Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Есіңізге сақтаңыз




Пысықтау сұрақтары

1. Дәнді дақылдардың ауруларға шалдығуын есептеу жолдарын сипаттаңыз.

2. Тат ауру қоздырғышының даму жылдамдылығын анықтайтын теңдеуді сипаттаңыз.

 

Есіңізге сақтаңыз

1.Егістіктерді аурулардан табысты қорғауға фунгицидттердің ролі, олардың жаппай таралуының басталуы – орта қабаттың жапырақтары септориозбен және гельминтоспоризбен 10-25 дейін, жоғарғыныкі 1-5 кем, қоңыр татпен тиісінше 50-10 және 1% зақымданған кезде қолданғанда қол жеткізуге болады.

 

 

13 – Тижірибелік сабақ

Тақырыбы: Ауылшаруашылық дақылдарына фунгицидтерді қолданған жағдайда практикалық есептерді шығару

Сабақтың мақсаты: Студенттерді бақша өсімдіктері мен жеміс – жидектердің ауруларымен күресу үшін қажетті фунгицидтермен олардың шығын мөлшерін дұрыс таңдап алуға үйрету.

Пайдаланылатын материалдар: Бақша өсімдіктері мен жеміс - жидектердің ауру белгілері, «Пестицидтерді тізімі (улы химикаттар)....», «Қазақстандағы өсімдіктерді қорғау және залалсыздандыру» журналы,«Пестицидтердің анықтамасы (улы химикаттар).....».

САБАҚ ЖОСПАРЫ:

1.Тиімді фунгицидтер және жерде аз көлемді бүрку арқылы 0,9 га ауданның ашық жерлеріндегі қиярдың сұрланып дақтануы және переноспорозбен күресу кезіндегі олардың шығын мөлшері.

2.Тиімді фунгицидтер және жерде көп литражды бүрку арқылы 0,25 га ауданның ашық жерлеріндегі қызанаққа түсетін фитофторозбен күресу кезіндегі олардың шығын мөлшері.

3.Тиімді фунгицидтер және жерде ультра аз көлемде бүрку арқылы 3,5 га аудандағы пиязға түсетін переноспорозбен күресу кезіндегі олардың шығын мөлшері.

4.Тиімді фунгицидтер және жерде көп литражды бүрку арқылы 6 га аудандағы алма, алмұртқа (кеш пісетін) түсетін парша және ұнтақ тәрізді дақтармен күресу кезіндегі олардың шығын мөлшері.

5.Тиімді фунгицидтер және жердегі аз көлемді бүрку 3 га аудандағы жүзімге түсетін сұрланып шіруі мен оидиуммен күресу кезіндегі олардың шығын мөлшері.

Пестицидтерді қолдану әдістері. Бүрку – бүріккіш деп аталатын арнайы құрылғымен қорғаныс құралдарын тамшылай – сұйықтық күйінде объектіге (өсімдік, насеком) бүркитін пестицидтерді қолданудың әмбебап әдісі. Жұмысқа қолданылатын сұйықтықтың шығын мөлшері бойынша бүркудің үш көплитражды танаптық дақылдарда (200–300 л/га) жидектік дақылдарда 1000–1500 л, бақшалық екпе ағаштарында 1500–2000 л), аз көлемді (танаптық дақылдарда 50–100 л/га, жидектіктерде 200, бақтарда 200–500), ультра аз көлемді 0,5–5 л/га).

Тозаңдату – тозаңдатқыштардың көмегімен насекомдардың денесіне немесе өсімдіктердің өңделіп жатқан үстіңгі жағына пемтицидтерді себу. Қоршаған ортаны ластауына байланысты бұны қолдануға шек қойылған, тіпті тыйым салынады.

Дәрілеу – сыртқы және ішкі індеттерді жою үшін тұқымдық пен екпе дәндерге пестицидтерді себу алдындағы дайындығының тәсілі.

Өсімдікті қорғаудың сарамандық жұмысында құрғақ дәрілеуді немесе суландырып дәрілеуді пайдаланады. Бірақ, бұл тәсілдер сақтау, себу және тасымалдау кезінде құнды препараттардың себілуін болдырмайды.

Соңғы кезде дәрілеудің инкрустация деп аталатын тиімді тәсілі қалыптасуда. Бұл тәсіл: пестицидтердің және басқа да заттардың тұқымда көп уақыт ұсталуына мүмкіндік туғызатын пленка тәрізді препараттар қолданылады. Пленка тәрізді заттар ретінде суда еритін полимерлер МаК МЦ (карбоксилметилцелиюсозаның натрий тұзы), ПВС (поливинилді спирт), М-3, фодекс қолданылады. Полимерлер суда жақсы ериді, фунгицидтермен, микроэлементтермен өте жақсы бірігеді. 1 тонна тұқымға 80–100 мл полимер немесе 10–15 л оның су ерітіндісі кетеді.

Фумигация – пестицидтерді бу немесе газ тәрізді күйінде ауаның құрамына енгізу тәсілі. Зиянды организм тыныс алу үрдісінде улы затты сіңіру кезінде уланады да өледі. Фумигация қоймаларды, элеваторларды, астық қоймаларын зарарсыздандыруға арналған қорғаулы жерде кеңінен қолданылады.

Пестицид зиянкестер тіршілік ететін кәуектік материалдарға, саңылауларға еніп жоғарғы тиімділікті қамтамасыз етеді. Бақшалардың, жылыжайлардың, көшетханалардың, қоймалардың зиянкестерімен күресу кезінде пестицидті әуелік бөліктер қолданылады. Осы затты сұйық немесе қатты (түтін, тұман) күйінде зиянды организмнің тіршілік ететін ортасына енгізіп отырады.

Уланған еліктіргіштер – құрамында удан басқа зиянкестің жақсы көретін азықтық еліктіргіштері бар препараттар. Уланған еліктіргіштер зиянды организмдермен және кеміргіштермен күресу үшін қолданылады.

Еліктіргіштер ылғалды, жартылай құрғақ және құрғақ болып бөлінеді. Ылғалды еліктіргіштерді суспензиясымен немесе ерітіндімен сіңіру арқылы, жартылай құрғақты – еліктіргіш азыққа пестицидтің суспензиясын немесе ерітіндісін бүрку жолымен, құрғақты – ұнтақ тәрізді уды азықпен араластырып дайындайды.

Топырақты уытсыздандыру. Қазақстанда көкөніс дақылдарының қорғаулы жерінің ауданы қазіргі кезде 300 га құрайды. Олардың өнімділігін жоғарлатудың резервтерінің бірі негізгі ауруларға қарсы бағытталған қорғаныс шараларының кешенін өткізу болып табылады.

Осындай кешеннің негізгі қосылмаларына: санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау, жылыжайларды, топырақты сапалы зарарсыздандыру, тұқымдарды өңдеу, арам шөптерді жою, ауру көшеттерді сұрыптау, топырақ немесе ауа температурасы мен ылғалдылығының режимі, зиянды организмдерден өсімдіктерді химиялық және биологиялық қорғау жатады.

Санитарлы-гигиеналық талаптар. Жылыжайдың кіреберісіне үгінді салынған жәшік қойылады немесе 5% формалин еретіндісімен, хлорлы әкпен, аммиак селитрасымен немесе ас тұзымен сіңдірілген поролонды алашалар төселеді.

Оларды күніне екі рет өңдейді.

Жылыжайдағы қызметкер арнайы киімде жұмыс істеуі керек. Өсімдіктерді күту жұмысына тікелей қатысы жоқ тұлғалардың жылыжайларға кіруіне шек қойылады, бірақ кейбір жағдайларға байланысты кірген кезде халат берілуі тиіс. Бір жылыжайдан екіншісіне кіруіне тыйым салынады.

Әсемдік арам шөптер зиянкестердің резерваторлары болып табылатындығын ескере отырып, жылыжайларда оларды жою қажет.

Қорғаулы жерлерге отырғызылған көшеттердің ауруларының дамуын бәсеңдету үшін ауруды тауып, іріктеп отыру керек. Жұмысшылардың қолдарын санитарлы-гигиеналық талаптарға сай таза ұстау ұсынылады.

Қопсытқыш орындарды, құрал-саймандарды және топырақты уытсыздандыру.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных