Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Презентациялық дәріс. Тақырыбы:Туристік орталықтар: түсінігі, бағалау әдісі мен типологиясы.




Тақырыбы: Туристік орталықтар: түсінігі, бағалау әдісі мен типологиясы.

Мақсаты: Әлемнің туристік аймақтарына туризмнің барлық салалары бойынша сипаттама беру.

Жоспар:

1. Әлемнің туристік аймақтары.

2. Еуропа

Негізгі ұғымдар: рекреация, рекреациялық география, рекреациялық туризм, саяхат, экскурсия, рекреология, демалыс.

 

Қазіргі таңда туристер мен туризм түрлерін белгілі бір факторларына байланысты топтастыруға болады. Туризм түрлері: әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, іскерлік, конгрестік, емдеу сауықтыру, мәдени танымдық, діни туризм болып жіктеледі. Ал халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады. Халықаралық туризмді келесідей топқа бөліп қарастырады:

  • Келу туризмін - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхатын;
  • Шығу туризмін – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
  • Ішкі туризм – Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты.

Қазіргі таңда халықаралық туризмнің даму тенденциясы қарқынды өсіп келуде. Бұл тұжырымның дәлелі Дүниежүзілік туристік ұйымның статистикалық деректері бола алады. Бұл мәліметтерге сәйкес ХХ ғ 90 – жылдарының соңына таман халықаралық туристік ағымның 650 млн туристерге артты. Кейбір жылдары болған әлемдік экономикалық дағдарыстарға қарамастан, халықаралық туристік алмасудың қарқынды дамығанын көре аламыз. 1995-1999 жылдар аралығында жыл сайынғы туристер ағымы 7% артып отырған.

БТҰ туристердің ағымы бағытталатын негізгі алты аймақты бөліп көрсетеді. Олар: Еуропа, Америка, Африка, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Тынық мұхит жағалауындағы Азия мемлекеттері.

1950 жылдан бері халықаралық туристік ағым халықаралық туристік ағым 28 есе 2000жылы 698 млн адамды құрады. Халықаралық статистика агенттігінің есептеулері бойынша бұл көрсеткіш 2020 жылы 1.6 млрд адамды құрайды. Қазіргі таңда әлемдік туристердің 80% - ы Еуропа және Америка тұрғындарына тиесілі, 15%-ы Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағына және 5%-ы Африка, Таяу Шығыс, Орталық Азияға тиесілі. 2020 жылы Шығыс Азия мен Тынық мұхит аумағы Еуропадан кейінгі туристерге танымалдығы бойынша екінші орынды иеленеді деген болжам бар. БТҰ ХХІ ғасырда ең песпективті бағыттар мен туризм түрлерін анықтады.

(1- кесте)

 

2020 жылы БТҰ болжамы бойынша әлемнің ең танымал туристік бағыттары (1-кесте)

 

Мемлекеттер Туристер саны(млн)
  1. Қытай
137.1
  1. АҚШ
102.4
  1. Франция
93.3
  1. Испания
71.0
  1. Италия
52.9
  1. Ұлыбритания
52.8
  1. Мексика
48.9
  1. Ресей
47.1
  1. Чехия
44.0

 

Сонымен қатар туризмнің дамуына кедергі келтіретін факторлар да пайда болады деген болжам бар. Олар:

  1. Негізгі географиялық маршруттар мен орталықтардан алшақ орналасуы. Әсіресе Тынық мұхиттың оңтүстігінде орналасқан аралдарда.
  2. Табиғи апаттардың жиі болуы.
  3. Азаматтық соғыс немесе экономикалық дағдарыс.
  4. Халықаралық терроризм.

Қорытынды. Халықаралық туристік ағымның негізгі бағытталған аймақтары соңғы 45 жылдың ішінде айтарлықтай өзгерген. Ең жас туристік аймақтардың бірі Тынық мұхит жағалауындағы Азия лекеттері болса, туристерге ең танымал аймақтардың бірі Еуропа мемлекеттері болып табылады. 1997- 1998 жылдардағы экономикалық дағдарыс Шығыс, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттеріне келуші туристердің санын қысқартса, 1999 жылы бұл көрсеткіш күрт өзгеріп ең жоғарғы дәрежеге жетті. ХХІ ғасырда халықаралық туризмнің құрылымы өзгереді деген тұжырым бар. БҰҰ есептеулері бойынша Еуропаны 4 туристік аймақтарына келуші туристер саны анағұрлым кемігенімен, бірінші орынды иеленеді, ал Тынық мұхитының жағалауындағы мемлекетерге келуші туристер саны артып, екінші орынды иеленеді. Бұл болжамдар мен көрсеткіштерді 2-суретте көрсетілген диаграммадан байқауымызға болады.

 

 

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Еуропа елдеріндегі атақты туристік куорттар?

2. Орталық Азия елдерінің туризмді дамыту факторлары?

3. Туркиядағы курорттық орталықтарды атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. А.С. Кусков, В.Л. Голубаев, Т.Н. Одинцова. Рекреационная география.

2.Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З.Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России иСССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. География туризма. Развитие и научноеизучение.Алматы-2003

Дәріс

Тақырыбы: Халықаралық туризм: факторлары мен даму шарттары, кеңістік бейнесі.

Мақсаты: Әлемнің туристік аймақтарына туризмнің барлық салалары бойынша сипаттама беру.

Жоспар:

1. Әлемнің туристік аймақтары.

2. Еуропа

3. Азия

Негізгі ұғымдар: рекреация, рекреациялық география, рекреациялық туризм, саяхат, экскурсия, рекреология, демалыс.

 

Халықаралық туризм соңғы соғыстан кейінгі онжылдықта әлемде үлкен темптарымен дамып келе жатыр. Еуропадан басқа Америка, Африка, Океания мемлекеттеріне де активті барады. Қазіргі кезде туризмге ең дамыған технологияларды ендіру мен өндірістік сфераларына инвестициялық құралдарын құю жүзеге асыруда.

Туристік нарықтағы саналы мен сапалы қатынастарда негізгісі болып қызметкерлердің демалысын төлеу табылады. Саяхат жасауға аса қызығушылық тудыратын: қызметкерлер, жастра, интеллегенция, орта және шағын бизнесінің өкілдері.

Халықаралық туристік байланыстар әлеуметтік – экономикалық қатынастардың интернационализация процесінің маңызды бөлігі болып отыр. Қазіргі кезде туристік индустрия тұрақты түрде дамып келе жатқан және мықты материалдық базасына ие болып отыр. Туристік индустрия миллиондаған адамдарға жұмыс орнын беретін сала. Туризм экономика, транспорт пен коммуникация, ауыл шаруашылығы, құрылыс, шаруашылық қолданысы үшін өндірісі және т.б. салаларына әсерін тигізеді. Яғни экономикалық дамуының катализаторы ретінде келеді.

Өндірістік орталықтарынан алыс орналасқан әлемнің әр нүктесіне туристік индустрия едәуір әсерін тигізеді. Туризм экономикалық саладағы ең ірі жекелеген шаруашылық саласы болып табылады. Ол деген шетелде демалып жүрген туристерге үлкен спектрлі қызметтер тізімін ұсынады. Бұл қызметтер:

· Мемлекетке жеткізіп салу мен келген мемлекет бойынша туристерді жылжыту (Транспорттық жеткізіп салулар);

· Туристерді орналастыру (қонақ үй жүйесі);

· Туристерді тамақпен қамтамасыз ету (мейрамханалар, кафе, барлар мен т.б.);

· Туристік өнімін жарнамалау;

· Туристік өнімді өткізу, туристік агенттіктердің қызметтері (саяхат маршруттарын қалыптастыру, қонақ үйге броньдау жасау);

· Туристердің мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру (назар аударарлық орындарды көру, мұражайлар, көрмелер және т.б.);

· Туристердің іскерлі мен ғылыми қызығушылықтарын қанағаттандыру (ғылыми конференцияларына, мұражайларына, конгресстеріне бару);

· Сату өнеркәсіптері (кәдесыйларды, буклеттерді, открыткаларды, жолбасшыларды сату);

· Контрольды – әкімшілік органдары (құжаттарды жасау, кедендік және шекаралық бақылау);

· Табиғатты, ескерткіштерді, мұражайларды қорғау қызметі;

· Туристер үшін ақпараттық қызметтері;

· Туристерді байланыс құралдарымен қамтамасыз ету;

· Ақпарат құралдары (телевидение, газеттер, журналдар);

· Мемлекеттік туристік органдары;

· Қоғамдық туристік ұйымдары мен шетелдік заңдық тұлғалары;

· Сақтандыру компаниялары;

· Ойын – сауықта қажеттіліктерін қанағаттандыру (казино, аттракциондар, түнгі клубтары мен т.б.).

Туризм индустриясының маңызды функциялары: жергілікті табыстарын жоғарлату, жаңа жұмыс орындарын ұсыну, туристік қызметтерді өндіруге бағытталған салаларын дамыту, туристік орталықтарындаәлеуметтік және өндірістік индустриясын дамыту, мемлекет бюджетіне валюталық салымдарын көбейту.

Кәсіпкерлердің туризммен айналысуының негізгі факторлар тізімі:

· Туристік бизнеспен айналысуы үшін ірі қаржылық салымдарын құю қажет емес;

· Туристік нарықта тек ірі турфирмалар ғана емес, сонымен қатар шағын және орта турфирмалар да қызмет ете алады;

· Туристік бизнес капиталды тез арада айналымға жіберуге мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар халықаралық туризм экологиялық жағадай мен мәдени, әлеуметтік ортаға әсер етеді. Туризм тек пайда әкелмей, сонымен мемелекет престижін көтеретін сала болып отыр. Алайда халықаралық туризмнің бірнеше негативті ерекшеліктері бар: қоршаған ортаны ластау, инфляция, жергілікті халықтың дәстүрлі өмірін бұзу.

Туризмнің ерекшеліктері:туризмнен түсімдердің оң балансты елдердің (АҚШ, Испания, Португалия) сату бойынша баланс теріс болады, ал туризм бойынша теріс баласы бар елдердің (Германия, Япония) сату балансы оң болады.

Қорытынды: Халықаралық туризмнің даму деңгейіне байланысты барлық мемлекеттерді 2 категорияға бөлуге болады:

1. Туристерді жабдықтаушы мемлекеттер. Оларға индустриалды дамыған мемлекеттер жатады. Шығатын туристер саны жалпы халық санының 10 % - на тең болады. Бұл мемлекеттер туристерді шығара қоймай, сонымен туристерді қабылдайтын болады. Оларға АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Австрия, Швейцария және т.б. жатады.

2. Туристерді қабылдайтын мемлекеттерге экономикалық даму деңгейі орташа мемлекеттер жатады: Греци, Испания, Түркия, Португалия және дамып келе жатқан мемлекеттер: Марокко, Тунис, Египет, Багам аралдары, Кипр.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Еуропа елдеріндегі атақты туристік куорттар?

2. Орталық Азия елдерінің туризмді дамыту факторлары?

3. Туркиядағы курорттық орталықтарды атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. А.С. Кусков, В.Л. Голубаев, Т.Н. Одинцова. Рекреационная география.

2.Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З.Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России иСССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. География туризма. Развитие и научноеизучение.Алматы-2003






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных