Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Арнайы мектептегі сабақтан тыс жұмысы




Оқушылар қоршаған орта туралы білім мен икем, көзқарас пен ой пікірлерін тек сабақ арқылы ғана толық меңгере алмайды. Өйткені бала сабақтан шыққан соң өмірдегі басқа құбылыстармен кездеседі, қарым-қатынас жасауға үйренеді. Бұл аса маңызды міндетті арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысы атқаруға тиіс. Сыныптан тыс жұмысы бір тұтас педагогикалық үрдістің бөлегі. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысының ерекшелігі, ол сабақ сияқты қатал талаптармен шектелмейді. Сыныптан тыс жұмысты әр түрлі көріністе, еркін ынтамен, шығармашылық қасиеттер мен ұжым пікіріне сүйену арқылы өткізуге болады Бұл жұмыста оқушылардың сабақта байқалмаған ерекше қабілеттері оянып, дамиды.

Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмыс келесі бағытта ұйымдасады:

отан сүйгішті тәрбиелеу;

- білім беру, тәрбиелік жұмысы;

- көркем өнерпаз әрекет;

- дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыс;

- үйірмелер жұмысы.

Ал сыныптан тыс жұмысын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың үш негізгі түрі тараған:

- жалпы мектептегі;

- топтық;

- жеке дара.

Бұл ажырату тәрбие процесіне қатысушылардың саны бойынша негізделеді.

Тәрбие жұмысының формаларын мақсаты мен бағыты бойынша және қатысушылардың орны мен ролі бойынша ажыратуға болады. Тәрбие жұмысын өткізу уақыт мерзімі бойынша:

- қысқаша (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін);

- ұзақ (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін);

- дәстүрлі (жиі, үйреншікті) түрлерге бөліенді.

Ал келесі тәрбие сыныптан тыс жұмысын жетекші әрекет арқылы негізделген: оқу, еңбек, спорт, көркем өнерпаз т.б.

1) Арнайы мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау тәрбиелік мақсаттарға жетудің негізгі құралы. Жоспар – тәрбие жұмысының мазмұны, өткізу шарттарын, көлемін, уақытын белгілейтін құжат.

Жоспарлау 3 кезенді қамтиды, олар:

1. Жоспар жобасын әзірлеу;

2. Ұжыммен талдау, ұсыныстарды жинақтау, қарастыру;

3. Өзгерістерді еңгізу, соңғы нұсқасын бекіту.

Жоспар мұғалімнің шығармашылық мүмкіндіктеріне және педагогикалық талаптарға сәйкес әзірленеді. Педагогикада жоспарлардын келесі түрлері кездеседі:

1. Мазмұны мен көлемі бойынша -

- кешенді (жалпы жоспар барлық бағыттар мен жұмыс түрлерін қамтиды);

- тематикалық (нақты бір бағытта, м-лы ата-аналармен жұмыс);

- нақты затты (бір іс-шара туралы жоспар, м-лы сынып сағаты)

2. Тәрбие процесінің ұзақтығына байланысты -

- ұзақ мерзімге (бір жылға)

- бір кезенге (бір тоқсан)

- қысқа мерзімге (бір айға)

- шұғыл жоспар (бір күнге).

Тәрбиелеуде сабақтан тыс жұмысы аса маңызды қызмет атқарады. Бұл жұмысты мұғалімдер мен тәрбиешілер белсенді түрлі әрекеттер арқылы ұйымдастырады. Сабақтан тыс уақытында білім беру, түзету міндеттері кешенді түрде орындауға мүмкіндік туады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных