Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тірек қимыл-қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру




Балалық сал ауруынан зардап шеккен балаларға түзетушілік қолдаудың негізі бағыттары – емдік, психологиялық, педагогикалық, логопедиялық және әлеуметтік көмек көрсету. Соның ішінде ерте жастан әлеуметтік бейімдеу мен жалпы және кәсіби білім алуды қамтамасыз ету аса маңызды. Балалармен жүргізілетін жұмыстын барлығы бір бірімен тығыз байланыста, кешенді болуы тиіс. Мамандардың бәрі өз әрекеттерің басқа мамандармен бір келесімге келе жүргізеді.

Балалық сал ауруды оңалтудың шаралары дәрігерлік емдеу, түрлі сипам емдеу, емдік дене шынықтыру, ортопедиялық көмек пен физиотерапиялық емді қамтиды.

Балалық сал ауруы бар балаларға түзету—педагогикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері:

1. Түзету—педагогикалық көмек көрсетудің кешенді сипаты.

2. Ағзадағы сақталған жүйе, мүшелерге сүйене отырып, ерте жастан дамытушылық ықпалды жүзеге асыру.

3. Психикалық және сөйлеу тілінің дамуын динамикалық тұрғыдан бақылау.

4. Баланың ата-анасымен және де қоршаған ортамен тығыс қарым-қатыста болу.

Бұл балаларды отбасында тәрбилеу, дамыту үшін қажетті жағдайды үйінде жасау өте нәтижелі. Ата анасы баланы күн тәртібіне үйретеді, өзіне қызмет көрсету дағдыларын тәрбиелейді. Жасаған әрекеттің нәтижесін көрген бала болашақ жетістерге ұмтылады.

Түзету-педагогикалық көмек көрсетуде логопедтік жұмыста өзекті.

Ерте жастағы сал ауруы бар балалар емханаларда, оңалту орталықтарында кешенді көмек алады. Мектеп жасына дейінгі аталмыш балалар бала-бақшаларда тәрбиеленеді. Ал мектеп жасындағы балалар үшін арнайы мектептер қызмет етеді. Бұл арнайы мектептерде оқыту мен тәрбиелеу мақсатын алға қоя, емдік, түзетушілік, еңбекке баулу мен кәсіби еңбекке даярлау жұмысы кешенді түрде жүзеге асады. Кемістігі ауыр, өзі жүре алмайтын балалар үйлерінде оқытылады. Ал сал ауруымен бірге олигофренияның дебильдік деңгейіндегі балалар арнайы мектептегі арнйаы сыныпта немесе көмекші мектепте білім алады.

Арнайы мектепте еңбекке баулу жұмысына көп назар бөлінеді, түрлі шеберханаларда оқушылар тігін, слесарь, ағаш шебері т.б. мамандықтарды меңгереді.

Түлектер кәсіби білімін кәсіби колледж, училище сияқты кәсіби орта білім беретін немесе жоғары оқу орындарыда жалғастырады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных