Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сусындар және олардың классификациясын жасау




Барлық сусындар құрамындағы спиртке байланысты алкогольді және алкогольсіз және алкоголі аз сусындар деп бөлінеді. Алкогольді ішімдіктерге арақ, тұмбалар (настойка), коньяктар жатады. Алкогольдігі аз сусындар деп құрамындағы спирт 1,5-6 % аралығында болатын сусындар. Тәбетті ашатын астың алдыңда берілетін ішімдіктерді аперитив дейді. Аперитивтің көбісі құрғақ ішімдіктер болып табылады. Олар тәбетті ашады, бірақ келушілердің кейбіреулері аперитив ретінде тәтті ішімдіктерді ұнатады. Кең тараған аперитивтерге – құрғақ игристое, ас алдыңдағы коктейль, құрғақ херес, құрғақ (француздық) вермут,

аперитивтің өзі (Campari, Fernet Branca, Rosso Antico). Шарап – алкогольді сусындарға жатады. Шарап жүзімнің әр түрлі сортынан ашу арқылы жасалынады. Сапасы мен сақталған мерзіміне қарай шараптар ординарлық, маркалық, коллекциялық болып бөлінеді. Ординарлық түрі – сақтаусыз, жүзімді өңдегеннен кейін 3 айдан кейін шығарала береді. Маркалық түрі – сақталған жоғары сапалы шараптар. Белгілі бір жүзім сорттарынан жасалынады. Сақтау мерзімі 1-5 жылдан кем емес. Коллекциялық – маркалық шараптар – жоғары сапалы шараптар, 6 жыл сақталған және бөтелкеде 3 жыл сақталған. Технологиялық дайындау әдістеріне қарай шараптар 3 негізгі топқа бөлінеді: -асханалық құрғақ (құрамында қант 0,3 %), жартылай құрғақ және жартылай тәтті; -күшейтілген: күшті, десерттік (жартылай тәтті, тәтті және ликерлік); -ароматталған: күшті, десерттік. Асханалық құрғақ шараптарда құрамында спирт 1% ден 9%-ке дейін.

Асханалық шараптар ақ, қызыл болып бөлінеді. Ақ шарапты жасыл жүзімнен, ал қызыл шарапты – қара жүзімнен жасайды. Кең таралған ақ шараптар – шардоне, рислинг, совиньон. Кең таралған қызыл шараптар –

каберне-совиньон, пино-нуар, сира. Қызыл шараптарды 18 градус С береді, ал ақ шарапты 6 градус С. Десерттік шараптарды тәтті тағамдармен береді. Кең таралған десерттік шарап – сотерн. Күшейтілген шараптардың құрамына спирт қосылады. Бөтелкені ашсаң да бұндай шараптар ұзақ уақыт сақталады. Күшейтілген шараптарға херес, вермут, мускат, портвейн жатады. Вермуттің үш түрі бар: қызылша, ақ және құрғақ. Қызылша вермутті итальяндық дейді, ол өте тәтті, ароматты. Ақ вермут ақшыл, орташа тәтті.

Құрғақ немесе француздық вермут бесцветен. Мускат – тәтті, күшейтілген, қызыл, ақ болады. Портвейн қызыл, сары немесе маркалық. Маркалық портвейндер бөтелкеде біраз тұрып, тұмбаға түседі. 20% күші бар портвейндердің барлық түрі қызыл шараптарға жатады. Портвейндердің түрлері: -Ruby Port – бочкада 3 жыл сақталады; -Late-Bottled Vintage – бочкада 6 жыл сақталады; -Aged Tawny Port – бочкада 10, 20, 30 және 40 жыл сақталады; -Vintage Port – ең жақсысы, 2 жыл емен бөшкеде, содан кейін ұзақ жыл бойы бөтелкелерде сақталады. Игристый шараптар ашу арқылы ойнап тұрады (шипит). Игристый шараптардың түрлері: -брют - өте құрғақ; -құрғақ – орташа құрғақ; -жартылай құрғақ – орташа тәтті; -тәтті – тәтті. Шараппен бөтелкелерді

и жатқызып сақтау қажет (этикеткасы үстінде), пробкамен шараптың арасында ауа болмайды. Ал күшейтілген спирт қосылған сусындарды тік қойып сақтайды, пробка мен сусынның арасында ауа болу тиіс.

Жүзімнен жасалынған шараптарды ішкенде темекі тартуға болмайды, яғни темекінің исі шараптың дәмін кетіреді, әсіресе десерттік шараптарды немесе ликерді ішкенде. Шараптарды дәмінің интенсивтілігіне қарай ішкен жөн: біріншіден күшейтілген, содан кейін асханалық, сосын десерттік шараптарды ішкен дұрыс болады. Жоғары сапалы шараптарды ең соңында ішкен жөн. Сондықтан, коллекциялық шарапты маркалық шараптан кейін, ал маркалықты – ординарлық шараптан кейін ішеді. Десерттік шараптарды негізінен жеміс-жидек, жаңғақ, шоколад, кәмпиттермен, печенье, пирожноемен, мороженоемен ішеді. Шампанді негізінен сыр, фисташка, шоколад, мороженое, кондитерлік өнімдермен ішеді. Майлы ет тағамдармен (плов, шашлық) қызыл шараптар ұсынылады, мысалы, қызыл асхана, қызыл вермут. Салаттармен құрғақ асханалық немесе жартылай тәтті шараптар. Алкогольді, алкогольсіз және басқа да сусындарды және тағамдарды мәзірде былай орналастырады: -арақ; -настойка; -жүзімнен жасалынған күшейтілген шараптар; -асханалық қызыл шараптар;

-десерттік шараптар; -коньяктар; -ликерлер; -шампанскийлер; -сыра; -минералды сулар; -шырындар; -фирмалық сусындар (коктейлдер); -салқын сусындар;-ыстық сусындар;-кондитерлік өнімдер; -көкөністер;

-темекі өнімдері. Алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер мәзірінде бөтелкенің сыйымдылығы, бағасы және 100 г. үшін бағасы жазылады. Мәзірге директор, бас бухгалтер, калькулятор қол қояды

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных