Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оңтүстік Арабстанда құрылған мемлекеттер




Маинилер мемлекеті Иемен аймағында шамамен б.д.д. ҮІІ-ІІІ ғасырлар аралығында өмір сүрді. Мемлекеттің астанасы бүгінгі Сананың солтүстік шығысында орналасты. Олар негізінен егіншілікпен және сауда-саттықпен айналысты

Саба мемлекеті – Иемен аймағына кіретін Нежран аймағында мекендеген сауда-саттықпен күн көрген мемлекет. Аталған мемлекет шамамен б.д.д.750-115 жылдары аралығында өмір сүрді. Осы аймаққа қоныс аударған Қахтан бин Абир ұрпақтары орналасқанына байланысты кейбір дереккөздерде мемлекет «Қахтанилер» деп те аталады.

Химиярилер мемлекеті шамамен б.д.д. 115- б.д. 525 жылдары арасында өз болмысын сақтап келді. Химиярилер егіншілікпен, сауда-саттықпен күн көре отырып, Иран, Эфиопия патшалықтарымен де кейде соғыс жүргізіп отырды. Химияр билеушілерінің кейбірі Тубба деген атаққа ие болды. Аталған мемлекеттің соңғы кезеңдерінде билік тағына отырған Зунуас иудаизм дінін қабылдап, аталған дінді мемлекеттің ресми дініне айналдырды. 523 жылы Нежран христиандарын түгел дерлік қыру осы билеуші заманында орын алғанға ұқсайды. Осыған байланысты Арабстанда христиан дінінің таралуын, Иран мен еврейлерге қарсы сыртқы саясатты өзіне лайықты ету үшін Византия императоры Юстиан І Абиссиния негусына хат жолдап, осы мәселені шешуді тапсырды. Абиссиния негусы Арияд атты қолбасшы басшылығындағы 70 000 әскерді химиярилерге қарсы жөнелтті. Абиссиниялықтар жеңіске жетіп, Химиярилер мемлекетін құлатты. Осылай Оңтүстік Арабстанда Абиссиния үстемдігі орнады.

Оңтүстік Арабстанда Иран билігі жүрген кезең де орын алады. Химияр текті Сайф есімді адам Абиссиниялықтарға қарсы көтерілісті ұйымдастырып, Сасанилердің қуатына арқа сүйеді. Парсы елінен келген көмек аймақтағы Абиссиниялықтардың үстемдігін жойып, аймақты Сасанид империясы құрамына енгізді.

Сенімдері. Оңтүстік Арабстан мемлекеттері исламға дейінгі жахилия дәуірінде пұтқа табынды. Маинилер Уад, сабалықтар Алмака, Қатабандықтар қамар, шамс және астар деп аталатын үштік құдайға сенді. Олар қамарды ер, шамсты әйел деп санап, астарды олардың ұлы деп есептеді. Яғни Оңтүстік Арабстанда жахилия дәуірінде жалпы алғанда айға, күнге және жұлдыздарға табынды. Сондай-ақ табынатын құдайларының өкілдері ретінде қолдан жасалған пұттарға да сиынды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных