Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Рекреациялық қызметтер: ұйымдардың ерекшеліктерімен принциптері. Негізгі рекреациялық жобалар.




Мақсаты: Іскерлік туризмнің дамуына әсер ететін негізгі формаларына сипаттама беру.

Жоспар:

  1. Іскерлік туризм дамуы.
  2. Іскерлік туризм формалары.
  3. Іскерлік туризм географиясы.

Негізгі ұғымдар: іскерлік туризм, рекреациялық география, рекреациялық туризм, саяхат, экскурсия, рекреология, демалыс.

 

Іскерлік туризм. XX ғасырдың екінші жартысында елдер арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар дами түсті. Әлемдік экономиканың дамушы сұраныстары мен қажеттіліктері халықаралық байланыстардың кеңеюіне мүмкіндік туғызып отыр. Іскерлік мақсаттағы туристердің саны күннен күнге өсуде.

Бірқатар туристік фирмалар кәсіпкерлердің жаңа нарықты зерттеу және сауда келісімдерін жүзеге асыру мақсатындағы топтық сапарларын ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар, туристік фирма кәсіпкерлерге жиі белсенді көмек көрсетеді: сол және басқа да нарықтағы жұмыстардың жағдайын зерттейді, мүмкін болған сауда әріптестері жайында мәліметтер жинайды, қажетті экономикалық материалдармен қамтамасыз етеді, іскерлік кездесулер ұйымдастырады және т.б.

Іскерлік сапарлар нарығының анализі екі нақты ел немесе елдер тобы арасындағы экономикалық қарым-қатынас жағдайына байланысты болады.

Іскерлік сапарлар жеке қызмет көрсетіп, ең жоғары класс бойынша қымбат апартаменттерде орналастырылуға, күні бойы автомобильдің жалға берілуіне және т.б. сұраныс білдіруі мүмкін.

Іскерлік сапарлар үшін ең тиімдісі бір орындық орналастыруға сұранысы жоғары бірінші класс болып табылады. Іскерлік сапарлар экономикалық жағынан өте тиімді болып табылады, себебі олар маусымдық факторларға тәуелді емес. Олар туристік маусымның ортасында, демалыс кезеңдерінде көлемі жағынан тіпті қысқарады. Тағы бір маңызды жайт, кәсіпкерлер сапары жарнамаға қосымша шығындарды талап етпейді. Олар үшін бастысы орындарды броньдаудың реті мен мерзімі туралы ақпарат болып табылады.

Іскерлік туризмде сауда немесе ғылыми-техникалық әріптестік мәселелері жөніндегі халықаралық және екі жақты келісімдерді бөліп көрсетуге болады.

Мәдени және ғылыми-техникалық әріптестік туралы үкіметаралық келісімдерді қарастырумен айналысатын түрлі жұмыс топтары және комиссияларның жиындары айтарлықтай дамуда.

Іскерлік туризмнің тағы бір формасы халықаралық және ұлттық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу мақсатындағы сапарлар болып табылады.

Мұндай шараларға қатысушылар әдетте ұзақ мерзімге келеді. Бұл көрме немесе жәрмеңкені өткізумен ғана емес, сонымен қатар, көрмелік стендтерді және басқа да құралдарды орналастырумен және жинаумен байланысты.

Түрлі халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ органдарының конгресстері мен жиындары іскерлік сапарлардың кең тараған формасы болып табылады. Ережеге сәйкес, олардың ғылыми форумдардан қатысушылар санының аздығымен және өткізілу ұзақтығының алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Біртекті профессионалды құрамдағы мамандандырылған топтардың сапарлары іскерлік туризмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Олар үздік жұмысшыларға сый ретінде жұмыс беруші кәсіпорын шотының негізінде жүзеге асырылады. Мұндай саяхаттардың бағдарламасына берілген елдің ғылыми-техникалық саладағы жетістіктерімен танысу, тәжірибелерін, технологияларын зерттеу, сапар қатысушыларының профессионалды деңгейлерін, квалификациясын көтеру мақсатында ғылыми орталықтарға және шаруашылық кәсіпорындарына бару енгізілген.

Айта кететін мәселе, әдетте іскерлік сапарлардың қатысушылары авиакөлікті қолданады.

Әуе көлігі саласында

Халықаралық туризмді дамытуға ықпал етуші негізгі факторлардың бірі жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта республикаға алыс шетелдің алты авиакомпаниясы («KLM», «Lufthansa», «British Airlinees», «Asiana Air Arabia», «China South Airlines», «Turkish Airlines») тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы “Эйр Астана” Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткізе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.

Статистикалық деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлігі қызмет көрсетулерін 248578 турист (57,1 процент) пайдаланған.

Сапарлардың басым көпшілігінің әуе көлігін пайдалану арқылы жүргізілетінін ескерсек, авиапаркті жаңарту, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау географиясын кеңейту, туристік ағынды көбейту мақсатында елеп-екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.

Темір жол көлігі саласында

Соңғы жылдары темір жол көлігі билет құнының қолжетімділігіне байланысты республика халқының негізгі жол жүру құралына айналды.

Статистика деректері бойынша, 2005 жылы темір жол көлігін 87615 турист (10,27 процент) пайдаланған.

Қазақстан аумағы бойынша өзімізде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүріп өтеді. Оның ішінде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша; жергілікті қатынаста – 49, мемлекетаралық қатынаста – 11, халықаралық қатынаста – 3 поезд жүреді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ТМД елдерінде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтеді.

Жолаушыларға темір жол көлігінде сервистік қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар поезында жолаушылар үшін ланч-бокстар құрудың технологиялық процесінің жобасы қарастырылуда, “ЖВ купе”, “РИЦ купе” санатындағы вагондардың жолаушылары үшін безендіріліп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару бағдарламасының жобасы әзірленді.

Сонымен қатар “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының поездарындағы қызмет көрсету деңгейі халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Вагон паркінің әбден тозуы және біршама бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттілігі жолаушылар тасымалының өзін-өзі ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығымен түсіндіріледі.

Автокөлік саласында

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тізбесіне ірі туристік объектілерге апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:

1. Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы - Қорғас;

2. Шымкент–Қызылорда – Ақтөбе – Орал – Самара;

3. Алматы – Қарағанды – Астана– Петропавл;

4. Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы;

5. Омбы–Павлодар–Семей–Майқапшағай;

6. Астана – Қостанай – Челябі - Екатеринбург.

Статистика деректері бойынша 2005 жылы қаларалық автобустардың қызмет көрсетулерін 87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.

2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлінген жолақта мынадай объектілер жұмыс істейді: 925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 - тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ.

Су көлігі саласында

Каспий теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар.

Шығыс Қазақстандық cу жолдары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристік қызметке кіріктірілген кемелер үшін Өскемен мен Бұқтырма шлюздері арқылы шлюздеу құнының 25 проценті мөлшерінде жеңілдетілген тариф белгіледі. Бұл ретте Өскемен және Бұқтырма шлюздері арқылы аз мөлшерлі флотты шлюздеу ұзындығы 10 м дейінгі кемені - шлюздеу құнының – 10%-імен және 10 метрден ұзын кемені - шлюздеу құнының 20%-імен жеңілдетілген тариф бойынша белгіленген кестемен жүргізіледі. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсіпорын 276 туристке қызмет көрсеткен.

Қорытынды. Елдің басқа да су артериялары туристік мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Еуропадан келген туристердің Каспий теңізі бассейіні аумағында үлкен қызығушылығы жағажай туризмінде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Іскерлік туризм даму факторлары?

2.Іскерлік туризм формаларын атаңыз?

3.Іскерлік туризм географиясының таралу орталықтары?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.І. А.С. Кусков, В.Л. Голубаев, Т.Н. Одинцова. Рекреационная география.

2.Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З.Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России иСССР.Ростовно-Дону, 1988

Дәріс






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных