Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі




Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалық мүгедектіктің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші беталыс болып саналады.

Отандық (Ерсарина А.Қ., Жалмүхамедова А.Қ., Сұлейменова Р.А. т.б.) және шетел (Bloom A.S.,. Goerdt A., Walton G.M.,.Bannister C.M., Разенкова Ю.А., Стребелева Е.А. т.б) ғылыми зерттеулер бойынша ерте жастан кемістікті анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмыстын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтардың алдын алуға жол ашады. Осы бағытта жұмысты дұрыс ұйымдастыру мен жүзеге асыру кемтар балалардың жалпы дамуы мен әлеуметтік бейімделу және қоғамға бірігу мүмкіндіктерін жоғарлатады. Аталмыш балалармен түзету жұмысын жүргізуде емдік шаралардан ерекше психологиялық-педагогикалық қолдауға көңіл бөлу қажет.

Түзеу педагогиканың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары да ерте жастан түзетушілік көмектің тиімділігің ғылыми түрде дәләлдеген. Қазір республикамызда бес деңгейлік мемлекеттік мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзетушілік көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Сұлейменова Р.А.) жүзеге асырылып жатыр. Бұл жүйе емханалар мен перзентханалардағы скрининг әдістемесінең басталады да, кейін арнайы білім беру ұйымдарында жалғасады. Нақты жүйе келесі деңгейлерден құрастырылған.

1 деңгей – дене және психикалық дамудағы ауытқушылықтарды скрининг әдістемесінен өткізу. Скрининг–қатер тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру. Бұл міндетті медициналық қызметкерлер атқарады.

2 деңгей – дене және психикалық дамудағы ауытқушылықтарды терең кешенді тексеру. Бұл қызметті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар орындайды.

3 деңгей – түзетшілік көмек көрсету қызметің оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен арнайы балабақшалар және жалпы үлгідегі балабақшалардағы арнайы топтар атқарады.

4 деңгей – ерте көмек көрсетуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ғылыми зерттеу орталықтары мен зерттханалар жүргізеді.

5 деңгей –ерте көмек көрсету жүйесін мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету қызметің мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауды басқару ұйымдары атқаруға тиіс.

Отандық арнайы білім беру жүйесінде қазіргі уақытқа дейін мектеп жасына дейінгі кемтар балаларға арнайы көмек көрсету саласы өзектілігін жоғалтпады. Жалпы білім беру ұйымдарынын мәліметтері бойынша мектеп жасына дейінгі есепке алынған мүмкіндіктері шектеулі балалардың 23 % аса саңы арнайы көмек алуда.

Ерекше мәселе ретінде ерте және мектеп жасына дейінгі терең кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиеуді қарастыру, зерттеу қажеттілігі өзекті.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных