Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шет елдерде біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру




Қазіргі кезде барлық елдерде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуы, еңбек ету мен әлеуметтік бейімделуі жалпы қоғамның және мемлекет тарапынан қарастырылартын мәселеге айналған. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен ұйымдастыру аспектілері арнайы білім беру ұйымдарында қажетті мөлшерде қарастырылған. Ал мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы үлгідегі мектептерде оқыту мәселесі жаңадан зерттеліп жатқан күйде. Сондықтан елдер арасында осы тәжірибені алмасу қажеттілігін туындап, өзектілігін білдірді.

90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуін жетілдіру мақсатында халық аралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтырын тепетеңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламанкалық декларация” (1994).

2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген.

Шет елдердегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды өздерінің қалыпты замандастарымен бірге интеграциялап, біріктіріп оқыту идеясының пайда болуына және оның дамуына қоғамдағы демократиялық козғалыстар ықпал етті. Бұл дискриминацияға қарсы процестер өткен ғасырдың 70-ші жылдарына белсенді дамып, кемтар тұлғалардың құқықтарының теңдігін бекіткен. Сол кездерден бастап дамушы елдерде жалпы мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың қалыпты құрбылармен бірге оқыту үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген (арнайы педагоггтармен қызмет көрсететін қосымша персонал сипатымен, арнайы қаржылай көмек, ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті техникалық құралдар).

Қазіргі уақытта көптеген шет елдерінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беру ұйымдарында бірге оқыту жағдайлары ұйымдастырылған. Бұл дегеніміз мемлекеттік иклюзивті саясатының енгізілуін білдіреді, яғни әр оқушының білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қолдаудың мазмұны мен түрі әр оқушының жеке қажеттіліктеріне тәуелді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных