Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар




1. Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның iшiнде мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшiн кадр, бақылау, заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi тарта отырып, онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды, сондай-ақ өздерiне белгiлi болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тiркеудi және олар туралы осы баптың 2-тармағында аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етедi.
2. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық қызметi, кеден қызметi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi жүзеге асырады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндеттi.
Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәлiметтерi бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнiнде заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк орган құруға, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.
Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.12 N 240, 2002.08.09 N 346, 2003.09.25 N 484, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2013.01.16 N 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных