса да рекреациялық географияда маңызды орынға ие болып табылады, немесе Кавказдың Қаратеңіздік жағалауы.

Кез – келген географиялық карта картографиялық жобалау арқылы құрастырылады. Картографиялық жобалау – шын мәніндегі, геометриялық күрделі болып келетін жер бедерінен тегіс картаға көшу тәсілі.

Картографиялық жобалауды құрастыру процедурасы өте күрделі болып табылады: алдымен математикалық дұрыс эллипсоид немесе шар фигураларына көшу жүзеге асырылады, одан кейін алынған кескін тегіс картада бейнеленеді. Шын мәніндегі жер бедерінің картаға «көшуінің» барлық кезеңдері қатаң математикалық ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Картографиялық жобалаудың бірнеше негізгі түрлері бар – цилиндрлік, конустық, азимуттық, алайда арнайы мақсаттарда басқа да түрлері қолданылады. Карта әртүрлі принциптер негізінде құрастырылуы мүмкін, осыған сәйкес бір территория әртүрлі картада сырттай әртүрлі болып көрінуі мүмкін.

Картографиялық жобалау негізгі жер бедерінің қай бөлігі картада бейнеленуі керек екендігіне байланысты таңдалынады. Бұған қатысты тұрақты көзқарастар да бар. Мысалы, әдетте Азияның карталарында қисық азимуттық жобалау қолданылады. Бұл жобалаудың түрі аумақтың бұрмалануына жол бермейді және объектіні картада нақты түрде кескіндейді. КСРО немесе Ресей Федерациясының территориясын кескіндеу үшін әдетте қисық перспективті – цилиндрлік жобалау қолданылады. Ол кесінді нақты көрсетеді және жер бедерінің сфералылығын жақсы көрсетеді. Картадағы кескін картографиялық жобалау түріне байланысты әртүрлі болып көрінуі мүмкін.

Карта масштабы – картадағы сызық ұзындығының сәйкесінше жер бедеріндегі сызық ұзындығына қатынасы.

Масштаб картографиялық кескіннің қанша есеге кішірейтілгендігін және картадағы бір сантиметрде аумақтың қанша сантиметрі қамтылғандығын көрсетеді. Мысалы, 1:1000000 масштабы картадағы 1 сантиметрге аумақтағы 1000000 (яғни 10 километр) сантиметр сәйкес келетіндігін көрсетеді.

Карталар тақырыбына сәйкес жалпы географиялық және тақырыптық карталар болып бөлінеді. Табиғи және қоғамдық құбылыстарды да көрсететін карталар бар. Әрбір типтегі карта өз ішінде бірнеше түрлі карталарға бөлінеді. Мысалы, қоғамдық құбылыс карталары өз ішінде тұрғындар картасы, экономикалық карта, тарихи, саяси және т.б. карта түрлеріне бөлінуі мүмкін.

Масштабы бойынша карталар келесі категорияларға бөлінеді:

ü жобалар – 1:5000 және одан да ірі,

ü ірі масштабты карталар – 1:10000 - 1:200000,

ü орта масштабты карталар – 1:200000 - 1:1000000,

ü ұсақ масштабты карталар – 1:1000000 және одан да ұсақ.

Карталарды масштабы бойынша бөлу жалпы қабылданған болып табылмайды. Мемлекеттің аумағына сәйкес басқаша да стандарттар қолданылуы мүмкін. Карталарды масштабы бойынша бөлудің ұлттық дәстүрлі классификациясы да белгілі бір ролге ие болып табылады.

Кеңістікті қамтуы бойынша Күн жүйесінің және жұлдызды аспан жүйесінің карталары, ғаламшарлар картасы, материктер мен мұхиттар картасы және т.б. бөліп көрсетуге болады. Карталарды әртүрлі аумақтағы территориалды әкімшілік бірліктер бойынша, экономикалық және табиғи аудандар бойынша да классификациялауға болады.

Сонымен қатар карталарды тағайындалуы бойынша да бөліп қарастырады. Мұндағы негізгі топты техникалық карталар құрайды, бұл топқа космостық навигациялық, теңіздік навигациялық, автожол карталары және т.б. жатады. Арнайы карталар тобына оқу карталары жатады; олар әдетте әртүрлі курстарды оқытуда көрнекі құрал ретінде қолданылады. Сонымен қатар карталардың тағы бір тобын туристік карталар құрайды. Тағайындалуына сәйкес бұл карталарға туристердің қызығушылығын қамтитын және/немесе туристерге қызмет көрсетуге арналған объектілер (қонақ үй, тамақтану орындары т.б.) көрсетілуі мүмкін. Туристік карталар әдетте әдемі безендірілуімен және дизайнның ерекше стандартымен ерекшеленеді. Туристік карталардың ерекшелігі олардың үнемі жарнамалық ақпараттарға толық болуымен сипатталады.

Карталарды қолдану тәсілдерінің келесідей топтарын бөліп көрсетуге болады:

1) карта бойынша сипаттау – белгілі бір мақсатта картада көрсетілген ақпаратты сөзбен ашып айту (жазбаша немесе ауызша);

2) графикалық тәсілдер – карта негізінде әртүрлі профильдер, графиктер, диаграммалар мен т.б. құрастыру;

3) графоаналитикалық тәсілдер – карталар бойынша координаталарды, ұзындық, биіктік, аумақ, формалардың әртүрлі көрсеткіштері мен объектілердің өлшемін және т.б. өлшеу;

4) Математика– картографиялық модельдеудің тәсілдері – картадан алынған мәліметтер негізінде модельдерді құрастыру мен талдау жасау.

Көрсетілген тәсілдердің топтары көп жағдайда біріктіріліп қолданылады. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері және қолданылуға неғұрлым тиімді орындары бар. Рекреациялық географияда графиякалық тәсілдер мен карталар бойынша сипаттау тәсілдері неғұрлым көп қолданылады. Зерттеушінің кәсіби дайындығының дәрежесіне жіне оның алдында тұрған тапсырмаларға байланысты графикалық және математика – картографиялық тәсілдер кеңінен қолданылуы мүмкін.

Картамен жұмыс жасаудың автоматизациясы және механизациясының дәрежесі бойынша келесі түрлер бөліп көрсетіледі:

1) Визуалды талдау – карталарды оқу, көру арқылы сәйкестендіру және объектілерді бағалау;

2) Инструменталды талдау - өлшеу приборлары мен механикалық құрылғылар арқылы (циркуль, кувриметр, планиметр);

3) Жартылай автоматтық (автоматизацияланған) зерттеулер – карталардан мәліметтерді алу, оларды өңдеу, талдау және тұрлендіру үшін автоматтандарылған құрылғылар және компьютердерді қолдану;

4) Автоматтық зерттеулер – карталарды қолдану үрдісінің толықтай автоматтандырылуы. Автоматтандырудың осынша жоғары дәрежесі «автоматтық картографиялар жүйесі» негізінде жүзеге асырылады. Шын мәнінде бұл – жоғары дәрежедегі элитарлы өндірістер.

Рекреациялық географияда карталарды қолдану кейбір принципиалды шектеулермен соқтығысады. Олар қазіргі таңдағы картография физикалық кеңістікпен жұмысқа бағытталғандығымен байланысты болып келеді. Ол әртүрлі құбылыстарды жүзеге асыру үшін фон болып табылады. Алайда кеңістік анонимді емес: физикалық кеңістік нақты, бірақ кеңістіктің басқа да түрлері бар, мысалы, социомәдени. Рекреациялық географияда физикалық кеңістіктің символдары және ұғымдарымен бейнелеу мүмкін емес болып табылатын үрдістер, құбылыстар және жүйелер орын алады және өзара байланыста болып табылады.

Классикалық карталарды сипаттауға детальды түрде тоқталмай ақ қояйық. Картоидтар мен ойша карталарды неғұрлым толығырақ қарастырайық.

Картоид – генералды талдау және масштабты кеңістіктік құбылыс туралы сөз болған кезде ғана қолданылуы орынды болып табылатын кеңістіктік теоретикалық модель.

Рекреациялық географияда картоидтардың қолданылуы классикалық картографиялық кескіндердің маңыздылығын ешқалай жоққа шығармайды. Негізінен, рекреациялық карталар мен картоидтардың сериялары өзара толықтырылып және біріккен күйінде территорияның рекреациялық мақсаттарда қолданылу үрдісінің мәнін ашып көрсетуі керек.

Картоидтардың қасиеттері мен мүмкіндіктері келесідей:

1. Картоидтың кеңістіктік ұқсастығы. Шын мәніндегі жер бедерін бейнелеуде классикалық карталардағы сияқты нақтылық жоқ; карта бетіне бейнеленетін кескін метрикасының қатаң бекітілген масштабта математикалық түрлендірілуі жоқ, алайда белгіленген территорияның ойша кескіні дәрежесінде кеңістіктік орын ұқсастығына ие.

2. Масштабты сақтай отырып жасалған шын мәніндегі жер бедерінің нақтырақ кескіні ретінде картаны модель ретінде картоидпен салыстыру аналитикалық жұмыс кезінде көмектеседі.

3. Құбылыстар динамикасын оның неғұрлым маңызды және генералды қырынан таныту мүмкіндігі: құбылыс эволюциясы карталарды қолданғанға қарағанда неғұрлым нақты және анық бейнеленуі мүмкін.

4. Бейнеленген құбылыстармен картоид мазмұнының сәйкес келуі. Картоид бейнеленген құбылыс туралы сәйкесінше ақпараттарды талдау барысында танылады. Ол фантазия емес және ақпаратқа спекулятивті қосымшалар қосуға жол бермейді.

5. Картоидтың абстрактілігі құбылыстың неғұрлым біркелкі және маңызды сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.

6. Картоидта кескінделу үшін ақпараттардың таңдалынуы. Көптеген ақпарат массиві арасынан текқана нақты зерттеу үшін қажетті болып табылатын ақпаратты ғана таңдап алуға болады.

7. Картоидтағы ақпараттың синтетикалылығы. Шын мәніндегі табиғатта бірге тұрмаған нәрселер картоидта біріктіріліп көрсетілуі мүмкін.

8. Идеалды құбылыстардың кезекпен кескіндеуі мүмкіндігі. Идеалды құбылыстар физикалық кеңістікке дұрыс орнықпайды: олар көптеген маңызды материалды құбылыстарды детерминациялайды, алайда кескінделуге қиындықпен беріледі.

9. Теоретикалық объектілерді кескіндеу мүмкіндігі. Теоретикалық объектілер шын мәніндегі нақты әртүрлі компаненттер арасынан модельденеді. Олар ғылыми абстрактілеудің нәтижесі болып табылады, мысалы социомәдени жүйе ұғымы сияқты. Классикалық карталарда мұндай объектілерді кескіндеу өте қиын болып келеді, ал картоид мұны жасауға мүмкіндік береді.

10. Кеңістіктік бірмағыналылық. Картоидта кескінделген құбыслыс пен шын мәнінде картадан көре алатын құбылыс арасында өте қатты корреляция бар. Факт бойынша салыстыру шын мәніндегі нақты кескінге қарағанда картамен жүзеге асырылады.

11. Белгілік бірмағыналылығы. Бұл тұрғыдан алғанда картоид картадан ешқалай да ерекшеленбейді. Картоидты құрастыру үшін белгілі бір белгілер жүйесі енгізіледі, соның негізінде сипатталып отырған шын мәніндегі құбылыстың кескіні жүзеге асырылады. Картоидты құрастырудағы бір ғана айырмашылық оны құрастыру барысында белгі символдарды қолданудың неғұрлым кең мүмкіндігінде болып табылады.

12. Үздіксіздік қасиет ретінде кейде картоидқа да қатысты болып келеді, алайда бұл қасиетті драммалық қолданбаудың есебінен үлкен вилуалды эффектерге және принципиалды жаңа нәтижелерге қол жеткізуіміз мүмкін. Картоид шын мәніндегі нақты физикалық кеңістіктің социомәдени кеңістіктерге бөлінуін кескіндейді.

13. Көрсетілуі – картоидтың бөлінбейтін қасиеті. Оның мәні бір модель, яғни картоидтың бір беті өте үлкен аумақты қамтитын кеңістікті көрсетуі мүмкіндігінде болып табылады.

14. Байқампаздылық та картоидтың қасиеті болып табылады. Картоидта бейнеленен кескін дұрыс қабылданып және картоидтың максималды оқылуына жұмыс жасайтындай болуы қажет. Қабылдау психологиясында карталарды қабылдаудың тәжірибелік зерттелуінде үлкен сәйкесінше тәжіриже жинақталған, сол себептен картоидтың байқампаздылығының шешімі ғылыми тапсырма емес тек қана инженерлік тапсырма болып табылады.

15. Картоидтың ақпараттылығы өте жоғары. Ол кодталған күйінде белгілі бір көлемдегі ақпаратқа ие болып табылады. Бұл ақпарат үнемі кілттік сипаттамаға ие болғандығы маңызды болып табылады: ол көптеген нақты мәліметтерді түсінуге кілт болып табылады.

Картоидтардың классикалық картографиялық кескіндерден негізгі айырмашылықтары келесідей болып табылады:

ü Масштаб және кеңістік моделінде кескінделген физикалық территориалды пропорцияға нақты сәйкестілік жоқ;

ü Географиялық координаттардың параллеьдер мен меридиандар торы түріндегі классикалық жүйесі есепке алынбайды;

ü Шартты белгілердің генералды типтегі жүйесі енгізіледі, олар физикалық кеңістікте кездеспеуі мүмкін және өзіндік күрделі және идеалды мәнге ие болуы мүмкін;

ü Картоидтар көмегімен жүргізілетін теоретикалық талдау үшін маңызды емес болып табылатын шын мәніндегі нақты кеңістіктің элеметтері еленбейді;

ü Генерализацияның ең басынан қатаң анықталған дәрежесі мен стандарты бар.

Қорытынды: Шын мәніндегі нақтылықты кескіндеудің негізі ретінде қолданылатын теоретикалық терминдер мен ұғымдардың сәйкесінше жүйесі енгізіледі. Теоретикалық құрылымдарға қатысты классикалық картографиялық кескін біршама нейтралды болып табылады. Картоид, керісінше, ең басынан теоретикалық жағынан толық және алдын-ала анықталған. Картоидтарды құрастырудың негізінде теоретикалық ұғымдар мен терминдердің нақты жүйесі қалыптасады, картоидтардың дұрыс түсіндірілуі тек қана солардың негізінде жүзеге асырылады. Бұдан шығатын қорытынды: картоидтарды қолдану арнайы шартты белгілер жүйесін құрастырумен қатар жүруі тиіс. Картоид түсінікті шартты белгілер жүйесінде негізі қалануы тиіс.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Рекреациялық географияның ғылым ретінде алатын орны мен мақсаты?

2.Картамен жұмыс жасаудың автоматизациясы және механизациясының дәрежесі бойынша қандай түрлерге бөліп көрсетіледі?

3.Картоидтардың классикалық картографиялық кескіндерден негізгі айырмашылықтары қандай?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. А.С. Кусков, В.Л. Голубаев, Т.Н. Одинцова. Рекреационная география.

2.Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З.Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России иСССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. География туризма. Развитие и научноеизучение.Алматы-2003






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных