Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №12. Халық және еңбек статистикасы




{1. Халық саны және құрамының статистикасы

2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

3. Халық қозғалысының статистикасы

4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері

5.Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы.}

&&&

$$$002-012-001$3.2.12.1 1. Халық саны және құрамының статистикасы

{Халық берілген аумақта тұратын адамдар. Халық статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және оның жеке белгілі топтары жатады. Бақылау бірлігі – адам, отбасы, үй шаруашылығы.

Еңбекке жарамдылығына қарай халықтардың келесідей категориялары бар: еңбек жасындағы халық саны, еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халық саны, еңбек ресурстары.

Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны =

Еңбекке жарамды жастағы тұрақты халық саны - Әлеуметтік қорғау орнынан зейнетақы алатын, еңбекке қабілетті жастағы, 1-2 топтағы мүгедектер саны, еңбек жасына байланысты қосымша шартпен зейнетақы алатын, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін зейнеткерлер саны.

Халық және еңбек статистикасының міндеттері:

- халықтың табиғи қозғалысы зерттеу;

- халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу;

- еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылғын және жұмыссыздығын зерттеу;

- халық санын болжау.

Халық туралы ақпарат көздері:

1. Халық санағы – критикалық сәт кезіндегі күйі бойынша қазақстан Республикасындағы әр азаматты сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік мәліметтерді жинау процесі. Халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі. (1999 жыл 25 ақпан)

2. Халық туралы халық санақтары арасындағы ағымдағы есеп: - азаматтық күй актысы- қалпындағы жазбалар – халықтың табиғи қозғалысы түрдегі перзентханада, загстерде, аудандық кеңестегі халық есебі; - миграциялық (көшіп-қону) процестер – келу парғына тіркелетін статистикалық есеп талоны, ішкі істер органдарының және паспорт рұқсатнама қызметінің мәліметі.

3. Ішінара зерттеу халық санақтары арасында жүргізіледі. Оның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы және оның жекелеген аумақтарындағы халықтың әлеуметтік- экономикалық құрамы туралы қосымша мәліметтерді жинау.

4. Ұйымдардың еңбек туралы есеп берулері жұмыс істейтін халықтың еңбек қызметтерін сипаттайды.

Халық санағы келесі категориялармен тіркеледі: тұрақты, нақты халық және олармен тығыз байланыстағы уақытша келгендер және уақытша кеткендер.

Статистика халықтың құрамын басқа белгілері (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы, отбасы жағдайы, ұлты, білім деңгейі, күн көру көздері, аймақ, қызметінің түрі, т.б.) бойынша топтастырумен сипаттайды}

&&&

$$$002-012-002$3.2.12.2 2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

{ Қазақстандағы еңбек нарығының деңгейі және дамуының сипаттамасы еңбек ресурстарының категорияларымен байланысады. Еңбек ресурстары – еңбекке жарамды халық, демек нақты және потенциалды жұмыскерлер.

Еңбек ресурстары – экономикалық белсенділік мәртебесі бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді. Экономикалық белсенді халық - өндірістік тауарлар мен қызметті өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны

Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады.

Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) – жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетімен жұмыспен айналысушылар.

Жұмыссыздар – экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.

Экономикалық белсенді емес халық – үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.

Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.

Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың саны = халықтың жалпы саны – экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных