Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ибн Сина (Авиценна).




Ф КГМА 1-8-22/02

МУ «Организация

Методической работы в

Соответствии с ГОСО

Года» от 4.07.07

 

 

Арағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Азақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы

Дәріс

Тақырыбы:: «Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия»

Мамандығы: « 051301 – Жалпы медицина»

Пән: «Философия»

Курс: 2

 

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

 

Арағанды – 2008 ж

Кафедраның мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама №_____ «_____»__________2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі: О.К. Никитина

 

· Тақырыбы: «Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия»

· Мақсаты: Студенттерді арабтық- мұсылмандық философиямен, оның негізгі бағыттарымен және қарастырған мәселелерімен таныстыру.

 

· Дәріс жоспары:

1. Арабтық- мұсылмандық философияның мәдени - әлеуметтік және рухани контексті.

2. Араб тілдес перипатизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл – Кенди, Әл – Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд.

3. Дүниенің исламдық моделі. Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен ролі.

4. Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы: А. Иүгінекидің, М. Қашқаридің философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидың суфилік ілімінің түп негізгі идеялары мен принциптері.

· Дәріс тезистері.

Мәдениетің басқа үлгілерімен салыстырғанда ислам әлемі бір қыдылу бір шама жас. Ол VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Жаңа діннің пайда болуы арабтардың тағдырын түбегейлі өзгертіп, біріктіруші рөл атқарды.

Исламның негізін араб- корейшит тегінен шыққан Мұхаммед (570-632 жж) салды. Ислам ілімі мұсылмандардың қасиетті Құран кітабында мазмұндалған аңыз бойынша оны Алла жердегі Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште арқылы жіберген, ол жеті маңызды қағидаға негізделген: бір Құдай Аллаға, періштелерге, барлық діни кітаптарға, Алланың барлық елшілеріне ақырғы заманға сенім. Ислам іліміне сәйкес әлемдегі құбылыстар мне оқиғалар Алланың құдіретімен жасалған және оның еркімен жүргізіледі. Ислам діні бес «сенім пазысына» сүйенеді. Алладан басқа құдай жоқ және Мұхаммед Алланың елшісі, күн сайын бес рет намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, меккеге қажылыққа бару. Мұхаммедтің жолын ұстаушылар мұсылмен ретінде (Құдайға шексіз берілгендер) мешіттерде намаз оқыды. Араб аристократиясы исламның көмегімне өз билігін нығайтты, арабтарды мемлекеттік бірлігін қамтамасыз етті және көрші елдерді жаулай бастады. Арабтардың орасан зор мемлекеттік бірлестігі – араб халифаты басқыншылары жорықтардың нәтижесінде пайда болды. VIII ғ ортасында Бағдат халифаттың басты қаласына айналды.

Арабтар Орта Азия жерін 712 ж бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро- еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына да мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып, қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) барлығы элленисттік өркениеттің рухы жоғалмап еді.

Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі философиялық бағыт- Платон мен Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген араб тілдес перипатизммен байланысты. Оның басты өкілдері: Әл Кенди, Әл Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушт және т.б.

Аристотелизм іліміне алғаш жол ашқан ғұлама Әл Кенди (шамамен 800-870 жж) «араб философы» деген құрметті атаққа ие болған. Ол өзінің трактаттарында табиғат құбылыстарын детерминисттік тұрғыдан түсіндіруге бесе назар аударды. Ол жан- жақты терең білімді, геометрия, астрономия, оптика, медицина, музыка ғылымдарымен шұғылданған ойшыл. Философиялық шығармалары логика мен таным теориясына байланысты жазылған. Әл Кенди танымның үш сатысын атап көрсетті. Біріншісі- логика мен математика; екіншісі- жаратылыстану ғылымдары; үшіншісі- философия. Сонымен қатар Әл Кенди ақыл- ойдың төрт түрін атап көрсетті. Оларды- мәнгі әрекетшіл «белсенді ақыл- ой», «бейжай», «енжар ақыл- ой», «жол- жөнекей қосылған ақыл- ой», «жарияшыл ақыл- ой» деп сұрыптайды.

Ислам дүниесінің ең ері атағы әлемге жайылған ғұлама философы, «Аристотельден кейінгі екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әл- Фараби. Ол Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика» мен «Софистикасына» түсініктемелер жазған. Оның 200 жуық трактаттары бар.

Әл- Фарабиді әлемге танытқан шығармалаының бірі- «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді.

Әл- Фараби медицина, биология ғылымдарына мән берген және бұл ғылымдарды философиялық тұрғыда зерттеген. «Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазған трактаттар», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы» т.б. еңбектерінде медицина ғылымының пәнін, міндет мақсатын анықтап беруді көздейді.

Әл- Фараби этиканы жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады.

Әл- Фараби «Бақытқа жол сілтеу» тркататында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Бақытқа жету үшін адам өзін өзі жетілдіре отырып қиын жолдан өтуі керек. Адамның жетілуі мінез құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез құлықтың жетілуі арқасында байланыс туады.

Әл- Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерінде» ең кішкене ұядан отбасынан немесе үйден бастайды.

Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары прнциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Сондай- ақ Әл- Фараби астрономияға өз үлесн қосты. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды. Өзінің «Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс» трактатында жұлдыздардың орны, түр- түсі, қозғалысы т.б. қасиеттеріне сүйеніп жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын ала болжауға болады дейтін күмәнді астрологиядан бөліп қарайды.

Фараби дүниенің алты негізін мойындайды және алты түрлі заттарды ажыратады. Алты негізі: құдай, белсенді ақыл- ой, материя, форма, жан, бүкіл әлемдік жан (аспан). Алты түрлі заттар: қарапайым элементтер, минералдар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар, бүкіл әлемдік денелер.

Әл- Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына төрт тармағына байланысты:

  1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәледеу)
  2. Шариғат (мұсылманның тұрмыс салт заңдары)
  3. Тарихат (Аллаға қызмет еткен әулиелер өмірі)
  4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары)

 

Ибн Сина (Авиценна).

Ибн Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Ибн Синаның филосфияға қосқан үлесі орта ғасырлық философияның негізгі мәселесі номинализм мен реализм арасындағы пікір- таласты үйлесімді шешуі. Одан Батыс философтары үлгі алған. Оның айтуынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді:

1. Заттарға дейін құдіреттің ақыл- ойында

2. Заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні.

3. Заттан кейін адамдардың санасында

Оның «Медицина каноны» деген еңбегі сол кездегі медицина энциклопедиясы ретінде болған. Ол Луй Пастерге дейін, бірнеше ғасыр бұрын жұқпалы аурулардаң көзге көрінбейтін таратушылары ауа мен суда бар екендігін болжаған.

Ол өзінің «Дониш-Наме» (білім кітабында) философияны үш бөлімге бөледі:

  1. физика (табиғат жйлы ілімі)
  2. логика (ғылым тану жолдары туралы ілім)
  3. метафизика (жалпы болмысты тану ілімі)

Ибн Рушд. Аристотель, Птолемей, Евклид, ілімдерін араб тіліде шығарып, шығыс ғалымдарының еңбектерін уағыздауы. Авеэроэс Испания жеріндегі Кордова халифатында өмір сүрген. Ол Аристотель ілімін жалғастырды. Дүниені үздіксіз өзгерістегі процесс деп қарады. Ол мынада үш түрлі қорытынды жасады: а) материалдық дүние мәңгі ә) барлық құбылыстар себепті байланыста б) әрбір жеке зат өледі, адам өлмейді деген пікірді ол жоққа шығарды.

Ибн Рушд сондай- ақ шығыс ғалымдарының еңбектерін латын тіліне аударып батысқа таратқан. Ол әрі теолог, әрі юрист, дәрігер, философ.

Ибн Рушдтың «Ақиқаттың екі жақтылығы» немесе «Қарама қарсылығы» ілімі дін мен философияны екеуінің арасындағы алшақтықты, айырмашылықты көрсетеді. Ол: «Дін ақиқаты қараңғы, оқымаған, сауатсыз, білімсіз адамдар үшін, олардың интелектісіне пайдалы, ал білімді, көкірегі ояу, сауаттылар үшін пайдасыз, өйткені олар философиялық ақиқатты діни ақиқаттан жоғары қояды. Білімсіз, қарапайым адамдар үшін философиялық ақиқат мүлдем белгісіз дейді. Қорыта айтқанда Ибн Рушдтың «ақиқаттың екі жақтылығы» ілімінің мақсаты, мәні ғылым мен философияны діннен бөлу, яғни діннен тыс өз бетінше ету. Әрине, Ибн Рушдтың бұл ілімі ислам теологтары үшін соққы болып тиді. Олар Ибн Рушдтың трактаттарын жоюға тырысты. Испан еврейлерінің арқсында трактаттар сақталып қалды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных