Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жедел гломерулонефрит.




Жедел гломерулонефрит – стрептококтық инфекцияға тәуелді дамитын, шумақтардың басым зақымдануымен жүретін бүйректің инфекциялық- аллергиялық ауруы.

Этиологиясы:

· басты себебі А топты бетта – гемолиздеуші стрептококк

· вирустар

· аллергендер

· жәндіктердің уы

· бүйрек веналарының тромбозы

Патогенезі: иммундыкомплекстік механизм.

Классикалық жедел гломерулонефрит фарингиттен, тонзилиттен, стрептодермиядан 10-12 күннен кейін дамиды. Осы уақытта антиденелер түзіліп үлгереді. Ауру көбінесе 2 – ден асқан балаларда және 40 –қа жетпеген ересек адамдарда пайда болады. Ер адамдар 1,5 – 2 есе жиі кездеседі.

Клиникалық белгілері: ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауруы, АҚ жоғарылауы.

Дизуриялық өзгерістер: дәретке жиі шығу, үрпінің ашуы болады. Себебі: концентрациясы жоғары және қышқыл зәр тыныс алу жолдарының тітіркендіреді.

Зәрдің түсінің өзгеруі: қызғылт, жас еттің шайындысына ұқсайды.

ЖЗА: протеинурия, гематурия, цилиндрурия

Асқынулары:

· Бүйректің жедел шамасыздығы

· Жедел бүйректік гипертензиялық энцефалопатия

· Жүректің жедел шамасыздығы

Емі: Төсек тәртібі 2-4 апта

Диетотерапия (су мен ас түзін шектеу)

Этиологиялық ем: антибиотиктер

Патогенездік ем: глюкокортикостероидтар, антикоагулянттік және антиагреганттік ем (шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның және содан бүйрекші қанағымының, шумақтық фильтрациясы төмендеуінен)

Ісіну синдромын емдеу: сұйықтық пен тұзды шектегеннен ісіктер 2 апдада қайтады. Ісіну қайтқанға дейін ішетін судын мөлшері диурезге тәуелді болу керек (тәуліктік диурез + 400мл).

Судын балансын тексеріп тұру қажет.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных