Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пререквизиттер, постреквизиттер

Силлабус

“Электротехниканың теориялық негіздері 1” пәні бойынша

бакалавриат 5В071800 –Электрэнергетика мамандығы үшін

 

оқу курсы 2

семестр 3

кредит саны 3

жалпы сағат саны 135

дәрістер 1,5 кредит

машықтану сабақтар 1 кредит

зертханалық сабақтар 0,5 кредит

өзіндік жұмыс 53 сағат

оқытушымен өткізген аудиториялық

сабақ саны 30 сағат

есептеу-сызба жұмыстары 3

емтихан 3 семестр

 

Алматы 2012

Силлабус 5В071800 –Электрэнергетика мамандығы үшін «Электротехниканың теориялық негіздері 1» пәнінің жұмыстық бағдарламасы негізінде құралған.

Силлабус «Электротехниканың теориялық негіздері» кафедрасында 20.06.2012 жылдың №11 хаттамасы бойынша қаралып, бекітілді.

 

 

ЭТН кафедрасының меңгерушісі Жолдыбаева З. И.

1. Оқытушы жайлы мәліметтер

“Электротехниканың теориялық негіздері” кафедрасы профессоры, СОжМКДФ деканы, химия-ғылымдарының кандидаты – Аршидинов Малик Мамежанович, ғылыми-педагогикалық өтілі - 21 жыл.

“Электротехниканың теориялық негіздері” кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты – Иманбекова Тохтабибі Жұмаділқызы, ғылыми-педагогикалық өтілі – 37 жыл.

“Электротехниканың теориялық негіздері” кафедрасының аға оқытушысы – Аршабекова Алма Төлендіқызы, ғылыми-педагогикалық өтілі - 9 жыл

ЭТН кафедрасы Б315 аудиториясында орналасқан

2. Пән бойынша мәліметтер

2.1 Пәнің атауы - “Электротехниканың теориялық негіздері 1” (ЭТН1).

2.2 ЭТН1 пәні екінші курстың бірінші семестрінде оқытылады.

2.3 ЭТН1 курсының көлемі:

кредит саны - 3, барлық сағат-135, аудитория сабағы – 52 сағ, оның ішінде дәрістер – 22 сағат, машықтану сабағы – 15 сағат, зертханалық сабақ – 15 сағат, ЕГЖ 3, өздік жұмыс – 83 сағат, ондағы МСӨЖ – 30 сағат, СӨЖ – 53 сағат.

 

Пререквизиттер, постреквизиттер

3.1 Пәннің пререквизиті – пәнді оқып үйрену үшін математика 1, математика 2, физика 1, физика 2, информатиканы игеру керек.

3.2 Пәннің постреквизиті – ЭТН2, ЭТН3, электр энергетика, электр механикасы және электр техникалық жабдықтар, электрлік машиналар пәндерін оқып үйрену үшін керек.

 

4. Пәннің сипаты

ЭТН1 пәні 5В071800 – электрэнергетика мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауда базалық курс болып табылады. ЭТН1 курсында тұрақты және бірфазалы синусоидалы тоқтардың сызықтық электр тізбектеріндегі орнатылған режімдерді оқытады.

 

 

5. Пәнің мақсаты

ЭТН1 пәнінің мақсаты – сызықты электр тізбегіндегі орнатылған режімдерді оқып үйрену болып табылады. Сондай-ақ бұл курста сызықты тізбектердің жалпы теориясын және олардың есебі мен талдауының инженерлік әдістерін қамтамасыз етеді.

6. Пәнің қысқаша мазмұны

ЭТН1 пәнің қысқаша мазмұны:

6.1 Тұрақты токтың сызықтық электр тізбектері;

6.2 Бірфазалы синусоидалы токтың электр тізбектері.

 

7. Әр сабақтың ұзақтылығы және тақырыбтары

7.1 1-тақырып. Тұрақты тоқтың сызықтық электр тізбектері – 9 сағат дәрістер (дәріс, Ә. 3,5,6,8,10)

Электр тізбегінің элементтері. Электр энергия көзінің балама сұлбасы. ЭҚК-і бар тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Қуаттар тепе-теңдігі. Контурлық токар әдісі. Түйіндік потенциалдар әдісі. Матрицалық формадағы тізбектер жағдайының теңдеуі. Сызықтық электр сұлбаларының түрленуі. Электр тізбектерінің негізгі қасиеттері. Беттесу принципі, өзаралық қасиеті, тармақтардың кіру және өзара өткізгіштігі. Қарымталау теоремасы. Кернеу мен тоқ арасындағы сызықтық қатынас. Сызықтық электр тізбектерін есептеу үшін топологиялық әдісті қолдану. Екіұштылар туралы жалпы мәліметтер. Активті екіұштылар туралы теорема және оның тармақталған тізбекті есептеуде қолданылуы. Активті екіұштыдан пассивті энергияның берілуі. Электр тізбектерін талдау үшін компьютерлік технологияны қолдану.

7.2 2-тақырып. Бірфазалы синусоидалы тоқтың электр тізбектері - 13 сағат дәрістер (дәріс, Ә. 3,5,6,8,10)

Бірфазалы синусоидалы токтардың негізгі түсініктемелері. ЭҚК, кернеу және токтардың орташа және әсерлік мәндері. Кедергідегі, индуктивтіліктегі және сыйымдылықтағы синусоидалы ток. Айналыс векторындағы проекция түрінде синусоидалы қызметтердің ұсынысы. Кедергіге, индуктивтілікке, сыйымдылыққа тізбектей қосылу. Кешенді түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары. Векторлық және топографиялық сызбалар.

Синусоидалы ток тізбектеріндегі қуаттар. Қуаттар тепе-теңдігі. Көзден қабылдағышқа максимал қуаттың берілу шарттары. Синусоидалы ток кезіндегі тармақталған тізбектердің есептелуі.

Электр тізбектеріндегі резонанстық құбылыс. Кернеу резонансы. Жиіліктік сипаттамалар. Күрделі тізбектердегі резонанс. Ток резонансы.

Түзу және шеңбердің кешендік теңдеуі. Тармақталмаған және тармақталған тізбектер үшін шеңберлік сызба.

Индуктивті байланысқан элементтер. Өзара индукциялы ЭҚК. Тізбетегі индуктивті байланысқан элементтердің тізбектей қосылуы. Тізбектегі индуктивті элементтерді параллель қосу. Индуктивті байланысты балама ауыстыру. Индуктивті байланысты элементті тізбектер арасында энергияның берілуі. Болат өзекшесі жоқ трансформатор. Индуктивті байланысы бар кездегі тармақталған тізбектерді есептеу. Синусоидалды ток тізбектерін компьютерде моделдеу.

 

Машықтану сабақтарының тақырыбтары:

1. Сызықтық электр тізбегінің түрленуі. Балама кедергілердің есебтелуі. Ом заңының көмегімен тұрақты ток тізбегін есептеу. Кирхгоф заңдары бойынша теңдеу құрастыру - 4 сағат (Ә.1,3,4,7,9)

2. Тізбекті контурлық токтар және түйіндік потенциалдар әдістерімен есептеу - 2 сағат (Ә.1,3,4,7,9)

3. Беттестіру әдісі. Балама генератор әдісі - 4 сағат (Ә.1,3,4,7,9)

4. Кешенді амплитудалар әдісі арқылы синусоидалы ток тізбегін есептеу - 5 сағат (Ә.1,3,4,7,9)

 

Зертханалық сабақтардың тақырыбтары: (Ә. 2)

1. Тұрақты ток тізбегін Ом және Кирхгоф заңдары көмегімен зерттеу (4 сағат).

2.Тармақталған тізбектегі тұрақты токты анықтау (4 сағат).

3.Бірфазалы синусоидалды ток тізбегін зерттеу (4 сағат).

4.Кернеу резонансын зерттеу (3 сағат).

 

 

8 Есептеу –сызба жұмыстары

ЭТН1 пәні бойынша 3 есептеу сызба жұмыстары (ЕСЖ) орындалады:

8.1 №1 ЕСЖ «Тұрақты токтың тармақталған сызықты тізбектерін есептеу»

8.2 №2 ЕСЖ «Аралас қабылдағыштары қосылған бірфазалы синусоидалы токтың электр тізбектерін есептеу»

8.3№3ЕСЖ «Бірфазалы синусоидалы токтың тармақталған электр тізбектерін есептеу»;

Оқу кезеңінің қойылған сызба уақытына сәйкес ЕСЖ тапсырылады және орындалады.

 

 

Есептеу-сызба жұмыстарының № Берілетін уақыты Тапсыратын уақыты
№1 ЕСЖ 1 апта 3 апта
№2 ЕСЖ 3 апта 4 апта
№3 ЕСЖ 4 апта 6 апта

 

 

Әр ЕСЖ қорғау үшін алдын-ала бақылау жұмыстары жүргізіледі. Студенттердің өздік жұмыстарын ЕСЖ орындау, зертханалық жұмыстарды орындауға дайындық, зертханалық жұмыстарды орындаудың есептеулерін безендірулер жатады.

Мұғалімнің студентпен өздік жұмысы (МСӨЖ) қосымша сабақ кестесі және қосымша ЕСЖ-н орындаумен зертханалық жұмыстардың есебін және ЕСЖ қорғау, бақылау жұмыстарна тексерумен өткізіледі.

9. Сабақ кестесі

Сабақ кестесі оқу жылының басында университеттің ОӘБ құрастырылады және (С209) ЭЭФ деканаты мен (Б315) ЭТН кафедрасының хабарландыру тақталарында көрсетіледі.

 

10. МСӨЖ кестесі

МСӨЖ уақыты семестрдің басында сабақ кестесі құрастырылғаннан кейін орнатылады. МСӨЖ уақытының бағдарламасы (Б315) ЭТН кафедрасында және (С209) ЭЭФ деканатының хабарландыру тақталарында көрсетіледі.

11 Оқытушының шарты

Барлық жұмыс түрлерін міндетті түрде орындау: дәрістердің кіріспелері және семинарлық конспектілер; есептеу-сызба жұмыстарын қорғау және орындау, оқу кезеңінің сызбасына сәйкес зертханалық жұмыстарды қорғау және орындау. Дәрістерді және семинарлық конспектілерді жіберген үшін, сондай-ақ студенттер есептеу-сызба жұмыстарын және зертханалық жұмыстарды қорғау және орындау уақытын бұзған жағдайда қорытынды баллы төмендетіледі. Ешқандай себепсіз сабақты жіберу және кешігу қарастырылмайды.

12. Критерий бағасы

Сіздің оқу жетістігіңіздің деңгейінің қорытынды бағасы жалпы жүйе курсының бағдарламасы бойынша бағаланады, АЭжБУ қабылданған (1 кестені қараңыз).

 

Кесте 1.

Әріп жүйесінің бағасы Балдар Балдар %-дық құрылым Дәстүрлі жүйелік баға
А 4,0   95-100 Өте жақсы
А- 3,67   90-94 Өте жақсы
В+ 3,33   85-89 Жақсы
В 3,0   80-84 Жақсы
В- 2,67   75-79 Жақсы
С+ 2,33   70-74 Қанағаттандырарлық
С 2,0   65-69 Қанағаттандырарлық
С- 1,67   60-64 Қанағаттандырарлық
D+ 1,33   55-59 Қанағаттандырарлық
D- 1,0   50-54 Қанағаттандырарлық
F     0-49 Қанағатсыздандырлық

Пән бойынша оқытылатындардың оқу жетістігінің деңгейі қорытынды бағамен () құрылады, ол жіберілген рейтинг бағасы () және емтихан бағасымен () анықталады.

Жіберілген рейтинг бағасы ағымдық үлгерімді бақылау бағасы және аралық бақылау бағасынан құрылады.

Ағымдық үлгерімді бақылау бағасы өзіне семинар мен практикалық сабақтан, зертханалық жұмыс, үй жұмысы, студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын (СӨЖ, МСӨЖ) орындағанан алған бағаларынан құрылады. Пән бойынша оқытылатындардың жеке жұмыс түрлерінің мазмұны кафедрамен және институттың оқу-әдістемелік бөлімімен келісіліп анықталады.

Практикалық жұмыстарға қатысуы, зертханалық жұмыс, курстық жұмыс және ЕГЖ бағасымен бағаланып, 50% құрайды. Сабақтағы белсенділігі, жұмыстарды қорғау сапасына қарай мұғалім баға деңгейін 50% дейін қоса алады. Әр жұмыс түрі үшін ең төменгі баға 50%-дан аз болмауы керек («қанағаттанарлық» бағасы 0 баллдан 9 баллға дейінгі баға шкаласымен).

Әрбір жұмыс бойынша есепті уақытында тапсырмағаны үшін мұғалім оқушыға тыйымдық баға (немесе баллдық бағасын азайту) енгізе алады. Сабақты қалдырғанда (дәріс, практикалық және зертханалық жұмыс) ағымдағы жұмыстың бағасы қалдырылған сағат санына қарай азайтылады.

Оқушылардың оқу жұмысы академиялық кезең ағымында аралық бақылау жүйесімен бақыланады ол 7-ші және 15-ші аптада жүзеге асырылады.

Аралық бақылау 100 пайыздық көрсеткішпен немесе 9 баллдық жүйемен бағаланады.

Ағымдық бақылау аясында қорытынды рубеждік аттестация компьютерлік тестілеу арқылы жүргізіледі. Берілген шектік минималды балл алған оқушыға баға қойылады, ол баға ағымдық бақылау мен аралық аттестация кезінде алынады, сосын ол пән бойынша аралық аттестацияға (емтихан) жіберіледі.

Жіберілетін рейтинг бағасы келесі формуламен анықталады:

 

Црд = 0,4 Црк1+0,6 Црк2

мұндағы Црк1,, Црк2 1-ші және 2-ші ағымдық бақылау

Црк1= аЦмс + bЦзс +сЦдәр+ dЦесж1

Црк2== аЦмс + bЦзс +сЦдәр + g Цесж2+m Цесж3

 

мұндағы және т.б. – студенттің ағымдық жұмыстағы жеке түрінің белгілері

a=0,05; b=0,4; c=,005; d=0,5; g=0,25; m=0,25;

және т.б. – студенттердің әр жұмыс түрі бойынша сапалық бағасы. (Цмс машықтану сабақтары, Цзс - зертханалық сабақтар, Цдәріс - дәрістер, Цесж ЕСЖ);

Цегж ЕСЖ бағасына ЕСЖ-ны орындау мен қорғау кіреді:

Цегж =h Цесжорын + k Цесжқор,

Мұндағы Цегжорын ЕСЖ-ны орындаудағы бағасы (егер ЕСЖ дұрыс және өз уақтысында өткізілген болса, онда макс 50%);

Цесжқор – ЕСЖ-ны қорғаудағы баға (макс. 50%)

h=0.5; k=0.5.

Зертханалық жұмыс үшін қойылатын бағаға, зертханалық жұмысты орындауы, есеп беруі және қорғауы кіреді:

Цзж =nЦзжорын +pЦзжқор

мұндағы Цзжорын – зертханалық жұмысты орындау мен есеп беру бағасы (егер зертханалық жұмыс дұрыс және өз уақтысында өткізілген болса, онда макс 50%);

Цзжқор – зертханалық жұмысты қорғаудағы баға (макс. 50%);

n=0.5; p=0.5.

 

Жіберу рейтингінің бағасы келесі шарттар бойынша саналады:

- пәннің бағдарламасын толық орындау;

- барлық жұмыс түрі бойынша толық есеп бергенде;

- қорытынды аттестация аясында компьютерлік тестілеуден сәтті өтсе.

Көрсетілген шарттардың кем дегенде біреуі орындалмаған жағдайда оқушыны рейтингке жіберу бағасы саналмайды және емтихан ведомостіне «жіберілмеді» деп қойылады.

Аралық аттестацияда (емтиханда) деңгейіне қарай емтихан бағасын (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттандырылмаған, яғни «А»-дан «F»-ке дейін). Егер оқушы жеткілікті білім деңгейін көрсете алмаса (50% пайыздық көрсеткіштен аз болса), онда оған қанағаттанарлықсыз бағасы қойылады.

Емтихан ведмостіне және транскриптке жазылатын, пән бойынша қорытынды баға аралық аттестациядан (емтиханды) сәтті өткенде ғана қойылады. Пән бойынша қорытынды баға жіберілген рейтинг бағасы 60%, ал емтихан бағасы 40% құрайды:

 

 

Емтиханды қайта тапсыру тек келесі академиялық кезеңде (көктемдік семестрде – күздік семестр пәндері үшін немесе қосымша жаздық семестрде – көктемдік және күздік семестрлер үшін) ақылы түрде пәнді қайта оқығанда ғана жіберіледі.

13. Қойылған балдар саясаты

Барлық 12 бөлімде көрсетілген баллдық бағалар масимальды болып келеді. Олар ритмдік орындаулар және де жоғары сапалы жұмыстар үшін қойылады. Тест және дәрістік сабақтарға қатысудың бағалық баллдары дұрыс анықталған жауаптардың санына және де жіберілген сабақтар санына тәуелді алынады.

 

Курс саясаты

- сабаққа кешікпеу және жібермеу;

- оқытушының ұсынысымен сабаққа қатысуды тікелей қадағалау;

- зертханалық жұмыстарды, себеппен қалдырған сабақтарды өтеу (деканаттың рұқсатымен);

- өз бетімен кітапханада және үйде дайындалу;

- есептік-сызба жұмыстарды уақытында тапсыру.

15. Академиялық әдеп нормалары

- пәндесттіру;

- тәрбиелендіру;

- мейірімділік;

- шындық;

- жауапкершілік;

- аудиторияда ұялы телефонды өшіріп жұмыс жасау.

Шешілмейтін жағдай кезінде деканат қызметкерлеріне жеткізіп, оқу тобының арасында оқытушымен, эдвайзерлер арасында біргіп ашық түрде талқыланады.

 

16. Бакылау сұрақтары

1.Электр тізбегінің элементтері.

2.Электр энергия көзінің балама сұлбасы.

3.ЭҚК-і бар тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

4. Қуаттар тепе-теңдігі.

5. Контурлық токтар әдісі.

6.Түйіндік потенциалдар әдісі.

7. Матрицалық формадағы тізбектер жағдайының теңдеуі.

8. Сызықтық электр сұлбаларының түрленуі

9. Электр тізбектерінің негізгі қасиеттері.

10. Беттесу принципі, өзаралық қасиеті, тармақтардың кіру және өзара өткізгіштігі.

11. Қарымталау теоремасы.

12. Кернеу мен тоқ арасындағы сызықтық қатынас.

13. Сызықтық электр тізбектерін есептеу үшін топологиялық әдісті қолдану.

14. Екіұштылар туралы жалпы мәліметтер.

15. Активті екіұштылар туралы теорема және оның тармақталған тізбекті есептеуде қолданылуы. Активті екіұштыдан пассивті энергияның берілуі.

16. Электр тізбектерін талдау үшін компьютерлік технологияны қолдану.

17. Бірфазалы синусоидалы токтардың негізгі түсініктемелері.

18. ЭҚК, кернеу мен токтардың орташа және әсерлік мәндері

19.Кедергідегі, индуктивтіліктегі және сыйымдылықтағы синусоидалы ток. Айналыс векторындағы проекция түрінде синусоидалы қызметтердің ұсынысы.

20. Кедергіге, индуктивтілікке, сыйымдылыққа тізбектей қосылу.

21. Кешенді түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары.

22. Векторлық және топографиялық сызбалар

23..Синусоидалы ток тізбектеріндегі қуаттар

24.Қуаттар тепе-теңдігі. Көзден қабылдағышқа максимал қуаттың берілу шарттары.

25. Синусоидалы токтағы тармақталған тізбектер есебі.

26. Электр тізбектеріндегі резонанстық құбылыс.

27. Кернеу резонансы.

28. Жиіліктік сипаттамалар.

29. Күрделі тізбектердегі резонанс.

30. Ток резонансы.

31. Түзу және шеңбердің кешендік теңдеуі. Тармақталмаған және тармақталған тізбектер үшін шеңберлік сызба.

32..Индуктивті байланысқан элементтер.

33. Өзара индукциялы ЭҚК

34. Тізбектегі индуктивті байланысқан элементтердің тізбектей қосылуы.

35. Тізбектегі индуктивті байланысқан элементтерді параллель қосу.

36. Индуктивті байланысты балама ауыстыру

37. Индуктивті байланысты элементті тізбектер арасында энергияның берілуі.

38. Болат өзекшесі жоқ трансформатор.

39. Индуктивті байланысы бар кездегі тармақталған тізбектерді есептеу

40. Синусоидалды ток тізбектерін компьютерде моделдеу.

 

17. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Аршидинов М.М. ЭТН-1,2. Бір фазалы және үш фазалы электр тізбектерін есептеу. №1-6 есептеу-графикалық жұмыстарға арналған әдістемілік нұскаулар мен тапсырмалар. Алматы: АЭжБИ, 2005, 20 б.

2. Әміров Ж.Қ., Аршидинов М.М., Ерсейтова А.Ж. ЭТН1. Түзу сызықты электр тізбеген зерттеу. Зертханалық жатықтару арналған әдістемелік нұсқау. Алматы: АЭжБИ, 2010, 31 б.

3. Аршидинов М.М., Әміров Ж.Х. Электротехниканың теориялық негіздері –1,2./Оқулық құрал/. Алматы: АЭжБИ, 2006, 170 б.

4. Аршидинов М.М., Нурмадиева Э.А. ЭТН-1. Сызықты электр тізбектеріндегі қалыптасқан режімдерді есептеу. № 1-3 есептеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемілік нұсқаулар мен тапсырмалар – 5В071800-Электрэнергетика мамандығының студенттері үшін. Алматы: АЭжБУ, 2011. – 17 б.

5. Балабатыров С. Элетр техникасының теориялық негіздері. – Алматы, 1995.

6. Балабатыров С.Б. Тұрақты токтың түзу сызықты электр тізбектері. – Алматы, 1990.

7. Сборник задач по теоретическим основам электротехники/ Л.Д.Бессонов, И.Г.Демидова, М.Е.Заруди и др.-М.: Высшая школа, 2003.-52с.

8. Бессонов Л.А. Теоретические основы электротехники.-М.: Гардарики,1999. - 638с.

9. Шебес М.Р., Каблукова М.В. Задачник по теории линейных электрических цепей. - М.: Высшая школа, 1990.- 544с.

10. Зевеке Г.В., Ионкин П.А., Нетушил А.В., Страхов С.В. Основы теории цепей.- М.: Энергоатомиздат, 1989. -528с.

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1. Прянишников В.А. ТОЭ: Курс лекций: Учебное пособие – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб., 2000 – 368 с.

2. Демирчян К.С., Нейман Л.Р., Коровкин Н.В., Чечурин В.Л. Теоретические основы электротехники. Т.1. - СПб.: Питер, 2003.-463с.

3. Электротехника и электроника в экспериментах и упражнениях: Практикум на Electronics Workbench. В 2-х томах/ Под ред. Д.И. Панфилова – М.: ДОДЭКА, 1999.- т.1-Электротехника. – 304с.

4. Сборник задач и упражнений по теоретическим основам электротехники / Под ред. П.А.Ионкина.-М.: Энергоиздат, 1982.-768с.

5. Теоретические основы электротехники. Т.1. Основы теории линейных цепей / Под ред. П.А.Ионкина - М.: Высшая школа, 1976. -544с.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Тақырып. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні және әдістері.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных