Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №016. Тауарлы және ақшалай айналыс статистикасы




{ 1. Тауар айналымының статистикасы

2. Ақша айналымының статистикасы}

&&&

$$$002-016-001$3.2.16.1 1.1. Тауар айналымының статистикасы

{ Тауар қозғалысы – бұл өндірушілерден бастап, бөлшек саудағы, түпкілікті тұтынушыларға дейін көтерме сатып алушы, экспортшы, импортшы, сауда агенті, брокер арқылы жүретін тауар қозғалысының процессі.

Тауар айналымы – бұл анықталған кезең бойынша тауардың айналым процессі. Тауардың (Q) сатылыған тауарлардың көлемі (p) мен олардың бағасының (q) көбейткіштерге тең болады: pхq.

Тауар айналымының категориялары:

1) жалпы – тауар қозғалысы жолында өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық сатулардың шотын қайта қосқандағы сомалар;

2) таза - қайта қосылған щотты алмағанда, жалпы тауар айналымы;

3) көтерме - тауардың ірі топтамасын өндірушілердің және сауда делдалдарының басқа делдалдарға керегін қайта сату үшін өндірістік, көпшілік тұтынушуларға сатуы;

4) бөлшек – кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың халыққа түпкілікті тұтыну үшін тауарды сатуы.

Буындылықтың коэффициенті – бұл қайта сату сандарының көрсеткіші. Ол жалпы тауар айналымының таза тауар айналымына қатынасы ретінде есептеледі.

Тауардың қоры - бұл тауардың анықталған бөлігінің рынокта тұрақты бар болуы. Тауар қорының көлемі натуралды және ақшалай формада анықтаған уақыт мерзімі бойынша тіркеледі. Сондықтан талдау жасаған кезде тауардың орташа қорының құны орташа шама формулаларымен есептеледі.

Қор сыйымдылығы -тауарлар қорларының тауар айналымына қатынасы. Бұл көрсеткіш тауар айналымы бірлігіне қанша тауарлардың қорлары келетінін көрсетеді.

Тауардың қорымен тауар айналымының қамтамасыз етілуі тауарлардың қорына жететін сауда күндерінің санын сипаттайды. Бұл көрсеткіш тауардың бір анықталған түрінің орташа тауар қорының осы тауардың бір күндік тауар айналымының қатынасына тең.

а) тауар айналымының жылдамдығы (айналымның саны- С):

тауар айналымының көлемі (Q)

С= ----------------------------------------------;

тауарлардың орташа қоры (Қ)

ә) тауарлардың бір айналымының уақыты (күн бойынша)

 

тауарлардың орташа қоры (Қ)

Ү = ------------------------------------------------.

бір күндік тауар айналымы (А) }

 

&&&

$$$002-016-001$3.2.16.1 1. 2. Ақша айналымының статистикасы

{ Ақша базасы (Б) – ҚР-дың Ұлттық банкімен белгіленген ақшалар. Ақша базасы құрамына қолма- қол ақшалар (Ұлттық банктік емес) және Ұлттық банктың міндетті резервтері (депозиттер) кіреді.

Ақшалай базаның құрамына Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақшалар, екінші деңгейдегі банктердің депозиттері және қазақстан Республикасының басқа ұйымдарының депозиттері жатады.

Ақша массасы – шаруашылық айналымына қызмет көрсететін мемлекет экономикасында барлығы мойындаған төлем қаражаттарының жиынтығының көлемі. Ақша массасының өлшемдері болып өтімділік деңгейі бойынша ақша жіктелуін көрсететін агрегаттар табылады.

Қазақстанда ақша массасы М0, М1, М2, М3 агрегаттарына бөлінеді. Ақшалы агрегаттардың құрамы келесідей:

М0 – айналымдағы қолма-қол ақша, жинақтау қаражаттары, яғни құн, жинақтау, тауарлар мен қызметтерге төлем құралы ретіндегі физикалық және заңды тұлғалардың банктен тыс монета, банкнота сомалары;

М1- агрегат М0 + халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютада аударылатын депозиттері;

М2 – агрегат М1 + ұлттық валютадағы басқа депозиттер және шетел валютасында халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың аударылатын депозиттері;

М3 – агрегат М2 + шетел валютасындағы халықтың басқа депозиттері + банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа депозиттері.

Ақша мультипликаторы (m): m= М / Б, мұндағы,

М – айналымдағы ақша массасы;

Б – ақша базасы.

Ақша мультипликаторы ақша массасы динамикасын бақылау үшін және экономикаға коммерциялық банктердің несиелік салымдарының көлемдеріне талдау жүргізу үшін пайдаланылады. Ақша массасы М3 ақша агрегаты бойынша анықталады. Ақша мультипликаторы коэффициент ретінде банктік резервтерді өзгерту жолымен жүретін айналымдағы ақша массасының өзгерісін сипаттайды. Егер ақша айналымдары каналдары артық ақша массасымен толса, сонымен қатар мұндай ақша массасы сәйкес тауар массасымен қамтылмаса, яғни ақша массасының өсу қарқыны тауар мен қызмет өндірісінің өсу қарқынынан асса, онда инфляция пайда болады.

Ақша массасы (агрегат М3 үшін) өсімінің факторлық талдауы:

,

Мұндағы, М1, М0 – есепті және базисті кезеңдегі М3 агрегаты үшін ақша массасы;

- есепті және базисті кезеңдегі ақша мультипликаторы^

Б1, Б0 - есепті және базисті кезеңдегі ақша базасы.

Соның ішінде факторлардың әсер етуі есебінен:

А) ақша мультипликаторының өзгеруі:

ә) ақша массасының өзгеруі:

Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы:

Ұлттық валютаны сатып алу қабілеттілігінің есептелуі

1 теңгені сатып алу қабілеттілігі =1 тұтыну бағасы

Теңгенің сатып алу қабілеттілігінің номиналды индексін, АҚШ долларына қарағанда, теңге курсының өзгерістерін және жалпы ақша массасында шетел валютасындағы ақша айналымының бөліктерін есепке ала отырып, есептеуге болады:

1 теңгені номиналды 1

сатып алу = ---------------------------------------------------------------

қабілеттілігі 1 АҚШ долларына теңгенің қатынасының курсы

 

Айналымдағы ақша саны (V) немесе ақша бірлігі айналымының жылдамдығы:

V = ЖІӨ / М3, мұндағы

ЖІӨ - ағымдағы бағалардағы жалпы ішкі өнім;

М3 – кезеңдегі ақшаның орташа қалдығы.

Ақша айналымының саны жалпы ішкі өнімнің қызмет атқаруы үшін кезеңдегі төлем қаражаттарының ақшалай бірліктерінің орташа қайталамаларын сипаттау үшін қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных