Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тамақтану жағдайларын ашып көрсету жағдайлары




Қонақ үй кешендерінің мейрамханаларында (кафе де) қызмет көрсетуді ұйымдастырғанда, әдетте, тамақтанудың мынадай жағдайлары ұсынылады: 1. Толық пансион - үш рет тамақтану (таңертең, түсте және кешке) - Full Board (FB); 2. Жарты пансион – екі рет тамақтану (таңертең +түсте немесе

кешке) – Half Board (HB); 3. Тек таңертең - бір рет тамақтану – Bed and Breakfast (BB). Клубтың демалыс жүйесінде істейтін отелдерде тамақтанудың ерекше жағдайлары жасалынады (үш рет тамақтанудан басқа да, күні бойы ақшасыз тағамдар, алкогольдік және басқа да ішімдіктер ұсынылады) – All іnclusіve (барлығы жалпы бағаға кіргізілген). Барлық қонақ үйлерінде таңертеңгі тамақтануға ерекше көңіл бөледі. Таңертеңгі тамақтанудың мынадай түрлерін атауға болады: 1. Континентальдық. Аты ағылшын тіленен алынған (Contіnental Breakfast) көп жылдар бойы Еуропа континентінде қолданылады. Континентальдық таңертеңгі тамақтануға кіретіндер: кофе, шай немесе ыстық шоколад, қант, сүт (кілегей), лимон, екі түрлі повидло, джем немесе бал, май, тоқаш. Демалыс күндері қосымша салқын жұмыртқа беріледі. Еуропаның көптеген елдерінде бұндай таңертеңгілік тамақтану қонақ үйіне орналасудың жалпы бағасына кіреді. 2. Кеңейтілген. Таңертеңгілік тамақтанудың бұл түрі ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарының ортасынан бастап Еуропада кең тарай бастады. Континентальдық таңертеңгі тамақтануға қосымша қонақтарға ұсынылады: шырындар (апельсин, томат, грейпфрукттық), кесілген ветчина тағамы, ірімшік пен шұжық қосылған тағамдар, жұмыртқадан тағамдар және т.б. 3. Ағылшынша. Ағылшынша таңертеңгілік тамақтанудың классикалық түрі нөмірге әкелінетін таңертеңгі шай немесе кофеден басталады. Сондай-ақ бұған кіретіндер қант, май, джем, бал, булочкалар. Бұндай таңертеңгілік қысқа (шағын) тамақтану "short breakfast" жұмыртқадан, балықтан, дәнді жасалынған тағамдармен толықтырылуы мүмкін. 4. Американдық. Американдық таңертеңгі тамақтануда қосымша ұсынылады: мұз қосылған сусындар, жеміс шырындары, дәнді дақылдардан тағамдар (жүгері, күріш хлопьялары), шағын порциялы ет, пирог және т.б. 5. Шампанмен таңғы ас. Бұндай таңертеңгілік тамақтанудың уақыты 10.00-11.30 аралығы. Кофе, шай, алкогольдік ішімдіктер (шампан, шарап), шағын суық тістеме және ыстық тағамдар, суптар, салаттар, десерттер ұсынылады. 6. Кешіктірілген таңғы ас. Ұсынылатын уақыты 10.00-14.00 аралығы. Бұнда таңертеңгілік және түсте тамақтанатын элементтер құрамы қолданылады: ыстық және салқын ішімдіктер, май, джем, шұжық, ірімшік, булочка, ыстық ет тағамдары, десерттер. Таңертеңгілік, түскі және кешкі тамақтануды ұйымдастырғанда қызмет көрсетудің әр түрлі әдістері қолданылады: -"а ля карт"; -"а парт"; -"табльдот"; -швед столы; -буфеттік қызмет көрсету. "а ля карт" (a la carte). Қонақтар мәзір картасы бойынша өзіне өте ұнағанын таңдайды. Тапсырыс бірден асханаға беріледі де сол тапсырыс берілген тағамдар мен ішімдіктер бойынша сервировка жасалынады. Қызмет көрсетудің мұндай түрінде қонақтың даяшымен кеңесуге мүмкіндігі болады. Бұл жерде суггестивтік сервис (суггестия - сендіру) туралы айтқан жөн. Тағамдар мен ішімдіктерге тапсырыс беру идеясына, қонақты сендіре білу, ол мейрамхананың табысын көтерудің басты құралы. "а парт" (a part). Қызмет көрсетудің мұндай түрінде алдын ала тапсырыстар беріліп, сосын белгіленген уақыт аралығында қызметтер көрсетіледі. Бұлар демалыс үйлері мен курорттық қонақ үйлерінде жиі кездеседі. "табльдот" (table d'hote). "а парт"-тан айырмашылығы мұнда барлық қонақтарға бірден, бір мезгілде, бір мәзір бойынша қызметтер көрсетіледі. Қызмет көрсету барлық қонақтар жиналғаннан кейін басталады. Мұндай әдістер пансионаттар мен демалыс үйлерінде қолданылады. швед столы. Тағамдар түрі көп, таңда да ұнағанын ала бер. Қызмет көрсетудің бұл түрінің бір қатар артықшылықтары бар: -мейрамхана залының өткізу қабілеті артады; -қызмет көрсету процесі жылдамдайды; -мамандандырылған қызметкерлердің саны аз керек. Буфеттік қызмет. Буфеттерде қонақтар өздеріне өзі қызмет көрсетеді. Ол сондай-ақ конференция, симпозиум, кеңестерге қатысушыларға қызмет еткенде қолданылады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных