Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сыффын шайқасы және тахким (төрелік) оқиғасы




Ислам тарихында әсері ұзаққа дейін созылғанішкі алауыздықтан туындаған келесі шайқастың бірі – Али заманында болған Сыффын шайқасы және одан кейінгі оқиғалар болып табылады. Осы соғыста анық ешкім жеңбегенмен оның соңы Муауияның пайдасына шешілгендігі анық.

Али Жамал шайқасынан соң Куфаға тартып, оны ел астанасына айналдырды. Осы кезде ол Муауияға хат жазып өзіне бағындыруға шақырды. Бірақ, Муауия бұрынғы жауаптарын қайталады. Муауия Османның жазықсыз өлтірілгендігін және оны өлтіргендерді жазалау қажеттігін талап етіп оған биат жасаудан бас тартты.

Али Муауияның бағынбағандығын, тіпті өзіне қарсы тұрудан тайынбайтынын аңғарған соң онымен шайқасудан басқа жол жоқ екендігін түсінді. Осыған рай, ол соғысқа дайындала бастады. Осы кезде Муауия да әскерін жасақтады. Екі жақтың әскері Ирак мен Сирия шекарасындағы Сыффында кездесті. Екі жақтан неше әскер иналғандығы туралы әртүрлі мәлімет келтірілгенімен, шамамен 90 000-дай сарбаз болғандығы баяндалады.

Али әскері шайқас алаңына келген кезде су жолының Муауия әскері жақта қалғандығын аңғарды. Али әскерлері шағын ғана шабуыл жасап суға қол жеткізді. Су жолын бақылауға алған әскерлеріне Али сириялықтардың су алуына кедергі болмауын ескертті.

Али дереу шабуылға шығу ниетінде болмады. Мәселе бейбіт жолмен шешілуін қалағандықтан, көп уақыт екі жақтан елшілер келіп кетіп жатты. Бірақ, келісімге келу мүмкіндігі тумады. Соңында екі жақтан кіші-гірім қақтығыстар туындады. Соңында 657 жылдың шілдесінде екі жақ жаппай шабуылға көшті.

Али әскеріне жаппай шабуылға шығу бұйрығын берді де шайқас 657 жылдың 27-28 шілдесінде қыза түсті. Таң атқанға дейін шайқас болған жұманың түні «Харир түні» деп аталды. Осы түні көптеген әскер құрбан болды.

Аштар ан-Нахаи әскерлерімен Муауияның шатырына беттеді. Шайқас қызған кезде жағдайдың қиындай түскенін байқаған Муауия қатты алаңдап, осы проблемадан қалай шығуға болатынын Амр бин әл-Аспен кеңесті. Амр осы алауыздыққа нүкте қоюға Құранға жүгіну қажет деп кеңес берді. Негізінде сириялықтардың Алиді Құранның төрелігіне шақыруы жаңадан ойластырылған нәрсе емес. Себебі, олардың пікірі бойынша Құран Құран Муауияға Османның қанын даулау құқығын береді.

Сириялық әскерлер қолдарындағы Құран нұсқасын немесе Құран парақтарын жоғары көтеріп «ей ирактықтар! Енді соғысуды қояық. Біздің арамызға Алланың кітабы төрелік жасасын» деп айқайлай бастады. Ирактық әскерлер бұл әрекетке таң қалды. Али әскері арасында өзара әңгімелер үдей түсті, соғыстың нәтижелерін талқыға сала бастады. әсіресе, Иемен тайпаларының өкілдері соғыстың әсерлерін талқылай бастады.

Иемендік Кинда тайпасының лидері Ашас бин Қайс Алиге кіріп, Муауия жаққа барып, осы ұсыныста не айтқысы келгендігін білуге баруға рұқсат сұрады. Алидің рұқсатымен Ашас Муауияға кетті. Муауия мұсылмандардың қанын төгудің қате екендігін, екі жақтан да көп адам өлгендігін, соғысты тоқтатып, екі жақтан бір-бір өкіл төрелікке шығып, арадағы алауыздықты бейбіт жолмен шешуді ұсынды.

Муауияның ұсынысын Ашас қолдады. Ол Алиге келіп Муауияның ұсынысын білдірді. Али оның соғыс айласыекендігін түсінді. Сондықтан, ол соғысты тоқтатуға болмайтынын, Муауия өз жеңілісінен осылай бұлтаруды ойластырғанын айтқанмен, соғысты қайта бастауға көпшілік көнбеді.

Осыған байланысты алдыңғы шептегі әскердің басындағы Аштар ан-Нахаиге хабар жіберіп, кері қайтуын бұйырды. Аштар кері қайтуға рұқсат сұрағанмен, Алидің кесінді бұйрығымен ол кері қайтуға мәжбүр болды.

Шайқаста қанша адам өлгендігі белгілі болдмағанмен үш айға созылған осы шайқаста мыңдаған әскердің өмірмен қоштасқандығы анық.

Тахким (төрелік). Али қаламаса да әскерінің көпшілігі соғыстың тоқтауын жақтағандықтан, Али амалсыз соғысты тоқтатуға бұйрық шығарды. Ашас екі жақтың келісімге келуіне мұрындық болды. Муауия өзінің хакамы ретінде Амр бин әл-Асты белгіледі. Амрдың Муауия жақтасы екендігін білетін Али Амрмен айтыса алатын қабілетті адам іздеді. Соңында Абдуллаһ бин Аббасты ұсынды. Бірақ, Ашас Абдуллаһ бин Аббастың Али туысы болғандықтан қарсы жақтағылар оны төрелікке қабылдамайтынын айтты. Одан соң Али Аштарды ұсынды. Бірақ, Ашас оны да мақұлдамады. Өйткені мұсылмандарды алауыз еткен істің басында Аштар келеді. Осыған орай Ашас Әбу Муса әл-Ашариді Али жақтан төрелікке ұсынды. өйткені ол осы оқиғаның басынан бастап алауыздыққа араласпаған адам болып табылады. Ал али оның дауды өз пайдасына шеше алмайтынын білетін. Оның төрелікке шығуын қаламағанмен Али әскеріндегі тахкимдікті қалайтын адамдарды көндіре алмағандықтан Әбу Мусаны төрелікке ұсынуға мәжбүр болды.

Осы кезде Әбу Муса Сирия аймағындағы бір ауылда елден оңашаланған болатын. Оны алдырып келісім мәтіні жасалды. Онда төрешілердің Құран бойынша жұмыс істейтіні, одан үкім таба алмаса сүннет аясында төрелік ететіні, өз қалауына қарай әрекет етпейтіндігі, олдардың шығарған үкіміне Али де, Муауия да ризалығын білдіретіндігі, төрешілер мен олардың жақындарының жаны мен мүлкі қорғалатыны, төрешілердің қайда және қашан кездесетіндігі туралы баптар орын алды.

Белгілеген уақыт келгенде төрешілер Думату-л-жандал аймағының Азрух деген жерінде кездесті (рамазан/ақпан 658 ж.). төрешілермен қоса екі жақтың өкілдері де ол жерде болды. Ол жаққа тарапсыздар да бақылаушы ретінде қатысқан.

Төрешілердің келісімдерін қағазға түсіретін бір хатшы тағайындалды. Кездесуде Амр бин әл-Ас сөзді Османды өлтіргендер жаққа бұрып, ол Әбу Мусадан Османның зұлымдықпен өлтірілгендігін немесе өлтірілмегендігін сұрады. Әбу Муса Османның зұлымдықпен өлтірілгендігін қуаттады. Бұл хатқа түсірілді. Муауия Османның уалиі ма әлде уалиі емес пе деген тақырыпты қарастырған төрешілер Муауияның туысы сипатымен Османның уалиі екендігін, сондықтан, ол Османды өлтіргендерді жазалауды талап ете алатынын қуаттады.

Одан соң халифаттың билігінің басына кім келу керек деген мәселе қаралды. Әбу Муса әл-Ашари Абдуллаһ бин Омарды халифалыққа ұсынды. Өйткені Али де, Муауия да алауыздық ортасындағы адамдар. Сондықтан, билік басына осы алауыздыққа қатысы жоқ адам ғана келе алады. Амр Абдуллаһтың орнына өз ұлын ұсынды. Соңында Али мен Муауиядан басқа бір адамның халифа болуы керек деген шешім жасалды.

Хакамдардың қабылдаған шешімдерін алдымен Әбу Мусаи тарапынан түсіндірілді. Ал Амр бин әл-Асқа кезек келген кезде ол қабылдаған шешімнен айнып, айлаға жол берді де Муауияны халифа ретінде тағайындағанын жариялады. Амрдың айтқаны өтірік деп Әбу Муса айтқанымен оның миәні қалмады. Төрешілердің шешімі жарияланғанда Али жақтастары бұған таң қалысты. Өйткені Муауияның ұстанымы дұрыс деген нәтиже шығарылған және мединеліктердің биатымен халифа болған Алидің қызметтен кетуіне шешім жасалған.

Али бұл шешімнің Құранға сай емес екендігін айтып, төрешілердің шешімін тамытайтындығын жариялады. Ал Муауия әлгі шешімге сүйеніп, Сирияда өзін халифа ретінде жариялады. Осылай мұсылмандар арасындағы келісімді қамтамасыз ету мақсатында жасалған төрелік мұсылмандардың бірлігін одан ары ушықтырды.

Тахким жахилия дәуірінен бері қолданылып келе жатқан, араларында дау-дамай шыға қалған кезде адамдар немесе тайпалар арасын бітімге келтіру мақсатында жүгінетін әдіс болатын. Алайда сыффын шайқасы кезінде туындаған тахкимде төреші ретінде тағайындалған адамдардың ниеттері екі түрлі болғандықтан, Алиге зұлымдық жасалды. Себебі, Муауияның төрешісі – Амр бин әл-Ас оның жақтасы ретінде Сыффын шайқасына қатысса, Алидің төрешісі Әбу Муса әл-Ашари екі жаққа да жақтаспай, елден оңашаланған адам болатын.

Харижилердің Алиге қарсы бас көтеруі. Харижилік Сыффын шайқасынан соң тахкимді қабылдау мәселесінде пайда болған діни ағым ретінде қуатталса да, аталған ағымның негізгі идеялары Осман заманында саяси шиеленіспен және Османның өлтірілуімен байланысты дүниеге келді. Сондай-ақ харижит лидерлері арасында орын алған Хуркус бин Зухейрдің Османға қарсы бас көтеру мақсатында Басрадан келген топтың ішінде болғандығы баядалады.

Харижилердің пайда болуын қамтамасыз еткен себептер. Ислам тарихының алғашқы кезеңінде-ақ тарих сахнасына шыққан харижиттердің өздеріне тән идеялары мен ұстанымдары мұсылмандардың сүйіспеншілігіне айналған сахабалардың алдыңғы қатарлыларына қарсы ұстанған асыра сілтеушілігі, өз идеяларын қолдамаған мұсылмандар жайлы қатаң қатынастары зерттеушілерді ойға қалдырды.

Харижиттік қозғалыстың пайда болуындағы ең басты себеп – бадауиліктен қала өміріне өткен арабтардың психологиясындағы өзгеріс. Осы процесте әртүрлі фактордың ықпалында қалған адамдардың әртүрлі ұстанымда болуы бір тайпада болса да бір-бірімен бетпе бет келуі де осыны көрсетеді.

Харижиттердің пайда болуына әсер еткен басты себептердің бірі ретінде қоғамның саяси тақырыптарға ерекше көңіл бөлуі дер едік. Алғашқы екі халифа заманында провинциядағы мұсылмандардың мемлекет басқармасы ісіне араласуға уақыттары аса бола бермеді. Оның үстіне билік басындағыларға деген ризалық оны қажетсінбеді де. Ол замандағы билік тізгінін ұстағандар халықтың саяси талаптарын қанағаттандырды.

Алғашқы кезеңдегі саяси әрекеттердің пайда болуында мұсылмандардың бетпе бет келген саяси проблемаларды шешу үшін Құран мен Сүннетте сүйенетін нақты дәлелдің орын алмауы десек болады. Мұсылмандар аз уақыттың ішінде әртүрлі ұлттар мен ұлыстар өмір кешкен аймақтарды жаулап алғанда ол жерде өмір сүретін адамдар мен мәдени қатынас орнатты. Аталған халықтардың ислам дінін қабылдауымен бұл қатынас одан ары артты. Исламды жаңадан қабылдаған адамдардың бұрынғы діндерінің, салт-дәстүрлерінің кейбір элементтерін жаңа өмірде одан ары жалғастыруы табиғи құбылыс. Бұл да мазхабтардың пайда болуына басты себеп болары анық.

Аталған себептермен қатар жекелеген адамдардың болған оқиғаларға деген ұстанымы, алған діни білімдері, настарды түсіну және түсініктеме жасау қабілеттері де харижиттердің қалыптасуына басты себеп болып табылады. Харижиттерді зерттер болсақ, өздері сияқты ойламайтын адамдарға қарсы қатаң ұстанымда болғандығын, настарды саяз түсінгендігін және діни ғұрыптарға шынайылықпен қатыс жасағандығын байқаймыз.

Харижиттердің пайда болуында әсіресе, Осман заманында қоғамның саясатқа тікелей атсалысып, уалилер мен халифаның істерін зерделей бастауының да өзіндік әсері болғандығын естен шығармаған жөн. Мұсылмандардың бетпе бет келген алғашқы саяси мәселелермен байланысты Құран мен хадисте анық дәлелдер орын алмауы олардың әртүрлі түсініктеме жасауына жол ашты. Табиғи түрде осы түсініктемелердің кейбірі қатаң түсінікпен пайда болды.

Осы аталғандардан басқа діни ағымдардың пайда болуына әсер еткен экономикалық өзгерісті де атап өткеніміз артық емес. әсіресе жорықтардан соң арабтардың тіпті бұрын қиялап көрмеген байлыққа кенелуі және мемлекеттің экономикалық саясатқа бағытталған мүдделері наразылықтың тууына, әсіресе, харижиттік әрекеттің пайда болуына әсер етті. Келесі жағынан олжаларды бөлісуде пайда болған проблемалар осындай ағымның пайда болуына әсерін тигізбей кетпеді.

Харижиттердің бір діни ағым ретінде пайда болуы. Ашас бин Қайс пен оны жақтаған әскердің көпшілігі тахким үкіміне жүгінуді қолдаса, Али әскерінің ішіндегі саны өте аз адам хакамдықтың қателікке алып баратынын қуаттады. Төреліктен соң Ашас бин Қайс тахкимге қолдау көрсету және халыққа мәлімет беру мақсатымен тайпаларды аралап төрелікте қойылған шарттарды оқи бастады. Тамим тайпасына барған кезде осы тайпаның өкілі Уруа бин Удаййа «Аллаға тән істе адамдарды төрелікке ұсініп отырсың, үкім тек Аллаға ғана тән (ла хукма илла лиллаһ)» деп қылышымен Ашас мінген атты жаралады. Бұл оқиға иемендіктер мен тамимдіктерді бір-біріне қарсы қойды. Бірақ, басқа да жетекшілер араға түсіп мәселені шешті.

Екі жақ төрешілердің шығаратын шешімін күту үшін елдеріне қайтқан кезде көпшілігі Тамим тайпасына жататын 12 000 әскер Алидің әскерінен бөлініп Харура деген жерге жиналды. Али олармен кездесу мақсатымен Абдуллаһ бин Аббасты жіберді. Одан соң өзі де барып, оларды Куфаға қайтуға шақырды.

Алғашқы харижиттер болып табылатын бұл қауымның пікіріне қарағанда Али тахкимді қабылдаумен қателікке ұрынды. Олар тахкимді қабылдағандығына байланысты Алиді тәубеге келуге шақырды. Ал Али тахкимді қабылдау діни қателік емес, саяси әлсіздік екендігін айтты.

Харижиттер Алимен бірге Куфаға қайтқаннан соң тахкимнің қате екендігін және оған тәубе жасау керек екендігін айта берді. Кейде мешітте «үкім тек Аллаға ғана тән» деген ұранмен Алиге қарсы шығып та отырды.

Харижиттер Алидің тахкимді қабылдап, үлкен күнә істеді деген саяз түсініктерін Құранға негіздеді. «Егер мүміндердің екі тобы өзара керісіп қалса, араларын жарастырсын. Ал егер олардың бірі екіншісіне шабуыл жасаса, Алланың бұйрығына тоқтағанға дейін солармен шайқассын. Егер райларынан қайтса, араларын әділдікпен түзесін, барлық істе әділ болыңдар. Алла әділеттілерді дос тұтады» (Хужурат 49/9) деген Құран аяты харижилерге қарағанда басбұзар болған Муауия мен жақтастары туралы үкімді Алла шайқастың нәтижесінде береді. Демек, Алланың үкім шығаратын тақырыпты шешуге тырысқан төрешілер (хакам) де, оларды сол қызметке қойған адамдар да үлкен күнә істеген. Егер тәубеге келмесе мәңгілік тозақта қалады.

Нехреван шайқасы. Харижиттер төрешілер бас қосқанға дейін Куфада олардың соңын күтіп жатты. Олар Алидің Әбу Мусаны төрелікке ұсынудан бас тартқанға дейін күтті. Халифа төрешіні жібергенде олар бас қосып өз жолдарын айқындай бастады. Олардың пікірі бойынша халифа Али төрешіні жібергендіктен оған бағынудың ешбір қажеті қалмады. Осыған байланысты халифалыққа өз араларынан Абдуллаһ бин Уахб ар-Расибиді сайлады. Ендігі мәселе – кететін жерін айқындау. Өйткені бұл қалада қалудың ешбір пайдасы қалмады деп түсінді. Олар өздеріне мекен ететін әртүрлі елдерді қарастыра келе, Нехреван деген жерде өзге қалалардан келетін жақтастарымен кездесіп, басқа жаққа кетуге шешім қабылдады. Басрадан келген 500 адамдық харижиттің басында Мисар бин Фадаки тұрды. Жолда олар Абдуллаһ бин Хаббаб бин Аратпен кездесті. Онымен харижиттер біраз сұхбат құрды. Бірақ, Абдуллаһтың айтқан сөздері оларға ұнамады да Абдуллаһ пен жүкті әйелін өлтірді. Халифа Али Абдуллаһтың жазықсыз өлгеніне қайғырған.

Осы кезде төрешілердің жоғарыда баяндалған шешімдері анықталды. Али тахким шешімін қабылдамайтынын, өйткені ол Алланың кітабы мен Пайғамбардың сүннетіне сәйкес келмейтінін жариялады. Төрешілердің шешімі анықталғаннан соң Сирияға жорыққа аттануға дайындықтар жасалды. Абдуллаһ бин Хаббаб пен әйелі өлтірілгенін естігеннен соң Али оны өлтірген харижитті тапсыруды талап етті. Бірақ, харижиттер Абдуллаһ бин Хаббабты өлтірген адамды бермеді.

Алидің жақын адамдары харижи проблемасын шешпей, Сирияға жорық жасаудың дұрыс емес екендігін ескертті. Сондықтан, Али әскерін алдымен Нехреванға аттандырды. Ол алдымен харижиттерге елші жіберіп, Абдуллаһ пен әйелін өлтірген адамды беруін және бас көтеруден басм тартуды бұйырды. Нехреванда жиналған және сандары 12 000 шамасындағы харижиттердің көпшілігі соғыс алаңынан кетіп қалды. Соғыс алаңында қалған 3 000 харижит пен Али армиясы арасындағы шайқаста харижиттердің көпшілігін жер құшты. Шамамен 400-дейі жаралы қолға түсті (658 ж.)

Харижилер Нехреван шайқасынан соң халифа Алиге деген ұстанымын өзгертпеді. Керісінше Нехраванда жолдастарының қырылуынан соң халифаға деген өшпендігі одан ары артты. Нехреваннан соң олар Нухайлада тағы бір қақтығысты ұйымдастырды. Алиді өлтіргенге дейін харижиттер кіші-гірім бірнеше көтерілістер жасады. Бірақ, олардың барлығы дер кезінде бастырылды.

Али 658 жылы Нехреванда харижиттерді талқандап, Шамға қайта жорыққа аттанбақшы болғанымен әскерлері соғыстан қажығандығын айтып, халифадан сәл уақыт демалуға рұқсат сұрады. Али рұқсатын бергеннен соң әскер үйді үйлеріне тарасты. Келіскен уақытта Али ибн Әбу Талиб Шамға жорыққа әскерін шақырғанмен оған ешкім шықпай қойды.

Осы қолайлы сәтті пайдалана отырып, Муауия Амр бин Ас басшылығындағы әскерін Мысырға аттандырып, оны жаулап алады және ондағы Алидің уалиі – Мухаммад бин Әбу Бәкірді өлтіреді. 658-659 ж. Муауия Басраға әскер жібергенмен әскері сәтсіздікке ұшырап кері қайтқан. Осылайша, Муауия Алидің қол астындағы қалалар мен өлкелерді біртіндеп өзіне қарата бастайды, Хитқа, Анбарға, Таймаға, тіпті, Меккеге әскер жіберіп, ол бірнеше қақтығыстарды ұйымдастырады. Ал Али оған қарсы тұратын әскер жинақтай алмайды.

Муауия 660-661 ж. 3000 әскерді (Буср бин Әби Артат қолбасшылығындағы) Хиджазға жібереді. Олар Мединеге, Меккеге келіп, Муауияның атынан биат алып, Иеменге тартады да Убайдуллаһ бин Аббастың екі кішкентай баласын өлтірген. Мұны естіген Али 2 000 әскер жіберіп, аталған өлкені Шам әскерінен азат етеді.

Алидің өлімі. Нехреванда жолдастарының қырылуына байланысты харижиттердің Алиге деген өшпенділігі арта түсті. Бір топ харижит Меккеде жиналып, ислдам әлемін күйзеліске алып барған мына тығырықтан қалай шығуға болатынын кеңесті. Осы алауыздықтың себепкері болып табылған Алиді, Муауияны және Амр бин әл-Асты өлтірумен осы тығырықтан шығуға болатынын алға тартты. Осы мақсатпен үшеуі бір күнде 661 жылдың 24 қаңтарында (рамазан) аталғандарға қастандық жасауға шешім қабылдады.

Амрға қастандық жасауды жоспарлап Мысырға сапар шеккен Амр бин Бакр ат-Тамими Амр бин әл-Асты танымағандықтан сол күнгі таң намазына имамдыққа шыққан өге адамды, Харижа бин Хузафаны өлтірді. Оның қысасы ретінде бас кесер харижит те жазаланды.

Ал Муауияға қастандық жасауға міндеттелген Бурак бин Абдуллаһ келіскен таң намазында оған шабуыл жасады. Муауия шабуылдан жаралы күйде құтылды. Ал Бурак жасаған қастандығына байланысты өлтірілді.

Алиді өлтіруге міндеттелген Абдуррахман бин Мулжам Куфаға барып, өзіне көмектесетін адамдар тапты. Меккеде жолдастарымен келіскен уақытта таң намазын оқыту үшін мешітке кіріп бара жатқан Алиге шабуыл жасады. Жараланған Али бірнеше күннен соң дүние салды (19 немесе 21 рамазан 40 хижри жыл/26 немесе 28 қаңтар 661 ж.). Абдуррахман бин Мулжам да қысас ретінде жазаланды.

Хазіреті Али заманындағы үлкен ғалымдардың бірі болатын. Ол ардақты Пайғамбардың тәрбиесімен өскен және мінезі өте көркем адам болатын. Ол ардақты Пайғамбар дүние салғанға дейін оның жанынан шықпаған, ал ардақты Пайғамбардың дүние салуынан соңғы өмірін ғылым-білімге арнады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных