Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы. Синкопе және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.




Жедел тамыр жеткіліксіздігі – естен тану, коллапс, шок.

Естен тану (синкопе) жедел тамыр жетіспеушілік, бас миының өтпелі ишемиясынан туындатқан кенеттен қысқа мерзімге есін жоғалтумен сипатталады.

Себептері:

· Қарыншалық тахикардия

· Аорталды стеноз

· Вазовагальды (артериалды гипотензия, ыстық бөлмеде болу, қорқу, психоэмоционалдық жағдайлар, ауырсыну синдромы

· Ортостатикалық гипотензия - горизонталды жағдайдан тез тік жағдайға ауысқанда кездеседі.Себептері: ұзақ төсек режимі, дене температурасының жоғарылауы, қоршаған ортаның температурасының жоғарылауы, жүктілік, ағзаның тез дегидратациясы, ОЖЖ ісіктері)

· Жағдайлық естен тану (зәр бөлуде, дефекация актінде, ж.өтелу ұстамасында ж.т.б.)

 

Себепші факторлар: қорқу, үрей, қаннан қорқу, интенсивті ауырсыну синдромы, алкоголь қолдану, ұйқы қанбау, ыстық бөлмеде болу.

Клиникалық белгілері: Естен тану бірнеше секундтан 3 – 5 минутқа созылады.

Әлсіздік, көз алдында қарауыту, құлағында шу, жүрек айну, ауа жетпеу сезімі.

Қарағанда: терісі боз, салқын тер, әлсіз тамыр соққысы, гипотония, беткей сирек тыныс.

Жедел жәрдем:

- Науқасты көлденен,жастықсыз жатқызып, керуеттың аяқ бөлігін көтеру

- Қысып тұрған киімдерін босату

- Таза ауамен қамтамасыз ету

- Науқастың бетіне және кеудесіне су бүркіп, суық суға батырылған алақандармен (сүлгімен) бетінен шапалақтау.

- науқастың мұрнына мүсәтір спирті сіңген мақтаны иіскету.

АҚ төмендеген жағдайда:

Мезатона 1% раствор 0,5 - 1 мл в/м немесе т/а

Брадикардияда: атропин 0,1% - 0,5 – 1мл т/а

Коллапс- Коллапс жедел тамырлық жеткіліксіздігі, тамыр тонусының төмендеуімен, бас ми гипоксия белгілерімен және организмнің өмірге маңызды қызметтерінің төмендеуімен сипатталатын ауру.

Коллапс кез келген жағдайда әр түрлі инфекция (вирус, бактерия), улану (әсіресе сусызданумен байқалатын) гипер және гипогликемиялық комалар, бүйрек үсті безі қызметі жеткіліксіздігінен, пневмония, әртүрлі аурудың, уланудың терминальды сатысында пайда болады.

Коллапс кезінде АҚҚ төмендейді.

Клиникалық көрінісі. Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды, бозарады, суық тер басады, еріннің көгеруі, дене температурасы төмендейді, есі кейде сопорозды күйде, кей жағдайда естен тану байқалады, тынысы жиілейді, тахикардия, жүректе күшейген шапалақ тондарын, веналық қан қысымы төмендейді, АҚҚ төмендейді осыдан аурудың ауырлық дәрежесін анықтауға болады.

Жедел жәрдем:

- Науқасты көлденен,жастықсыз жатқызып, керуеттың аяқ бөлігін көтеру

- Қысып тұрған киімдерін босату

- Таза ауамен қамтамасыз ету

- Науқасты жылыту: айналасына ыстық мұйық қою

- Мезатон 1% раствор 0,5 - 1 мл в/м немесе т/а (адреномиметик –тамырларды тарылтады)Ауруханаға жеткізу.

 

 

Тақырып: Гипертониялық ауруда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Артериалдық гипертония – систолалық АҚ 140 мм с.б. жəне одан жоғары, диастолалық АҚ 90 мм с.б. жəне одан жоғары тұрақты көтерілуі (науқас бұл кезде АҚ төмендететін дəрілік заттарды қабылдамауы қажет).

Этиология:

Ø тұқым қуалауға бейімділік

Ø эмоциялық стресстер

Ø кәсіптік зияндылыққа (құлаққа, көзге зейін қоюға көп күш түсуі)

Ø тамақтанудың ерекшеліктері (тұзды тағамға әуесқойлық, кальцийдің, магнийдің жетіспеушілігі)

Ø эндокриндік өзгерістер

Ø зиянды әдеттер

Ø бас миының жарақаттары

Ø семіздік

Қалыпты АҚ категориялары:

Оптималды <120/80 мм.с.б.

Қалыпты <130/85 мм.с.б.

Жоғары қалыпты (гипертонияалды) –130-139/85-89 мм.с.б.

Артериялық гипертензияның дәрежелері:

І дәреже: 140-159/ 90-99 мм.с.б.

ІІ дәреже: 160-169/ 100- 109 мм.с.б.

ІІІ дәреже: 180/110 мм.с.б.

Патогенезі. Систолалық және диастолалық артериялық қысымдардың деңгейлері прессорлық және депрессорлық жүйелер қызметінің арақатынасына байланысты.

Прессорлық жүйе:

§ симпатоадренал жүйесі

§ ренин ангиотензин жүйесі

§ альдостерон жүйесі

§ гипоталамус пен гипофиздің антидиурекриндік жүйесі (вазопрессин)

Депрессорлық жүйе:

§ аорта каротидтық аймақ

§ бүйректің липидтері

§ эндотелийді босаңсыту факторы

Артериялық гипертонияда прессорлық жүйенің функциясы артады.

Клиникалық белгілері:

ü Артериялық гипертония синдромы

ü Цереброваскулярлы синдром (бастың ауруы, айналуы, құлақтың шуылдауы, еске сақтау қабілеттің төмеңдеуі ж.т.б.

ü Жүректік синдром (стенокардия ұстамалары, кардиалгиялар, ырғақ бұзылыстары, сол қарыншаның гипертрофиясы, шамасыздығы)

ü Жалпы невроздық синдром (ұйқысыздық, астения, депрессияға бейімділік)

ü Гипертониялық ангиоретинопатия синдромы

Зертханалық, аспаптық тексерулер:

· ЖҚА, ЖЗА

· ҚБА (калий, натрий, глюкоза, креатинин, липидтер, холестерин)

· ЭКГ, ЭхоКГ

· кеуде қуысының рентгенографиясы

· көз түбін тексеру

· бүйректің УДЗ

Емі:

 

Үш мақсат қойылады:

1.АҚ оптимальді деңгейге төмендетіп, тәулік бойы сол деңгейде ұстау

2.нысана мүшелердегі құрылымдық функциялық өзгерістерге жол бермеу, ал өзгерістер болған жағдайда кері қайтару

3.нысана ағзалар жағынан асқынулардың дамуына жол бермеу

 

Дәрмексіз ем:

ü ас тұзын (3-4г), сұйықтықты (1,2 -1,5л) шектеу

ü дене салмағын қалпына келтіру

ü зиянды әдеттерден құтылу

ü диетотерапия

ü дене қимылын арттыру

Дәрілік ем:

ü диуретиктер

ü бета - адреноблокаторлар (метопролол, атенолол, пропранолол ж.т.б.)

ü кальций антагонистері (нифедипин, верапамил жт.б.)

Гипертензиялық криз – АҚҚ кенеттен жоғарылауымен, тіршілік үшін маңызды ағзалар функциясының бұзылу симптомдарының пайда болуымен немесе олардың қаупінің дамуымен, сонымен қатар нейровегетативтік бұзылыстармен сипатталатын клиникалық синдром.

Жіктемесі.

Орталық гемодинамикаға байланысты:

1.гиперкинетикалық

2.гипокинетикалық

Клиникалық ағымы бойынша:
1. Асқынбаған - нысана ағзалар зақымдануы қатысуынсыз жəне тез арада бірнеше сағаттар ішінде АҚҚ төмендетуді қажет ететін жағдай.

2. Асқынған – милық, коронарлық, бауырлық қанайналымның нашарлауы белгілері қатар білінетін жəне парентералдық препараттардың көмегімен АҚҚ-н алғашқы минуттар немесе сағаттар ішінде түсіруді қажет ететін жағдай.
Гипертензиялық криздердің дамуына жиі шалдықтыратын себептер:

1. Гипотензиялық дəрілік заттектерді қабылдауды тоқтату.

2. Психоэмоциялық стресс.

3. Сұйықтық пен тұзды артық пайдалану.

4. Физикалық жүктеме.

5. Алкоголь ішу.

6. Метеорологиялық ауытқу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных