Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Туризм рекреациялық қызметтің бір түрі ретінде.




Мақсаты: Туризмнің негізгі түсініктерін, тарихын қайталап, қазіргі кездегі туризмнің даму тарихын терориялық негіздері мен мәнін сипаттау.

Жоспар:

1. Туризм қазіргі заманның көп қырлы құбылысы

2. Туризмнің негізгі түсініктері

3. 19-20 ғ.ғ. туризмнің дамуы

4. Туризмнің дамуына әсер ететін факторлар

Негізгі ұғымдар: рекреация, рекреациялық география, рекреациялық туризм, саяхат, экскурсия, рекреология, демалыс.

20 ғасырдың ортасынан бастап туризм әлемдік экономиканың дамып келе жатқан саласы ретінде қалыптасты. Бұл құбылыс жалпылай алғанда, көптеген елдерге тән тенденциялармен, сонымен қатар, ерекше белгілерімен сипатталады, бұл туристік сала аясы дамуының ауқымды (географиялық) ерекшеліктері туралы айтуға мүмкіндік береді. Туризм географиясы – қоғамдық қайта өңдеу процесі мен табиғи-мәдени ортамен қарым-қатынаста қарастырылатын, туризм индустриясының аймақтық ұйымдасуының ерекшеліктерін зерттейтін география тармағы. Туризм географиясы қалыптасқан әлемдік экономикадағы демалыс орындарын және туризмді кешенді қарастыруға, олардың құрылуының және дамуының аймақтық ерекшеліктерін және заңдылықтарын айқындауға бағытталған.

Қазіргі заманғы әлем ірі және әр алуан. Туризм 19 ғасырдың ортасында қоғамдық өндірістің коммерциялық бағыты ретінде туындап, жаңа елдерде және жаңа формада (түрлерде) даму алды. Шағын оқыту курсының аясында бүкіл әлемдегі рекреациялық (туристік) ресурстардың жан-жақтылығын және туризм дамуының ерекшеліктерін терең қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, оқыту материалының маңызды көлемі әлемдік және аймақтық деңгейдегі туризм дамуының жалпы тенденцияларына арналған.

Елтану бөлімдерінде авторлар тек елдердің белгілі-бір бөліктеріне ғана туристік сипаттама ұсына отырып, екі мақсатқа қол жеткізуге ұмтылды: 1) халықаралық туристік нарықта көшбасшылық орын алатын елдердегі туризм дамуының ерекшеліктерін көрсету; 2) елдің кешенді туристік сипаттамасының негізгі пунктілерін анықтау, студенттерге оның құрамын игеруге мүмкіндік беру.

Туризм – глобалдық ауқымдағы түсінік, бірақ оған айқын аймақтық және елдік ерекшеліктер тән.

Туризм географиясы - туристік бизнес ортасы үшін маманды дайындау жүйесіндегі маңызды тәрбие. Ресейдің ірі қалаларындағы турфирмаларда өткізілген сауалнама көрсеткендей, жас мамандар арасындағы басты кемшіліктердің бірі – олардың жекелеген аймақтар мен елдердегі туризмнің даму ерекшеліктері туралы хабарсыз болуы. Сонымен қатар, жалпы ресейлік турбизнестің төмен географиялық сауаттылығы байқалады. Туризм бойынша анықтамаларда, энциклопедияларда, электрондық баспаларда,, туристік рекламаларда көптеген географиялық қателіктер кездеседі. Авторлар берілген оқу құралы турбизнестің географиялық сауаттылығын жоғарылатады деп сенеді.

Қазіргі халықаралық туризм негізі XX ғасырдың 40-шы жылдарында ағылшын кәсіпкері Т.Куктың мемлекет ішіндегі экскурсия мен саяхатынан, кейін 1855 жылдағы Париж қаласындағы Халықаралық көрмеге жасалған алғашқы халықаралық саяхатынан қаланды. Бір жылдан соң ағылшындардың Еуропа бойынша, ал 1868 жылы АҚШ-қа ұйымдастырылған саяхаттар кең етек ала бастады. 1882 жылы Т.Кук ең алғашқы рет жер шарын айнала саяхат ұйымдастырды.

XX ғасырдың басындағы транспорт саласындағы жетістіктер туризм дамуына да әсер етті. Саяхаттар мен экскурсиялар кезінде темір жолдар мен кемелер,кейін жеңіл көліктер қолданыла бастады. Жылдамдық, кез келген қашықтыққа қол жеткізу, жайлылық тұрақты өсіп отырды.

XX ғасырда орын алған күрделі саяси, экономикалық және әлеуметтік процестер (екі дүние жүзілік соғыс, революция, ғылыми техникалық алға басу, отарлауға қарсы қозғалыс, «салқын соғыс» ж.т.б.) қоғамды өзгертті. Қоғам өз қатарына өндірістік және мәдени мағынада дамыған, жан жақты, демократияға жақын бола бастады. Парасатты түрде әйелдер мен оқушылардың, жастардың жағдайы жақсарды. Осының барлығы туризм дамуына жағымды әсер берді. Қазір экскурсиялар мен саяхаттар байлар мен аристократтардың алданышы ғана емес, барлық бұқараға теңдей қолайлы. Туризм бұқаралық, демократияшыл, әр түрлі қызығушылықтарға, талғамдарға,табыс пен халықтың түрлі контингентіне арнайыландырылған.

Туризм тәжірибе жүзінде дербес салааралық шаруашылыққа, индустрияға айналды. Көптеген мемлекеттердің экономикасында туризм маңызды рольге ие. Оның дамуына қомақты сома бөлініп отырады. Арнайы туристік орталықтар мен демалысқа арналған кешендер салынады.

Бүгінгі таңда туризм бүкіл жер шары бойынша даму үстінде. Еуропадан басқа (дәстүрлі туристік орталық), Америка, Африка, Азия, Австралия және Мұхиттық мемлекеттер жиі туристерді жиі қабылдап отырады. Егер бұрынғы кездерде саяхаттар көрші елдерге жасалатын болса, қазір,алшақ аймақтармен танысу тенденциясы кең етек алуда. Мұндағы ең негізгі фактор болып жайлы,тез және қауіпсіз транспорттың дамуы табылып отыр. Мысалы, авиацияны алатын болсақ, аз ғана уақыт аралығында үлкен қашықтықтарды жеңуге мүмкіндік береді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных