Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №3. Статистикалық бақылау




{ 1.Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.

2.Бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау бағдарламасы.

3.Статистикалық бақылаудың формалары және түрлері.

4.Статистикалық бақылаудың тәсілдері.

5.Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.}

&&&

$$$002-003-001$3.2.3.1 1.Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.

{ Статистикалық бақылау- қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдармен жүйеде тіркеу, жинау тәсілі. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты -зерттелетін объекті туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін ғылымға негізделген сапалы мәліметтерді белгіленген уақытта жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында келесідей талаптар орындалуы керек:

а) халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты-ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

б) жалпы жиынтыққа әсер ететін себептер анықталуы керек және құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өндірісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз ету.

в) бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты көрсетуі үшін оның сапалылығы тексерілуі керек.

г) Статистикалық бақылау ғылыми негізде және алдын-ала жасалған бағдарлама негізінде дұрыс ұйымдастырылған түрде жүргізілуі керек және одан алынған мәліметтер шешімдер қабылдау үшін қолданылуы керек.

Сонымен қатар статистикалық бақылау кезінде жиналған мәліметтерде кемшіліктер кездесуі мүмкін, яғни мұндай жағдайда бағдарлама жасап алған дұрыс.Мұны бақылау бағдарламасын дұрыс жасау негізінде, жоспар және алға мақсат қою негізінде дұрыс шешуге болады.}

&&&

$$$002-003-002$3.2.3.2 2.Бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау бағдарламасы.

{Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оны ұйымдастыру жоспары жасалынады. Онда бақылаудың мәні, маңызы, мәліметтерді жинаудың формалары, түрлері мен тәсілдері, орнын анықтау сұрақтары қарастырылады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдын-ала бағдарлама жасайды.

Статистикалық бақылаудың объектісі -зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің жиынтығы. Статистикалық бақылаудың объектісі бөлек элементтерден тұрады және оларды нышандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болмайды, сондықтан ол бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады.

Бақылау бірлігі дегеніміз статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын объект құрамының бір бөлігі. Бақылау бірлігін анықтау зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алға қойған мақсатына, атқаратын міндеттеріне байланысты.

Статистикалық жиынтық бірлік -жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі.

Статистикалық бақылау бағдарламасы дегеніміз зерттеу кезінде алғашқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы. Статистикалық бақылау бағдарламасына енгізілген сұрақтар мөлшері статистикалық органдардағы есеп беру формасы арқылы жинақталған көрсеткіштерге байланысты болады, өйткені әрбір өнеркәсіп орындарының, мекеменің, ұжымның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы көрсетілген көрсеткіштердің өзі бақылау бағдарламасы болып саналады.Бақылау бағдарламасын жасау кезінде бельгия ғалымы Кетленің ұсынған келесідей ережелерін ескеру керек:

Бағдарламаға қажетсіз сұрақтар енгізілмеуі керек және онда көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтау керек.

Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұрақтар енгізілуі керек.

Бағдарламаға енгізілген сұрақтар жауап берушілерге кері әсер етпейтіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілетін сияқты күдік туғызбауы керек.}

&&&

{***№3 дәріс сұрақтарың жалғасуы максимум 99 дейін}

$$$002-003-099$3.2.3.99 3.Статистикалық бақылаудың формалары және түрлері.

{ Статистикалық бланк дегеніміз бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және қажетті мәліметтерді жинауға арналған бет-қағаз. Статистикалық бланктің жекедара және тізімдік түрлері болады. Статистикалық бақылау кезінде қолданылатын құжаттар жұмыс жабдықтары деп аталады.

Статистика органдары алғашқы мәліметтерді жинауда ұйымның негізгі екі жолын қолданады: есеп беру және арнайы ұйымдастырылған бақылау. Есеп беру дегеніміз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жұмшарлар мен кеңшарлар және басқа да кәсіпорындар өздерінің қызметтері туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында қажетті мәліметтерді тиісті органдарға және статистика органдарына тапсырып отыруы. Бухгалтерлік есеп беру формалары статистикалық мәліметтерді жинаудың негізгі көзі болып саналады. Статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді: жалпы мемлекеттік, яғни барлық шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар өзінің жұмыстары туралы керекті мәліметтерді жоғарғы органдарға міндетті түрде тапсырып отырады.Ішкі ведомствалық есеп беру мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формалары қолданылуына қарай бірүлгідегі және мамандандырылған болып бөлінеді. Барлық халық шаруашылықтарындағы салаларда бірүлгідегі есеп беру формасында көрсетілген көрсеткіштер ортақ немесе бірдей болады.Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру келесідей түрлерге бөлінеді: шұғыл, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық. Есеп беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне қарай: почталық, телеграфтық, телефакстік болып бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайда немесе есеп беру арқылы мәліметтер жинауға мүмкіндік болмаса, онда қажетті ақпараттарды жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жүргізіледі. Статисттикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттеліп отырған объектінің жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай бақылау жаппай және жартылай болып бөлінеді. Жаппай бақылау кезінде зерттеуге жататын жиынтық бірліктер толықтай тіркеуге алынады. Ал, жартылай бақылау кезінде зерттелген жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі болып бөлінеді. Егер жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын-ала іріктеліп алынған бөліктер негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, оны ішінара бақылау деп атайды. Жеке ауқымды бақылау дегеніміз статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай қоғамдық құбылыстардың, объектілердің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетттін бақылау. Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктер болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайды. Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түрге бөледі. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше түрлері бар. Олар: тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап арқылы. Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау дегеніміз болған фактілердің пайда болуына қарай тұрақты жүйелі түрде белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады. Үзілісті бақылау дегеніміз зерттеуге алынған құбылыстар менпроцестерді ұдайы, бірақ белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Үзілісті бақылау мерзіміне қарай мерзімдік немесе кезеңдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер зерттеу жұмыстарын бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда ол кезеңдік бақылау деп аталады. Егер зерттеу жұмыстары бір рет жүргізілген болса, ол бір жолғы бақылау деп аталады. Бақылау жүргізу кезінде оның шектік уақыт кезеңін анықтау ең негізгі болып саналады. Шекті уақыт кезеңі дегеніміз зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн және уақыт мерзімі.}

 

&&&

$$$002-003-002$3.2.3.2 4.Статистикалық бақылаудың тәсілдері.

{Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолдары бар. Бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын болса, ол тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп аталады. Статистикалық бақылау кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәләндірілсе, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналса, ол құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі болып табылады. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау құжаттар арқылы жинауда мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайда мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілі қолданылады. Сұрақ-жауап тәсілі дегеніміз қажетті мәліметтерді сұралушы адамның айтқаны бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарында жазып алу арқылы жинау. Бұл тәсілдің экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақ, өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар. Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау екзінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы қағаздарға толтырып статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсілмен мәліметтерді жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді және оны толтыру тәртібін түсіндіреді. Тілшілік тәсілмен мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Сауал-сұрақтық тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.}

&&&

$$$002-003-002$3.2.3.2 4. 5.Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.

{ Статистикалық қате дегеніміз нақты факты зерттеу нәтижесі көрсеткіштер арасындағы сәйкессіздік айырмашылықтарды дұрыс санамау, түрлі себептерге байланысты бұрмалаушылықтар. Бақылау мәліметтерінде жіберілген қателер екі түрге бөлінеді: репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате. Тіркеу кезіндегі қате әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы нәтижесінде пайда болатын қате. Ол дұрыс жазбағандықтан, тіркеулерді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан болады. Бұл қателердің өзі фактілердің біртектілігіне қарай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілетін қате болып есептелінеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда жіберілетін болып бөлінеді. Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате әдейі жасалмайды, ал қасақана немесе әдейі жіберілетін қате алдын-ала ойластырылған, көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалған қателер. Тексеру қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру болып бөлінеді. Қисынды түрде тексеру дегеніміз статистикалық бағдарламаларда көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланысын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету. Есептеу арқылы тексеруде жалпы жиынтық көрсеткіштердегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзету енгізіледі. Статистика органдары осы тексерулерден басқа жоспарлы түрде әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексереді. Оның өзі тақырыпты, кешенді және жаппай болып үшке бөлінеді. Тақырыпты тексеруде жеке кәсіпорынның белгілі бір формасы немесе оның көрсеткіші алынады. Кешендік тексеруде кәсіпорынның барлық есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорынның белгілі бір есептеу формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.}

&&&

$$$002-003-100$Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер

{1.Статистикалық бақылау дегеніміз не?

2.Статистикалық бақылаудың қандай негізгі формалары бар?

3.Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?

4.Статистикалық бақылаудың қандай тәсілдері бар?

5.Статистикалық бақылау кезінде қандай қателіктер кездеседі?

6.Қателерді түзетудің қандай әдістерін білесіз?}

&&&

$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру.

{1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым.

2.Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері.

3.Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері.

4.Қайта топтау.

5.Статистикалық таратпалы қатарлар.

6.Статистикалық кестелер.}

&&&

$$$002-004-001$3.2.4.1 1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым.

{Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған бірлік жиынтықтар тексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты- бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар: жай және күрделі. Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.

Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:

1.Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.

2.Алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады.

Мәліметтер қолмен және машиналық тәсілдермен жинақталады. Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі. Сонымен статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.}

...

&&&

$$$002-004-002$3.2.4.2 2.Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері.

{ Статистикалық мәліметтерді топтау дегеніміз қоғамдық процестер мен құбылыстарды белгілеріне, ұқсастықтарына, түрлеріне, үлгілеріне қарай бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу. Топтаудың мақсаты -жинақталған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп ықшамдау, өзгермелі белгілерге қарай іріктеу, қанша топқа бөлу керектігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Статистикалық топтау келесідей түрлкрге бөлінеді: біртиптік, құрылымдық және талдаулық. Біртиптік топтаудың мақсаты-біртектес топтарды, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау. Ол келесі тәртіп бойынша жүреді:

1.Алдын-ала пайда болған типтерді,сыныптарды өзіне тән сапалықбелгілеріне қарап анықтап, белгілеп қою.

2.Топтау белгілеріне қарай анықтау.

3.Жинақталған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.

Біртиптік топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады. Құрылымдық топтау мақсаты -біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктердің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау дейді. Талдаулық топтаудың негізгі мақсаты -жиынтық бірліктердің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне әсерін,себептерін зерттеу болып табылады. Бір-біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстардың өзгергенін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшының мамандық дәрежесін жоғарлату себептік белгі болып табылса, ал оның салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.

Талдаулық топтау келесідей:

1.Себептік белгілері бойынша құрылады және нәтижелік белгілердің орта шамасы табылады.

2.Әрбір топты сипаттайтын себептік және нәтижелік белгілердің орташа шамасын есептейді.

3.Себептік және нәтижелік белгілердің арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері анықталады.

Жиынтық бірліктері бір ғана белгісі бойынша топталса, жай топтау, ал екі немесе одан да көп белгілерге қарай топталса, күрделі топтау деп аталады.}

&&&

$$$002-004-099$3.2.4. 3.Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері.

{Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктер енгізілуі керек және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Егер топтау негізі сапалық белгіге қарай берілген болса, онда топтың саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Кейбір жағдайда сапалық белгілер өзінің нышандары бойынша бір-бірінен әр түрлі айырмашылықтарына қарай ерекшеленетін болса, онда оларды типтеріне, түрлеріне немесе сыныптарына қарай топтық жіктерге бөлу арқылы жүргізіледі. Сипаттайтын топтау өзінің өзгермелі мәніне сәйкес бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді. Топтық белгі бүтін санмен берілетін болса, онда бүтін сан өзгермелі топтауға жатады, ал ондағы бөліп алынатын топ саны сол берілген белгінің мәніне сәйкес келеді. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен, ең кіші шамасының сандық мәнін анықтау керек. Тұрақты шама келесі формуламен анықталады:

d =Хmax-Xmin/n, мұндағы,

d -деңгей аралығының тұрақты шамасы;

Хmax, Xmin - топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мән шамасы;

n - топтың саны.

Әрбір топтың ең жоғарғы және ең төменгі шегінің арасындағы сандық өзгеріс топтаудың деңгей аралығының тұрақтылық шамасы деп аталады.}

 

&&&

$$$002-004-099$3.2.4. 4.Қайта топтау.

{ Қайта топтау дегеніміз алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі. Алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік жоқ құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда сұрақтарға толық жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол екі әдіспен жүргізіледі:

1.Бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру.

2.Әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру қажет болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру.

Бұл әдістерді қолдану кезінде жалпы жиынтық мөлшері өзгермейді, ал ішкі сандық құрылым қандай шамамен берілсе де түрлі топтық өзгерістер кездеседі.}

&&&

$$$002-004-099$3.2.4. 5.Статистикалық таратпалы қатарлар.

{ Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу. Олар белгілеріне қарай сапалық және сандық таратпалық қатарлар болып екі түрге бөлінеді. Сандық таратпалы қатарлар көрсеткіштердің сан түрінде берілуі, ал сапалық таратпалы қатарлар дегеніміз- жиынтық белгілері бойынша топтап ретке келтіру. Сапалық таратпалық қатарларды ретке келтіру кезінде оның сандық көрсеткіштері әр топ бойынша нақты және қатысты шама түрінде жеке келтіріледі. Егер жиынтық бірліктері сандық белгілері бойынша ретке келтіріліп сипатталатын болса, онда мұндай бөлімді өзгермелі таратпалық қатарлар деп атаймыз. Мысалы, жұмысшының айлық табысына немесе тарифтік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне қарай бөлімді айтады. Өзгермелі таратпалы қатарлар өздерінің сандық белгілеріне қарай бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді.Егер топтау кезіндегі сандық белгілеу бүтін санмен берілсе, олар бүтін санды таратпалы қатарлар деп аталады. Топтау кезінде сандық белгілер бүтін санмен беріліп, белгілер бір сан аралығы мен бүтін сандық белгілер берілсе, ол деңгей аралықты деп аталады. Таратпалы қатарлар екі бөліктен тұрады: варианттан және жиілік көрсеткіштерінен. Вариант бұл –топтау кезіндегі статистикалық таратпалық қатарлардың сандық және сапалық белгілері бойынша бөлінуі, яғни статистикалық таратпалы қатарлардың нені зерттейтінін анықтайтын көрсеткіш. Ол статистикада «х» әрпімен белгіленеді. Вариант жағымды, жағымсыз, нақты және қатысты шамалармен берілуі мүмкін. Жиілік әрбір топтағы варианттық сандық көрсеткіштермен, яғни сол варианттық сандық көрсеткіштің өз қатарында қаншалықты қайталануын көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндері болып табылады. Статистикада жиілік «f» әрпімен белгіленеді. Бір варианттың бірнеше жиілік көрсеткіштері болуы мүмкін, варианттың жиілік көрсеткіштері өз мәндеріне қарай бірнеше түрде беріледі: нақты, қатысты, бүтін және бөлшек сан түрінде. Олар варианттың жиілігі болып табылады. Сондықтан статистикалық таратпалы қатарлар қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрылымы мен құрамын зерттеуге үлкен әсерін тигізетін және топтаудың жиі қолданылатын негізі бір түрі болып саналады. }

&&&

$$$002-004-099$3.2.4. 6.Статистикалық кестелер.

{ Статистикалық кесте дегеніміз-сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.Статистикалық кесте-көлденең және тігінен сызылған сызықтың бір-бірімен сәйкесті қиылысуы. Көлденең сызық жол, ал тігінен сызылған сызық баған деп аталады. Статистикалық кестенің екі элементі бар: бастауыш және баяндауыш. Бастауыш деп зерттелетін объектіні сандағы суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Ол кестеде сол жақта орналасқан және жолдың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш дегеніміз зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштерімен сипатталуы немесе толық мазмұндауы. Ол кестеде оң жақта орналасады және бағананың арты ретінде беріледі. Бастауыштың құрамына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып бөлінеді. Жай кестеде бастауыш бір ғана билігі арқылы бөлінеді және процестер, құбылыстар мен объектілер аттары көрсетіледі. Оның үш түрі бар:

1.Тізімдік

2. Территориялық (аймақтық)

3. Хронологиялық

Тізімдік жай кесте бастауышта зерттелген объектінің тізімін көрсетеді. Кесте бастауышында аймақтың тізімі берілетін болса, аймақтық деп аталады, ал бастауышында уақыт мерзімі, баяндауышында сандық көрсеткіштер берілетін болса, ол хронологиялық жай кесте деп аталады. Кесте бастауышындағы топталған белгілер негізінде құрылса, ол топтық кесте деп аталады. Құрама кестеде бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан да көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы бір белгілері бойынша бөліктерге бөлінеді. Кестенің жоғарғы жағында нақты аты жазылуы керек және бастауыш пен баяндауыш дұрыс толтырылуы керек}

&&&

$$$002-004-100$Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер

{1.Статистикалық жинақтау дегеніміз не?

2.Статистикалық топтаудың қандай түрлері бар?

3.Қайта топтау деген не?

4.Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?

5.Статистикалық кесте деген не?

6.Статистикалық кестелердің қандай түрлері болады?}

&&&

$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс №5. Статистикалық нақты және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс.

{ 1.Статистикадағы нақты шамалар, олардың түрлері

2.Қатысты шамалар, олардың түрлері

3.Статистикадағы графиктік әдіс, оның қолданылуы.}

&&&

$$$002-005-001$3.2.5.1 1.Статистикадағы нақты шамалар, олардың түрлері

{Дәріс конспекті}

Статистикалық нақты шамалардың ғылыми және тәжірибелік жұмыстардағы маңызы мен атқаратын ролі өте жоғары бағаланады.

Статистикалық нақты шамалар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер. Мысалы, топтағы студенттер саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнім көлемі, т.б.

Нақты шамалар өздерінің сандық көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді.

Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Мысалы, бір жұмысшының айлық табысын, әр отбасындағы балалардың санын алуға болады.

Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалардың қосындысынан алынады. Мысалы, халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады, ол әрбір адамның жиынтығынан құралады.

Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді. Сол себепті зерттеліп отырған зерзаттың әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи, еңбек және ақшалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.

Табиғи өлшем бірлігі қарастырылатын заттың, нәрсенің өзіне тәлпы көлемін есептеу үшін пайдаланылады. Оны есептеу кезінде арнайы коэффициенттер жүйесі қолданылады.

Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам-сағат, адам-күн, адам-жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді.

Ақшалай өлшем бірліктері өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбек ақы көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептеу, т.б. көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады.

&&&

$$$002-005-002$3.2.5.2 2.Қатысты шамалар, олардың түрлері

{ Зерттеліп отырған көрсеткіштерге талдау жасау, олардың өзара байланыстылығы мен заңдылықтарын анықтау және тұжырымды қорытынды жасау үшін нақты шамамен берілген көрсеткіштер жеткіліксіз болады. Сондықтан статистикалық зерттеуде қатысты шамалар да қолданылады.

Қатысты шамалар дегеніміз қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады.

Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі нақты шаманың қатынасы қарастырылады және ол екі көрсеткішті біріне-бірін бөлу арқылы айқындалады. Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп, ал алымын салыстырмалы шама деп атайды. Салыстыру негізін 1-ге тең деп, екі көрсеткішті бір-бірімен салыстырсақ, онда салыстыру нәтижесінің өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі, яғни неше есеге артық неше есе кем екенін көрсетеді. Ал салыстыру негізін 100-ге тең деп алсақ, онда өлшем бірлігі процентпен беріледі. Сонда салыстырылатын шаманың базалық шамадан қанша процентке артық немесе кем екені көрсетіледі. Бір шама бөлшектің негізгі шамадағы үлесін анықтау үшін, сол берілген шама бөлшегін негізгі шамаға бөлу керек.

Кейде қатысты шаманың есептелген көрсеткіштері ұсақталып, бөлшектеніп кетпеуі үшін промиль не продецимиль өлшем бірліктері қолданылады. Егер салыстыру негізі 1000-ға тең болса, промильмен; ал 10000-ға тең болса продецимильмен өлшенеді.Сонымен, статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде олардың өзгеруін,дамуын, құрылымын анықтауға, талдауға мүмкіндік береді және сол берілген сандық көрсеткіштердің қатынасына, мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, жоспарлық тапсырма, өсіңкілік, құрылымдық, үйлестік, үдемелілік, салыстырмалық, дәрежелік.

Жоспардың орындалуының қатысты шамалары берілген жоспардың қандай дәрежеде орындалғанын, яғни қаншаға өскендігін немесе кемігенін көрсетеді және өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі. Ол көрсеткіштің нақты орындалған мәнінің жоспарлы мәніне қатынасы арқылы көрсетеді:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных