Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Рекреация уақыты мен кеңістік және олардың байланысы




Дәстүр бойынша, әлеуметтік уақыттың ең маңызды формалары есебінде жұмыс уақытын, жұмыстан тыс уақытты және бос уақыт деп ерекшелейді. Жұмыс уақыты. заттық және рухани игіліктерінің өндіру уақыты есебінде қоғамдық пайдалы еңбек процесінде қаралады. Жұмыстан тыс уақытты көбінесе өңдірістегі жұмыспен байланысты шығындарды қосатын уақыт,(жұмыс орнына барып келу, төленетін жұмыс уақытына кірмейтін уақыттың кәсіпорында шығындалуы және т.б.), үй еңбегіне, өз-өзіне қызмет көрсету және физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру деп қарастырады. Оның шеңберінде ерекше рөлді бос уақыт алады, ол «адамда (топта,қоғамда) қалып қоятын «жұмыстан тыс уақытты (тәулік, апта, жыл шамасында) көрсететін бөлік.

Рекреация уақыты – тұлғаның, топтың, қоғамның әлеуметтік уақыттың бөлігі, заттық, рухани денсаулықтың және интеллектуалды жетілуін сақтау, қалпына келтіру мен дамыту үшін қолданылады. Қазіргі кезде рекреация уақыты көпшілік топ адамдары үшін бос уақыттың шеңберінен шықпайды, сонымен қатар бос уақыттың тек бөлігі ғана жұрттың денсаулығын қалпына келтіру мен денсаулығын дамыту және олардың интеллектуалды жетілуі рекреация деп қарастырылады. Күн тәртібіне жаңа мәселе – бос уақыт пен жұмыстан тыс уақытты(яғни жалпы апта бюджетінің 75% уақыты) рекреация уақытына айналдыру қойылып отыр. Рекреация уақыты барысында демалушылар уақыты мен ұйымдастырушылар демалысын ажырату керек. Егер демалушылар үшін рекреация уақыты тұлғалық жағынан.қарастырылса, ұйымдастырушылар демалысының уақыты бұл уақыт қызметтің н құрылуы мен жұмыс істеуін және жұрттың рекреация қажеттіліктерін қамту жағына бағытталған. Рекреация уақытының тән белгілеріне: иерархиялық, кванттық, өзгерушілік және функционалдық жатады. Рекреация уақытының иерархиялылығы әлеуметтік уақытта бос уақыттың әр түрлі масштабтағы бөліктерімен ерекшеленеді. Әлеуметтік уақыттың өлшеу, зерттеу бірліктеріне өмір (балалық шақ, жетілу,қартаю), жыл, апта, тәулік болады. Тәулік мерзімінде қарапайым еңбек күні сипатталады, оның ішіне жұмыстан тыс уақыт та кіргізілген - жұмысқа дейін, түскі ас үзілісі кезінде және жұмыстан кейінгі уақыт. Апталық мерзім өзіне әрдайым қайталанып отыратын жұмыстан тыс уақыттың тәулік мерзімі және сенбі жексенбі күндеріне сәйкес келетін «уик-энд» уақыты, жатады.

Жылдық мерзімі өзіне тағы да жұмыстан тыс бір-екі интервал қосады. Бұл –демалыс уақыты. Оқушылар үшін демалыс уақыты орнына каникул уақыты(жылына төрттен бастап екі ретке дейін) бөлінеді.

· Өмірлік мерзім адамның бүкіл өмірін,сонымен қоса адам жұмыс істемегенде, яғни балалық шақта және зейнеткерлік жасты қамтиды.

Жұмыстан тыс рекреациялық уақыт бұл ең бастысы жұмыстан кейінгі уақыт (ұзақтығы төрт-бес сағатқа дейін созылуы мүмкін). «Уик-эндық» уақыт жұмыскерлер үшін көбінесе екі күн болады. Демалыс мерзімі бірте бірте өседі және кейбір топ жұмыскерлерінде 36-48 күнге дейін жетеді.. Режимдік уақыт ең бірінші қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен жұрттың қалыптасқан тәртібімен анықталады.

Рекреациялық кеңістік. әлеуметтік кеңістіктің ажырамас бөлігі болып табылады. Рекреациялық уақыт секілді ол рекреациялық субьектінің қызметімен байланысты Сондықтан адамның, халықтың, жұрттың, мемлекеттің рекреациялық кеңістігі туралы айтуға болады. Рекреациялық кеңістік демалушылар мен демалысты ұйымдастырып отырған адамдармен қалыптасады.

Рекреациялық кеңістіктің қалыптасуы таңдау арқылы жүзеге асады. Көптеген обьекттердің және қассиеттердің ішінен тек рекреациялық талапқа, шартқа сай келетіні таңданады.

Рекреациялық кеңістікті ұйымдастыруда мына элементтерді атауға болады:

§ игеру (бағалау, иемдену) – демалушылар мен ұйымдастырушылар арқылы жүзеге асады;

§ Құрастыру, қиыстыру (экстенсивті) –ұйымдастырушылармен жүзеге асады

§ рекомбинация – демалушылармен жүзеге асады;

§ «өнертабыс» – принципиалды түрде жаңа кәсіп пен кеңістікті табу

§ Қызметтерді атқару үшін орынды таңдау;

§ айтылмыш жердге қажетті қызметтерді таңдау;

§ қызмет орнының үлкейтілуі (геотехсистемы).

Өмірде бос уақыт пен рекреациялық кеңістік өлшемдері арасындағы жолдар әлдеқайда тура емес. Көп адамдар үшін рекреациялық уақыт көлемі экономикалық және физикалық мүмкіндіктермен сәйкес келмейді. Ең ұзақ рекреациялық уақыт балалар мен зейнеткерлерде байқалады, ал ең азы – жұмыс істейтін адамдарда.Бірақ басқа жақтан қарағанда, физикалық және экономикалық мүмкіндіктер балалар мен зейнеткерлерде жұмысқа қабілетті адамдарда қарағанда төменірек келеді, сондықтан олардың сапар шегу жолы көбірек болады, олар ең алыс және қиын деген жерлерге баруға мүмкіндіктері баршылық.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных