Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық өсу теориялары.Мультипликатор және акселератор эффектісі




 

Өндipic қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау кұрады.

Өсу формуласының негізінде "мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" теориясымен толықтырылды.

Мультипликатор — көбейткіш, ал акселератор — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. "Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономиci Кан 1931-ші жылы енгізген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, өciм және ақшаның жалпы қарқыы көзқарасын дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өcyі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.

Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Біpaқ жолды салуға белгілі көлемде ipi жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өcyi тұтыну заттарына сұранымды өcipe түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келедіжәне 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.

Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты атқаратын-дардын түпкі жиынтығы 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табысты кұрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.

Акселератордың ic-әpeкeті мультипликатармен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өcyiн (оның өcyi еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті) - ұлттық табыстың өcyi инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің бipтeкті, бip бағытта ic-әрекет жасайтын мультипликациялық пpoцec пайда болады. Акселерация принципін алғаш рет 1913-ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кешірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әpi дами түсті.

Мультипликациондық эффекті ауқымын болжау үшін Дж. Кейнс енгізген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс - "орташа тұтынуға бейімділік" — арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті ("АРС"-арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда "психологиялық фактор" ретінде түсіндіреді, ceбeбi адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y) және "шектеулі тұтынуға бейімділік " (МРС) дегеніміз кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстары өзгepyiнe қатынасын көpceтeдi, яғни бұдан басқа да, Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кезден табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті eнгізді - орташа жинақтауға бейімделік және шектеулі жинақтауға бейімділік.

Жинақтауға бейімділікті бірден-бір психологиялық фактор ретінде көрсетеді.

Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез-келген өзгерудің сондағы табыстың өзгеруіне қатынасын көрсетеді, яғни жинақтаудағы өзгеру AS жинақтаудағы табыс А у

Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялык эффектіні бағалауға ыкпал етті.

Kазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ, көп факторлы Кобба-Дуглас функциясын айтамыз.

Оның формуласы мынандай:

dL dK dS мұндағы Q - өнім; L — еңбек; К - капитал; S — жер.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных