Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдары




“Кемтар балаларды әлуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының бабының 4 тармағын іске асыру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін кешенді көмек көрсету жағдайларды қамтамысыз ету жолында жаңа үлгідегі арнайы түзету ұйымдар ашылған. Арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: оңалту орталықтары (республикалық және облыс деңгейіндегі қалаларда), мектеп жаныңдағы логопедтік пунктер (мектепте 20 бастауыш сынып болған жағдайда), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (аудан орталықтарында).

Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдар қызметтері “Бала құқықтары туралы” Б¥¥ Конвенциясына, ҚР "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы". Заңдарына және басқа нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес және осы ережелер негізінде жүзеге асырылады

Оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібі. Оңалту орталығы (бұдан әрі - 00.) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімдерінің шешімдерімен кұрылады.

Оңалту орталығының негізгі міндеттері:

-сөйлеу тілінде, көру, есту, тірек - қозғалыс аппаратында бұзылуы, оқып - үйрену, қарым - қатынас жасау мен жүріс – тұрысында қиындықтары бар балалар мен жас өспірімдерге психологиялық түзеу мен оңалту түрінде кешенді психологиялық - медициналық -педагогикалық көмек көрсету.

Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың, аудан орталығында 18 жасқа дейін даму мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жас өспірімдерге кешенді медициналық - педагогикалық және әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету үшін құрылады.

Түзеу көмегінің мазмұны балалардың психикалық және дене дамыунын жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерінен әзірленетін және ППТК- жағдайында іске асырылатын жеке дамыту бағдарламасымен анықталады.

Логопедтік пункт - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы.

Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу картасы толтырылады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысаны- топтық (кіші топтық) сабақтар. Топқа бірдей балалар таңдалып алынады, ал әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау келесі талаптар бойынша:

1) сөйлеу қабілеті жалпы дамымаған (СЖД) - 3-5 адам;

2) СЖД-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстармен - 3-5 адам;

3) фонетико - фонематикалық жетілмегендер (ФФЖ) - 3-5 адам;

4) ФФЖ-ге байланысты оқу мен жазу бұзылыстарымен - 3-5 адам;

5) кекештенумен - 4-6 адам;

6) дыбысты айту кемшіліктерімен - 5-6 жіберіледі.

Мектептегі логопедтік пунктте сабақтар, сабақтан бос сағаттарда жүргізіледі. Мектепке дейінгі логопедтік пунктте сабақтар сабақтан бос сағаттарда немесе " Сөз дамыту және сауаттылыққа оқытуға даярлау ", Бейнелеу өнері ", " Еңбек және кұрастыру " бойынша сабақтар кезінде жүргізіледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных