Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Территориялық рекреациялық жүйелердің негізгі ішкі жүйелері




Жүйенiң тұтастығы әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жүйеде адам, топ, қоғам өмiріндегі функциялардың жағдаймен анықталады. Демалысты ұйымдастырушылар мен демалушы үшін жүйе байланыстырушы ролін рекреация қызметі атқарады.Тек қана ол әртүрлі генезис және субстраттары бар ішкі жүйелерді байланыстырады.Бұл байланыстың ерекше сипаттарының бірі - циклдық. Сонымен бiрге жүйенiң қалыптасуы және жұмыс жасауы - iшкi жүйелердің арасындағы пайда болатын, әрі олардың қаситтерін анықтайтын басқа көптеген байланыстарға тәуелді болып келеді. Рекреациялық жүйелердің ішкі жүйелерін жан-жақты қарастырайық (табл.2)

 

Демалушылар

Демалушылар - бұл рекреация жүйесiнiң пайда болуын және дамуының фактін анықтайтын орталық элемент. Демек, экология мен социология ғылымдарына сүйенсек, бұл кездейсоқ уақыттың тобы, яғни оның пайда болуы кейбiр оқиғамен түсіндіріледі – біздің жағдайда мызғымас жұмыстардан туындаған еркін уақыттың пайда болуы.

Рекреациялық жүйелердің қызметінің дамуы мен рекреациялық қызмет білімдерінің тереңдей түсуі арқылы демалушылар туралы неғұрлым көп ақпарат алуға қажеттілігі туды. Рекреация қызметiнiң қажеттiліктердiң сипатына, түрлерге, формаларға және шарттарына ықпал етуші факторлары болып - адамның белгілі-бір әлеуметтiк, ұлттық - этникалық топқа, мәдени бағыты, өмір сүрү жағдайы мен шарттары, рекреациялық қызметтің алдыңғы тәжірибесі, қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіншілігі туралы ақпарат және демалу орындары мен нақты рекреациялық орталықтардың жүйесі екені анықталды.

Соңғы кездері тек социопсихологиялық және мәдени-психологиялық топтарға ғана емес, сонымен қатар психиканың мобильділігі мен темперамент бойынша ерекшеленетін топтарға көңіл аударылады. Бұндай топтардың ондаған классификациясы ұсынған болатын. У.Шелдонмен ойластырылған типологиясында адам мен табиғат арасындағы байланысы есепке алынған. Ол келесі типтерді бөліп шығарады.

Ø Эктоморфтық тип – қоршаған ортаны оның шындық мағынада қабылдамай, өзінің жеке көңіліне, ішкі жай күйіне сүйенеді.

Ø Мезоморфтық тип – табиғатқа деген сүйіспеншілігімен, оптимизммен сипатталады. Олар үшін табиғат – бұл негізгі әсет етуші күш.

Ø Эндоморфтық тип –демалуды жақсы көретін, сезімтал, табиғаттың физикалық және эстетикалық реңкін сезетін тип.

Демалушылар топтарының сипаттамалары әрдайым тұрақты болмайды. Олар қоғаммен бірге өзгередi. Атап айтқанда, транспорттың және рекреациялық қызметтің түрлері, формалары мен шарттарының дамуы нәтижесінде ілгері жылжыған қоғамда «спринтерлер» немесе «қума аттар» сияқты адам типтерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншіліктерін кеңейту керек. Сонымен қатар тұрақтанған «стайер» немесе «тасбақа» типтегі топтардың мінез-құлқын жалпы демалушылардың консерватизмі анықтайды.

Олай болса, «демалушы» деген ішкі жүйені басқа көптеген гетерогендік топтар қалыптастырады, олар өзінің қажеттіліктерін мен қанағаттандырушы құндылықтарын, басқа ішкі жүйелердің элементтері мен басқа демалушылар топтарын өздігінше қабылдаумен ерекшелінеді

Демалушы топтың маңызды ортақ ерешеліктеріне – таңдаушылық, адаптациялық қабілеті, өзін-өзі тұрақтану қасиеттері жатады.

Таңдаушылық - тек ақпарат ғана емес, сонымен қатар жеке пайымдаушылықпен анықталатын демалушылардың басқа ішкі жүйелер мен басқа кіші топтарға деген көзқарасы арқылы түсіндіріледі. Бұл қасиеттің негізіне қызмет шарттарына деген талаптардың ерешелігі жатады.

Адаптация - ішкі жүйелердің үнемі өзгеріп жатқан қасиеттерге және олардағы комбинацияларға психофизиологиялық, мінез-құлықтық және социомәдени механизмдер арқылы ілесу процесі. Адамның адаптациялық мүмкіншіліктері рекреациялық қызметтің қалыптасуында маңызды рол алады, себебі бұл қызметтің мәні тұрғылықты орнын ауыстыру және сол тұрғылықты орыннан табиғи және климаттық сипаты бойынша ерекшелінетін аймақтарға бару ұмтылысымен сипатталады.

«Демалушылар» - ішкі жүйесінің қасиеттерінің бірі ретінде кіші партнерлік топтардың қалыптасуының тенденциясын атап кетуге болады, бұл топтар өздігінен ұйымдасу қызметінің құрам бөлігі болып табылады, өздігінен ұйымдасу қызметі қоғамның рекреациялық мәдениеттің дамуы мен рекреациялық жүйелердің жетілуі нәтижесінде алға жылжып отырады.

Қоғамның рекреациялық өздігінен ұйымдасуы уақыттың жоғары маңыздылығымен байланысты, бұл белгілі-бір кәсіптердің физиологиялық және психолгиялық орындау мүмкіншілктерімен, демалу уақытын және қоршаған орта өзгерістеріне жауап қайтарылуымен тікелей байланысты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных