Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Күрделі кемістігі бар балалардың негізгі топтары




Жас өспірім балалардың дамуы жағынан екі кемістік немесе одан көп, бірнеше психофизиологиялық ауытқушылықтар біріккен жағдайды күрделі кемістік деп атайды.

Күрделі кемістіктері бар балаларды негізгі үш топқа бөлуге боледі, олар:

- бала бойында екі аса байқалатың психофизиологиялық кемістік біріккен, бірақ әр қайсысы өз бетінше бала дамуына жығымсыз әсер тигізетің жағдайдағы топ, мысалы: көру мен есту қабілетінең айырылған, зиятында ауытқушыдығы бар естімейтің, нашар естийтің психикалық дамуы тежелген балалар;

- негізгі бір кемістікпен қатар қосымша деңгей жеңіл кемістік қосылған жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушыдығы бар нашар естийтің балалар;

- көптеген кемістігі бар, балаланың бойында нақты екіден аса кемістігі кездесетің жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушыдығы бар нашар көретің естімейтің бала.

Осындай біріккен бұзылыстардың проблемасына жеке-жеке тоқталуды және арнайы психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануды талап етеді. (А.И.Мещеряков, Т.В.Розанованың зерттеулері) көру және естуі жоқ балалар қоршаған ортадан бөлек болады, шетте қалады. Бұндай баланы жиі ақыл ойы кемтар ретінде қабылдайды, өйткені танымдық жетілмеуі, қарым-қатынасты және тәртіп, мінез-құлқысын ортада қалыптасқан ережелерге сәйкес тәрбиелеуін мүлде қиындатады. Бірақ ақыл ойы кемтар балаға қарағанда дамуында күрделі кемістігі бар балада зиятын дамытуға мүмкіндігі әлде жоғары.

Күрделі кемістіктің ерекше зардабының бірі – кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігінің шектеулігі. Ал керең-соқыр балаларда көруі мен естуі жоқ болғандықтан сыйпап сезу және кинестетикалық қабылдауы соңымен қатар иіс білу кемістіктің орнын толықтыруға баланы дамытуға жол ашады. Мұндай балалардың тіл білуінің маңызы зор.

А.Н.Мещерянковтың (1974 жылы) зерттеуі бойынша соқыр-керең балаларда өзегеше іс-әрекет қалыптастыру үшін кейбір жағдайларды қамтамасыз ету қажет, олар:

- біріншіден ол – заттармен түрлі әрекет жасау, әйтпесе заттар туралы нақты бейнесін қалыптастыру мүмкін емес;

- екіншіден қоршаған ортадағы заттармен әлеуметтік әрекет жасау;

- үшіншіден, әр әрекет нәтижесін баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттау.

Басында бала бойындағы өмір сүру үшін қажеттіліктер (тамақтануға, ұйқыға, суықтан қорғануға болады). Кейін бала заттарды таныған соң қосымша басқа да қажеттіліктер қосылады, осыған байланысты балада іс-әрекет те қалыптаспады, өзгереді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных