Главная | Случайная

КАТЕГОРИИ:






ЗАТТАР АЛМАСУЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. 1 страница

666. Белоктардың негізгі қызметі:

1. энергетикалық

2. +катализдік

3. +реттеуші

4.+ структуралық

5. +қорғаныстық

4 дұрыс жауапты табыңыз

667. Белоктардың құндылығы анықталады:

1. құрамында фосфор қышқылының болуымен

2. алмастырылатын аминқышқылының болуымен

3.+ алмастырылмайтын аминқышқылының болуымен

4. бөлінетін энегиямен

5. простетикалық тобымен

 

668. Организмдегі амин қышқылдарының негізгі биологиялық ролі болып табылады:

1) +гем мен порфиндердің синтезіне қатысуы

2) +белоктар мен гормондар синтезіне қатысуы

3) +биогенді аминдер мен нейропептидтердің түзілуіне қатысуы

4) +глюконеогенезге қатысуы

5) тотығуы және энергия бөлуі

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

669. Ересек адам 1 кг дене салмағына есептегенде қажет болатын тәуліктік белок мөлшері:

1) 0,3-0,4г

2) 5,0-6,0г

3) +0,7-0,8г

4) 9,0-10,0г

5) 11,0-12,0г

670. Тағаммен белоктардың жеткіліксіз түсуі келесі ауруларды туғызады:

1. бауырдың майлануы

2. фенилкетонурия

3.+ квашиоркор

4. +маразм

5. алкаптонурия

2 дұрыс жауапты табыңыз

671. Оң азотты баланс:

1) тағам арқылы түскен азоттың(белок ретінде)организмнен бөлінген азоттан аз болуы

2) +тағам арқылы түскен азоттың (белок ретінде) организмнен бөлінген азоттан көп болуы

3) тағам арқылы түскен азоттың (белок ретінде) организмнен бөлінген азотпен тең болуы

4) жасушада синтезделген белоктың тағам арқылы түскен белоктан көп болуы

5) жасушада синтезделген белоктың тағам арқылы түскен белоктан аз болуы

 

672. Қандай жағдайлар кезінде оң азотты баланс дамиды:

1) +екі қабат кезінде

2) +жасөспірімдерде

3) орта жаста

4) ісік ауруларында

5) аштықта

2 дұрыс жауапты табыңыз

 

673. Қандай жағдайлар кезінде теріс азотты баланс дамиды:

1) екі қабат кезінде

2) жасөспірімде

3) + қарт адамдарда

4) +ісік ауруларында

5) +аштықта

3дұрыс жауапты табыңыз

674. Қан плазмасының белоктарының қоры қажет:

1) зат алмасудың улы өнімдерін усыздандыру үшін

2) алмастырылмайтын амин қышқылдарының қорын толтыру үшін

3) +қансырыған кезде қанның онкотикалық қысымын қалпына келтіру үшін

4) гормондық балансты қалпына келтіру үшін

5) қан сары суының пигменттерін түзу үшін

675. Организмдегі белоктар алмасуының ерекшелігі болып табылады:

1) +организмде белоктар қор ретінде жиналмайды

2) организмде белоктар синтезделмейді

3) +құнды белоктардың синтезі үшін тағаммен алмастырылмайтын амин қышқылдары түсіп тұруы керек

4) +белоктардың функциясын басқа ешқандай заттар атқаралмайды

5) +белоктар үнемі жаңарып отырады, сондықтан тағаммен үнемі түсіп тұруы қажет

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

 

676. Тағам белоктарының қорытылуына қатысатын ферменттер:

1) +пепсин,гастриксин

2) +трипсин, химотрипсин

3) +карбоксипептидаза мен аминопептидаза

4) катепсиндер, энтеропептидазалар

5) +дипептидаза, трипептидаза

4 дұрыс жауапты табыңыз

677. Асқазан сөлінде кездесетін пептидгидрозалар:

1. карбоксипептидаза

2. аминопептидаза

3. +пепсин

4. +гастриксин

5.химотрипсин

2дұрыс жауапты табыңыз

678. Асқазанда белоктардың қорытылуы үшін қажет:

1. +тұз қышқылы

2. пепсиноген

3. +пепсин

4. сүт қышқылының түзілуі

5. Каслдің ішкі факторы

2 дұрыс жауапты табыңыз

679. Асқазанның секреторлы жасушаларын протеаза әсерінен қорғайтын механизмдерді көрсетіңіз.

1. +құрамында муцин бар шырыштың түзілуі

2. +ферменттердің тек асқазан қуысында активтенуі

3. +асқазанның эпителиальды жасушаларының НСО-3 иондарын секрециялауы

4. +зақымданған эпителийдің тез регенерациялануы

5. ферменттердің активті түрде синтезделуі

4 дұрыс жауапты табыңыз

680. Асқазан сөлінің құрамына кіреді:

1. +НСІ

2. +химозин

3.+ пепсин

4. +гастриксин

5. трипсиноген

4 дұрыс жауапты табыңыз

681. Проферменттер ас қорыту сөлдерінде активтенеді:

1) Н3РО4 бөлінуінен

2) белоктың екіншілік структурасы өзгеруінен

3) белоктың үшіншілік структурасы өзгеруінен

4) Н3РО4 қосылуымен

5) +арнайы пептидтердің бөлінуінен

 

682. Асқазан сөлінің HCl-ы қажет:

1) +пепсиногенді активтеу үшін

2) трипсиногенді активтеу үшін

3) +белоктардың денатурациясына

4) +дезинфекция үшін

5) +сфинктердің жұмысын реттеу үшін

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

683. Асқазан сөлінің муцины қажет:

1) +асқазан кілегей қабатын өзін-өзі қорытудан сақтау үшін

2) +HCl әсерінен қорғау үшін

3) В12 витамині сіңірілу үшін

4) асқазан ферментерін активтендіру үшін

5) сфинктердің жұмысын реттеу үшін

2 дұрыс жауапты табыңыз

 

684. Асқазан сөлінің гастромукопротеиді қажет:

1) асқазан кілегей қабатын өзін-өзі қорытудан сақтау үшін

2) HCl әсерінен қорғау үшін

3) +В12 витамині сіңірілу үшін

4) асқазан ферменттерін активтендіру үшін

5) В1 витаминін басқа заттардан қорғау үшін

 

685. Асқазан сөлінің құрамында мына мөлшерде кездеседі:

1) +99,4-99,5% су

2) +0,5-0,6% құрғақ зат

3) +0,1 %органикалық зат

4) +0,4-0,5%бейорганикалық зат

5) 5,0-6,0% тұз қышқылы

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

686. Қалыпты асқазан сөлінің рН-ы:

1) 3,0-5,0

2) +1,5-2,0

3) 8,8-9,0

4) 10,4-12,8

5) 5,5-6,8

 

687. Асқазан сөлінің негізгі бейорганикалық компоненті:

1) су

2) СО

3) +тұз қышқылы

4) күкірт қышқылы

5) аммоний сульфаты

688. Асқазан сөлінің негізгі органикалық құрамдас бөлігі:

1) +ферменттер: пепсин, гастриксин, липаза

2) ферменттер: пепсин, гастриксин, амилаза

3) +муциндер

4) +гастромукопротеид

5) +аз мөлшерде органикалық қышқылдар

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

689. Қалыпты асқазан сөлінің қышқылдық түрлері:

1) +жалпы қышқылдық

2) +бос HCl қышқылдығы

3) көмірсулармен байланысқан HCl қышқылдығы

4) бос және бикарбонатпен байланысқан HCl қышқылдығы

5) +белоктармен байланысқан HCl қышқылдығы

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

690. Жалпы қышқылдық дегеніміз:

1) 1 л асқазан сөліндегі барлық қышқылдық заттардың жиынтығы

2) +100 мл асқазан сөліндегі барлық қышқылдық заттардың жиынтығы

3) 20 мл асқазан сөліндегі барлық қышқылдық заттардың жиынтығы

4) 50 мл асқазан сөліндегі барлық қышқылдық заттардың жиынтығы

5) 10 мл асқазан сөліндегі барлық қышқылдық заттардың жиынтығы

 

691. Асқазан сөлінің қышқылдық түрлері және олардың қалыпты мөлшерлері арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А. Жалпы қышқылдық

Б. Бос HCl

В. Байланысқан HCl

а) 8-12 мл

б) 20-40 мл

в) 40-60 мл

1) А-б,Б-в,В-а

2) А-а,Б-в,В-б

3) +А-в,Б-б,В-а

4) В-б,А-в,Б-а

5) А-б,Б-а,В-в

 

692.Келесі түсініктер және оларға тиісті мағынасы арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А.ахилия

Б.ахлоргидрия

В.гипохлоргидрия

Г.гиперхлоргидрия

а) бос HCl-дың болмауы

б) жалпы қышқылдықтың жоғарлауы

в) жалпы қышқылдықтың төмендеуі

г) жалпы қышқылдық нольге тең, ферменттер мен белоктардың болмауы

1) А-б,Б-в,В-г,Г-а

2) А-в,Б-г,В-а,Г-б

3) +А-г,Б-а,В-в,Г-б

4) А-г,Б-а,В-б,Г-в

5) А-а,Б-г,В-б,Г-в

693. Қалыпты асқазан сөліне тән физико-химиялық қасиеттер:

1) Күшті қышқылдық, иісі бар, сәл тұтқыр, тәулігіне 2 л бөлінеді

2) әлсіз жеңіл қышқылдық иісі бар сарғыш түсті, түтқір, тәулігіне 2 л бөлінеді

3) әлсіз қышқылдық, иісті, түссіз, өте тұтқыр, тәулігіне 2 л бөлінеді

4) Иіссіз, түссіз, сәл тұтқыр, тәулігіне 3 л бөлінеді

5) +Әлсіз қышқылдық иісті, түссіз, сәл тұтқыр, сұйықтық тәулігіне 2 л бөлінеді

 

694. Асқазан сөлін зерттеу нәтижесінде жалпы қышқылдық «0» тең, бос HCl анықталмады. Пепсин және гастриксин жоқ. Бұл жағдай қалай аталады:

1) +ахилия

2) ахлоргидрия

3) гипохлоргидрия

4) гиперхлоргидрия

5) қалыпты асқазан сөлі

 

695. Асқазан сөлінде шіріген иіс пайда болды:

1) пепсиннің болуынан

2) ашудан

3) +ыдыраған тағамның тұрып қалуынан

4) тағамдардың күшті қорытылуынан

5) тұз қышқылының болуынан

 

 

696. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөлігі:

1) +ұшқыш май қышқылдары

2) +өт қышқылдары

3) +қан

4) +сүт қышқылы

5) муциндер

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

697. Асқазан сөлінде өт пайда болды:

1) гиперхлоргидрияда

2) +гипохлоргидрияда

3) қантты диабетте

4) +ахилияда

5) +пилорикалық бөлігі өзгеріске ұшырағанда

3 дұрыс жауапты табыңыз

698. Асқазан сөлінің түсінің сары болуы:

1) HCl бар кезінде құрамында өттің болуы

2) +HCl болмағанда құрамында өттің болуы

3) Құрамында қанның болуы, қышқылдылықтың төмендеуі кезінде

4) Құрамында сүт қышқылының болуына байланысты

5) Құрамында ұшқыш май қышқылдарының болуына байланысты

699. Асқазан сөлінің жасыл түсті болуы байланысты:

1. +НСІ бар кезінде құрамында өттің болуына

2. НСІ болмағанда құрамында өттің болуына

3. қанның болуы

4. сүт қышқылының болуы

5. ұшқыш май қышқылдарының болуына

 

700. Асқазан сөліне «кофе» тәрізді түс береді:

1) өт

2) қан, HCl болмауы

3) +қан, қышқылдықтың жоғарылауы кезінде

4) белоктың шіру өнімдері

5) көмірсулардың ашыған өнімдері

 

701. Асқазан сөлінің қызыл түсті болуы онда:

1. өттің болуында

2. +НСІ болмағанда қанның болуында

3. қышқылдық жоғары болғанда қанның болуы

4. белоктардың шіру өнімдерінің болуы

5. көмірсулардың шіру өнімдерінің болуы

 

702. Асқазан сөлі бұзылған майдың иісіндей иіске ие. Бұл жағдай байланысты:

1. қанның болуымен

2. тағамның тұрып қалуымен

3. НСІ болуымен

4.+ ұшқыш май қышқылдарының болуымен

5. өттің болуымен

 

703. Асқазан сөлінде өт және сүт қышқылы пайда болды:

1) гиперхлоргидрияда

2) +гипохлоргидрияда

3) +ахлоргидрияда

4) +ахилияда

5) сарғыштануда

3 дұрыс жауапты табыңыз

704. Асқазан сөлінде сүт қышқылдарының көбеюі байланысты:

1. трипсиннің жетіспеушілігінде

2. пепсиннің жетіспеушілігінде

3. +НСІ жетіспеушілігінде

4. тұз қышқылының көбеюіне

5. гастриксиннің жетіспеушілігіне

 

705. Ұйқы безінің сөлінде кездесетін ферменттер:

1) аминопептидазалар

2) дипептидаза, трипептидаза

3) пепсин және гастриксин

4) +трипсин және химотрипсин

5) +карбоксипептидаза

2 дұрыс жауапты табыңыз

706. Ішек сөлінің ферменттері:

1. +аминопептидазалар

2. трипсин және химотрипсин

3. + дипептидазалар

4. карбоксипептидазалар

5. пепсин және гастриксин

2 дұрыс жауапты табыңыз

 

707. Белоктардың шіруі-бұл:

1. олардың тотығуы

2. аминқышқылдарының ішек сөлі ферменттердің әсерінен ыдырауы

3.+ аминқышқылдарының тоқ ішектің микрофлорасының әсерінен ыдырауы

4. олардың тотықсыздану

5. олардың дезаминденуі

708. Ішекте белоктардың шіруі келесі жолдармен іске асады:

1. дегидратация

2. тотықсыздану

3. +декарбоксилдену

4. дезаминдеу

5. +аминқышқылдарының бүйір тізбегінің ыдырауы

2 дұрыс жауапты табыңыз

709. Декарбоксилдену жолымен шіруге ұшырайтын АҚ:

1. тирозин

2. +лизин

3. триптофан,

4. +орнитин

5. глутамин қышқылы

2 дұрыс жауапты табыңыз

710. Бүйір тізбегінің тотығуы жолымен шіруге ұшырайды:

1. гистидин

2.+ триптофан

3. +тирозин

4. фенилаланин

5. изолейцин

2 дұрыс жауапты табыңыз

711. Тоқ ішектегі шіру процесінде түзіледі:

1. +индол, скатол

2. +крезол, фенол

3. гиппур қышқылы

4. индикан

5. +кадаверин, путресцин

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

 

712. Тоқ ішекте белоктар шіріген кезде тирозиннен түзіледі:

1) +крезол, фенол

2) скатол,индол

3) метилмеркаптан

4) путресцин

5) кадаверин

713. Тоқ ішекте белоктар шіріген кезде триптофаннан түзіледі:

1) +скатол, индол

2) крезол,фенол

3) метилмеркаптан

4) күкіртті сутек

5) кадаверин, путресцин

 

714. Тоқ ішекте белоктар шіріген кезде лизиннен түзіледі:

1) +кадаверин

2) индикан

3) индол, скатол

4) крезол, фенол

5) путресцин

 

715. Тоқ ішекте белоктар шіріген кезде орнитиннен түзіледі:

1. кадаверин

2. индикан

3. индол, скатол

4. крезол, фенол,

5. +путресцин

 

716. Индол залалсызданғанда түзіледі:

1. скатол

2. +жануар индиканы

3. гиппур қышқылы

4. бензой қышқылы

5. фенол

717. Белоктар шірігенде түзілген өнімдер бауырда усызданады:

1. +күкірт және глюкурон қышқылдарымен коньюгациялану реакцияларында

2. глицинмен коньюгациялану реакциясымен

3. диаминооксидазалар әсерінен

4. глюкурон және бензой қышқылдарымен коньюгациялану реакцияларында

5. фосфор қышқылымен коньюгациялану реакцияларында

718. Белоктар шіруінің улы өнімдері залалсызданады:

1. ащы ішекте

2. тоқ ішекте

3. бүйректе

4. +бауырда

5. лимфа өзектерінде

 

 

719. Амин қышқылдары ішек қабырғасына сіңіріледі:

1.+ К+, Nа+ -АТФ-аза көмегімен екіншілік белсенді транспорт арқылы

2. +Гамма-глутамилтрансфераза көмегімен

3. К+, Nа+ - АТФ-аза көмегімен біріншілік белсенді транспорт арқылы

4. біріншілік белсенді транспорт арқылы

5. жай диффузия арқылы

2 дұрыс жауапты табыңыз

720. Сіңірілген амин қышқылдары жасушада қолданылуы мүмкін:

1. +құрылымдық белоктардың синтезіне

2. +ферменттер синтезіне

3. +гормондар синтезіне

4. алмастырылмайтын амин қышқылдарының синтезіне

5. +креатин синтезіне

4 дұрыс жауапты табыңыз

721. Креатин синтезі жүреді:

1. бауыр мен өкпеде

2.+ бүйрек пен бауырда

3. жүрек пен бүйректе

4. ішек қабырғасы мен бұлшық етте

5. қанқа бұлшық еті мен миокардта

722. Креатин түзілуі үшін қолданылатын амин қышқылдары:

1. аргинин, глицин, цистин

2. аланин, аргинин, метионин

3. глицин, метионин, орнитин

4. +аргинин, глицин, метионин

5. аланин, орнитин, цистеин

723. Креатиннің маңызы:

1. +одан креатинфосфат түзіледі

2. энергия көзі болып табылады

3. одан креатинин түзіледі

4. соңғы өнімге дейін тотығады

5. гормондар түзуге жұмсалады

724. Креатинфосфат_― H3PO4 пен энергия көзі:

1. ферменттерді активтеу үшін

2. ГТФ ресинтезі үшін

3. Бауырда АТФ ресинтезі үшін

4. +Бұлшық етте АТФ ресинтезі үшін

5. Нуклеотидтер түзілу үшін

725. Креатинин негізінен түзіледі:

1. бауырда

2. бүйректе

3. +қаңқа бұлшық еттерде

4. эндокриндік бездерде

5. өкпеде

726. Креатинин:

1. креатин түзілу үшін қолданылады

2. креатинфосфат түзілу үшін қолданылады

3. +соңғы өнім ретінде зәрмен бөлінеді

4. белоктар алмасуының аралық өнімі болып табылады

5. бауырдың функциясын анықтау үшін қажет

727. Трансаминдеу-ол:

1. +амин тобын молекула аралық тасымалдау реакциясы

2. тиотоптарды молекула аралық тасымалдау реакциясы

3. метил тобын молекула аралық тасымалдау реакциясы

4. амин қышқылды рибосомаға тасымалдау

5. амин қышқылды мембрана арқылы тасымалдау

 

728. Ағзада алмастырылатын амин қышқылдары келесі жолдармен синтезделеді:

1. +қайта аминдеу

2. дезаминдеу

3. декарбоксилдену

4. +тотықсыздана аминдену

5. +ферменттік өзара бір-біріне айналуы нәтижелерінде

3 дұрыс жауапты табыңыз

729. Трансаминдеу үрдісінің маңызы:

1. +алмастырылатын амин қышқылдарының синтезі

2. алмастырылмайтын амин қышқылының синтезі

3. амин қышқылды мембрана арқылы тасымалдау

4. +аминқышқылдары катаболизмінің бастапқы сатысы

5.+ көмірсулар мен белоктар алмасуын өзара байланыстырады

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

730. Анаболикалық реакцияларға пайдаланылмаған амин қышқылдары ыдырайды:

1. карбоксилдену, амидтену

2. дегидратациялану, дезамидтену

3. гидролиздену, карбоксилдену

4. +дезаминдену, декарбоксилдену

5. метилдену, амидтену

731. Аминқышқылы декарбоксилденген кезде түзіледі:

1. альфа-кето қышқылы +СО2

2. қаныққан май қышқылы +СО2

3. оксиқышқылы +СО2

4. амидтер+СО2

5.+ биогенді аминдер +СО2

 

732. Биогендік аминдер қандай реакция нәтижесінде түзіледі:

1. тотыға аминдену

2. тотықсыздана аминдену

3. қайта аминдену

4. +декарбоксилдену

5. амидтену

733. Серотонин мына амин қышқылынан түзіледі:

1. гистидиннен

2. глутамин қышқылынан

3. тирозиннен

4.+ триптофаннан

5. аспарагин қышқылынан

734. Сертониннің физиологиялық әсері:

1. қан тамырларын кеңейтеді, өткізгіштігін арттырады

2.+ қан тамырларын тарылтады, ішек перистальтикасын күшейтеді

3. тұз қышқылының секрециясын арттырады

4. нерв импульсінің берілуін тежейді

5. мида қан айналуын жақсартады

735. γ-аминомай қышқылы (ГАМҚ) мына аминқышқылынан түзіледі:

1. гистидиннен

2. +глутамин қышықылынан

3. тирозиннен

4. триптофаннан

5. аспарагин қышқылынан

736. ГАМҚ-ң физиологиялық әсері:

1. қан тамырларын кеңітеді

2. қан тамырларын тарылтады

3. тұз қышқылының секрециясын арттырады

4. +қозу процесін тежейді

5. +мида қан айналымын жақсартады

2 дұрыс жауапты табыңыз

737. Гистамин түзіледі:

1. глутамат декарбоксилденгенде

2. +гистидин декарбоксилденгенде

3. триптофан декарбоксилденгенде

4. аспарагин қышқылы декарбоксилденгенде

5. тирозин декарбоксилденгенде

738. Гистаминнің физиологиялық әсері:

1. +қан тамырларын кеңейтеді, өткізгіштігін арттырады

2. қан тамырларын тарылтады

3. +тұз қышқылының секрециясын арттырады

4. нерв импульсінің берілуін тежейді

5. мида қан айналуын жақсартады

 

2 дұрыс жауапты табыңыз

 

739. Қабыну және аллергиялық реакцияның медиаторы болатын биогенді аминді көрсетіңіз:

1. ацетилхолин

2. серотонин

3. дофамин

4. адреналин

5. +гистамин

740. Аталған аминқышқылдарының дезаминдену түрлерінің ішіндегі ең маңыздысы:

1. +тікелей емес тотыға

2. тотықсыздана

3. гидролитикалық

4. молекула ішілік

5. тікелей тотыға

 

741. Қандай қышқыл тікелей емес тотығудан дезаминденуге негізгі роль атқарады:

1. аланин

2. пирожүзім қышқылы

3. +глутамин қышқылы

4. қымыздық сірке қышқылы

5. сүт қышқылы

 

742. Амин қышқылдарының аралық алмасуына глутамин қышқылының негізгі рөлі анықталады:

1.+ трансаминдену кезінде амин тобының универсальды доноры ретінде қатысады

2.+ a кетоглутар қышқылынан жеңіл түзілетіндігінде

3. алмастырылмайтын амин қышқылдығында

4.+ ГАМҚ-ның негізін салушы

5. +аммиакты тасымалдауға қатысады

4 дұрыс жауапты табыңыз

 

743. альфа―аминқышқылы тотығудан дезаминденген кезде түзіледі:

1. +НАДН2

2.ФМНН2

3. +аммиак

4.+ альфа-кетоқышқылы

5.оксиқышқылы

3 дұрыс жауапты табыңыз

 

744. Аминқышқылдары дезаминденген кезде түзіледі:

1. +альфа-кетоқышқылы

2. +қаныққан және қанықпаған май қышқылдары

3. альдегидтер

4. +оксиқышқылы

5. биогенді аминдер

3 дұрыс жауапты табыңыз

745. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтары жұмсалуы мүмкін:

1. +энергия көзі ретінде

2. +глюконеогенезге

3. көп қанықпаған май қышқылдарының синтезіне

4. +кетон денелерінің синтезіне

5. +липидтер синтезіне

4 дұрыс жауапты табыңыз

746. Тікелей емес тотығудан дезаминдену реакциясына қатысады:

1. трансаминазалар және декарбоксилазалар

2. НАД және НАДФ тәуелді оксидазалар

3. НАД және ФАД-тәуелді оксидазалар

4. +Трансаминазалар және НАД-тәуелді оксидазалар

5. Оксигеназалар және ФМН тәуелді оксидазалар

747. Организмдегі аммиакты залалсыздандыру реакцияларына жатады:

1.+ амидтену

2. +мочевина синтезі

3. +тотықсыздана аминдену

4. трансаминдену

5. +аммонийгенез

4 дұрыс жауапты табыңыз

748. Қандай реакциялардың нәтижесінде аммиак түзіледі:

1. +амин қышқылдарының тотығудан дезаминденуінде

2. +пуриндік және пириминдік нуклеотидтердің ыдырауында

3. +амидтердің дезамидтенуінде

4. +биогенді аминдерді активсіздендіргенде

5.трансаминденуде

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тақырыбы: ЛИПИДТЕР АЛМАСУЫ. | ЗАТТАР АЛМАСУЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. 2 страница
vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам!