Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экзаменационный билет № 10




Сұрақтар:

Вопросы:

1. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.

2. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.

  1. Салалық басылымдарды атаңыз. Салалық басылымдар дегеніміз – тек бір ғана салаға арналған газет немесе журнал. Қазіргі кезде қазақ журналистикасында салалық басылымдардың үлкен шоғары қалыптасып келеді. Салалық баспасөз туралы белгілі ғалым Т.Бекниязов былай дейді: «Салалық баспасөз – түрлі салаларды қамти отырып бөлінеді. Министрліктер мен комитеттердің жұмына арналады. Сондай-ақ оқу-білімге, өндіріске, ауыл шаруашлығына, құрылысқа т.б. арналуы мүмкін», дей келе ғалым: «...Қазақстанда салалық болып жіктеледі. Әлеуметтік топтарға және тақырыптық бағытта да басылымдар бар»,Қазақ баспасөзі тарихында білімге, өнерге, тек әйелдерге арналған салалық басылымдар болды. Сол салалық басылымдардың өзіндік мақсат-мүддесі болды. Мәселен, өткен ғасырдың 20-шы жылдарында жарық көрген «Жаңа мектеп», «Ауыл мұғалімі», «Қазақстан мектебі» т.б. басылымдардың басты мақсаты сауатсыздықты жою, ағартушылық қызмет жүргізу болып табылды. Бұл басылымдар қазақ халқының рухани дүниесінде үлкен мәнге ие. Оның үстіне қазіргі уақытта кез-келген сала дамып, күрделене түсуде. Осы салаларды саралап, жіктеп таразылайтын жеке-жеке ғылым салалары пайда бола бастады. Сондықтан да салалалық басылымдарға қажеттілік туды.

Осы ретте Ресей ғалымы А. Мураковский мына сөзімен келіспеуге болмас: «Журналистиканы салаландыру өте қажет. Мәселен, физика туралы жазатын журналистер кез келген ғалымдармен ядролық физика туралы тең дәрежеде сөйлесе білетін деңгейде болуы қажет. Бұл жерде журналистке жоғары біліктілік, саланы жете меңгергендік қажет болады. Оның әмбебаптылығынан гөрі, салаланғандығы маңыздырақ. Сондықтан да қазіргі уақытта бір саланы жеттік меңгерген журналистерге сұраныс жоғары. Бір саланы жақсы меңгерге журналист ғана сол саланың барлық проблемасын, оны шешу жолдардарында қандай адамдардың жүргендігін білді, оларды сөзге тарта алады, бір сөзбен айтқанда өзіне не керектігін біледі»,Ғылым мен техниканың дамуы адамдардың барлық салада әмбебап болуын қажетсінеді. Мәселен, күнделікті қоғамдық-саяси басылымдарда жұмыс істейтін адам саясатты да, экономиканы да, қажет болған жағдайда мәдениетті де жазып келуге дағдыланған. Өйткені оған қойылған талап солай. Бірақ олай болуы мүмкін еместігін барлығы біледі. Жан-жақты хабардар болуы мүмкін, бірақ барлық саланы бір адам бес саусақтай меңгеруі ақылға сыйымсыз. Сондықтан да болар қазіргі күнделікті, апталық басылымдар редакцияны тақырып бойынша жеке-жеке топтарға бөліп тастаған. Мәселен, экономика, саясат, әлеумет, спорт т.б.Бүгінгі уақытта салалық басылымдарда кездесіп отырған бір проблеманың ұшы осы «әмбебап» кадрларға байланысты болып жатады. Аталған мәселе жайлы Мәдениет журналының бас редакторы Д.Исабеков тіптен жақсы айтады: “Қаптап жүрген журналистердің көпшілігі біздің талабымызға сай келмей жатты. Олардың арасында өнер мен мәдениетті жақсы білетін, олардың ішкі проблемаларына үңіліп қарай алатын, қазақ мәдениетінің жетістіктері мен кемістіктерін әлемдік мәдени процестермен ұштастыра отырып сараптама жасай алатын қаламгерлер сирек боп шықты” [4], – дейді. Негізгі проблеманың бәрі маманда екені баршамызға аян. Сондықтан да салалық басылымдар айналасындағы мәселелер олардың бүгінгі қоғамда атқарып отырған қызметтері жайлы зерттеу артықтық етпесі анық.Жалпы салалық басылымдар бүгінгі уақытта жеке зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі деп шегелеп айтқымыз келеді. Салалық басылымдардың құрылымдық, жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне жеке-жеке талдау жасау сол арқылы қазақ журналистикасы тарихында салалық басылымдардың орнын анықтау бүгінгі тәуелсіз қазақ журналистикасының маңызды міндеттері деп білеміз.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных