Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сандық және сапалық, үзіліст және үзіліссіз өзгерткіштерді сипаттаңыз.




Сапалық өзгергіштіктерге: өсімдік гүлдерінің сан аулан түстері, формалары, жемістердің дәмі, өсімдік жапырақтарының немесе жануарлар терілерінің сан аулан түстері т.б. мысал бола алады. Көпшілік жағдайда сапалық өзгергіштікті сандық өзгергіштіктерге айналдыруға болады, мысалы, гүлдердің түсі ондағы белгілі пигменттің мөлшеріне және клетка шырынының қышқылдық дәрежесіне тәуелді, ал жемістердің дәмі олардағы қанттардың, қышқылдардың және пектин заттарының мөлшеріне байланысты т.б. Бірақ мұндай әдістерді жиі қолдануға болмайды. Өйткені ол жұмысты мүлде қиындатып жібереді. Биометриялық әдістердің көмегімен өзгергіштіктің осы екі түрінде (сандық, сапалық) зерттеуге болады

Сандық өзгергіштіктерге: масақтағы дәндердің әртүрлі саны, өсімдіктегі жемістердің саны, тауықтың жұмыртқаларының саны, сиырдың сүттілігі саны, тұқымдағы белоктар мен майлардың әртүрлі мөлшері т.б. мысал бола алады. Сандық белгілер тікелей өлшеуге келмейді және берілген жиынтық мүшелерінің түгел болуымен есепке алынады. Сандық өзгергіштік санаулармен, өлшеулермен немесе химиялық талдаумен зерттелінеді. Өзгергіштіктерді үзілісті және үзіліссіз деп ажыратады.

Үзілісті өзгергіштіктер санау жолымен зерттелінеді және осылайша аталу себебі зерттелетін особътардың арасындағы айырмашылық әр уақытта 1-ден кем болмайтын бүтін сандар арқылы белгіленеді (Бидайдың масағында 10,15,46 және т.б. дәндер болуы мүмкін, бірақ 10,5 дән болуы мүмкін емес).

Үзіліссіз өзгергіштіктер өлшеулер, химиялық талдаулар жасау жолымен анықталады. Мұндай жағдайларда зерттелінетін сандық белгілер бүтін сандар арқылы да және бөлшек сандар арқылы да беріле алады. Өлшеу неғұрлым дәліректеу болса, зерттелген объектілердің арасындағы айырмашылықтар да солғұрлым аз болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных