Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы:Бағдарламалық туризм: түсінігі, жалпы негізі және әртүрлілігі.




Мақсаты: Халықаралық туризм сөзіне анықтама беріп, негізгі түсініктерін және атау сөздерін қарастыру.

Жоспар:

  1. Халықаралық туризм анықтамасы және зерттеу әдістері.
  2. Халықаралық туризмнің басқа ғылыми пәндермен байланысы.
  3. Туристік қызметтердің жіктелу түрлері.

Негізгі ұғымдар: рекреация, рекреациялық география, рекреациялық туризм, саяхат, экскурсия, рекреология, демалыс.

Бастапқы туризм бағдарламасы және оның түрлері

Туризм(фр. тілінен серуен, саяхат)- белсенді демалыстың бір түріне айналған және де қазіргі таңда үлкен сала болып саналатын әлемдік индустрия.

Бастапқы туризмнің функциясы- танымдық және өзін-өзі көрсету функциясы болып табылады. Бұл бағдарламалар бір-бірімен тығыз байланысқан және де толықтырып отырады. Бұл функциялар бағдарламалық қызмет көрсетуге әкеледі.

Бағдарламалық қызмет көрсету- тұтынушыға белгілі бір қызмет көрсетуде ұсынылатын және кеңестікте қозғалу кезінде (көлік, жаяу, жануарларда және т.б.) бір бағытқа бағынған (мотивация) қозғалған (тұтынушы) өзінің проблемаларын шешуге (танысу арқылы, оқыту, қызығушылық және т.б.) саяхат арқылы іске асады.

Бұл анықтаманың үш бастапқы бастапқы принципі:

  1. Белсенді және маңызды туристік сала
  2. Әрбір туристің өзіндік қажеттілігі
  3. Жоспарланған қызмет деңгейі

Мотивті бағдарлама туризмі. Бағдарламалық қызметтің ең бастысы тұтынушылардың мотивациясы мен ынтасын қолданады. Әртүрлі факторларға сәйкес тұтынушы саяхаты да мотивацияға байланысты болады. Оларға жасы, кіріс деңгейі, ұлттық нақыштары және де сәні болады.

Мотивацияға байланысты бағдарламалық қызметтер:

  1. Денсаулықты сақтау- бұл топқа емделу, массаж алу бағдарламасы кіреді. Олар отбасыларға, мүгедектерге, темекі тартпайтын немесе тартатын және де сауықтыру, спорт түрлері жатады. (жүзу, аэробика, емдік гимнастика)
  2. Спортпен айналасу-психологиялық және өмірлік белсенділікті апттыру. Жыл бойы айналыса алмайтын спорт түрлері кіреді. Тау шаңғысы, теннис, гольф, серфинг, виндсерфинг, су астында жүзу т.б. жатады.
  3. Оқыту-бұл әртүрлі шет тілдерін үйрету және оны тәжірибеде қолдану, басқа реакрациялық сабақтар болып табылады. Оған басқа кәсіби оқыту бағдарламасы кіреді (менеджмент, маркетинг, экономика)
  4. Өзін-өзі көрсету және нығайту-бұл топқа шытырман турлар жатады. Жоғары деңгейлі туристік саяхат, теплоходпен саяхат, африкалық сафари, түйелерді аулау (Йемен, Египет) мотокарта(Финляндия) әртүрлі зерттеулер мен су асты жүзу.
  5. Өзіндік жақсы көретін істер –бұл әртүрлі автокөлік фанаттары және спорттық жанкүйерлер, олимпиадалар жатады.
  6. Іскерлік мәселелерді шешу-әр түрлі конгресс турлар жатады.
  7. Басқа адамдармен қарым- қатынас жасау әртүрлі мерекелік кештер жатады.
  8. Өнер деңгейін көтеру және қызығушылықты қандыру. Әртүрлі тарихи дәстүр орталықтары, театр турлары, әдеби турлар жатады.

Туризм бағдарламасының түрлері

Шипажайлық-сауықтыру туризмі. Шипажайлық туризм өте кең әрі реакрациялық туризммен тығыз байланысты. Сауықтыру демалысы бәріне қажет. Спорттық, шытырман демалыспен айналысатын адамдарғада жылына бір рет болсада шипажайға барып демалған жөн.

Шипажайлық жер бұл жақсы экология мен жағымды климатпен қамтылған территория болып саналады. Табиғи емделу факторлармен қамтылған: минералды сулармен, балшықпен, су қоймалармен жабдықталған жерлер.

Танымдық турдың екі бағыты:

  1. Стационарлы тур бір қалада немесе бір орталықта орналасқан
  2. Маршруттық тур бірнеше қалалар мен орталықтарда орналасқан

Экологиялық туризм. Далада серуендеу, қыдыру, таза ауа жұту, қоршаған ортаны қорғау жатады.

Іскерлік туризм түрлері:

1. Жеке іскерлік туризм үлкен компания қызметкерлері іске асырады

2. Конгресстік қызмет конгресстерге бару, семинарлар жатады.

3. Көрмеге жәрмеңкелер мен көрмелер кіреді.

4. Интенсив турларға компания қызметкерлерін турға жіберу жатады.

5. Делегацияларды қабылдауға спорттық жарыстар жатады.

«Шет елдік турист – ол келген елде «уақытша тұрақтаушы», яғни өзі тұрақты тұратын мекеннен басқа жерге кәсіптік қызмет және ақша табу мақсатынан басқа кез келген мақсатпен келген адам».(Recommendations on International Travel and Tourism. United Nations. Confrence on International Travel and Tourism.- Rome, 1963.-P.5.) Шетелдіктуристерберілгенелгекемдегенде 24 сағатқажәнемынамақсаттарменкелгенадамдаржатады: демалу, емделу, оқу, дінижәнеспорттық, соныменқатаріс-сапарға, конференцияғакелу, қызметбабыменнемесетағыдабасқажанұялықжағдайларүшін; Халықаралық туризм елдер арасындағы халықаралық экономикалы байланыстардың басты формасы ретінде, оның даму жағдайлары мен тенденцияларын, транұлттық сипатын зерттеу.

Ал халықаралық туризм географиясы географияның бір саласы ретінде халықаралық туизмнің территорриялық аспектілерін оқытады.

Пәннің негізгі мақсаты - халықаралық туризм және оның жеке елдер мен аймақтардағы дамуы туралы түсінігін қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері - халықаралық туризмнің салалық және кеңістік құрылысы, оның территориялық даму тенденциялары мен ерекшеліктері туралы хабары болу:

- туристік рыноктағы жағдайды кешенді талдау әдістерін жүргізуді меңгеру;

- туризм саласындағы алған теориялық және әдістемелік білімді тәжірибелік қызметте қолдану:

Негізгі түсініктер және терминдер: «Туризм», «рекреациялық туризм» «саяхат», «туристік ресурстар», «туризм индустриясы», «туристік қызмет», «туристік өнім», «туристік ваучер», «Туристік сұраныс», «туристік ұсыныс» түсініктеріне және олардың әртүрлі табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жұмыс істеу принциптерін анықтау.

Халықаралық туризм курсын зерттеуде жалпы ғылыми және жанама әдістер қолданылады:

Ғылыми абстрактылы зерртеу әдісі - негізгі айқындалған заңнамалық фактылерді жүйелейді.

Тарихи әдіс – жалпы туризмнің қалыптасу тарихын және әр жеке елдердің тарихын негіздейді.

Статистикалық әдіс – туристік ағымдар мөлшерін бағалауды қарастырады.

Әлеуметтік-психологиялық әдіс – туристердің қыдыруға шығу мотвациясын айқындайды.

Географиялық әдіс – жергілікті жерлердің табиғи-климаттық потенциалын сараптау және территориялық баға беру.

Экономикалық әдіс – белгілі бір қызметтерді, қажеттіліктерді экономикалық бағалау. Туристердің жекелеген шаруашылық салаларына бөлінетін материалдық құндылықтарды, қызметтер мен тауарларды тұтынуының ерекше түрі.

Халықаралық туризмнің түрлерін анықтау үшін бірінші кезекте саяхаттарды мақсаттары бойынша жіктеген жөн. Римдік Конференциядағы «уақытша тұрақтаушының» анықтамасына негізделетін болсақ, ортақ түсініктер ретінде жіктеуді былай жүргізуге болады:

12. Рекреациялық туризм (демалыс және емделу);

13. Экскурсиялық туризм (мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштермен танысу);

14. Ғылыми туризм (ғылыми жиналыстарға қатысу, жаңа ғылыми ашылулармен танысу);

15. Іскерлік туризм (іскерлік кездесулердіқткізу және оларға қатысу);

16. Этникалық туризм (туысқандармен кездесу мақсатындағы саяхаттар);

17. Шытырман оқиғалы туризм (түрлі экспедициялар, аң аулау);

18. Спорттық туризм (спортпен айналысу мақсатындағы саяхаттар);

19. Оқу мақсатындағы туризм;

20. Діни туризм (дінге сенушілер үшін маңызды жерлерге саяхат);

21. Ойын-сауық туризмі (мерекелік кештерге бару);

22. «Үшінші жастағы» адамдар туризмі;

Қорытынды: Аталған туризм түрлері бір-бірлерімен жиі қиылысып тұрады. Бұл жіктеудің артықшылығы – ол туристердің келетің мақсаттарына қарай туристік аудандарды дамытуға мүмкіндік береді.

Туризмнің уникалдылығын білдіру мақсатында жіктеудің басқа да түрлерін көрсеткен жөн. Олар мыналар:

· Туризм субъектісінің ерекшеліктеріне қарай жіктеу:

5) жасына қарай (балалар,жасөспірімдер,орта жастағылар,қарт адамдар);

6) туристік топ құрамына қарай (жеке,отбасылық,топтық);

7) әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай (бизнес-туризм, конгресстік туризм, оқу туризмі);

8) демалыс уақытында істейтін қызметтеріне байланысты (альпинизм,байдаркалық,велосипедтік,аң аулау);

· Пайдаланатын ресурстар негізінде жіктеу (тау,теңіз,экскукрсиондық);

· Төмендегі көрсеткіштер бойынша жіктеу:

4) қолданылатын көлік құралы бойынша (авиациялық,автобус,теміржол,су жол көлігі);

5) валюталық трансферттер ролі бойынша (кіру,шығу);

6) маусымдық (жаздық,қыстық,маусымаралық);

Туризмнің әрбір түрін жеклеп толығырақ қарастырайық.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Бағдарламалық қызмет көрсету анықтаманың үш бастапқы бастапқы принципі:?

2. Мотивацияға байланысты бағдарламалық қызметтер?

3. Танымдық турдың екі бағыты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. А.С. Кусков, В.Л. Голубаев, Т.Н. Одинцова. Рекреационная география.

2.Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З.Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России иСССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. География туризма. Развитие и научноеизучение.Алматы-2003

Дәріс






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных