Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Matlab-тың графикалық мүмкіндіктері




Графика ұғымы, белгілі бір анықталған қасиеттері бар графикалық обьектілердің сызбасын береді. Графикалық командалардың молдығына қарамастан, олардың синтаксисі қарапайым және жаңадан үйренушілерге жеңіл түсіндіріледі. « Қарапайымнан күрделіге» ережесін басшылыққа ала отырып, біз алдымен графика функциясын өзгергіш ретінде, содан соң үш өлшемді графикті, арнайы, анимациялық және дискрипторлық графиктерді қарап шығамыз.

Көп жағдайда есептеу нәтижелерін сараптама жасау үшін оның графигін сызу қажет болады. Бұл үшін Matlab жүйесінің мүмкіндіктері үлкен. Сондай-ақ график сызу үшін бұл жерде бір функцияны қолдану жеткілікті. Matlab график тұрғызу барысында арнайы графикалық терезе ашып, онда абсцисса және ордината осьтерін сызып, аргумент пен функцияның мәндерін көріп, график тұрғызып береді. Бір терезеге бірнеше графиктерді, әр түрлі түсте, түрлі сызықтармен сызуға болады. Сондай-ақ суретті өзгертуге, рәсімдеуге, сақтауға болады.

MatLab векторлардың және матрицалардың графикалық бейнелеулері үшін зор мүмкіндіктерге ие, сонымен қатар түсініктеме беру және графиктерді баспаға шығаруға болатындығы.

Plot функциясы әртүрлі формада болады, олар енгізілген параметрлерге байланысты. Мысалы, plot(y) кезектеп-ұзындық графигін құрады. Мұндағы у - олардың индексі. Егер аргумент түрінде екі вектор берілсе, онда plot(x,y), х пен у-тен тәуелді графигін құрады. MatLab әрбір графикке автоматты түрде өз түсін орнатады (пайдаланушы өзі өзгерткенде ғана орындалмайды), терілгендерді айырып тұруға рұқсат етеді.

Hold on командасы бар графикке қисықты қосуға рұқсат етеді.

Subplot функциясы бір терезеге графиктердің жиынын шығаруға рұқсат етеді (6-сурет).

6-сурет.

Мысалы: y=sin(x) функциясының графигі жазықтықта төмендегідей беріледі: y=sin(x)

>> x=0:pi/100:2^pi;

>> y=sin(x);

>> plot (x,y)

 

Мұндағы plot x,y функциясы х-тің мәндеріне сәйкес у-тің графигін сызады.

Егер бір терезеде екі немесе бірнеше график сызу керек болса, plot функциясын төмендегіше қолданамыз.

>> x=0:pi/100:2^pi;

>> y=sin(x);

>> z=cos(x);

>> plot (x,y,x,z);

Графиктерді сызудағы тағы бір негізгі мәселе олардың түсі мен сызық түрлері. Оларды беру plot командасындағы х,у-тен соң орындалады.

Plot (x,y,`c*`)

Мұндағы С-сызық түсі

*- түрі

Сызық түсі төмендегі мәндерді қабылдауы мүмкін. Сызық түсі:

Күлгін — m

Сары — y

Қызыл — r

Жасыл — g

Көк — b

Ақ — w

Қара — k

Көгілдір — c

Сызық түрлері төмендегідей мәндерді қабылдайды.

___ үздіксіз

- штрих

¦ пунктир

- - штрих пунктир

Кейде сызық орнына нүктелер қоюға болады:

. нүкте

* жұлдызша

× крест

+ қосу амалы

° дөңгелек

Мысалы: жоғарыдағы y және z функциялардың графигін қызыл бүтін сызық және қара крестермен сызу үшін

» plot (x,y,`r-`,x,z,`к×`); функциясын пайдалану керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных