Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу




Батыс экономикалық теориясында және тәжірибесінде жұмыс күшін ығыстыру нәтижесіндегі тауар мен қызметтің әлеуетті шығындарын есептеу Оукен заңы негізінде жүзеге асырылады. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (Ж¥Ө) өзгерісімен байланыстырады.

Y-Y’/Y’=B*(u-u’)

мұнда:Ү - өндірістің нақты көлемі,

Ү" - ЖҮӨ әлеуетті көлемі,

и - жұмыссыздықтың нақты деңгейі

u'- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

B- ЖҮӨ циклдік жұмыссыздықтың динамикасына сезімталдық эмпиристік коэффициенті. Егер жұмыссыз-дықтың нақты деңгейі табиғи түрдегіден 1%-ға жоғары болса, онда өндірістің нақты көлемі әлеуетті түрдің өлшеміне тең болады. Р = 2,5%

Бұл өсім 2,5 пен 3% әртүрлі экономистер жұмысындағы өзгерістер.

Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады: кәрілігіне - мемлекеттен, жұмыс орнынан -фирмадан және мемлекеттен берілетін зейнетақы қорынан, оны құруға зейнеткердің өзі қатысады.

Швецияда әлеуметтік сақтандырудың тіптен бірегей құрылымы бар. Зейнетақы алатын адамдар жарналар үлесінің небәрі 1 %-ын құрайды, ал қалған 99 пайызы былайша көрінеді: мемлекеттен - 27%, жергілікті өкімет органдарынан - 31%, кәсіпкерлік фирмалардан - 41% алады.

Түйін

Бұл тақырыпта жұмыс күші мәселелері қарастырылып, оның әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы берілді. Еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылу дәрежесі, әсіресе қазіргі кезеңдегі, экономика құрылымы мен салалары бойынша жұмыс күштерін қайта бөлу тетігінің әсері өте маңызды проблема болып саналады.

Еңбек нарығы теориясы мен еңбек нарығының тетігін талдауда тұжырымдамалық көзқарастар белгілі қызы-ғушылық тудырады (еңбек нарығының классикалық моделі, неоклассикалық моделі, кейнсиандық моделі, монетаристік моделі)

Жұмыссыздық нысандары, оның түрлері, Оукен заңы және жұмыссыздықты реттеу мәселелері толық көрсетілген.

Негізгі терминдер:

Еңбек ресурстары. Жұмыс күші. Жұмыспен қамтылу. Жұмыссыздық

Циклдік жұмыссыздық Жұмыссыздың деңгейі Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі Жұмыссыздықтың инфляциялық деңгейі Жұмыссыздықтан сақтандыру Жұмыссыздықты күту Оукен заңы

• Фрикциондық жұмыссыздык Құрылымдык жұмыссыздық..

• Жұмыссыз жастарға;

• 30-дан асқан және 45-тен жоғары жастағы жұмыссыздарға;

• Ғылымды көп қажетсінетін салаларға мамандар дайындау т.с.с

Бұдан басқа да, жұмыссыздарға арналған арнайы клубтар жұмыс істейді, онда кеңестер, ұсыныстар беріледі, жұмысқа қабылдау тестілерінен өтеді, бос орындар іздесуге көмектеседі, тегін кеңсе жабдықтарын және жұмыс іздеуге телефондар береді.

Дамыған елдер жұмыссыздарға материалдық жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмектер береді. Оны алу үшін негізгі жұмыста істеген мерзімі талап етіледі немесе қоғамдық жұмыс (науқастарды, кәрілерді, мүгедектерді күтіп бағу, қаланы кеңейту т.с.с) істеуі тиіс. Жәрдемақы алу үшін табысқа қарай сақтандыру жарнамасын төлеу қажет. Жәрдемақы төлеу мерзімдері қатаң шектелген. Мәселен, АҚШ-та жәрдемақы алудың ең шекті мерзімі 26-30 апта, Жапонияда - 40 апта, Германияда - 104 апта.

Кейбір дамыған елдерде жұмыссыздық жәрдем-ақысымен қатар қосымша жәрдемақылар төленеді, олар "мүқтаждықты" тексергеннен кейін ғана беріледі, яғни отбасы құрамы, еңбек қызметі, жұмыс істеген мерзімі және аясы, мемлекеттік марапаттаулары т.б.

Сонымен, жұмыссыздықтың болуы халықтың әлеуметтік қорғалу мәселелерін тудырады, оған XX ғ. екінші жартысынан бастап бүкіл дүние жүзі айрықша көңіл бөледі. Нарықтық жүйе жұмыс күшінің тұрақты жұмыспен қамтылуына кепілдік бермейді. Сондықтан мемлекет халықтың табыс деңгейінің, олардың жалпы көлемінің 50%-дан асуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік корғау жүйесін құрады.

Әлеуметтік қорғау алғаш рет 1883 жылы Германияда, 1911 жылы Англияда, 1935 жылы АҚШ-та пайда болды. Ол Скандинавия елдерін ерекше табысқа жеткізді.

 

Практикум.

а) Мысалы, Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады ма;

в) еңбек нарығының тепе-теңдігінде жұмыссыздық мүмкін бе?;

с) егер өндірістің нақты көлемі әлеуеттіге тең болса, онда экономикада жұмыссыздық бар ма, жоқ па?

е) егер инфляция деңгейі төмендесе, онда баға қандай күйде болады?

2. Сіз университетке түскен күні өзіңіздің жолдасыңызға 5000 теңге қарызға бердіңіз делік. Сіз екеуіңізде пайыздың нақты ставкасы нөл болады деп күтесіз. Берешек қайтару университетті аяқтаған соң пайыздық тіркелген номинал бойынша жүргізілуі тиіс. Егер оқу кезеңінде (4 жыл) инфляция сіз күткеннен төмен болса, онда кім ұтады, кім ұтылады?

3. Халық саны - 100 млн. адам құрайды, соның 24 млн. адамы - 16 жасқа дейінгі балалар мен ұзақ уақыт оқшаулауда болған адамдар (жүйке ауруымен ауыратындар ауруханада, түрмеде болғандар); 30 млн адам жұмыс күші құрамынан шыққандар; 4 млн. 600 мың адам жұмыссыздар; 1 млн. адам - толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтіндер, жұмыскерлер және жұмыс іздеушілер.

Есептеңіз:

а) жұмыс күші өлшемін;

б) жұмыссыздық деңгейін;

4. Мынадай ақпарат бар: жұмыспен қамтылғандар саны — 90 млн. адам, жұмыссыздар саны - 10 млн. адам:

а) жұмыссыздық деңгейін есептеңіз

б) бір айдан соң 90 млн. адамнан 1 млн. адам жұмыстан босатылды, ал тіркелген жұмыссыздардың қатарынан 1 млн. адам жұмыс іздеуді тоқтатты.

в) жұмыспен қамтылғандар санын;

г) жұмыссыздар санын және жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз.

5. Бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысқан уақытша жұмыс іздеушілер саны жылына орта есеппен 20 млн. адам құрады және олардың әрқайсысы еңбек нарығында

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных