Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі капиталдың қалдықтық құны бойынша балансы




Баланс бабы Экономика, барлығы Соның ішінде салалар бойынша кәсіпорындардың меншікті формалары бойынша:
1. жыл басындағы бар болуы 2. жыл ішіндегі түскендердің барлығы Соның ішінде: - іске қосылған - күрделі жөңдеу - өзге себнптерден 3. жыл ішіндегі істен шыққанның барлығы. Соның ішінде: - жойылғаны - тозғаны - өзге себептерден. 4. жыл аяғындағы бар болуы 5. жыл бойындағы негізгі капиталдың абсолюттік өсімі 6. күрделі қаржы жұмсалымы 7. аяқталмаған құрылыс - жыл басына - жыл аяғына    

Күрделі жөндеу көрсеткіштері мынаны сипаттайды:

1. негізгі капитал құнының артуы;

2. күрделі жөндеулерге жұмсалған ақшаларды игеру.

Баланстың мәліметтері бойынша жыл басы мен жыл аяғына арналған негізгі капиталдың қатысуы арасындағы тәуекелділік келесідей:

НК=НК + Т – Ш

Мұндағы:

НК – жыл аяғындағы капиталдың толық құны;

НК –жыл басындағы негізгі капиталдың толық құны;

Т – барлық бап бойынша жыл бойындағы негізгі келіп түскен құны;

Ш – барлық себептер бойынша жылбойындағы негізгі капиталдың істен шыққан және тозған құны;

Негізгі капиталды бағалау әдістері:

1. Бастапқы құн (БҚ) – бұл негізгі құрал-жабдықтарды құру немесе сатып алу үшін нақты жұмсалған шығындар құны.

2. Ағымдағы құн (АҚ) – бұл негізгі қаражаттардың қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша құны.

3. Баланстық құн (ҚҚ) – ол негізгі қаражаттардың жинақталған тозу сомасын шегергендегі бастапқы құн. Амортизация – латын тілінен аударғанда өтеу деген мағынаны береді, онда ҚҚ=БҚ-А

4. Қалпына келтіру құны(ҚКҚ) – ол ғылыми техникалық прогресс пен бағалардың жаңа шартының есептері бойынша негізгі капиталдың құны.

ҚКҚ=БҚ* I, мұндағы I – негізгі капитал элементтерінің баға индексі.

5. Жойылу құны (ЖҚ) – сынған металлоломды өткізу бағасы бойынша анықталады, бұл – негізгі капиталдың тозуына және істен шығуына байланысты жойылғаннан кейінгі өткізуден алынған түсім.

Негізгі капитал тозуының коэфициенттері:

К тоз ж.б = Т ж.б / БК ж.б немесе К тоз.ж.а = Т ж.а / БК ж.а

Мұндағы: К тоз.ж.б. және К тоз.ж.а. – сәйкесінше жыл басы мен жыл аяғындағы тозудың коэфиценттері.

Негізгі капитал қозғалыстарының көрсеткіштеріне жататындар: істен шығу, жою, түсу және жаңарту коэфиценттері. Жою және жаңарту коэфиценттері мерзімге арналған негізгі капиталдың қайта өндірісінің кеңейтілуін көрсетеді.

Негізгі капиталды жою коэфициенті:(К жою)

К жою = Жойыл. / БК ж.б

Мұндағы: жойыл.- кезең бойынша жойылған негізгі капиталдың сомасы.

Негізгі капиталдың істен шыққан коэфициенті (К ш):

Кш = Ш / БК ж.б

Мұндағы: Ш – кезең бойынша барлық бағыттар мен істен шыққан негізгі капиталдың сомасы.

Негізгі капиталдың түсу коэфициенті (Кт):

Кт = Т / БК ж.а

мұндағы: Т – кезең бойынша барлық көздерден түскен негізгі капиталдың сомасы.

Негізгі капиталдың жаңарту коэфициенті (К жаңарту)

Кжаңарту = Жаңарт / БК ж.а

Мұндағы жаңарт. – кезең бойынша жаңартылған негізгі капиталдың сомасы.

Негізгі капиталдың жаңарту коэфициенті мынаны сипаттайды: а)негізгі капиталдың өсу көлемі; б)жаңа негізгі капиталдар құру үшін күрделі қаржы жұмсауға бағытталған қаржаттың азаюы.}

$$$002-013-099$3.2.13. 3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы

{ Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі жай және кеңейтілген түрлерге бөлінеді.

Ұдайы өндірісті күрделі кеңейтілген жай ұдайы

жылдық = іске + жөндеу = ұдайы өндірістің + өндірістің көлемі

көлемі қосу көлемі

Жай ұдайы өндірістің құралу көздері:

1. жай ұдайы ұдайы өндірістің кеңейтілген

өндірістің көлемі = жылдық көлемі - ұдайы өндірістің көлемі.

(тенге)

2. амортизациялық қор

3. жылдық амортизациялық аударымдардың сомасы

4. амортизация нормасы

5. тозу және жарамдылық коэфициенттері

6. жай ұдайы өндірістің үлесі.

Амортизациясы көрсеткіштері:

Амортицазиялық аударымдар өнімнің өзіндік құнына жатады.

1. Амортизациялық аударымдардың (А) жылдық сомасы:

а) егер жөндеу жұмыстарын жаңғыртулар болмаса, онда

А= БК - Ж

t

Мұнда t - негізгі капиталдың қызметінің нормативтік мерзімі;

ә) Егер жөндеу жұмыстарының жаңғыртулар болса, онда

 

А= БК + ЖКЖ +ЖШ –Ж

t

Мұндағы: ЖЖҚ – жөндеу жұмыстарының құны,

ЖЖШ – жаңғыртуларға жұмсалған шығындар.

2. Амортизацияның жылдық нормасы (Na,%):

Na = А * 100 немесе Na = А * 100

ККК БК

3. Амортизацияны4 жалпы сомасы ∑ А = бастапқы құн + капиталды жөндеу жұмыстарының құны + жаңғырту шығындары – жойылған құн, ∑ А = БҚ +ЖЖҚ + ЖШ –Ж, яғни БҚ = ∑ А ЖЖҚ – ЖШ +Ж.

ҰШЖ бойынша негізгі капиталдың тұтынылу (НКТ) – есептік кезеңге арналған өндірісте пайдаланылатын негізгі капиталдың физикалық және мормальдық тозуы немесе кездейсоқ зақымдануы авариядан зақымдану нәтижесінде құнының азаюы.

Негізгі капитал – бұл моментік көрсеткіш. Сондықтан негізгі капиталдың қолда бар болу көрсеткіштері:

1. Ай, жыл басына негізгі капиталдың құны (НК ж.б.)

2. Ай, жыл аяғына негізгі капиталдың құны (НК ж.а.)

3. Периодтағы негізгі капиталдың орташа құнының бар болу (НК) себебі, олардың түсімі мен шығынына байланысты есепті кезең ішінде негізгі капиталдың қозғалыстары жүреді.

Негізгі капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісі негізгі капиталдың ұдайы өндірісінің капитал салымы ретінде қамтамасыз етіледі. Капитал салымы – жаңарту үшін, сонымен қатар кеңейтуге, негізгі капиталды техникалық жабдықтармен қайта қамтамасыз етуге арналған шығындар.

Кеңейтілген ұдайы өндірістің көрсеткіштері:

1) Негізгі капиталдың жаңару және істен шығу сомалары;

2) Негізгі капиталдың жаңарту және істен шығару коэффициенттері;

3) Кеңейтілген ұдайы өндірістің клемі – негізгі капиталдың абсалютті өсімі;

4) Күрделі қаржы жұмсалымының көлемі құрылымы;

5) Жаңа негізгі капиталдың іске қосылуы;

6) Кеңейтілген кеңейтілген ұдайы өнд.көлемі * 100

ұдайы өндірістің = ұдайы өндірістің жылдық көлемі.

үлесі (%).

Негізгі капиталдың жаңару көрсеткіштері мынаны сипаттайды:

1. негізгі капиталдың өсу көлемі

2. жаңа негізгі капиталдар құру үшін күрделі қаржы жұмсауға бағытталған қаражаттың азаюын.}

$$$002-013-099$3.2.13. 4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы

{ 1.Капитал қайтарымы – негізгі капиталды тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші, мұнда негізгі капиталға жұмсалған әр теңге ақшасынан алынған өнімнің мөлшері сипатталады.

F=Q/ НК

Q - өндіріске нәтиже берген келесі көрсеткіштер:

а) кәсіпорын деңгейінде – шығару пайда.

б)экономика саласының деңгейінде – шығару, пайда, қосылған құн.

в)макроэкономика деңгейінде – жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық табыс және т.б

2. Капитал сыйымдылығы – капитал қайтарымына кері көрсеткіш.

3. Еңбекті капиталмен жарақтандыру – орташа тізімдегі бір жұмыскерге шаққандағы негізгі капиталдың мөлшері.

4. Еңбек өнімділігі – орташа бір жұмыскерге шаққандағы өнім шығарылымы.}

$$$002-013-099$3.2.13. 5. Айналым капиталының статистикасы

{ Айналым капиталы – бір өндірістік циклде немесе қысқа календарлық кезеңінің уақыт ағымында қолданылатын еңбек құралы. Ол кәдімгідей заттай жасалған өнімге кіреді және толығымен оған өз құндылығын көшіреді.

Өндіріс процесіндегі рөліне байланысты айналым капиталы өндірістегі капитал және айналыстағы капитал деп бөлінеді.

Өндірістегі айналым капиталының құрамы мен мазмұны:

өндірістік қорлар – бұл кәсіпорынның аралық тұтыну ретінде өндірісте қолдану үшін қорда ұстайтын барлық тауарлары.

Аяқталмаған өндіріс – кәсіпорын өңдей бастаған, бірақ әлі тіпті бір цех ішінде аяқталмаған, басқа институтционалды бірліктерге жеткізілуге арналған заттар.

Дайын өнімдер – басқа институционалды бірліктерге жеткізгенге дейін өндірушілерге сақталатын, берілген кәсіпорында ешқандай өңдеуді қажет етпейтін, қалыптасқан нормаға сәйкес келетін сертификатпен жабдықталған және оралған тауарлар.

Қайта сатуға арналған тауарлар – көтерме және бөлшекті саудагерлердің қайта сату мақсатымен сатып алған тауарларды, қайта сатуға арналған тауарларды көтерме және бөлшекті саудагерлер өңдемейді, олар тек өнімді тартымды және ыңғайлы түрге келтіруі мүмкін.

Мемлекеттік материалдық резервтер – ұйымдардың болжанбаған жағдайлары кезінде тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін мемлекет резервтеген материалдық ресурстар.

Айналыстағы капиталдың мазмұны мен құрамы:

Ақшалай қаражаттар – кассадағы қолма қол ақша, аккредитив, чектегі қолма қолсыз ақшалар.

Сауда ұйымдарының қоймаларындағы өнім қорлары

Дебиторлық берешек.

Қысқа мерзімді қаржылық салымдар.

Айналым капиталы статистикасының негізгі міндеттері:

1. айналым капиталының бар болуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау.

2. Барлық айналым капиталының құрамын, құрылымын динамикасын талдау.

3. Барлық айналым капиталының, материалдың айналым қаражаттарының пайдаланылуын статистикалық зерттеу.}

$$$002-013-099$3.2.13. 6. Инвестиция статистикасы

{ Ұлттық байлықты қайта өндіру инвестиция есебінен жүзеге асады. Инвестициялар- бұл табыс алу, не әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында мемлекет ішінде және шетелде құрылыс пен қаржылық емес активтерге салынатын ақшалай капитал.

Инвестиция капиталының міндеттемелері:

1. мәліметтер жинау,жалпы инвестиция мөлшерін анықтау.

2. инвестицияның динамикасын, құрылымын, құрамын статистикалық зерттеу.

3. инвестицияны пайдалану мен игерудің статистикалық талдауы.

Құрылысқа салынатын инвестиция – экономиканың жаңа негізгі қорларын құруға, сондай-ақ қолданыстағы қорларды кеңйтуге, қайта құруға және техникамен қайта жарақтандыруға жұмсалған ақшалай шығындар.

Инвестицияны пайдалану мен игеру көрсеткіштері:

1. инв. игеру дәрежесі =негізгі капиталды іске қосу / нег.капиталға салынған инв.

2. негізгі капиталды іске қосу көрсеткіштері:

- есепті кезеңдегі құрылысы аяқталған және іске қосылған кәсіпорындар, ғимараттар,үйлер құны.

- Негізгі капитал құрал-жабдықтарының есебіне жатқызылатын аспаптардың және басқа заттардың құны.

- Көлік құрал жабдығының бардық түрлерінің құны.

- Көп жылдық екпе ағаштар құны.

- Жерді суару және құрғату жұмыстарының құны.

- Бұрғылау аяқталған және іске қосылған мұнай, газ пайдалану скважиналарының құны.

3. мердігерлік жұмыс көлемінің құрылысқа салынған инвестицияға ара қатынасы.}

 

&&&

$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша Ұлттық байлық анықтамасын беріңіз.

2. Ұлттық байлық құрамындағы экономикалық активтер қалай аталады?

3. Негізгі капиталды бағалаудың қандай түрлерін білесіз.

4. Негізгі капиталдың қозғалыс, күй, пайдалану көрсеткіштері қалай есептеледі?

5. «Күрделі қаржы жұмсалымы» ұғымы нені білдіреді?

6. Айналым капиталына түсінік беріңіз және құрамын сипаттаңыз.

7. Материалдардың үлестік шығынының индекстері қалай есептеледі?

8. Материалдық шығындардың өзгерісіне әсер ететін факторлардың индекстік талдауы.

9. Инвестицияларға түсінік беріңіз және құрамын сипаттаңыздар.}

&&&






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных