Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Рекреациялық және аумақтық рекреациялық жүйелер.




 

Отандық рекреациялық географияда аумақтық рекреациялық жүйелердің теориясы ғылыми зерттеудің пәні және демалыс пен туризмді ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастырылды. Бұл ғылыми бағыттың түсініктерінің жүйесі рекреация және туризм жүйелерінің антропоцентристтік негізінде құрылған. Яғни, барлық жүйелік қатынастардың орталығы мен негізі – туристтің қажеттілігі. Бұл әдістемелік негізге сүйеніп, рекреациялық сұранысты, табиғи және мәдени – тарихи рекреациялық ресурстарды, рекреациялық аудандардың дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды бағалау принциптері құрастырылды.

Бұл теорияның негізі Ресейдің нарықтық дәуіріне дейін қаланды. Туризмнің басқарушылық аспектілері мен экономикалық дамуының жеткіліксіздігі осы фактормен байланыстырылады. Рекреация мен туризм саласындағы мағлұматтар мен ұйымдастырушылық бойынша туындаған сұрақтар аз қаралған болып шықты.

В.С.Преображенскийдің ХХ ғасырдың 60 жылдары қарастырған рекреациялық жүйелер туралы оқулары рекреация сияқты көп қырлы құбылысқа арналған барлық ғылыми зерттеулердің негізі, орталығы болды. Соған қарамастан бұл зерттеулер негізі болып «рекреациялық жүйе» табылады.

Рекреациялық жүйе – күрделі әлеуметтік басқарудағы жүйе (жартылай өзін өзі басқарады), оның орталығы – туризм субьектілері, ал мақсаттық функциясы – бұл субьектілердің рекреациялық қажеттіліктерін анағұрлым қанағаттандыру.

Рекреациялық жүйе кішігірім бір – бірімен байланысқан жүйелерден құралған: демалушылардан, туристтерден, табиғи кешендерден, материалдық базадан және рекреациялық инфрақұрылымнан, қызмет көрсететін персоналдан және басқарушы органдардан.

Табиғи кешен – табиғи объектілер мен құбылыстардың бір – бірімен байланысы мен қатынасы. Ол тек ресурс түрінде ғана емес, сонымен қатар адамдардың рекреациялық қажеттіліктерінің қанағаттандырылу шарты болып табылады. Табиғи кешендердің спецификалық мінездемесі олардың беріктігі, жайлылығы, әр түрлілігі, әсемділігі болып табылады.

Демалушылар тобы рекреациялық сабақтарының циклдерінің көмегімен сипатталатын тәртіп өлшемдерімен анықталады. Басқа жүйеге кіретін бөліктермен қатынасы белгілі бір адамдар тобының, шарттардың және рекреациялық ресурстардың әлеуметтік, жастық, психологиялық, ұлттық, профессионалдық, аудандық және жеке таңдауларына байланысты өзгереді.

Техникалық жүйелер демалушылардың және қызмет көрсететін персоналдың күндегі өмір ағысын қамтамасыз етіп, туристтердің спецификалық рекреациялық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Қызмет көрсететін персонал техникалық жүйелер арқылы демалушыларға қызметтер кешенін құрастырады, жинайды, сақтайды және көрсетеді, сонымен қатар қалдықтарды жояды және утилизация жасайды.

Басқару органы туристтер қажеттіліктерінің қанағаттандырылу мәліметтерін басқа кішігірім жүйелердің және материалдық пен қаржылық резервтердің бар – жоғы туралы мәліметтерімен салыстырып, шаруашылық шешімдер қабылдайды.

Рекреация зерттеушілерін рекреациялық жүйенің қасиеттері мен элементтерінің арасындағы бір – бірімен бірлікте қызмет жасау сияқты қарым – қатынастары қызықтырады. Бұл қарым – қатынас түрі рекреациялық жүйенің, объективті тірліктің құбылыстары мен заттарының кішігірім жүйелерінің қатынасы болып табылады. Яғни, бір элементінің немесе құбылыстың өзгеруі екіншісінің өзгеруіне әкеледі. Зерттеу барысында анықталған бір – бірімен бірлікте қызмет жасау түрлері: мәдени, тұлғааралық, әлеуметтік, әлеуметтік – саяси, экономикалық.

Рекреациялық жүйеде тұтастылық, динамикалылық, беріктілік, нәтижелілік, иерархиялылық және т.б. қасиеттерді ескере білу қажет. Рекреациялық жүйенің қызмет көрсету нәтижелілігін бағалау екі критерий бойынша жүргізіледі: сыртқы және ішкі. Ішкі критерий құрылымы бойынша әлеуметтік бола алады (қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі, демалыспен қанағаттандырылу); экономикалық (табысты максимализациялау); әлеуметтік – экономикалық (сұраныстың қанағаттандырылуы).

«Рекреациялық жүйе» түсінігіне анықтама берген авторлардың көзқарастарына сәйкес, аумақтық рекреациялық жүйеге элементтерінің арасындағы қарым – қатынас аумаққа негізделген рекреациялық жүйе жатады. Рекреациялық жүйенің негізгі типтерінің біріне агломерацияны жатқызуға болады.

Агломерация – кең урбанизациялық шекаралы туристік орталықтың негізінде пайда болатын үлкен туристік орталықтың рекреациялық жүйенің аумақтық типі.

Туристік агломерациялар туризм индустриясының объектілерінің шоғырлануы мен мен туристтер мен экскурсанттардың жоғары деңгейлі кешенділік пен туризм индустриясының интеграциясы. Туристік агломерациялар қоршаған ортаға ықпал көрсетіп, экономикалық құрылымы мен халық өмірінің әлеуметтік аспектілерін өзгертеді. Туристік агломерациялардың мысалдары: Сочи, Лазурный берег, Балеарлық, Канарлық, Сейшельдік аралдар, Кавказдық Минералды сулар, Коста-Брава, Коста-дель-соль, Долина Луары, Иль-де-Франс, Майами, Акапулько, Калифорниялық жағажай және т.б.

Кез келген күрделі рекреациялық жүйелер өзіне тән құрылым түрлеріне бөлінеді. Оның ішінде екеуі ең танымал – иерархиялық және аумақтық.

Иерархиялық құрылым қиын рекреациялық жүйеге тән. Оның ішіндегі құраушы көптеген элементтер әр түрлі деңгейлі кішігірім жүйелерге бөлінеді. Олар бүтіндік қасиетіне, өзін-өзі реттеудің белгілі деңгейіне және кішігірім жүйелердің одан үлкенірек жүйелерге бағынудың көпбаспалдақты қарым – қатынасына ие.

Аумақтық құрылым – жүйе элементтерінің аумақтық қатынастарының жиынтығы. Аумақтық құрылымға, мысалы курорттың жоспарлы құрылымы, туристік ағымдардың аумақтық құрылымы, рекреациялық қызметтің аумақтық ұйымдастырылуы, туристік қызмет көрсетудің аумақтық ұйымдастырылуы, туристік сұраныстың аумақтық құрылымы, туристік нарықтың аумақтық құрылымы және т.б.

Рекреациялық жүйенің субстрат секілді бірнеше композициялық элементтерінің түрлері анықталды. Субстрат – рекреациялық жүйенің құрылымдық элементі. Субстрат ретінде біз рекреациялық жүйенің қызмет көрсету жүйесінің негізін, оның кішігірім жүйелерінің міндетті жиынтығын, каркасын түсінеміз. Рекреациялық жүйенің элементі нақты зерттеулерде бөлінбейтін, біртұтас қабылданатын, жүйенің бөлігі болып табылатын және сол жүйеде белгілі бір қызметті атқаратын объект болып табылады. Рекреациялық жүйелерде элемент ретінде турист, рекреациялық жаттығулар, туристік ұйымның қызметкері, ландшафт, қонақ үй номері және т.б. қабылданады. Құрылымдық элемент деп белгілі бір қызмет атқаратын рекреациялық жүйенің компонентін айтамыз.

Аумақтық рекреациялық жүйенің классикалық анықтамасын В.С.Преображенский анықтаған. Соған сәйкес ол аумақтық рекреациялық жүйені өзара байланысатын кішігірім жүйелерден (табиғи және мәдени кешендер, инженерлік құрылыстар, қызмет көрсету персоналы мен демалушылар) тұратын әлеуметтік – географиялық жүйе ретінде анықтады.

Көзқарас

Біраз өзгеше анықтаманы Т.В.Николаенко береді. Аумақтық рекреациялық жүйе – белгілі бір аумақта рекреациялық қызметтің ұйымдастырылу формасы. Оның аясында максималды түрде әр түрлі кішігірім жүйелердің кеңістік және функционалдық координациясы, өзара қатынасы дамытылады.

Фактілерге сүйенетін болсақ, аумақтық рекреациялық жүйе (АРЖ) рекреациялық қызметті ұйымдастыру формасы ретінде – өте аз кездесетін құбылыс, алайда белгілі бір аумақты интенсивті түрде танып білу үшін өте маңызды. Қызықтыратын аумақта АРЖ құру минималды уақытта максималды рекреациялық танымдылықты қамтамасыз етеді. Жалпы айтқанда, АРЖ – рекреацияны аумақтық ұйымдастырудың ақырғы бір түрі болып табылады. Көптеген жағдайларда рекреациялық мақсатта аумақты тану жоғарғы деңгейге жетпейді (Т.В.Николаенко, 1998).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных