Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эмоциялардың қандай түрлері бар ?

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

 

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

 

Физиология кафедрасы

 

 

Д Ә Р І С

 

 

Тақырып: «Эмоциялар»

 

 

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

 

2 курс

Уақыты 1 сағат

 

Қарағанды 2008 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама _____________ 2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева

Дәрістің тақырыбы: Эмоциялар

Дәрістің мақсаты: Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмоцияның маңызын түсіндіру. Оның түрлерін көрсету. Эмоциялық стресстің пайда болуын қарастыру.

Дәрістің жоспары:

Эмоциялардың физиологиялық маңызы.

Эмоциялардың түрлері.

Эмоциялық стресс.

Эмоция

Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмоция (лат. етаүеге— күйзелу, қобалжу). Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияньщ құрамын-да маңызды орын алады.

Эмоцияньщ бірнеше түрі бар. Биологиялық эмоция —әртүрлі гіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады. Д'о- ғары эмоция — әр алуан рухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Қідірген э.моция— жеке адамның кейбір се-бептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байкала-ды. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қана-ғаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды э.чоция — мұқтаждық канағаттандырылған кезде бола-тын сүйкімді әсерленушілік.

Эмоция құбылыстары аффект (долданыс), нагыз эмоиия және сезім түрінде кездеседі. Аффект — айқын қимылдар ағза көрініс-терімен қоса жүретін күшті және біршама қыска мерзімді эмоция-лық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және. әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету аркылы туады. Эмоцияның үшінші түрі — заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат), отанды сүю, өшпенділік т. б. елестету немесе ойлау арқылы пайда бола-ды. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялык, қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Яғни, сезініс күйі — адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы. Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және э.мо-циялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмсшиялық күйзе-ліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субъ-ективтік сезінісін айтады. Организмнің дене сезу және ағза жүйе-лерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды.

Эмоциялық көрініс әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты қоз-гағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қаннын. қысымы кө-теріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеқейеді, организмде тотығу жә-не энергия күбылыстарының қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері көбейеді.

Бұлшыкет тонусы өсіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық козу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүіл-кіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар түпті карқын-ды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бүлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.

Эмоция кезінде адамньщ субъективтік күйі өзгереді. Оныц па-расаттык кабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін жіті қабылдайды.

Эмоциялык. күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәні адам мен жа-нуарларға өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны толык. қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші ізденуші,нығайтушы,реттеуші,байланыстырушыәрекеттерді ұйымдастырады.

Эмоциянық бейнелеуші эрекеті оқиғаларға жалпы бара береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру аркасында, оган осер етуші тітіркендіргіштің жағымды немесе жағымсыз жақтарын тез анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.

Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білі-неді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоииялық күйзеліс — мұқтаждықты қанағаттандыратын мінез-дік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мі-нездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінезді не жалғастырады не өзгертеді.

Эмоция нығайтушы эрекеті арқылы тәлім және зерде процес-теріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратыи мақызды уақиралар тез және ұзақ уақытқа зердеде сақталады. Мүны әр-бір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның ӘЛРЗШҚЫ жалпылама сатысын — эмоциялық сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің вегетативтік саласы ерекше жұмылдыры-лады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді әсерлену тиімді келеді.

Эмоцияның реттеуші немесе аударақосушы әрекеті үстемді мұқтаждықты анықтайтын себептердің бәсекесінде айқын көріне-ді. Ол үрей мен міндет, үрей мен ұяттың сезімдер таласында бай-калады. Мүның ақыры ниеттің күшіне адамның тілегіне және ер-кіне байланысты болады.

Эмоцияньщ байланыстырушы эрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы, кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама-қарсылықтан байқауға болады. Мәселен, қуаныш пен қайғы, ашу мен үрей, ынта мен жеркену, үят пен жек көру,. сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармеи айқындалады.

Эмоцияның пайда болу механизімін теориялар арқылы ұғыну-ға болады. ЭмоІІияның алғашқы теориясы Ч. Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық көр-некті қимылдарын салыстырып, белгілі бір биологиялық сигнал-дық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар (ашу, үрей, қуаныш т. с. с.) және ымдау әсерленістері эмоциялық туа біткен көріністерге жатады.

П. Қ. Анохиннің айтуынша, эмоция тарихи даму сатысында сыртқы жайларға сәйкес мұқтаждықты тез бағалау және қана-ғаттандыру амалы ретінде қалыптасты. Әдетте, әрбір мұқтаж-дық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсенді іс-әрекетке демеп отырады. Ал әрбір мұқ-таждық мақсат орындалса қанағаттық сезімі туады. Содаң. нәти-желі қимыл-әрекетпен ұласкан жағымды эмоция зердеде сақта-лып, әр уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.

В. В. Симонов ұсынған ақпараттық қағида эмоцияны адам мен жануарлар миының пайда болған мұқтаждықтың сапасын және мөлшерін, оны канағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қа-сиеті деп санайды. Мұны олардың әрқайсысы ырықсыз генетика-лық және жеке жүре пайда болған тәжірибе негізінде багалайды. Яғни, эмоция мұқтаждық мотивациялық және ақпараттық түрткі-лерден туады.

Оньщ пайда болу ережесі ретінде төмендегі теңдеуді қолданады:

Э = М- (АҚН),

мұнда Э — эмоция, оньщ дәрежесі, сапасы және белгісі; М. — ма-нызды мұқтаждықтыц сапасы мен күші; (Ақ—Ан) — туа біткен және жүре болған тәжірибе негізінде бағалау; Ақ — мүқтаждық-ты қанағаттандыру үшін қажетті амалдар туралы ақпарат, Ап — субъект қолданып отырған нақтылы амалдар туралы ақпарат.

Келтірілгеи көрсеткіштер кейбір эмоция пайда болу үшін қа-жетті және жеткілікті түрткілер болып есептеледі. Алайда бұлар-мен қатар субъектің дара типологиялық ерекшеліктері, әркелкі эмоиия тудыратын уақыт түрткісі және мұқтаждықтьщ сапасы ескерілуі тиіс. Осыған орай әлеуметтік және рухани мұқтаждық-тан шыққан эмоцияны сезімдер деп атайды.

Осы «эмоция тендеуі» бойынша, шамалы ықтималдылық (Ақ—Ан) жағымсыз эмоциялар тудырады. Ал болжамды мақсат-қа жету ықтималдылығы (А„—Аң) артқан жағдайда жағымды

сезініс пайда болады.

Физиологиялық тұрғыдан алғанда, эмоция — арнайы ми қү-

рылымдарының белсенді күйі, ол осы жағдайды өсіруге немесе

азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге мәжбүр етеді.

Эмоциялық күйдіқ қалыптасуына мидық әртүрлі құрылымда-

ры қатысады. У. Қеннон үсынған таламустык, теория бойынша

эмоциялық әсерленіс алғашқыда таламус орталықтарында пайда болып, ми қыртысьша ықпалын тигізеді. Сөйтіп, ол түйсікті түр-лендіріп, көрнекті қимылдарды тудырады.

Эмоцияны ұғынуда лимбиялық теория жетекші орьш алады. Дж. Пейпец клиникалық байқаулардың нәтижесінде, ми қырты-сының мацдай бөлігі, гипокамп, күмбез, бадамша, таламус, гипо-таламус эмоциялық әсерленісті ұйымдастырады деп тұжырым-дады. Д. Линслей электроэнцефалография әдісін қолданып, бұл кұрылымдарды ми бағанынын, торлы құрылымы белсендіретінді-гін дәлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияньщ белсендіріліс теориясын

ұсынды.

В. Р. Гес тітіркендіру әдісі арқылы гипоталамустың алдықғы және қапталдас ядроларыньщ жағымды эмоцияға, ал артқы және ішкерілес (медиальды) ядроларьшьщ жағымсыз эмоцияға жауап-ты екендігін көрсетті. Сол сияқты Д. Олдз жануарлар миына енгізілген электродтар арқылы, олардың өзін-өзі токпен тітіркен-діру әдісін пайд.аланып, мидың жағымды және жашмсыз нығаи-Іушы құрылымдары болатьшдығын аныктады. Жағымды нығай-тушы кұрылымдар жүйесіне қапталдас гипоталамус, перде, ми-дын ішкерілес будасы жатады. Жағымсызы орталық солғын зат, ішкерілес гипоталамус, бадамшадан күралады. Бұл құрылым-дар мидьщ эмоциогендік жүйелері құрамына кіреді.

Эмоция саласында үлкен ми сыңарларының әрекетінін асим-метриясы байқалады. Мидын, он, жарты шарынын, эмоциогендік мәні зор, ол көбінесе дағдыланудың алғашқы кезеңінде іске қо-сылады. Адамның жағымды эмоциясы негізінен сол жарты шар-мен, ал жағымсызы оң жарты шармен жузеге асады. Осыган сәй-кес әртүрлі психосоматикалық көріністер тұлғаның сол жақ жар-тысынан жиі білінеді. Адамның сол жақ беті көбінесе жагымсыз, ал оң жақ беті жағымды эмоцияны бейнелейді. Мұндай айырма-шылық тіпті жаңа туғандарда байқалады. Олардың тәтті немесе ащы дәмді туйсінуі бет әлпетінен анық көрінеді.

Алайда А. В. Вальдман эмоцияның белгілі турлері мен мидың нақты курылымдары арасында «мызғымас» байланыс болатыны-на кумән келтіреді. Өйткені, эмсшия психикалық әрекет болған-дықтан белгілі ми құрылымына тұрақты бекітілмейді. Ол — туа біткен және журе болған механизмдерге негізделген мінездін ту-рі. Расында, клиникалық байқауларда, мидьщ әртурлі қурылым-дарын емдеу максатымен тітіркендіргенде, олардың әрқайсысы әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоциялық күйлерге сәйкес келетін-дігі анықталды.

Эмоциялық куйдің пайда болу негізі орталық жуйке жуйесінің нейромедиаторлық механизмдерінен кұралады. Жануарларға жа-салған тәжірнбелер бойынша, норадреналңн жағымды сезініс, ал серотонин мен холинергиялық жүйелер жағымсыз эмоция туды-рады. Сонымен катар жағымды эмоциялық күйді қалыптастыруға ішкі апиындар қатысатындығын дәлелдейді. Бір жағынан. осы эндорфиндер мидағы серотонин сезгіш жүйелердің әсерін өзгер-те алады.

Кейбір зерттеулерде эмоцияның нығайтушы әрекетінің доф-амин — және серотонинергиялық жуйелерден, ал мотивация нор-адренёргиялық жүйелерден тәуелді екендігі анықталды. Сөйтш, әртурлі эмоциялық күйді жүзеге асыруға мидың букіл нейроме-диаторлық жуйесінің қатысатындығын болжауға болады. Шы-нында, олардың балансы өзгергенде эмоішя бұзылады. Мәселен", мания немесе депрессия жағдайларында мидың әртүрлі бөлімін-де дофамин, норадреналин және серотонин қурамасы өзгереді.

Эмоцияның екі түрлі ауытқуы байқалады. Гипотимия —абыр-жу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мүндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жудеп, ішкі ағзалардың қызметі бузылады. Ги-пертимия — көңіл шалқып, кимыл кушейеді, желік пайда болады. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі. Мұндай күйлер эмо-циялық ышқынуда (стресс) жиі кездеседі. Ол мүқтаждык пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда туады. Яғни эмоииялық ышқыну осындай кактығысуларды жоюға арналған организмнің барлык қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды икемделу әсер-ленісі. Ол жойылмаған кунде эмоциялық қозу узақ уақыт іркіліп, адамның мотнвация сезініс саласы бузылып, әртүрлі аурулар пайда болады.

Эмоциялық стресс — жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазап жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соғады. Мунда орталық жуйке жүйесіндегі нейромедиаторлар мем пептидтердің мөлшері көп өзгереді. 438

Адамдарда мундай ауытқулар көбінесе әлеуметтік қақтыгы-суларда өте жиі кездесді.

Эмоцнялық стрест.і зерттеу невроздарды емдеу істеріне көмек-теседі. Сондықтан ұзақ және тиімді психофармакологиялық ем-деу психиканы зақымдаушы әсерлердің эмоііиялық зерде, із жаз-басын өшіріп, толық немесе жартылай психикалық іс-әрекетті калпына келтіреді. Сонымен бірге нәтижелі емгерліктіц алғы шартты — мидың өзінін, өтеміс механизмдерін белсендіріп, дерт-тену сәттсрін жою немесе шектеу.

 

 

Иллюстрациялық материал:

1. Кестелер

2. Кодокарталар

3. Слайдтар

Әдебиеттер:

 

1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Эмоциялардың физиологиялық маңызы қандай?

Эмоциялардың қандай түрлері бар?

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Стресс и фрустрация. | Список базовых эмоций


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных