Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Табиғи ресурстарды рекреациялық бағалау




Табиғи ресурстар мен шарттарды қолдану үшін оларды бағалау қажет. Бағалау үрдістері мынадай негізгі этаптардан тұрады:

  1. Бағалау обьектілерін ерекшелеу – табиғи кешен, олардың құрылымы мен қасиеті.
  2. Бағалау жүргізу тұрғысынан субьектіні ерекшелеу.
  3. Субьектінің зерттеу мақсатын, масштабын сонымен қатар қасиетін анықтайтын, бағалау критерийлерін құру.
  4. Градацияның бағалау көрсеткіштері параметрлерін жүзеге асыру. Көрсеткіштер субьекті мен обьекті арасындағы бағалау қатынастарын көрсетеді. Әрбір деңгей субьекті жағдайында берілген обьекті қасиеттірінің интенсивті қарым-қатынас көрсеткіші болып табылады. Рекреацияға арналған бес деңгейлік бағалау көрсеткіші келесі градацияларды қосады: көбіне жайлы, қолайлы, орташа жайлы, аз қолайлы, қолайлы емес.

Табиғи ресурстарды бағалаудың негізгі 3 түрі бар: медико-биологиялық, психико-эстетикалық, технологиялық.

Медико-биологиялық түр адам ағзасына табиғи факторлардың әсер етуін, оның қолайлығын бейнелейді. Мұнда басты орынды климаттық рекреациялық ресурстарды бағалау алады.

Климатты белгілі жерге арналған көпжылдық ауа райы режимі ретінде түсінеді. Адамға оның қасиеті нақты бір ауа райында пайда болуы мүмкін. Басты назарға ауа райы шарттарына жауап ретінде адам ағзасының жағдайы алынады. Климатология мен курортологияда климатты бағалау барысында үлкен назарға ауа райының физикалық жағы, сонымен қатар эмоционалды түрі алынады.

Бағалаудың кешенді әдісінде температураның тиімді жүйесі қолданылады.

Мұнда метеорологиялық элементтердің кешенді әсер етулері сипатталады: күн радиациясына, желдің жылдамдығына, ылғалға байланысты ауа райы температурасы. Ылғал мен температураның әсер етулерін сипаттайтын кешенді көрсеткіш тиімді температура (ТТ) деп аталады; температура, ылғал және жел жылдамдығы – эквивалентті тиімді температура(ЭТТ); температура, ылғал, жел жылдамдығы және күн радиациясы – рациациялы тиімді температура(РТТ) деп аталады.

Тиімді температура түсінігі “ыңғайлылық зонасы” түсінігімен тығыз байланысты. Көптеген адамдар үшін қолайлы температура 17°-23°С. Бұдан төмен не жоғары болса, адам тоңады немесе күнге күйіп кетеді. Ал, белсенді рекреанттар үшін ыңғайлылық зонасы 12°-16° эквивалентті тиімді температура.

Климаттық ресурстарды медико-биологиялық бағалаудың басқа тиімді әдісі – кешенді климотологиялық әдісадам ағзасына метеорологиялық шарттардың барлық кешендерінің әсер теуінен пайда болады, соның ішінде “тәулік ауа райы”, “мезгіл ауа райы”, қарама-қарсылы ауа райының өзгеруі. “Тәулік ауа райын " қолдану ауа райының тәуліктік өзгеруіне тәуелді, адам ағзасының тәулікті ырғақты қызметіне икемделген.

Ауа райының барлық әр түрлері 16 класска бөлінетін классификация көмегімен анықталады, олар өз кезегінде 3 топқа бөлінеді: ызғарсыз ауа райы (8 класс), 0°С арқылы ауа температурасының алмасуы (2 класс) және суық ауа райы (6 класс). Адам үшін ауа райының барлық классы көбіне пайдалы, күндіз күн көзі көбірек шуағын шашып, ультра күлгін сәулелердің болуы, жарық жақсы түсіп және қоршаған орта ландшафтыларының ерекше тартымдылығы. Қарама-қарсылы өзгеріс түсінігіне сәйкес ауа райының келесі рижимдері ерекшеленеді: өте тұрақты (25%-қа дейін), тұрақты (25-34%), өзгермелі (35-50%), қатты өзгермелі (50% -н жоғары).

Ауа райы шарттарының ағзаға әсер етуін бағалауда басты назар қоршаған орта мен адам денесінің жылу алмасуына аударылады, өйткені ағзаның жағдайы көбіне жылуды сезінумен анықталады. Адамның жылулық жағдайына ауа райының әсер етуін обьективті бағалау ағзаға термореттеуші механизмді күш салу деңгейіне алып келді. Осыған байланысты жылулықты сезінуге қатысты кездесетін ауа райының түрлері температураның орта салмақтылығына байланысты 9 дәрежеге бөлінеді – қатты суықтан ыстыққа дейінгі аралықтар.

Ыңғайлық жағдайы – адамның не суықты, не ыстықты сезінбеуде терідегі 31-33° орта салмақты температура туындайтын,көбіне жағымды жылулықты сезіну. Ыстық ауа райында ағзаның термореттеуші мехонизмді күш салуы терінің бөлінуімен сипатталады, ал суық ауа райында – терінің орта салмақты температурасы көрсеткішімен көрсетіледі. Сонымен қатар әртүрлі климаттық факторларды субьектілі бағалаудың сұраныс тәсілі қолданылады.

Психико-эстетикалық бағалау табиғи ландшафтардың немесе оларды құраушылардың адамға эмоционалды түрде әсер етуін зерттейді. Бұл дегеніміз, адамның осы немесе басқа табиғи кешенге эмоционалды әрекеті болып табылады. Сондықтан да, эстетикалық құндылығы жоғары аумаққа сұраныс көп болады.

Эстетикалық құндылық ландшафтының морфологиялық құрылымына байланысты, табиғат көрінісі бөлшектерінің әртүрлілігі. Табиғи кешендердің ішкі құрылымынан және басқа да осы сияқты кешендердің сырқы байланысынан туындайтын "табиғат көрінісінің әр түрлілігі" түсінігі жиі қолданылмайды. Ішкі табиғат көрінісінің әр түрлілігі ландшафтылардың ішкі морфологиялық құрылымымен анықталады.(рельефпен, гидрография, ландшафты кешендерінің өзара байланысы). Ішкі табиғи көрініс алуан түрінің мынадай көрсеткіштері бар: ландшафтының көркемдік деңгейі - – шатқалдар нұсқалар санының қарастырылып жатқан ландшафты аумағына қатынасы; алуан түрлі ландшафтылар деңгейі – шатқал түрінің ландшафты аумағына қатынасы;

Табиғи кешеннің ішкі эстетикалық қасиеті мынадай көрсеткіштермен сипатталады: ағаштардың көптеп болуы, ормандардың келбеттілігі және т.б Жазықты табиғи аудандар үшін доминантты белгісі болып аумақтың ауқымдық деңгейі болып табылады. Аумақтың қамтылу пайызына байланысты ашық, жартылай ашық және жабық аумақ болып бөлінеді. Бағалау кезінде көп ұпайды табиғи кешендер және жартылай ашық аумақтар алады. Сонымен қатар өсімдіктер тобы мен жер бедері сипаты маңызды.

Табиғи кешеннің сыртқы табиғи көрінісінің алуан түрлілігі көршілес табиғи кешендердің табиғи алуандылығын көбіне аша түсуімен сипатталады. Сытқы табиғи көріністің алуандылығы әртүрлі табиғат көріністері мен олардың арасындағы өзара байланысты суреттейді. Табиғи кешендерді психико-эстетикалық бағалаудың басқа да әдістері арасында соңғы уақытта экзотикалық (қайталанбастық) және таң қалдырар іс шаралар жүзеге асырылуда.

Экзотикалық тұрғылықты жеріне қатысты демаоу орнының қарама-қарсылық деңгейімен анықталады, ал таң қалдырарлық – обьектілердің кездесуіне байланысты қайталанбас дейгейі. Технологиялық бағалау жалпы рекреациялық іс-әрекеттер үшін табиғи және басқа да ресурстарда қолданылатын технологиялар мен техниккаға байланысты туындайтын сұрақтарды қамтиды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных