Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






4 страница. Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы




Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.

Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

4. Орталықталынған ресурстар қоры.

5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.

Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.

Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:

1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.

2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген

нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.

Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.

1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».

2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.

4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

4 тақырып. Меншік қатынастары, олардың

экономикадағы рӨлі.

1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

2. Меншік обьектілері мен субьектілері.

3. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік ќатынастарын д±рыс т‰сіну ‰шін, оны иемдену ќатынастарымен салыстыру ќажет. Иемдену – затты мењгеріп алудыњ наќты ќоѓамдыќ єдісі.

Иемдену – шаруашылыќ µмірдіњ ж‰йесімен сєйкестікте болады жєне сонымен бірге дамиды. Алѓашќы заманда адамдар кµбінесе табиѓат сыйларын жинап, ањ мен балыќ аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылыќ ќалыптасады – иемденуші (табиѓаттыњ дайын сыйларымен айналысатын) жєне µндіруші шаруашылыќтар.

Ќоѓамдыќ меншіктіњ субъектерініњ осы меншікке ќ±ќыќтары тењ болады. Осы жаѓдай табысты бµлу принціпін белгілейді. Б±нда бµлудіњ µлщемі ќызметін ењбек атќарады. Бµлудіњ мына принципі ж‰зеге асырылады: ењбек адамдар µмірініњ негізі, сондыќтан бµлу ењбекке сєйкес ж‰ргізілу керек. Б±нда айналым арќылы ж‰зеге асырылатын иемдену, иемденудіњ екінші дєрежелі, туынды формасы болып табылады.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

 

Меншік субъектісі меншік объектісі

Адам, отбасы,әлеу меттік топтар, ұжым, халық, мемлекет, басқару орындары. Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік ақша, асыл заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, бағалы қағаздар.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару

3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.

2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы

8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекет иелігінен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:

а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;

в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоға немесе серіктестік ретінде құру;

г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;

д) мүліктері мемлекеттік меншіккке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға байқаулар және аукцион арқылы сату.

1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

5 тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.

ТАУАРЛЫ ШАРУАШЫЛЫҚ.

1. Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.

2. Тауарлы шаруашылықтың мәні.

3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы

Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. 1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.
2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

- өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

- өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты:

- нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

- жеке меншіктің болуы;

- тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.

 

Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

- Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

- Пайдалануға өте ыңғайлы

- Мүлтіксіз сақталынуы

- Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.

4. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

5. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

6. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

 

 

6 тақырып. НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1. Нарықтың мәні және түрлері.

2. Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.

3. Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Рынок (нарық)– бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады. Яғни нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі. Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда оның бағасы жоғары болады,ал оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді, сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылытын өнімдер ғана түседі. Осы жағдайлардың барлығы ақпарат арқылы жүзеге асады.

2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады. Яғни нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі. Нарықтың әр бір қатысушысы бір уақытта сатушы да сатып алушы да болып табылады.

3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеуге болады. Баға ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарықта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе, оған баға түседі және керісінше.

4. Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Яғни нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асыруда нені, қалай, кім үшін деген сұрақтарға жауап береді.

5. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.

Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

- өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

- кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

- экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

- экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

- өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Артықшылығы:

- өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;

- шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;

- шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

- әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

Кемшіліктері:

- нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;

- қоғамда теңсіздікті туғызады;

- тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;

- нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

- маржиналық (шекті) талдау

- балама таңдау шығындарына

- экономикалық рационалдыққа

 

7 тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.

1. Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы

2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

3. Сұраныс пен ұсыныстың бірөбіріне әсер етуі.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

- Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

- Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

- Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

 

7.1. графигі. Сұраныстың қисығы 7.2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы
Р Р1 А   Ро В D     Q 1 Qо Q   Р   D1 D Do Q
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді. Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных