Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №1. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері




{ 1.Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

2.Статистика пәні және оның зерттеу объектісі.

3.Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.}

&&&

$$$002-001-001$3.2.1.1 Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

{ 1.Статистика латынның «status» деген сөзінен шыққан. Ол заттың, құбылыстың, нәрсенің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді. Осы сөздің негізінен италияның «stato» - мемлекет, «statisto» - мемлекеттің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді.Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды. Оның даму процесінің бастамасы XVII ғ аяғынан Англияда басталады.Оның негізін алғашқы болып қалағандар-ағылшын ғалымдары Джон Граунд және Вильям Петти.Олар «Саяси арифметика» атты еңбек жазған.

Статистика тарихының екінші бір бастауы неміс ғалымы Конгридтің еңбектерінде қалыптаса бастаған «мемлекеттану» ғылымында жатыр.Статистиканың одан кейінгі дамуына да көптеген ғалымдар, яғни неміс ғалымы Ахенбал, бельгия ғалымы Кеплер, англия ғалымы Баули және т. б. өз үлестерін қосты.

XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ.басында статистика ғарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада Чебышев, Марков, Бернштейн сияқты атақты математиктердің еңбектерін атауға болады.}

&&&

$$$002-001-002$3.2.1.2 2.Статистика пәні және оның зерттеу объектісі.

{ Статистика – бұл қоғамдық ғылымның саласы, оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар. Статистика қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта қай жерде болғанын зерттейтін ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды. Статистика органы халық шаруашылығы саласының есебін жүргізу, мекеме ретінде жалпы мемлекеттің экономикалық саясатының жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың маңызды құралының бірі болып табылады. Сондықтан да статистика қоғамдық құбылыстардың құрамын және ондағы сандық және сапалық тұрғыдан тығыз байланыстырып зерттейтін ғылым болып табылады. Статистиканың сандық жағы-зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың, процестердің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде көрсету. Сандық жағын оқып үйренудің келесідей түрлері бар:

1. Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді.

2. Статистика қоғамдық құбылыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді.

3. Статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.

Статистиканың негізгі қасиеті-құбылыстар мен процестердің өзгеруі сандық тұрғыдан қарастыра отырып оның сапалық мәнін анықтау. Сапа- әрбір сандық көрсеткіш өзіне тән ұғым түрінде берілуі. Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуде біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштер жиынтық бірлік, ал олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттер белгі болып табылады. Оның екі түрі бар: сандық және сапалық. Белгілер жиынтықтың әрбір бөлігінде әртүрлі мәнге ие болуы өзгермелілік деп аталады(вариация).}

&&&

{***№1 дәріс сұрақтарың жалғасуы максимум 99 дейін}

$$$002-001-099$3.2.1.99 3.Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері

{ Қоғамдық ғылым ретінде республикада болып жатқан жалпы әлемдік экономиканың құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтарымен есептеу талдау сияқты әдістермен анықтайды. Сонымен әлемдік экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді. Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерде зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына сүйенеді, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Статистикалық әдістер өздерінің қолданылуы мен жалғасуына байланысты үш сатыдан тұрады:

1.Статистикалық бақылау, яғни алғашқы мәліметтерді жинау сатысы. Мұнда құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Бақылаудың негізгі мақсаты-қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсер ететін фактілерді өздеріне тән белгілеріне қарай анықтау және мәліметтердің толық, нақты, дәл, анық болуын қадағалау.

2.Жиналған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл әдісті қолдану кезінде бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтер өздеріне тән жеке белгілері бойынша топтарға бөлінеді. Бұл кезеңде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері іріленеді, жекелеген топтардың сапалық айырмашылықтары анықталады, сондай-ақ талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштер есептеледі.

3.Жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Бұл сатыда жинақталған, топталған, өңделген көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Сонымен қатар олардың өзара байланысын анықтайды. Статистикалық мәліметтерге талдау жасау-жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

Осы айтылған зерттеулердің үш сатысы арасында айырмашылық болғанмен де оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруға болмайды.

Статистикада стаистикалық бақылау, жалпы қорытынды жасау, топтастыру, нақты және қатысты шамалар, орташа шамалар өзгерме көрсеткіштері экономикалық құбылыстардың арасындағы байланысты статистикалық зерттеу, өсіңкілік қатарлар, индекстер, іріктеп бақылау, статистикалық кестелер, графиктік әдістер және т. б. көрсетеді.}

&&&

$$$002-001-100$Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{1.Статистиканың пайда болуы туралы не білесіз?

2.Статистика неліктен қоғамдық ғылымдарға жатады?

3.Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы қандай?

4.Статистикалық зерттеудің кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз.

5.Статистикалық жиынтық дегеніміз не?

6.Статистиканың қандай міндеттері бар?.}

...

&&&






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных