Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең.




Арнайы педагогика дәріс

Арнайы педагогика тарихы және арнайы білім беру жүйесін зерттеу. Арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуы.

 

Жоспар:

1. Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең.

2. Естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең.

3. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең.

4. Кейбір кеміс балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейінгі кезең.

5. Кеміс тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктерін қамтмасыз етуге бас бұру кезеңі.

 

Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең.

Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кеміс балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғылымның даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжірибесіне лайық жүреді. Арнайы білім беру жүйесінің бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі және сапалы құрылып, қалыптасуы әлеуметтік көрінісімен анықталады. Антикалық дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі кеміс тұлғалардың дамуын зерттеу жұмыстары дамудың бес деңгейін ажыратуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңдерді ажыратудың негізгі көрсеткіші ретінде Н.Н. Малофеев қоғамның кеміс тұлғаларға деген көзқарасы, көрсетілген көмектің дәрежелерімен бекіткен. Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғаммен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғаларға» деген қарым –қатынас өте төмен дәрежеде болды.Ол кезде оларды азамат есебіне алмай, статустарын құлдардың статусымен тең қойды. Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылық танытқан шіркеу қорғаушылары болды. Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіндігі жоқ тұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды. Ежелгі Грециядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кепірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен дене кемістігі бар балалар ұшыраған. Спартада осындай балаларды өлтіру 4-5 ғасырды қамтиды және олар бұл істерін экономикалық жағдайына тәуелді болған. Бұндай құбылыс Римде де өз орнын алған. Ал ежелгі Грек елінің ұлы филослфы Аристотель «адам бойындағы «бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топастықты»-жаман қылықтардың қалыптасуына әкелетін жетіспеушілік»-деп тұжырымдады. Адамзат тұлғасына деген жаңа мұрат, құндылықтар мен көзқарастар адам өмірінің мәні туралы түсініктерді христиан дініне сенушілер алып келді.Олар діни сезімталдықпен жан ашу қасиетін енгізді.Қайырымдылық көрсету әркімнің өз еркінде емес, ол әр бір христианның міндеті болып жарияланды. Қамқсоколықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең.

1.Қамқорлықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең. ХІІ ғ. мен ХVІІІ ғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кеміс тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер (мемлекеттік және жекеменшік) жүйесі құрылды.Реннесанс мәдениеті(қайта өрлеу дәуірі) мен Ұлы Реформация (Ұлы шіркеу төңкерілісі) ақыл-ойымен дене кемістігі бар тұлғаларға деген мемлекетпен қоғам қатынасын күрт өзгертті. Реннесанс данышпандарынан туған гуманистік және орталандыру туралы ой-пікірлері еуропалықтардың санасына еніп, адам және адам өмірінің мәні туралы түсініктерін өзгертті, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дәрежесіне деген көзқарасты өзгертуіне әсер етті. Христиан дінінің тағы бір бағытын тудырған реформация қайырымдылықтың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді. Орта ғасырлар кезінде батыс еуропалық шіркеулерде кереңдікті және басқа да кемістікті ата-аналарының кінәләрі үшін жіберілген деген. Олармен қарым-қатынасқа түсе алмағандықтан, оларды есі дұрыс емес сиқыршылар деп ойлаған. Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Мысалға, Ян Амос Коменский өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде былай деп жазған: «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшін тәрбие беру» екендігіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «Кім жаратылысынан өзі баяу және ашуланшақ болса, сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойындағы пайдасыз ақылсыздықпен жындылықтан құтылу үшін». Ян Амос Коменский бұл сөздерінен аномальды балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. ХІІ ғасырдан ХVІІ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кеміс балалар мен ересектерге деген көзқарас алдыңғы ғасырларға қарағанда айтарлықтай жақсарды. Бірақ бұл үрдіс баяу және күрделі жолмен дамыды. Дамуында ауытқуы бар адамдарды «азаматтық» тұрғыда ақтауға ғана емес, сонымен қатар олардың кейбіреулерін оқытуға тырысу жағдайлары да жасалды. Алғашында әр түрлі кемістігі бар балаларды жеке дара оқыту тәжірибесі, арнайы оқу мекемелерін өзіне қарай тартқан жоқ. Естімейтін және көрмейтін балаларды жеке дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін заңды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты жанұядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай қолдау 1578 жылы Испанияда, 1648 жылы Англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады. Ағарту дәуірінде дамуында кемістігі бар тұлғаларды оқытуға алғашқы қадам жасалды. Алғашында түрлі мемлекеттерден жинақталған балаларды жеке дар оқыту тәжірибесі арнайы оқу мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін тудырмады.

2. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең. Бұл кезеңнің басында естімейтіндермен көрмейтіндер үшін арнайы мекемелер ашылып, соңында Батыс Еуропа мемлекеттерінде жалпыға бірдей міндетті білім беру туралы, кейіннен сенсорикалық кемістіктері бар және ақыл-ойы кеміс балаларға таралған, заңды актілер қабылданды. Үшінші кезең кеміс балаларға деген көзқарас пен қатынастардың өзгеріп, олардың құқықтарына назар аударылумен ерекшеленеді.Ең маңыздысы кеміс тұлғалардың білім алуға құқықтары қарастырылады, кейін заңды түрде бірқатар мемлекеттерде бекітіледі.

1817 ж – Дания – естімейтіндерді міндетті түрде оқыту туралы акт;

1873 ж – Саксония – көзі көрмейтіндерді, естімейтіндерді және ақыл-ойы кем балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылданды;

1881 ж – Норвегия – естімейтіндерді оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылданды;

1882 ж – Норвегия - ақыл-ойы кем балаларды оқыту туралы Заң;

1884 ж – Пруссия – көмекші сыныптардан жағымсыз жанұядан шыққан балаларды шығару туралы өкім.

1887 ж – Швеция – кедей және ақыл-ойы кем балаларға бастауыш білім туралы Заң;

1889 ж – Швеция – естімейтін балаларға 8 жылдық білім беру туралы Заң; 1892 ж – Пруссия – көмекші мектептер санын кеңейтудің қажеттілігі туралы Заң;

1893 ж – Великобритания – естімейтін, мүлдем естімейтін балаларға бастауыш білім туралы Заң;

1896 ж – Швеция - естімейтін балаларды міндетті түрде оқыту туралы Заң; 1899 ж – Великобритания ақыл-ойы кем балаларды оқыту туралы Заң;

1990 ж – Пруссия - көзі көрмейтіндерді, мүлдем естімейтіндерді және ақыл-ойы кем балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң;

1914 ж – Бельгия – көмекші мектептерді ұйымдастыру туралы Заң;

1920 ж – Нидерланды - ақыл-ойы кем, көзі көрмейтін, естімейтін және нашар еститін балалаларға білім беру туралы қағида.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных