Главная | Случайная

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: КӨМІРСУЛАР АЛМАСУЫ.

400. Организмде көмірсулар мына функцияларды атқарады:

1) +энергияның көзі

2) катализдік

3) +рецептордың құрамына кіреді

4) +структуралық

5) тыныс алу

3 дұрыс жауапты табыңыз

401. Гомополисахаридтерге жататын көмірсуларды атаңыз:

1) гиалурон қышқылы

2) сахароза

3) +целлюлоза

4) +крахмал

5) +гликоген

6) 3 дұрыс жауапты табыңыз

402. Гетерополисахаридтерге жататын көмірсуларды атаңыз:

a. +гиалурон қышқылы

b. сахароза

c. +гепарин

d. + хондроитин-сульфат

e. гликоген

3 дұрыс жауапты табыңыз

403. Крахмал- бұл полисахарид:

1. +Тармақталмаған сызықтық полимер болып табылатын

2. Бұл молекулада глюкоза қалдықтары бета-1,4-гликозидтік байланыспен байланысқан

3. +Глюкозаның қалдықтарынан тұрады

4. Ағзаға жануар тектес тағаммен түседі

5. +Өсімдік жасушаларында глюкозаның қоры

3 дұрыс жауапты табыңыз

404. Ағза тіндерінің маңызды полисахариді болып табылады:

1) глюкоза

2) лактоза

3) сахароза

4) +гликоген

5) рибоза

405. Моносахаридтерге жататын көмірсуларды атаңыз:

1. +Глюкоза

2. +Фруктоза

3. мальтоза

4. +рибоза

5. +Галактоза

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

406. Дисахаридтерге жататын көмірсуларды атаңыз:

5) глюкоза

6) +лактоза

7) +сахароза

8) крахмал

9) +мальтоза

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

407. Ағзада қор болып жиналатын ең маңызды көмірсу:

1) глюкоза

2) галактоза

3) фруктоза

4) +гликоген

5) рибоза

408. Гликоген – бұл тармақталған полисахарид, оның мономері:

1) +глюкоза

2) фруктоза

3) галактоза

4) сахароза

5) пентоза

409. Гетерополисахарид- антикоагулянт:

1) +гепарин

2) гиалурон қышқылы

3) кератан сульфат

4) хондроитин-4-сульфат

5) хондроитин-6-сульфат

410. Қарапайым микробтар және ірі молекулаларда тосқауыл қызметін атқаратын гетерополисахарид:

1) гепарин

2) +гиалурон қышқылы

3) дерматан сульфат

4) кератан сульфат

5) хондроитин сульфат

411. Гомополисахарид емес:

1) крахмал

2) гликоген

3) целлюлоза

4) хитин

5) +мукополисахарид

 

412. Тағамдағы целлюлоза :

1) +ішектің жиырылуын белсендіреді

2) +нәжістің түзілуін қамтамасыз етеді

3) +ішек қуысын тазартады

4) энергия көзі болып табылады

5) +ферменттер болмағандықтан қорытылмайды

4 дұрыс жауапты табыңыз

413. Организмнің детоксикациясы процесіне қатысатын глюкозаның туындысы:

1) глюкар қышқылы

2) +глюкурон қышқылы

3) глюкон қышқылы

4) аминоглюкоза

5) сорбит

414. Көмірсулардың қорытылуына қатысатын ферменттер:

1) оксидоредуктазалар

2) лиазалар

3) фосфотрансферазалар

4) +гликозидазалар

5) пептидгидролазалар

 

415. Гликозидазалар келесі класқа жатады:

1) +гидролазалар

2) лиазалар

3) изомеразалар

4) трансферазалар

5) оксидоредуктазалар

 

416. Гликозидазалар келесі рН көрсеткішінде жоғары белсенділік көрсетеді:

1) 1,5-2,0

2) 2.0-2,5

3) +8,0-9,0

4) 3,0-4,0

5) 4,0-5,0

 

417. Крахмал мен гликоген ас қорыту жолдарында альфа – амилаза әсерінен ыдырайды:

1) галактозаға дейін

2) лактозаға дейін

3) +мальтозаға дейін

4) фруктозаға дейін

5) пентозаға дейін

418. Ас қорыту жолдарында крахмал мен гликоген гидролизіне қатысатын фермент:

1) +a - амилаза

2) мальтаза

3) пепсин

4) липаза

5) сахараза

419. Полисахаридтердің толық гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) көп атомды спирт

2) +моносахаридтер

3) қышқылдар

4) жәй эфирлер

5) нуклеин қышқылдары

420. Крахмалдың гликозидтік байланысының гидролизін катализдейтін фермент:

1) +a - амилаза

2) a және b-амилаза

3) целлюлаза

4) гидролаза

1) сахараза

421. Лактаза әсерінен лактоза ыдырайды:

1) +глюкоза мен галактозаға

2) глюкоза мен фруктозаға

3) 2 молекула глюкозаға

4) галактоза мен фруктозаға

5) галактоза мен пентозаға

422. Сахараза әсерінен сахароза ыдырайды:

1) глюкоза мен галактозаға

2) +глюкоза мен фруктозаға

3) 2 молекула глюкозаға

4) галактоза мен фруктозаға

5) галактоза мен пентозаға

423. Мальтаза әсерінен мальтоза ыдырайды:

1) глюкоза мен галактозаға

2) глюкоза мен фруктозаға

3) +2 молекула глюкозаға

4) галактоза мен фруктозаға

5) галактоза мен пентозаға

424. Ауыз қуысында кездесетін гликозидазаларды атаңыз:

1) +a-амилаза

2) лактаза

3) +мальтаза

4) сахараза

5) g-амилаза

2 дұрыс жауапты табыңыз

425. Сілекей альфа-амилазасы келесі рН көрсеткішінде жоғары активтілік көрсетеді:

6) 1,5-2,0

7) +6.6-6,8

8) 10,0-12,0

9) 3,0-4,0

10) 4,0-5,0

 

426. Ас- қорыту жолдарының қай бөлігінде гликозидазалар кездеспейді:

1) +Асқазан сөлі

2) ұйқы безі сөлі

3) ішек

4) сілекей

5) өт жолдары

427. Ұйқы безі сөлінде болатын гликозидазалар:

5. +альфа-амилаза

6. +лактаза

7. +мальтаза

8. сахараза

9. гамма-амилаза

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

428. Ішек сөлінде болатын гликозидазалар:

1. +альфа-амилаза

2. +лактаза

3. +мальтаза

4. +сахараза

5. гамма-амилаза

4 дұрыс жауапты табыңыз

429. Қалыпты жағдайда көмірсулар келесі қосылыстар түрінде сіңеді:

1) +моносахаридтер

2) дисахаридтер

3) олигосахаридтер

4) полисахаридтер

5) гетерополисахаридтер

430.Моносахаридтердің сіңірілу жылдамдығы байланысты:

1. тотығу –тотықсыздану потенциалына

2. +сіңірілу жылдамдығына

3. моносахаридтердің молекулалық массасына

4. +АТФ болуына

5. iшек қуысындағы моносахаридтердің мөлшеріне

2 дұрыс жауапты табыңыз

431. Моносахаридтердің сіңірілу жылдамдығы келесі ретпен жүреді:

1) глюкоза →галактоза →пентоза →фруктоза

2) +галактоза →глюкоза →фруктоза →пентоза

3) пентоза→ галактоза →фруктоза →глюкоза

4) фруктоза →пентоза →галактоза →глюкоза

5) галактоза →фруктоза →глюкоза →пентоза

432. Галактоза мен глюкозаның сіңірілуі жүреді:

1) концентрация градиенті арқылы, диффузия жолымен

2) концентрация градиеніне қарсы, диффузиялық жолымен

3) +АТФ есебінен, энергияны пайдалана отырып, концентрация градиентіне қарсы активті транспорт жолымен

4) АТФ энергиясын пайдаланбай, концентрация градиентіне қарсы активті транспорт жолымен

5) Фосфорлану арқылы, диффузиялық жолмен

433. Фруктоза мен пентозаның сіңірілуі жүреді:

1) +концентрациялық градиенті бойынша пассивтік диффузия арқылы

2) активті транспорт арқылы ,концентрация градиенті бойынша АТФ -пен фосфорлану есебінен

3) пиноцитоз жолымен

4) фосфорланып, концентрация градиентіне қарсы

5) фосфорланып, жәй диффузия жолымен

434. Сіңірілу жылдамдығы азаю ретімен моносахаридтерді орналастырыңыз:

а) глюкоза

б) галактоза

в) пентоза

г) фруктоза

1) а, б, в, г

2) +б, а, г, в

3) б, г, в, а

4) в, г, б, а

5) а, б, г, в

435. Сіңірілу түрі және моносахаридтердің өкілі арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

А) жәй диффузия

Б) екіншілік активті тасымалдану

а – глюкоза

б – галактоза

в – фруктоза

г – пентоза

1) А – а, б;

2) +А – в, г;

3) +Б – а, б

4) Б – а, в

5) А – а, г;

436. Қақпа венасының қанында көмірсулардың сіңірілуінен кейін болады:

1) теқ кана глюкоза

2) +моносахаридтердің қоспасы

3) сахароза

4) тек қана фруктоза

5) крахмал

437. Қақпа венасының қанында көмірсулардың гидролиз өнімдерінің мөлшері мен түрі (сапасы):

1. тұрақты

2. +ішкен тағамның мөлшеріне байланысты

3. +Ішкен тағамның сапасына (түріне) байланысты

4. +Тағам ішкеннен кейінгі өткен уақытқа байланысты

5. жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты емес

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

438. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың рөлі

1. Қақпа венасында глюкозаның мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру

2. +Үлкен қан айналым шеңберінде глюкозаның мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру

3. +Қор ретінде жинау (гликогеннің жиналуы)

4. +Глюкостатикалық

5. +Барлық моносахаридтер глюкозаға айналады

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

439. Бауырдың глюкостатикалық функциясы дегеніміз:

1) БМҚ-дан глюкозаның тузілуі

2) Қанда аминқышқылдарының мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру

3) +Қанда глюкозаның мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру

4) Белоктарды синтездеу

5) Гликопротеидтерді түзу

440. Ағзадағы глюкостатикалық функцияны атқарады:

1) +бауыр

2) бүйрек

3) май тіні

4) ми

5) ішек

441. Бауырдың глюкостатикалық қызметі қамтамасыз етіледі келесі процестер арқылы:

1) +гликогенолиз

2) +глюконеогенез

3) гликолиз

4) +гликогеногенез

5) гидролиз

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

442.Келесі процесс пен және оның анықтамасы арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

1) А – гликогеногенез

2) Б – гликогенолиз

3) В – глюконеогенез

а – аралық өнімдерден глюкозаның синтезі

б – гликогеннің синтезі

в – гликогеннің ыдырауы

1)А – а, Б – б, В – в

2)+А – б, Б – в, В – а

3)А –в, Б – а, В – б

4)А – б, Б – а, В – в

5)А – а, Б – в, В – б

443. Гликогеннің түзілуі аталады:

1) гликогенолиз

2) глюконеогенез

3) гликолиз

4) +гликогеногенез

5) гидролиз

444. +Гликогеногенез күшейеді:

1. қанда лактат көбейгенде

2. қанда лактат азайғанда

3. қанда амин қышқылдары көбейгенде

4. қанда глюкоза азайғанда

5. +қанда глюкоза көбейгенде

 

445. Глюкозаның гликоген түрінде қор ретінде жиналуының биологиялық маңызы бар, себебі гликоген:

1) осмостық активті зат, жасушаның осмостық қысымын өзгертпейді

2) осмостық активсіз зат, жасушаның онкотикалық қысымын өзгертпейді

3) осмостық активсіз зат, жасушаның онкотикалық қысымын өзгертеді

4) осмостық активті зат, жасушаның онкотикалық қысымын өзгертеді

5) +осмостық активсіз зат, жасушаның осмостық қысымын өзгертпейді

446. Органдарда глюкоза мына түрде қор ретінде жиналады:

1) пентоза

2) мальтоза

3) гепарин

4) крахмал

5) +гликоген

447. Бауыр гликогенінің негізгі қызметі бұл глюкозаның бөлінуі:

1) гепатоциттерге

2) альвеолциттерге

3) +қанға

4) бұлшық ет жасушаларына

5) нейрондарға

 

448. Гликогеногенез келесі реакциялардан тұрады:

а) глюкозо – 6 – фосфат® глюкозо – 1 – фосфат

б) (гликоген)п+ УДФ – глюкоза® (гликоген)п+ 1+ УДФ

в) глюкоза +АТФ ®глюкозо – 6 – фосфат +АДФ

г) глюкозо – 1 – фосфат +УТФ ®УДФ - глюкоза +пирофосфат

д) гликоген молекуласының тармақталуы

1) д, а, б, в, г

2) б, в, д, г, а

3) в, д, г, б, а

4) а, г, б, в, д

5) +в, а, г, б, д

 

449. Аталған нуклеотид туындыларының қайсысы гликоген биосинтезі кезінде глюкоза қалдықтарының тасымалдаушысы болып табылады:

1) +УДФ

2) ТТФ

3) АТФ

4) АДФ

5) ГДФ

 

450. Гликогеннің түзілу процесі мына ферментке байланысты:

1) α-амилаза

2) +гликогенсинтетаза

3) фосфорилаза

4) b-амилаза

5) g-амилаза

451. Гликоген катаболизмі мына ферментке байланысты:

1) липаза

2) +фосфорилаза

3) гликогенсинтетаза

4) +g-амилаза

5) глюкокиназа

2 дұрыс жауапты табыңыз

452. Гликогенфосфорилаза катализдейді:

1. глюкозо-6-фосфаттың түзілуін

2. гликогеннің тармақталу нүктелерінде байланыстардың үзілуі

3. бос глюкозаның түзілуі

4. +глюкозо-l-фосфаттың түзілуі

5. АТФ қатысатын реакцияны

453. Гликогенолиз дегеніміз:

1) глюкозаның сүт қышқылына дейін ыдырауы

2) +гликогеннің ыдырауы

3) көмірсу емес заттардан глюкозаның түзілуі

4) гликоген синтезі

5). глюкозаның СО2 мен Н2О-ға дейін ыдырауы

 

454. Гликогенолиз келесі түрде жүреді:

1) гидролиз және гликогеногенез

2) гидролиз және гликолиз

3) +гидролиз және фосфоролиз

4) гликолиз және фосфоролиз

5)фосфоролиз және гликогеногенез

455. Гликогенолизге қатысатын ферменттер:

1) альфа – амилаза

2)+глюкозо-6-фосфатаза

3) аминотрансфераза

4)+гамма – амилаза

5)+фосфорилаза

3 дұрыс жауапты табыңыз

456. Глюкозо-6-фосфатаза кездеседі:

1) мида

2) +бауырда

3) +ішекте

4) +бүйректе

5) барлық органдарда

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

 

457. Гликогенолиз фосфоролиз жолымен жүргенде нәтижесінде (бауырдан басқа тіндерде):

1) белоктардан глюкозаның бөлінуі

2) БМҚ-дан АСҚ бөлінуі

3) +гликогеннен глюкозо – 1 – фосфаттың бөлінуі

4) гликогеннен глюкозаның бөлінуі

5) глюкозо – 6 – фосфаттан Н3РО4 бөлінуі (бауырда)

458. Бауырдан басқа тіндердегі гликогеннің фосфоролизінің соңғы өнім болып табылады:

1) бос глюкоза

2) +глюкозо – 6 – фосфат

3) глюкозо –1 – фосфат

4) мальтоза

5) галактоза

 

459. Бауырда гликогеннің фосфоролизінің басқа тіндерден айырмашылығы онда соңғы өнім болып табылады:

1. мальтоза

2. +глюкоза

3. глюкозо – 6 – фосфат

4. галактоза

5. галактозо –6 – фосфат

 

460. Гликогенолиздің гидролиз жолы бауырда мына фермент арқылы жүзеге асады:

1) альфа-амилаза

2) липаза

3) сахараза

4) мальтаза

5) +гамма-амилаза

461. Бауырда гликогенолиз гидролиз жолымен жүргенде:

1) белоктардан глюкоза бөлінеді

2) бос май қышқылынан АСҚ бөлінеді

3) +гликогеннен глюкоза бөлінеді

4) гликоген мальтозаға дейін ыдырайды

5) глюкозо – 6 – фосфаттан Н3РО4 бөлінеді

462. Бауырда гликогеннің гидролизінің соңғы өнімі болып табылады:

1) +бос глюкоза

2) глюкозо – 6 – фосфат

3) глюкозо – 1 – фосфат

4) мальтоза

5) фруктоза

 

463. Бос глюкозаның бауырдан қанға бөлінуіне себеп болатын бауырдың арнайы ферменті:

1) фосфорилаза

2) карбоангидраза

3) глюкокиназа

4) +глюкозо – 6 – фосфатаза

5) амилаза

464. Гликоген негізінде келесі мүшелерде қор ретінде жиналады:

1) +бауыр мен қанқа бұлшық еттерінде

2) бүйрек пен қанқа бұлшық еттерінде

3) өкпе мен баурда

4) қанда

5) ми жасушаларында

465. Көмірсулар ағзада гликоген түрінде қор ретінде жиналып келесі қызметті атқарады:

1) +резервтік

2) реттеушілік

3) қорғаныстық

4) пластикалық

5) құрылымдық

466. Бұлшық етте фосфоролиз өнімдері болып табылады:

1) +глюкозо-6-фосфат

2) +глюкозо-1-фосфат

3) глюкоза

4) фруктозо-6-фосфат

5) рибозо-5-фосфат

2 дұрыс жауапты табыңыз

 

467. Көмірсулардың қайсысы қанда кездеседі:

1) +глюкоза

2) гликоген

3) фруктоза

4) крахмал

5) лактоза

468. Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері:

1) 5,2-6,0 ммоль/л

2) 7,0-14,0 ммоль/л

3) 2,3-3,3 ммоль/л

4) 3,3-8,0 ммоль/л

5) +3,4-6,0 ммоль/л

469. Қанда глюкоза мөлшерінің көбейюі:

1) қанның онкотикалық қысымын жоғарылатады

2) қанның онкотикалық қысымын төмендетеді

3) қанның минералды құрамын өзгертеді

4) қанның осмостық қысымын төмендетеді

5) +қанның осмостық қысымын жоғарылатады

 

470. Қандағы глюкоза мөлшерінің қалыпты жағдайдан төмен болуы аталады:

1) +гипогликемия

2) гипергликемия

3) глюкозурия

4) кетонурия

5) гиперинсулинемия

471. Қанда глюкоза мөлшерінің қалыпты жағдайдан артуы аталады:

1) гипогликемия

2) +гипергликемия

3) глюкозурия

4) кетонурия

5) гиперинсулинемия

 

472. Тіндерде глюкозаның негізгі тотығу жолдары:

1) +гликолитикалық

2) +пентозофосфатты

3) гликогенолиз

4) гликолиз

5) анаэробты гликолиз

2 дұрыс жауапты табыңыз

473. Гликолиз – бұл:

1) +анаэробты және аэробты жағдайда цитоплазмада глюкозаның тотығуы

2) аэробты жағдайда глюкозаның тотығуы

3) анаэробты жағдайда гликогенің тотығуы

4) анаэробты жағдайда глюкозаның тотықсыздануы

5) аэробты жағдайда гликогенің тотығуы

474. Қандай тіндерде анаэробты гликолиз активті жүреді:

1) +қанқа бұлшық еттерінде

2) +эритроциттерде

3) бауырда

4) май тінінде

5) мида

2 дұрыс жауапты табыңыз

 

475. Гликолиз үрдісі жүреді:

1) митохондрияда

2) лизосомада

3) эндоплазмалық ретикулумде

4) рибосомада

5) +цитоплазмада

476. Анаэробты гликолиз нәтижесінде глюкозаның бір молекуласынан түзіледі:

1) пируваттың екі молекуласы

2) +лактаттың екі молекуласы

3) ацетил – КоА

4) пируваттың бір молекуласы

5) лактаттың бір молекуласы

477. Гликолиз кезінде тікелей тотығатын субстрат:

1) глюкозо – 6 фосфат

2) диоксиацетонфосфат

3) глюкоза

4) фруктозо – 1,6 – дифосфат

5) +фосфоглицерин альдегиді

478. Гликолиз реакцияларында АТФ түзілетін реакция:

1) фосфоглицеринальдегиді®1,3дифосфоглицерат

2) диоксиацетонфосфат®фосфоглицеринальдегиді

3) фруктозо – 6 – фосфат ®фруктозо – 1,6 – дифосфат

4) +ФЭП® ПЖҚ

5) +1,3 – дифосфоглицерат ®3 –фосфоглицерат

2 дұрыс жауапты табыңыз

 

479.Гликолиздің ФЭП +АДФ® ПЖҚ+ АТФ реакциясын катализдейтін фермент:

1) +пируваткиназа

2) фосфоенолпируваткарбоксилаза

3) пируватдекарбоксилаза

4) пируватлигаза

5) аденилаткиназа

480. 2 – фосфоглицерат фосфоенолпируватқа айналғанда:

1) субстраттан фосфорлану реакциясы жүреді

2) +су бөлініп, жоғары энергиялық субстрат түзіледі

3) АТФ түзіледі

4) су қосылады

5) су бөлінеді

481. 2 – фосфоглицерат ®ФЭП+Н2О реакциясын катализдейтін фермент:

1) фосфоенолпируватгидролаза

2) 2 – фосфоглицератдегидратаза

3) 2 – фосфоглицератгидролаза

4) фосфоенолпируватгидратаза

5) +енолаза

482. Фосфоенолпируват пируватқа айналғанда:

1) су бөлінеді

2) АДФ түзіледі

3) су қосылады

4) +АТФ түзіледі

5) АМФ түзіледі

483. Гликолиз кезінде цитоплазмада түзілген 2 молекула НАДН2 анаэробты жағдайда қалай жұмсалады:

1) митохондрияға тасымалданып, энергия бөледі

2) +пируватты лактатқа тотықсыздандырады

3) цитоплазмада тотығып АТФ түзеді

4) пируваттың тотығуына қатысады

5) шөрнек механизміне қатысады

484. Анаэробты жағдайда ПЖҚ:

1) лактатқа тотығады

2) глюкозаға айналады

3) тотығудан декарбоксилдену реакциясына ұшырайды

4) +лактатқа тотықсызданады

5) ҚСҚ-ға айналады

 

485. Гликолиз процесінде түзілетін глюкозаның аралық өнімі:

1) +фруктозо-1,6-дифосфат

2) глюкурон қышқылы

3) сорбит

4) аминоглюкоза

5) глюкарқышқылы

486. Гликолизде неше қайтымсыз реакция бар:

1) +үш

2) бес

3) бір

4) төрт

5) екі

487. Гликолиз кезінде фруктозо-1,6 дифосфатты ыдырататын фермент:

1) фосфофруктокиназа

2) +альдолаза

3) фосфатаза

4) дегидрогеназа

5) фосфофруктомутаза

488. Егер гликоген мына схемамен гликоген® глюкозо-6-фосфат® 2 лактат ыдыраса неше молекула АТФ қор ретінде жиналады

1) 2АТФ

2) 4АТФ

3) 6АТФ

4) +3АТФ

5) 1АТФ

489. Глюкоза анаэробты жағдайда тотыққанда мына заттар түзіледі:

1) 6Н2О+ 6СО2 +32АТФ

2) СО2 +НАДФН2

3) 6Н2О+ 6СО2 +24АТФ

4) +2 лактат+ 4 АТФ

5) 2 пируват+ 30 АТФ

 

490.Анаэробты гликолизде түзілген лактат:

1) қанға өтіп, өкпеде қор ретінде жиналады

2) +қанмен бауырға түсіп, глюконеогенезге жұмсалады

3) гликолиздің соңғы өнімі болып, зәрмен бөлінеді

4) аланинге айналады

5) шөрнек механизміне жұмсалады

491. Кори циклі

1. Мочевина түзілетін үрдіс

2. лактаттан глюкозаның түзілуі

3. Гликогеннен глюкозаның түзілуі

4. Глюкозадан амин қышқылының түзілуі

5. Глюкозадан майлардың түзілуі

492.Кори цикліне кіретін үрдістер:

1) гликолиз, гликогеногенез

2) гликогеногенез, глюконеогенез

3) +гликолиз, глюконеогенез

4) липолиз, гликолиз

5) липонеогенез, глюконеогенез

493. Глюкозаның заттар алмасуының аралық өнімдерінен түзілу процесі былай аталады:

1) гликолиз

2) гликогеногенез

3) липонеогенез

4) гликогенолиз

5) +глюконеогенез

494. Қандай органдарда глюконеогенез активті жүреді:

1) +бауырда

2) +бүйректе

3) май тінінде

4) қанқа бұлшық еттерінде

5) мида

2 дұрыс жауапты табыңыз

 

495. Глюконеогенез күшейеді:

1)+ қанда лактат көбейгенде

2) +қанда глюкоза азайғанда

3) қанда лактат азайғанда

4) қанда глюкоза көбейгенде

5)+қанда амин қышқылдары көбейгенде

3 дұрыс жауапты табыңыз

496. Глюконеогенездің қайтымсыз реакцияларын көрсетіңіз:

1. +ПЖҚ- ның карбоксилденіп ҚСҚ түзуі (пируваткиназды реакция )

2. +ҚСҚ- ның декарбоксилденіп және фосфорланып ФЕП түзуі

3. ФЕП- тың 2-фосфоглицерат түзуі

4. +фруктозо-1,6-дифосфаттың гидролизденіп фруктозо-6-фосфат түзуі

5. +глюкозо-6-фосфаттың гидролизденіп бос глюкоза түзуі

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

497. Глюконеогенездің қайтымсыз реакцияларына қажетті негізгі ферменттер:

1) +фруктозо-1,6-дифосфатаза

2) +пируваткарбоксилаза

3) +фосфоенолпируваткарбоксикиназа

4) +глюкозо-6-фосфатаза

5) гексокиназа

4 дұрыс жауапты табыңыз

498. Глюкозаның аэробты ыдырау сатыларын ретімен орналастырыңыз:

а) глюкозаның ПЖҚ дейін тотығуы

б) ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилденуі

в) ацетил-КоА тотығуы

г) ТФ

д) БТ

1) +а,б,в,д,г

2) б,в,г,д,а

3) в,г,д,а,б

4) г,д,а,б,в

5) д,а,б,в,г

499.Аэробты жағдайда глюкозаның ыдырауы жүреді:

1) митохондрияда

2) цитоплазмада

3) +цитоплазма мен митохондрияда

4) эндоплазмалық ретикулумде

5) цитоплазмада және рибосомада

500. Глюкозаның гликолитикалық тотығу жолының бірінші сатысы:

1) ҮҚЦ

2) ПЖҚ тотығудан декарбоксилдену

3) БТ

4) Тотығудан фосфорлану

5) +Гликолиз

501. Аэробты жағдайда глюкозаның тотығуы кезінде түзілетін ПЖҚ:

1) лактатқа тотықсызданады

2) организмнен бөлінеді

3) +митохондрияға түсіп, тотығудан декарбоксилденіп, ацетил-КоА түзеді

4) митохондрияға түсіп, лактатқа тотықсызданады

5) этил спиртіне айналады

502. ПЖҚ-нан ацетил-КоА мына реакция арқылы түзіледі:

1) тотығу

2) трансаминдеу

3) +тотығудан декарбоксилдену

4) тотықсыздану

5) Карбоксилдену

 

503. Пирожүзім қышқылының тотығудан декарбоксилдену реакциясына қатысатын витаминдер:

1) пиридоксин

2) +тиамин

3) +ниацин

4) Фоль қышқылы

5) +пантотен қышқылы

3 дұрыс жауапты табыңыз

504. Гликолиз кезінде цитоплазмада екі молекула НАДН2 түзіледі. Бұл қосылыстар аэробты жағдайда қалай жұмсалуы мүмкін:

1) митохондрияға тасымалданып, энергия бөледі

2) пируватты лактатқа тотықсыздандырады

3) цитоплазмада тотығып АТФ түзеді

4) пируваттың тотығуына қатысады

5) +шөрнек механизміне қатысады

 

505. Шөрнек механизмінің ролі:

1) пируватты митохондрияға тасымалдау

2) лактатты митохондрияға тасымалдау

3) +цитозольды НАДН2-ден сутек атомдарын митохондрияға тасымалдау

4) цитозольды НАДН2 митохондрияға тасымалдау

5) митохондрияның мембранасына АТФ тасымалдау

506. Малатты шөрнек механизміне кіретін реакция:

1) +цитоплазмада алма қышқылының түзілуі

2) +митохондрияларда малаттың ҚСҚ-на дейін тотығуы

3) цитоплазмада ПЖҚ-ның лактатқа дейін тотықсыздануы

4) +цитоплазмада ҚСҚ-ның тотықсыздануы

5) +митохондрияларда малатдегидрогеназалардың тотықсыздануы

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

507. Глицерофосфатты шөрнек механизміне кіретін реакция:

1) цитоплазмада глицерофосфаттың ФГА-ға дейінтотығуы

2) +цитоплазмада ДОАФ-тың тотықсыздануы

3) +митохондрияларда глицерофосфаттың тотығуы

4) +цитоплазмада НАДН2-нің тотығуы

5) +митохондрияларда глицерофосфатдегидрогеназаның тотықсыздануы

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

508. Екі молекула ПЖҚ СО2 мен Н2О-ға дейін тотыққанда неше молекула АТФ түзіледі:

1) 2

2) 6

3) 36

4) +30

5) 32

509. Гликолиз кезіндегі АТФ синтезіне (субстраттан фосфорлану) қатысатын заттар:

1) ФГА мен ДОАФ

2) +1,3 дифосфоглицерат пен фосфоенолпируват

3) ФЭП пен ФГА

4) глюкоза мен глюкозо-6-фосфат

5) фруктозо-6-фосфат пен фруктозо-1,6-дифосфат

 

510. Гликолиздің қайтымсыз реакциялары:

1) +глюкоза +АТФ ®глюкозо – 6 – фосфат +АДФ

2) глюкозо – 6 – фосфат®фруктозо – 6 – фосфат

3) +фруктозо – 6 – фосфат+АТФ®фруктозо –1, 6 – дифосфат+АДФ

4) фруктозо –1, 6 – дифосфат®ФГА+ДОАФ

5) +фосфоенолпируват+АДФ® пируват+ АТФ

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

511. Гликолитикалық тотығу жолының екінші сатысы:

1) тіндердегі тыныс алуы

2) ҮҚЦ

3) лактатың тотығуы

4) +ПЖҚ тотығудан декарбоксилденуі

5) трансаминдеу реакциясы

512. Глюкозаның аэробты жолымен ыдырауының соңғы өнімі болып табылады:

1) ПЖҚ

2) лактат

3) көмірқышқыл газы және пируват

4) +көмірқышқыл газы және су

5) көміртегі тотығы

 

513. Глюкоза тотыққанда түзілетін аралық өнімдер келесі заттардың синтезіне пайдаланылуы мүмкін:

1) +глицерин

2) +нуклеин қышқылы

3) +холестерин

4) алмастырылмайтын амин қышқылы

5) +алмастырылатын амин қышқылы

4 дұрыс жауапты табыңыз

514. Глюкоза гликолитикалық жолмен тотыққанда (малатты шөрнек механизм қатысуымен) түзіледі:

1) +38 АТФ

2) 36 АТФ

3) 32АТФ

4) 24 АТФ

5) 30 АТФ

515. Глюкозаның пентозофосфатты жолымен тотығуы болып табылады:

1) қайтымсыз

2) +циклді, қайтымды

3) +ферментативті

4) аэробты

5) +пентозалардың мен НАДФН2 көзі

3 дұрыс жауапты табыңыз

516. Пентозофосфат циклінің аралық (фруктозо-6-фосфат пен ФГА) келесі процеске пайдаланылуы мүмкін:

1) +гликолизге

2) гликогенолизге

3) гликогеногенезге

4) липолизге

5) мочевинаның синтезіне

517. Пентозофосфат циклінің маңызы мынада, себебі келесі заттардыңкөзі болып табылады:

1) +пентозалардың

2) +НАДФН2-нің

3) +Организмге пентозалар көп түскенде глюкозаның көзі

4) АТФ түріндегі энергияның көзі

5) НАДН2-нің түріндегі энергияның түрі

3 дұрыс жауапты табыңыз

518. Глюкозаның пентозофосфатты жолымен тотығуының гликолитикалық жолынан айырмашылығы:

1) НАДН2-нің түріндегі энергияның түрі

2) +НАДФН2-нің түріндегі энергияның түрі

3) +пентозофосфаттардың көзі болып табылады

4) АТФ түріндегі энергияның түрі

5) глюкозаның фосфорлануынан басталады

2 дұрыс жауапты табыңыз

 

519. Пентозофосфат циклінде түзілген пентозалар келесі заттардың түзілуіне жұмсалады:

1) +коферменттердің

2) +нуклеотидтердің

3) +ДНҚ

4) Гликозамингликандардың

5) БМҚ

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

520. Глюкозаның пентозофосфатты жолымен тотығуына қатысатын ферменттер:

1) флавопротеидтер (коферменті ФМН)

2) флавопротеидтер (коферменті ФАД)

3) пиридинферменттер (коферменті НАД)

4) +пиридинферменттер (коферменті НАДФ)

5) метилтрансферазалар

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ТАҚЫРЫБЫ: ЭНЕРГИЯ АЛМАСУЫ | Тақырыбы: ЛИПИДТЕР АЛМАСУЫ.
vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам!