Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зиятында ауытқушылығы бар балаларға сипаттама




Ақыл ойы кемтарлығы деген кең мағынадағы ұғым, ол түрлі науқастар мен жағдайларды біріктіреді. Арнайы педагогика нақты психикалық дамуы тежелген және зиятында ауықуы бар балаларға арнайы білім беру мәселесін қарастырады

Үлгерімі төмен балалар тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының минималды, функционалды зақымдануы немесе балалардың ұзақ мерзімде әлеуметтік депривацияға ұшырауы т.б. Бұл балалардың эмоция - ерік сферасын, таным іс-әрекетінің дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі, жөнделуі мүмкін.

К.С.Лебединский ПДТ балалар этимологиялық принциптерг негізінде 4 топқа бөлген:

1 топ-конституционалдық тежелу

2 топ-соматогендік тежелу

3 топ-психогендік тежелу

4 топ-церебралды-органикалық тежелу.

ПДТ барлық түрі бір-бірінен құрылуынан және инфантилизмнің құрылысы мен нейродинамикалық бұзылыстарымен сипатталады. ПДТ балалардың жалпы ерекшеліктері:

1.ПДТ балалары арнайы оқыту жағдайларын қажет етеді.

2. Қалыпты дамыған балаларға қарағанда ПДТ балалардың жұмыс қабілетінің көлемі төмен.

1. Ауызша сөйлеуіндегі кемістіктер:

2. Жазбаша сөйлеуінде ПДТ балалар ерекше қателер жібереді.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ой кемтар балалар. Ақыл ой кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдық әрекеттегі ауытқулары бар.

Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғарғы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік – еріктік сфера, моторикасында және тұлғалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.

Зият ауытқуларының себептері: тұқым қуалаушылық аурулар (микроцефалия, фенилкетонурия, т.б.), хромосомалық құрылымы және санындағы бұзылыстар (Даун синдромы, Кляйнфельтер, Шерешевский – Тернер синдромы) т.б. Сонымен бірге ұрықтың жатырішіндегі даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар тудырады.

Біріншіден, жатырішіндегі инфекциялар жатады: хроникалық – токсоплазмоз, листериоз, мерез, цитомегалия және вирустық қызылша, тұмау және т.б. Жүктіліктің соңғы айларында ананың ауыр жұқпалы аурулары ұрықтың жатырішінде бұзылуына және онда жатырішілік энцефалит және минингоэнцефалиттің пайда болуына алып келеді.

Зиятында ауытқушылығы бар тұлғалар өзінің құрамы бойынша әртүрлі топтарды біріктіреді, оған: мидың жатырішінде, туу кезінде және туғаннан кейін зақымдалғандар жатады. Мұндай жағдайда диагнозы – олигофрения (олиго-аз, френос- ми). Олигофрендер дамуға қабілетті, бірақ ол процесс баяу жүзеге асырылады. Олигофрендер зиятында ауытқушылығы бар адамдардың едәуір бөлігін құрайды.

Зиятында ауытқушылығы бар балалап арасындаға ең аз топ – бұл зият ауытқушылығы 3 жастан кейін пайда болғандар. Бас миының жарақаты әртүрлі аурулар салдарынан психикалық функциясының бұзылуы, бұл жағдайды – деменция деп атайды. Деменция жағдайында ақыл ой кемістігі қайтарымсыз. Ақыл-ой кемтарлықтың, яғни зият ауытқушылықтардың үш деңгейін ажыратады, олар: жеңіл, шамалы, терең. Жалпы топтастыру негізгі үш деңгейді анықтайды: дебильдік, имбецильдік,нақұрыстық.

Дебилдік – ақыл ой кемдіктің жеңіл түрі. Ақыл ойы кемдіктің 70 – 80% осы топты құрайды.

Ақыл-ойы кемтарлықтың шамалы деңгейі – имбецильдік, барлық ақыл-ойы кемтар тұлғалар ішінде 10 %, ал зият коэффициент IQ 35-49 немесе 54.

Имбецилдік – ақыл ойы кемдіктің орташа деңгейі. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төменде жатқан құрылымы да зақымдалады. Бұл бұзылыстар бала дамуының ерте кезеңінде пайда болады.

Нақұрыстық – ақыл ой кемтарлықтың ең ауыр деңгейі. Бұл кемістіктің көптеген белгілері ішінен статикалық және моторикалық функциясының бұзылысы ерекшеленеді: әртүрлі сезімдік реакциясының көрінуіндегі тежелулер, айналасына барабар реакция, тұру, жүру дағдысының кеш шығуы, былдыр және бірінші сөзінің кеш пайда болуы, айналасындағы заттар мен құбылыстарға және ойынға деген әлсіз қызығушылық байқалады.

Біздің елімізде бұл топтағы адамдар негізінен әлеуметтік қорғау министрлігінің қармағында, олар әлеуметтік үй-интернатарында өмір сүреді, мұнда оларды бағып, күту, тіршілік ету жағдайларын қамтамасыз ету шаралары қолданады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных